2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Б әрпі және дыбысы

Б әрпі және дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын ойната отырып, әріптерді қайталау.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Б» дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды «Б» дыбысымен таныстырып, дауыссыз дыбыс екенін айту. «Б» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан «б» дыбысын табуға үйрету. Ойын арқылы ептіліктерімен сөздік қорын арттыру.

Кіріктірілген оқу қызметі: Қарапайым математика

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, дәптермен жұмыс, ойын, тақпақ.

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіңдерме қонақтар,балалар!Қане бәріміз бірге шаттық шеңберін қайталайық:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме!

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші:

-Балалар өткен оқу қызметін қайталап өтейік. Дыбыс дегенміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыс – сөздің кішкене бөлігі. Біз д ыбысты айтамыз және естиміз.

Ал әріп ше?

Әріп – дыбысты таңбалау үшін алынған белгі. Демек, дыбыстың жазбаша — таңбасы.Ал әріпті көреміз не жазамыз.

Тақтадағы суреттермен жұмыс.

Сиыр қандай дыбыс шығарады?

-мө-мө-мө

Қой қандай дыбыс шығарады?

-мә-мә-мә

Маса қандай дыбыс шығарады?

-З-з-з-з

Балалар, біз не естідік. Әр түрлі дыбыстар естідік. Яғни біз дыбыстарды қайтеміз. Дыбыстарды естиміз.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші:

-Енді балалар өткен әріптерді қайталайық.

1тапсырма:

«Кубизм» әдісі Д,Н,Т,Й,М,П

2тапсырма:

Сурет бойынша сөздерді жаз.

Ата,апа,аға,шар,ай,от.

3тапсырма:

Сөздерді атап,буынға бөл.

Балық,бота,бауырсақ,банан,бақа,бас.

4-тапсырма:

Буын ұйқастар:

ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдің сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;

Балалар тапсырмаларды орындап шығады.

-Жарайсыңдар балалар!Мен сендерге балалар жұмбақ жасырғым келіп тұр, сол жұмбақтың жауабы бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы болады.Жұмбақты шешеміз бе?

Таба да бар,

Тана да жоқ.

Саба да бар,

Сана да жоқ. («Б» дыбысы)

-«Б» дыбысы дауыссыз, сөздің басында, ортасында кездеседі. «Б» дыбысы бастапқы қалпын сақтай алмағандықтан дауыссыз болып есептеледі. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз. «Б» дыбысынан басталатын және сөздің ортасында келетін «Б» дыбысымен танысайық. «Б»әрпінің жазылуын көрсету.Балаларды шығарып жазғызу.

Математикалық салыстыру

Бақа мен ботаның қайсысы көп екенін, бауырсақ пен бөлішкенің аз, көбін салыстыру.

Ойын: «Өз орнына орналастыру.»

Шарты: «Б» дыбысынан басталатын суреттерді бір бағанға, «Б» дыбысы жоқ суреттерді бір бағанға орналастыру.

Мақсаты: Балалардың зейінін арттыру тілдік қорын молайту.

Дәптермен жұмыс:»Б»әрпін жазу

Сергіту сәті:

Ал балалар бір ауық,

Әріп сырын ұғайық.

«А» дегенде ашайық,

«Б» дегеенде жұмайық.

«А», «Б», «А», «Б»

жазу жазамыз тағы.

Балалар сергіп болған соң, жұмыстарын аяқтайды.

Балалар бітірген жұмыстарын бір-біріне көрсетіп өздеріне баға береді.

Ал балалар өз жұмыстарыңды аяқтап болсаңдар, «Б» дыбысына байланысты мына тақпақты қайталайық

«Б» дегенім –балық,

Аула қармақ салып.

Рефлекциялық-түзетушілік:

Тәрбиеші:

-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«Б» дыбысы қандай дыбысқа жатады?

Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, сендерге рахмет.





























«Балбөбек-1»бөбекжай балабақшасы











Тақырыбы:«Б» дыбысы мен әрпі

«Болашақ»мад тобы











Тәрбиеші:Коджаева Қ











«Б дыбысы мен әрпі» ашық оқу іс-әрекетіне

Анықтама

Балабақшамызда 2025 жылдың,қаңтар айының 21-ші жұлдызында «Б дыбысы мен әрпі» атты ашық оқу іс-әрекеті өтті.
Мақсаты: Балаларды «Б» дыбысымен таныстырып, дауыссыз дыбыс екенін айту. «Б» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан «б» дыбысын табуға үйрету. Ойын арқылы ептіліктерімен сөздік қорын арттыру.

Ашық оқу іс-әрекетін амандасып,шаттық шеңберін орындадық.Балалармен өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап айдарын жасадым. Тақтамен жұмыс жасалды.Бірінші тапсырма бойынша «Кубизм» әдісімен өткен әріптерді қайталадық.Екінші тапсырма бойынша сурет бойынша сөздерді жазды.Үшінші тапсырма бойынша сөздерді атап,буынға бөлді.Төртінші тасырма бойынша буын ұйқастар болды.Балалар тапсырмаларды орында шықты.Жұмбақ жасыру арқылы жаңа әріппен таныстық.»Б» әрпінің жазылуын көрсетті.Математикалық салыстыру бойынша бақа мен ботаны салыстырдық.»Өз орнына орналастыру»дидактикалық ойынын ойнадық.Сергіту сәті жасалды.»Б» әрпі туралы тақпақ жатталды.Балалармеен «Керуен әдісі» бойынша кері байланыс жасалды.Балалар дәптерлеріне «Б» әрпін жазды.Оқу іс-әрекеті фото,видео түсіріліп,ата-аналарына жіберілді.












01 Сәуір 2025
205
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі