Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Қысқа мерзімді жоспар

Пән: сауат ашу.

Сынып:1

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Нұрлыбай Шарбану


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа саяхат .Б дыбысы мен әрпі.


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.9.1Әріпті тану ,ажырату оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2Оқудың түрлерін буындап оқу жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу ,түсініп оқу, қолдану.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін дауысты, дауыссыз , жуан не жіңішке дауыстылар ажырату және дұрыс дыбыстау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады:

Б дыбысын дыбыстай алады.Б дыбысынан келетін сөздерді айтады.

Көптеген оқушылар орындай алады: Оқуға берілген сөздерді буынға бөліп оқи алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқып , сұрақтарға нақты жауап береді.

Бағалау критерилері

  1. Әріпті тани алады,ажырата алады,оны дыбыспен сәйкестендіреді.

  2. Оқудың түрлерін қолдана алады.

  3. Сөздердегі дыбыс түрлерін ажырата алады және дұрыс дыбыстай алады.


Тілдік мақсат



Оқушылар істей алады: Білім алушылар Б дыбысы туралы өз ойларын жеткізеді.


Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:Әріп ,дыбыс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Дыбыс дегеніміз не

-Дыбыс әріп туралы не білесің

-Б дыбысына байланысты қандай сөзден дыбыс құрай аласың

-Б дыбысына байланысты қандай атаулар білесіңдер




Құндылықтарды дарыту


Біз Мәңгілік Елдің мызғымас жеті тұғырын нығайтуға,сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек пәні бойынша суреттерді бояйды.Дуниетану пәні бойынша айтылым,тыңдалым дағдылары қалыптастырылады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білім алушылардың сабақ барысында АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалаймын.Тапсырма орындау барысында қалам ,бояу түрлерін қолданғанда тазалық гигенасын ұстауды қадағалап отырамын.

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Сабақ барысында тапасырма орындауда компьтерден суреттерді көрсете алады.Әр тапсырма аясында ойын түрлерінде қолданады.

Алдыңғы меңгерілген білім


Б дыбысы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Айтылым 7-мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін білу мақсатында шаттық шеңберімізде тұрып бір біріне бүгінгі күнгі сабаққа сәттілік тілейді.

Білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында «алтын балық» әдісі арқылы топқа біріктіремін.

1-топ «сазан»

2-топ « шортан»

3-топ «лақа»

Тақырыпты ашу.

Білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында табиғат туралы бірнеше сұрақтар беремін . Білім алушылар сол сұрақтарға жауап береді.Оқушыларға Ғажайыпстанға саяхат мутфилмін тамашалатамын .Бүгінгі сабағымның тақырыбын ашамын.

Жүрекше ,шарлар




Түрлі –түсті балықтың суреттері




Электронды оқулық

Сабақ ортасы


Айтылым 5-мин








7-мин






Тыңдалым, айтылым










3-мин










Жазылым 8-мин

1 тапсырма ( Т.ж)

Білім алушылардың айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Дұрысын тап» әдісі арқылы орындатамын Әр топ дұрыс шешімін табады.
Дискриптор
-Жұмбақтың шешуін табады,суретін көрсетеді.
-Дыбысты ажыратады..
Бағалау:
Әр тапсырманы орындау барысында білім алушыларды алға ынталандыру аясында «алтын жүзік» і арқылы бағалаймын.
№2 тапсырма. Саралау жұмысы
Білім алушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында «Кім тапқыр»әдісін пайдаланамыын.Білім алушылардың ой өрісін білу мақсатында оқулықтағы тапсырманы беремін.Бор неден жасалады мәтінін беремін
Дескриптор.
-Мәтіннің не туралы айтылғанын біледі..
-Әңгімені сипаттай алады.
-Б дыбысын таниды және жазады.
Бағалау:
Өз білімін жетелеу аясында білім алушыларды «Алтын жүзік» арқылы бағалаймын.
Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, «Саяхатқа барамыз» сергіту сәтін орындатамын.
№3 тапсырма (Ж.Ж)
Білім алушыларға тыңдалым,айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Шыбын ұрғыш» әдісін пайдаламын Әр топтан білім алушылар шығып тақтадағы буындарды тізбектеу арқылы сөздер құрастырады.

Дескриптор

1Буын, дыбысты тани алады.

2Сөздің мағынасын біледі.

3Сөздерге мысал келтіре алады.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Алтын жүзік»арқылы бағалаймын.

Білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру аясында оқулықтағы Б дыбысының баспа және жазба түрлерін жаздыртамын.







Суреттер










Қима қағаздар




Түрлі-түсті суреттер





























Сабақтың соңы

5-мин

1.Білім алушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру мақсатында «Алтын сандық»ойыны бойынша қорытындылаймын.
2.Кері байланыс
«Желкенді кеме»әдісі арқылы жүргізіледі.
1.Топта жұмыс істеу ұнады ма?
2.Сабақта не қызық болды?
3.Қандай кедергілер болды?


Кеме суреті

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

жоспарыңыз?




А. 1) Б дыбысынан келетін сөздерді атай аласың ба

2) Қандай дыбыс екенін ажырата аласың ба ?
Б. 1) Б дыбысынан келетін сөздердің мағынасын түсіндіріп бере аласың ба?
2). Саяхат сөзін қалай түсінесің

С.1)Б дыбысы туралы не білесің Б дыбысынан келетін досың бар ма?


Бағалау критерилері



Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

  1. 1 Әріпті тани алады,ажырата алады,оны дыбыспен сәйкестендіреді.


1



Жұмбақтың шешуін табады,суретін көрсетеді.


..



Алтын жүзік

2 Оқудың түрлерін қолдана алады.


2


Дыбысты ажыратады



Алтын жүзік

3.. Сөздердегі дыбыс түрлерін ажырата алады және дұрыс дыбыстай алады.



.



3 Т.Ж



Сөздерді ажыратып, дыбысты таниды.



Алтын жүзік


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға Келер шақпен жазамыз.


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12