400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Азық-түлік қаптамасындағы ақпараттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ҚМЖ 7-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша «Одағай сөздер» бөліміне арналған қорытынды сабақты өткізуге арналған. Сабақ жоспары оқушылардың одағай сөздердің мағынасын, түрлерін және сөйлемдегі қолданысын толық меңгеруін мақсат етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

Дұрыс тамақтану. Одағай түрлері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7 «ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Азық-түлік қаптамасындағы ақпараттар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу;

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Сабақтың мақсаты:

Көркемдегіш құралдарды қолданып, шағын әңгіме жазу және одағай түрлерін дұрыс қолдану.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.


1. Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысуын түгендеу.

2. Жағымды психологиялық ахуал орнату: шаттық шеңберіне тұру.

3. Арнайы көрнекіліктер арқылы оқушыларды топқа бөлу

4. Үй тапсырмаларын тексеру

Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин.


Сабақ тақырыбына байланысты фотосуреттерді көрсету, оларға жетекші сұрақтар қою.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Өз ойларымен бөліседі. Сабақтың тақырыбын анықтайды.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

32 мин.

1-тапсырма

Мәтінді оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Тапсырманы орындайды.

Жалпы - 2 балл

Дескриптор:

- үзіндіні оқиды

- қойылған сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі

Оқулық



2-тапсырма

"Жаңбыр тамшылары" көрнекілігінде жасырынған одағайға байланысты сұрақтарға жауап беріңіздер

Бір-бірден шығып, жасырынған сұрақтарға жауап береді.

Жалпы – 2 балл

Дескриптор:

- сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- нақты мысалдар келтіреді


3-тапсырма

Қаптамада кездесетін белгілерге зерттеу жүргізіп, 5-6 сөйлем жаз.

Тапсырманы орындайды

Жалпы - 3 балл.

Дескриптор:

- белгілерге зерттеу жүргізеді;

- оларды қатыстырып мәтін құрастырады;

- мәтін талаптарын сақтайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері




4-тапсырма

"Пицца тілімдерінде" жасырылған одағай сөздерді қатыстырып, топ-топпен "Дұрыс тамақтану" тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.

Тапсырманы жазбаша орындайды

Жалпы - 3 балл

Дескриптор:

- одағайларды қатыстырып берілген бағытта мәтін құрастырады


Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин.

Оқушылар сабаққа байланысты ойларын берілген көрнекілікке жазады.

Сабаққа байланысты өз ойларын жазады.


Үй тапсырмасы

206-бет 8-тапсырма






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі