Материалдар / Б дыбысы мен әрпі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Б дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
732
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



күні: 

Сынып: 1 а

Сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Жайлиева Д.Е.




Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат.  Бб  дыбысы  мен  әрпі




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1  мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.2.5.1  Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру ( мұғалімнің көмегімен)

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық  талаптарға сай жазу.




Сабақтың  мақсаттары

Барлығы: Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Көбі: Сөздегі   дыбыс   түрлерін  (дауысты, дауыссыз, жуан және   жіңішке   дауыстылар)  ажырату   және   дұрыс   дыбыстау.

Кейбірі: Өзбеттерінше  тапсырмалар  орындайды.




Тілдік мақсат

Оқушылар:   көркем  және   бейкөркем   мәтін үлгілерімен   таныс   болуы   керек, жанрын ( ертегі, өлең ) ажырата   білуі   және   өлеңді   мәнерлеп   оқи   білуі   керек.




Негізгі   сөздер   мен  тіркестер: Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық – рыба- fish




Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылым, тыңдалым, жазылым




АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.




Бұған дейінгі меңгерілген білім

Пп  дыбысы




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы  жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру

Психологиялық  дайындық

Біз  балдырған  баламыз,

Құстай  қанат  қағамыз.

Дүниені  аралап,

Оқып  білім  аламыз.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

Шаттық  шеңбері

 

 


Сабақтың  ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - тапсырма.

- Суреттегі өсімдік қалай аталады ?

- Бақбақ .

-Бақбақ сөзі қай  дыбыстан басталып тұр?

- Б Б Б

- Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші.

- Кім  айтады,  б дыбысы қандай дыбыс?

- Дауыссыз  дыбыс, өйткені  созылмайды, еркін  айтылмайды.

- Бақбақ сөзін буынға бөлейікші. Неше буын?

- 2  буын.

- Б дыбысы қай буында  кездеседі ?

- 1-ші  және 2-ші  буында да кездеседі.

- Құрамында б дыбысы бар тағы қандай сөздер білесіңдер?

Суретпен жұмыс жасай отырып  б дыбысымен танысады.

2 - тапсырма. Б әрпі неге ұқсайды?

-  Балалар б дыбысы неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?

Сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сергіту сәті

Табиғат құбылыстарын атаймын, балалр қимылмен, дыбыспен салады.



Аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3- тапсырма.  Оқылым.  «Балық аулайық» ойыны.

Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.

Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық – рыба-fish

4 - тапсырма. Топтық  жұмыс.

Автормен  таныстыру.

Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы, Ұйғыр  ауданында дүниеге  келген.

-Бүгін  біз  осы  кісінің  «Бор  неден  жасалады ?» әңгімесін  оқимыз . Балалар  сендер  білесіңдер  ма ? Бор  неден  жасалады ? Ондай  болса  үнтаспаны  мұқият  тыңдаңдар .

" Бор  неден  жасалады ? "  мәтінін    үнтаспадан тыңдату.

Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс.

1-топ. Рольге  бөлініп  оқу.

2-топ. Сахналық  қойылым  қою.

3-топ. Берілген  сұрақтарға  жауап    береді.

Берілген  тапсырмаларды  орындайды.

Жеке жұмыс

Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқу, бояу.








Оқулықпен жұмыс


Сурет

үнтаспа







топшама


Дәптермен   жұмыс


 Бб дыбысын  жазу.

Жазу жолын, жоларалық  кеңістікті, жолдың  жоғарғы  және төменгі сызығын сақтау  және  әріп  элементтерін  дұрыс, көркем  жазу  білігін  бағалауды  ұйымдастыру.

Дәптермен  жұмыс


Сабақтың соңы


Рефлексия.

1. Б дыбысы кездесетін сөз айт

2. Буындардан сөз құрастыр.

3. Әрбір суреттің атауын жазып шық. «Б» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім             Сұрағым бар           Түсіндім

Смайликтер

 


 

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды бағалау.

 


Қосымша  ақпарат



Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, сұрақтар қою, бағыт беру  арқылы көмек көрсету. Жұмысты жылдам орындайтын қабілеті жоғары оқушыларға конверт сыртына сурет салуды ұсыну.

Оқушылардың жұмыс жасау  барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау.

Сергіту  сәтін  өткізу.

 

 Рефлексия

Сабақ  мақсаттары / оқу  мақсаттары  дұрыс қойылған  ба? Оқушылардың барлығы ОМ  қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

 








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!