жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
бььььь
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, есен-аман жүрейік»
Тәрбие сағатының мақсаты:Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін уйрету.Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың әдісі: сұрақ - жауап, рөлдік ойын, әңгімелеу және т. б.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, шарлар, көліктер,қима қағаздар.
Тәрбие сағаттың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар! Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Бүгінгі біздің көрсеткелі отырған бастамамыз –жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ,тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.
Гимн
Оқушыларды топқа бөлу.
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы. Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы:
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы:
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
І бөлім: «Сәлем - сөздің анасы»
Айдос:Арманға алды күткен асығамыз,
Біз қалай толқын артпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Ақниет: Жалғайтын достастырып бар әнменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен.
Фариза: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ - үлкен, кіші, баршамызға
Харахат: Күндей күліп өмірде
Гүлдейді үміт жүректе
Ережені білмей тұрып
Жолға шығу мүмкін бе?
Асылан: Жылымасын аналар
Жас ұландар өсе бер
Сақ болыңдар балалар
Сақ жүріңдер көшеде.
Ертөре:Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтанғанда қатерден
Сау-саламат жүреміз.
Бағила: Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт
Алысқа сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып
Жаңылай: Айтқан сөзді құптап
Тек абайлап атта
Ережені мықтап
Есіңде ылғи сақта
Абдірасул:Жол жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап қаласың.
ІІ бөлім «Бағдаршам – жол атасы.
Мұхтар: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан
Ақерке:Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі
Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Ақниет: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
Еркемай: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
Жайдар: Бағдаршам жоқта
Асықпағын текке
Ондай жерде тоқта
III бөлім «Жол белгілері»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз.
Ұлдана: Ескерту белгілері
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла!
Қып - қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла!
Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.
Нұрасыл: « Тыйым салу белгісі»
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта».
Елдос: «Көрсеткіш белгісі»
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті
Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда
Абай бол тартуымды міндетті орында
Назира: «Нұсқау белгісі»
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп тұр жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым
IV бөлім «Кім жүйрік?» Балалар мына жұмбақтың шешуін табайық?
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (жол сақшысы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)
4. Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «Тоқта», «Жүр»дейді. (бағдаршам)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
6. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
V бөлім «Викториналық сұрақ»
-Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап:Кез-келген көлік түрлерін пайдаланатын адамдар.
-
Бағдаршам дегеніміз не?
-
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
-
Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиек жол болмауы мүмкін. Ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.
-
Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
-
Трамвай мен автобустан қалай өту керек?
-
Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?
Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет білдіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.
Ендігі кезекте концерттік бағдарлама:
-
Хор: «Бағдаршам»(«Қошақан» әнінің әуенімен)
-
Көрініс: «Жол белгілері»
-
Ән: «Тико»
-
Би: «Қазақ биі»
-
Хор: «Бағдаршам»(«Әрқашан күн сөнбесін» әнінің әуенімен)
-
Би: «Жаяу»
-
Хор: «Бағдаршам»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген