15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б б дыбысы мен әріпі
№184 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Қожакент ауылы
Идрисова Динара Исмайловна
|
Пән: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Саяхат» |
||||||||||||||||
|
КҮНІ: |
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Д. Идрисова |
|||||||||||||||
|
ТАҚЫРЫБЫ: |
Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі |
|||||||||||||||
|
СЫНЫП: 1 |
ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: ____ |
ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:____ |
||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
1.2.9.1.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. |
|||||||||||||||
|
С САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: |
Барлық оқушылар: |
|||||||||||||||
|
Бб әрпін таниды, оны дыбыспен сәйкестендіреді.Сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасайды |
||||||||||||||||
|
Көптеген оқушылар: |
||||||||||||||||
|
Тыңдау арқылы және сюжетті суреттің көмегімен мәтінді баяндайды, дәлелдеулер жасай алады. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқу, сөздік, буындық-дыбыстық талдайды |
||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||||||||||||
|
Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады. Қызықты және сипаттамалық сөз орамдарын орынды қолданып жазады. |
||||||||||||||||
|
Бағалау КРИТЕРИЙ ЛЕРІ: |
1. Әріптерді таниды және ажыратады,әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды. 2. Буындап немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды. 3. Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. 4. Сөйлемді бас әріптен бастап жазады,сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды. 5. Тақырып арқылы мәтіннің не туралы болуы мүмкін екендігін айтады.Иллюстрация бойынша мәтіннің мазмұнын болжап әңгімелейді. 6. Сөздегі дыбыстардың түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан және жіңішке дауыстылар) анықтайды,дыбыстарды дұрыс атайды. |
|||||||||||||||
|
Құндылықтар- ды дарыту |
Топтық ,жұптық жұмыс барысында қарым-қатынас жасау дағдысы, өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау дағдысы қалыптасады. |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек .Суреттерді бояуды үйренеді. |
|||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
|||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Дыбыс түрлерін ажырата алады.Сөздің буыннан тұратынын біледі. |
|||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекетттер |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут 2 минут 3 минут |
(МК; Ұ) Ширату жаттығуы: «Саяхатқа шығу». Шеңбер бойымен тұрады,саяхатқа шығу үшін қажетті заттар айту.мұғалім саяхатқа алып шығатын затты айтады.Ол зат «б» дыбысынан басталады.Келесі оқушы оны ары қарай жалғастырады.Бір айтылған зат қайталанбауы тиіс. «Алма теру»ойыны .Алма сыртындағы сөздерді оқып шығу арқылы өткен сабақты қайталау жұмысы жүргізіледі.П дыбысына байланысты сөздер жазылады. Топқа бөлу Сыныпты суреттер бөліктерін құрастыру арқылы топқа бөліп алу.Бота,бүркіт, балық суреттері Жұмбақтар шешу бүркіт,бота,балық туралы жұмбақтар айтылады. Семантикалық карта |
Көңілді әуен қосып қою |
||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут 5 минут 1 минут 4 минут 4 минут 6 минут |
«Б» дыбысы және әрпімен таныстыру. «Б» дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады. (Т; Қ)Топтарға тапсырма.І топқа ба- буынына, ІІ топқа бо-буынына, ІІІ топқа бө-буынына буын қосу арқылы бірнеше сөз жасау тапсырылады. Топтар бірін бірі бағдаршам түстері арқылы бағалайды. Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау. 1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастыру. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асыру. Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытып, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізу. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). «Бор неден жасалады?»мәтінін оқып беріп,мәтін соңындағы сұраққа жауап іздеу жұмысы ұйымдастырылады. Сұраққа жауап беру білігін, іздену жұмысын жасай алу деңгейін бағалау. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту. Рөлге бөліп оқыту. Іздену жұмысын ұйымдастыру. дереккөздермен жұмыс жасату. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжау білігін бағалау 2. Оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын жүргізу. Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжату. Оқушыларға жұптық жұмыс жасатып, диалогті оқыту. Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу, сәйкестендіру білігін бағалау Қосымша тапсырма. Бақа және балық сөздеріне дыбыстық және буындық талдау жасауды жұптық жұмыс түрінде ұйымдастыру. Оқушылар талдау сызбасын бір-біріне төмендегідей үлгіде көрсетеді:
Оқушылар бір-бірінің талдау сызбасын көңіл күйді білдіретін «Смайлик» әдісі арқылы бағалайды. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату. А... а; Н... н; Ш... р; М... л; осы сөздерге мына әріптерді қойып, сөз оқу (а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау. Оқушылардың Бб әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолдану.
|
Оқулық https://www. Google.kz картинки Оқулық
Оқулық Смайликтер Алдын ала дайындалған кестелер, түрлi түсті қарындаштар Смайликтер Дәптермен жұмыс |
||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут 4 минут 2 минут 2 минут |
Постер жасап, қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар сыныптағы кітап бұрышын, кеңсе тауарларын пайдаланады. Әр топқа әртүрлі бағыттағы тапсырмалар ұсыну. Тапсырма үлгілері: – Мәтін желісі бойынша сурет салыңдар; – Мәтін мазмұны бойынша коллаж дайындаңдар; – Шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындаңдар; – Бес жолды өлең құрастырыңдар, т.с.с. Сыныпта ұйымдастырылған бұрышты қолдану. Постер жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Топтық жұмыстарын топта жариялау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады. |
Энциклопедия Әңгімелер Тақпақтар Мақал-мәтелдер Ертегілер Жұмбақтар Суреттер |
||||||||||||||
|
2 минут 1 минут |
Кері байланыс: Рефлексия Оқушылар тілек ағашына алма жапсырады. Жасыл алма-сабақты жақсы түсіндім. Сары алма-орта деңгейде түсіндім. Қызыл алма –түсінбеген тұстарым бар |
Кері байланыс. «Тілек ағашына жапсыруға стикерлер тарату |
||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||
|
Саралау Топқа ,жұпқа тапсырмалар беру арқылы кері байланыс жасадым. |
Бағалау Кері байланыс Смайлик, «бармақ» әдісі |
Денсаулық және
қауіпсіздік Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері жаттығулары орындалды.Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасының тармақтары |
||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?
|
Оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарына негізделген сабақ жоспары шынайы құрылды.Оқушылар сабақ үдерісінде шығармашылық пен бейнелеу суреттеу құралдары кездесетін сөйлемдерді тапты,мағынасын аша алды.Кейбір оқушылар көркем шығармадан алған әсерін сипаттап,жалпы сынып оқушылары топқа бөліну арқылы топтық жұмыстар мен саралап алынған тапсырмалар арқылы сабақ жоспары тиімді болды.Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы оқушылар шыншыл бағаланды. Сабақ жоспары СМАРТ-қа негізделіп құрылды. Мен келесі сабақ жоспарларында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеп отыруға тырысамын. |
|||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: « Болжау» стратегиясы 2: Постер жасап, қорғау, талдау Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1: оқушыларға қалыптастырушы бағалау бойынша түрлі әдіс тәсілдер 2: оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмалар сабақты жақсарта алады. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарды неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген