400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Б дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қысқа мерзімді сабақ жоспары.Мектепалдыдаярлық тобының тәрбиешілеріне көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы:

Коммуникативтік әрекет

Тақырыбы:

«Б дыбысы мен әрпі»

Тәрбиешінің ТАӘ:

Искакова Динар Кадировна

Күні:

21.11.2022

Мектепалды даярлық сынып

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Оқу бағдарламасына сай оқудың мақсаты:

Мақсаты: Балаларға «Б,б»дыбысы және әрпі туралы түсінік беру,сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Сабақтың міндеті: «Б,б» дыбысы дауыссыз екенін меңгерту,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.

Сабақтың мақсаты:

-сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап;

-сөйлемдерді интонация бойынша ажырату;

-сөз бен сөйлемді ажырата білу;

-әр түрлі бағытта.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Уақыты

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс- тар

1.Ұйымдас -тыру сәті.

Сабаққа жинақтау:

Сәлем,сәлем оң қолым

Сәлем,сәлем сол қолым

Сәлем,сәлем достым

Сәлем,сәлем шаттық шеңбері

Кішкентай да боламыз

Үлкен де шеңбер боламыз

Бірақ ешкім шетте қалмайды.









Балалар тәрбиешіні тыңдайды









Жақсы


2.Негізгі бөлім

Қазір біз өткен сабақта үйренген әрпімізді еске түсіріп,пысықтап аламыз.


Бүгін біздер жаңа «Б,б» дыбысы және әрпімен танысамыз.

-дыбыстап айтамыз (Б,б)

-қалай естіледі?

-созылмай айтылады

-онда «Б,б» қандай дыбыс болады?

-дауыссыз

-өте дұрыс

Егер дыбыс созылмай айтылса ол дауыссыз болады.

-дауыссыз дыбыстың түсі қандай болады?

-көк

-өте дұрыс.


Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт,айламен ұстайды.


-Қалай ойлайсыңдар?

-Кім туралы айтылған?


-Балық (өте дұрыс)


Олай болса бүгінгі өтетін жаңа дыбыс пен әрпіміз «Б,б»


Балық қайда жүреді?

-Суда (өте дұрыс)


Балық сөзі қандай әріппен басталып тұр «Б» (өте дұрыс)


-Қане балалар «Б,б» дыбысынан басталатын кім тағы қандай сөздер біледі?


Бақа,барабан,бесік.


Тақтадағы көрнекілік арқылы жаңа сабақты пысықтап,түсіндіру.


Оқулықпен жұмыс.

-Оқулықтағы суреттердің аттарынбуындап,шапалақ арқылы айтқызу.


Ба-қа,ба-ра-бан,ба-лық.


Екі буын және үш буынды сөздерді сәйкестендіру.


Дидактикалық ойын.

Ойын шарты:барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.


Мысалы:


Д-дыбысына сөз --- доп,дала,домбыра т.б


І-дыбысына сөз --- інім,ілгіш,тіс т.б


Ә-дыбысына сөз --- әже,әпке,әке,дәрі т.б


Б-дыбысына сөз --- бас,бау,балық,барабан т.б









Балалардың көпшілігі жауап береді



Жақсы



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз.

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз,қияр тереміз

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.



Қимылмен көрсетіп орындау



Жақсы


Рефлексия

Сабақ аяқталып келеді.


-Балалар бүгінгі сабақта қандай жаңа әріппен таныстық?

«Б,б»-дыбысымен таныстық.

-«Б,б» қандай дыбыс?

«Б,б»-дауыссыз дыбыс.

«Б,б» дыбысына кім сөз ойлап айтады?

Балапан сөзін қатыстырып кім сөйлем құрайды? т.б


«Б,б» дыбысы-дауыссыз,түсі-көк болады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі