400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Б" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісіне көмекші құрал, жүйелі жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық тобының ҰОӘ конспектісі.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Күні: 21.01.21

Тақырыбы: Б дыбысы

Мақсаты: Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату.

Көрнекіліктер: қима қағаздар, суреттер

Билингвалдық компонент: дыбыс


Сабақтың барысы

Кіріспе бөлім

Сәлеметсіздер ме!

- Балалар, қазір бізде қай сабақ басталды?
- Әліппе сабағында не үйренеміз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа-райы қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның нешінші күні?

Үй тапсырмасын сұрау.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • М дыбысы.

  • М – қандай дыбыс?

  • М – дауыссыз дыбыс.

Ойын: «Алма теру» ойыны.

Жоғалған әріп: Та...ақ, ...ақта, Арм...н, мат..., ...ал, қарм...қ, қала..., қайма..., ой...ақ.


Негізгі бөлім

Қызығушылығын ояту
Сөздің сыры – көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақ шешу.
1. Бір көзім: кідір! дейді
Бір көзім: жүгір! дейді
Бір көзім: абайла! дейді
қарап ал, маңайға! Дейді (бағдаршам)

2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор)
3. Қанаты жоқ ұшпайды,
су астында қыстайды (балық)

Осы жұмбақтарды шешулеріне назар аударайықшы? Бағдаршам, бор, балық.
Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұр ма? Ол қандай дыбыс? (Б,б)

  • Ендеше бүгін біз “Б” дыбысымен танысамыз.

  • Қане барлығымыз бірге Б-Б-Б

  • Б” қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? ол қандай түспен боялып тұр?

  • Б” дыбысы неге дауыссыз? Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады.

  • Б әрпінің баспа, жазба бас және кіші әріптерін тақтада жазып көрсету.


  • Ауада жазу.

Б дыбысы тек сөздің басы мен ортасында кездеседі. Суреттерді көрсете отырып мысалдар айту: бақа, бор, дорба, барабан, бақбақ, балық, қарбыз, борсық, бауырсақ, бұлт. Осы сөздерді мына тақтада тұрған 2 сандықшаларға салуымыз керек.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің


Кім жылдам?” ойыны

Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.

балапан, бала, барабан, балық.


Қорытынды

  • -Бүгін қандай әріппен таныстық?

-Ол қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады?

-Б әрпі неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай тапсырма қиын болды?




































17. 11. 2020

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.01.2021
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі