400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталық кезінде мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Тексерілді:

Сауат ашу

Бөлімі: Табиғатқа саяхат

Мектеп: № 146 мектеп-лицей


Күні: 12.02.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болысбекова М.Ж

Сынып: 1сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Б б дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Жаңа білімді меңгереді.Б әрпін

таниды,дыбыспен сәйкестендіреді.Буындап,кейбір

сөздерді тұтас оқиды.

Көптеген оқушылар:Тақырыпты түсініп,тыңдап,

жетекші сұрақтар арқылы талдайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Бағалау

критерийлері

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Түсініп оқиды.

Тілдік мақсаттар


Балық-рыба,бор-мел,бақа-лягушка


Құндылықтарды

дарыту

Табиғатты қорғауға, тазалық ұстауға машықтанады.

Пәнаралық

байланыстар

көркем еңбек, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым

Бастапқы білім


П дыбысы мен әрпінің дыбысталуы мен жазылуы, буын, сөздер, сөйлемдер, мәтінді түсініп оқиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3мин









2мин










Қызығушылықтарын ояту:

.Ұйымдастыру.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сәлем бердім күнге,

Салем бердім сізге,

Сәлем бердім достарыма,

Сәлем бердік баршаңызға!


Өткен сабақта өткен «п»дыбысы мен әрпіне берілген тапсырмаларды қайталау. Сөзжұмбақ шешу

Сөзжұмбақ тапсырмалары:

1.Жаралы кептерді үйге кім алып келді?

2.Кептерге қамқорлық жасаған кім?

3.Үйге қандай кептерді алып келді?

4.Жараланған жеріне не жақты?

Т

А

Л

А

П



Б

А

Л

А


Ж

А

Р

А

Л

Ы


Й

О

Д



Балалар ортасынан қандай сөз шықты?

Абай

Абай деген кім?

Абай Құнанбаев туралы мағлұмат беру.

-Балалар, Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз?

-Қыс, күз, жаз, көктем

-Ал, балалар, ендеше сендерді осы жылдың төрт мезгіліне байланысты топқа бөлейік.




Бота,балық,

көбелектің суреті









Сабақтың ортасы

10мин





























2мин













10мин



Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

«Адасқан буындардан» сөз құрайық.

Берілген буындардан сөз құрастыру. Б дыбысының орналасу ретін атау. Сөздің басында, ортасында кездесетінін айтып өту.

«Ротация» әдісі бойынша бірін бірі тексереді.

Бақа, балық, болат, бота, бөрік, бидай, бүркіт, бақбақ

«Сиқырлы сурет» ойынын ойнату.

Шарты: 1- топ көрсетілген суреттегі заттың атын атайды, келесі топ сол сөздің соңғы буынынан сөз құрастырады.

*Оқушының буынға бөлу дағдысын жетілдіру

Асқабақ-бақша-шабақ-бақбақ

№1.Оқылым.Оқулықтағы мәтінді оқу.

№2.Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжау.

Жж.Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқу.

«Бор неден жасалады?» мәтінін тізбектеп оқыту, түсіндіру.

Бб дыбысының баспа,жазба түрлерімен таныстыру.

Б дыбысын ауада жазғызу.

Б дыбысының артикуляциясын ұғындыру.

Б-дауыссыз дыбыс екенін өздері дәлелдеу.

Дауыссыз дыбыс болса, қандай белгімен белгілейміз?

Оны қандай үйшікке кіргіземіз?

Балық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті

Борды қолға аламын,

Мына тақтаға жазамын.

Алғыс айтты бұл тақта,

Қолды қолға соғамын.

«Ойлан, тап» ойыны..Өздері тақтада ілулі тұрған суреттердің біреуін таңдап тапсырмаларын топпен орындау.

1-топ.Балта сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

2-топ:Балға сөзін құатыстырып сөйлем құрастырады.

3-топ: Б дыбысы бар сөздер тауып айтады.




аудиожазба










Бб баспа, жазба түрі



Балта, балға, бақаның суреттері























Сабақтың соңы


3мин












2мин

Рефлексия:

«Орныңды тап» ойыны.

Шарты: Оқушыларға қима қағазға жазылған б дыбысы бар сөздерді тарату, олар сол сөзге сәйкес суретті табуы керек. Суретті тапқан соң , сөзді буынға бөліп, дауысты және дауыссыз дыбыс сандарын айтуы шарт.Б дыбысның орналасуын айту.

(Бақа,бота,бұлт,көбелек,балық,Болат,Ақбота,

бақбақ)

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Ол дауысты ма.,дауыссыз ба?

-Біз жаңа дыбысты қай үйшікке кіргіземіз?Неге?

-Сендерге сабақ ұнады ма?Бүгінгі қойған мақсатымызға жете алдық па?

-Тақтаға назар аударайық. Себет пен көк шөпті ұсыну. Сабақты «түсінген,мен үшін қызық болды» -деген балалар бүлдіргенді себеттке , «түсінбедім, қызықсыз болды» - деген оқушылар көк шөпке отырғызады.









































































Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің есімі:

Аюбаева Гүлдана Мустахимқызы

Пәні:

Сауат ашу

Бөлім тақырыбы:

Саяхат

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа саяхат.Б дыбысы мен әріпі.

Оқу мақсаттары:

1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын және сөздегі буын санын анықтау.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушы: Б әріпін таниды , дыбыстарды ажыратады.

Көптеген оқушы: Өтілетін тақырыпты түсініп,тыңдап,сәйкестендіреді.

Кейбір оқушы: Буын санын ажырата алады,нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

Бағалау критерийлері:

  • Әріптерді таниды және ажыратады.

  • Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.


Тілдік мақсаттар

Бес-пять-five

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Әдемі жазуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта. Аудио жазылым

Алдыңғы білім:

Дыбысты сөз ішінен анықтай алады. Әріп элементтерін жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 мин







1.Ұйымдастыру.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сәлем бердім күнге,

Салем бердім сізге,

Сәлем бердім достарыма,

Сәлем бердік баршаңызға!


Шаттық шебері










Сабақтың ортасы

Айтылым

8 мин




































8 мин















8 мин


2.«Түстерді ажырат» әдісі бойынша топқа бөлу.

Тақтаға теріс қаратып, жапырақтар суретін жасырып қоямын.Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлетемін.


Қызыл,сары,жасыл,көк

Алуан-алуан жапырақ,- дей отырып жапырақтардың түстері бойынша топқа бөлемін.


3 Әр жапырақта жазылған сөздерден таныс емес әріп қандай екен.

-Б дыбысы мен әрпі.

  • Саралау жұмысы.

  • Қабілеті жоғары әр топтағы А оқушыға саралау тапсырмасын беру.

  • «Бақбақ» сөзіне дыбыстық талдау жасау.Қалған оқушыларға өткен білімді пысықтау мақсатында суреттер беріледі.Олар ол суреттегі сөздерді буынға бөледі.

  • Топтар бір-бірін Смайликтер арқылы бағалайды.


Дескриптор: «Бақбақ» сөзіне дыбыстық талдау жасай алады,сөздерді буынға бөле алады.


«Микрофон әдісі»

(ТА).Үнтаспа арқылы «Бор неден жасалады?» диалогын тыңдату. Диалогтың мазмұны бойынша Микрофон әдісі бойынша ашық сұрақтар қою. Микротопта.


«Қол шапалақ» әдісі бойынша бағалау.


Дескриптор: - Тақырыпты түсінеді, әріптерді ажырата алады.

Топпен жұмыс.Ойнайық та, ойлайық!»

«Әсем табиғат» тақырыбына мәтін құра.

Оны микротопта бағалау.


Дескриптор: тақырыпқа сай мәтін құрай ала






Жұптық-үштік жұмыс.Кім жылдам?

1.Көбелектер қонған заттарды ата.

2.Суреттегі сөздерді жаз

3.Диалогтық оқу



«Бас бармақ» тәсілімен

бағалау.


Дескриптор: заттарды атай алады, суреттегі сөздерді жазып, диалогтық оқу оқи алады.


Үлестірме суреттер



Таныстырылым



смайликтер



АКТ







Бағдаршамдар

Сергіту сәті

3мин

Аудио жазылым арқылы сергіту сәтін жасату.

Сергіту сәтіне арналған аудио жинақ

Сабақтың соңы

3 мин


Рефлекция

Кері байланыс.





























































Қош келдіңіздер!

Сауат ашу

пәні

Б дыбысы мен әрпі

  • Психологиялық дайындық Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз.

  • Ойын «Адасқан әріптер»

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды таб у

Ой қозғау

Жұмбақ жасыру

1.Басы жалпақ,

Көзі тостақ

Бұты талтақ.Бұл не?

(Бақа)

2.Сары ғана ол мамық?

(Балапан)

3.Суда өседі ,өнеді,

Сыртқа шықса,өледі.

(Балық)

І топ

Бақа

ІІ топ

Балапан

ІІІ топ

Балық

Бейнежазба

Б а қб а қ

Оқылым

Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948ж) – педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы Ұйғыр ауданында дүние келген.

Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948ж)

Бор неден жасалады?

Бор – түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс.

Дәптермен жұмыс

Жиырма тоғызыншы қаңтар

Жазылым

  • Сергіту сәті

Топтық жұмыс І топ -Бор неден жасалады? -

ІІ топ -Саған кімнің сөзі ұнады? -

ІІІ топ

Борды сипаттау

Бор


































1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту. Б дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату.
2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып, дыбыстық, буындық талдау жасату. Көркем жазуға дағдыландыру.
3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, «Балдырған» журналын үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, буындар, «Ойын – саяхат» жобасы,
дидактикалық материалдар, суреттер,
«Балдырған» журналы.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
— Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.

ІІ. Өткенді еске түсіру.
— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
— Е дыбысы.
— Е – қандай дыбыс?
— Е – дауысты дыбыс.
— Е дыбысына байланысты буындарды еске түсіріп, сөздер құрастырайық.
— Оқулықтан «Асқар» мәтінін кезек – кезек оқыту. (72 – бет)

ІІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша, мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін. (Бақаның суретін тақтағы ілу).
— Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
— Б дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).
— Б – Б – Б (хормен айтқызу)
— Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
— Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).
— Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау. (Оқушы назарын суретке аудару).

«Бақа мен бала».
— Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:
Ал, бақалар, бақалар,
Бізде қызық ойын бар.
Қане, тәртіп сақтайық
Баспалдақты аттайық,
Баспалдақты басқанда,
Батыл атта, жасқанба!
— Баланың тапсырмасы: — Өлеңдегі б дыбысы естілетін сөздерді ажырату.

«Топтастыру».
Жануар —————— Адамның аты
(бота) —————————— (Болат)
Өсімдік ——————————— Зат
(бәйшешек) ———— (бағдаршам)
Жеміс – жидек ———- Оқу құралы
(банан) —————————— (бор)

— Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.
— Бақаның өлеңін жаттау.
Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек – ау.
Бірақ әрбір баланың,
Өз анасы бөлек – ау.
— Қане қай қатар тез жаттады екен?
— Әндетіп келе жатқан бақаның алдынан су шығады. Бақаны, өздерің білесіңдер, суды да жақсы көреді ғой. Сондықтан ол суға түскісі келеді. Ал оны балықтар суға түсірмейді. Қане, бақаға тезірек көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.

IV. Оқулықпен жұмыс. (74, 75 – беттер)
1. Хормен оқыту. Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру.
ба қа, бо та, бө рік
ба лық, Бо лат, кө рік

2. Берілген мәтінмен талдау – жинақтау жұмысын жүргізу.
Мәтіннен б дыбысы бар сөздерді табу, буынға бөлу.
3. Бақшада (суретпен жұмыс)
б) «Не өсірді? Кім өсірді?» ойыны. (Бақша өнімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы қайталау. Не? кім? сұрақтарын ажыраттыру)
— Міне, бақа сендерге риза болып жатыр. Бақа су ішіп, біраз сергіп алды. Қане, бақамен бірге бізде сергіп алайық.
V. Сергіту сәті.

«Бақа мен бағдаршам».
— Балалар, міне бақа да мектепке жақындай бастады. Оны енді не тоқтатып тұр деп ойлайсыңдар?
— Бағдаршам.
— Оның қандай көзі жанып тұр?
— Қызыл.
— Қызыл жанса, не істейміз?
— Тоқтаймыз.
— Қай көзі жанғанда жүретін едік?
— Жасыл.
— Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.

VІ. Дәптермен жұмыс.
— б дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу.
— Б – сөздің басында және ортасында келеді.
Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді.

VІІ. Дәптердегі бос жолдарға жазба жұмыстары жүргізіледі.
ІІХ. Сабақты бекіту. «Орнын тап» ойыны. 2 – қатар жарысады.
Б…… б…
Бақа, арба
Балапан, қарбыз
Бота, асқабақ
Бағдаршам, көбелек
Балық, шыбын
Борсық, жолбарыс т. с. с.
Екі қатар оқушылары кезектесіп шығып суреттердің орындарын тауып, жапсырады.

— Оқушыларға бақаның суретін тарату.
— Әр бақаның артында суреттер жапсырылған. Сол суреттердің жазылуын кеспе әріптерімен жазу.
ІХ. Сабақты қорыту.
— Бақаның базарлығы «Балдырған» журналымен таныстыру, онымен дос болуға шақыру.
— Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?
— Б дыбыс мен әрпі.
X. Мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі