400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Б дыбысы мен әрпі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты













Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі


Орындаған: Телібаева Айдана










Арқалық 2012


Әліппе


Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы, әрпі


Сабақтың мақсаты: 1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б

дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс

дыбыстату.

2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып,

дыбыстық, буындық талдау жасату.

Көркем жазуға дағдыландыру.

3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа,

татулыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, буындар, «Ойын-саяхат» жобасы,

дидактикалық материалдар, суреттер,


Сабақтың түрі: саяхат сабақ.


Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға алыстан қонақ келеді. Оны жақсылап қарсы алайық. Қонақтың сендерге алып келе жатқан құнды базарлығы бар. Егер де сендер сабаққа жақсы қатысып, қонаққа көмектессеңдер, ол тез келетін болады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмамды дұрыс әрі тез орындасаңдар, қонақтың атын айтып беремін.

ІІ. Өткенді еске түсіру.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • М дыбысы.

  • М – қандай дыбыс?

  • М – дауыссыз дыбыс.

  • М дыбысына байланысты буындарды еске түсірейік.

Ма, - мал, - мақ, - маш, - ман, - лам, - мол, - мон, - дам.


ОDrawObject1 йын: «Неліктен қызық».

МDrawObject3 DrawObject2 онша адам мал Марал

Моншақ қадам малта Марат


ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, уәде бойынша, мен сендерге қонақтың суретін көрсетейін.

(Бақаның суретін тақтағы ілу).

  • Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

  • Б дыбысы (баспа, жазба түрлерін көрсету).

  • Б-Б-Б (хормен айытқызу)

  • Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

  • Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу).

  • Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.

(Оқушы назарын суретке аудару).


«Бақа мен бала».

  • Бақа бізге келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:

Ал, бақалар, бақалар,

Бізде қызық ойын бар.

Қане, тәртіп сақтайық

Баспалдақты аттайық,

Баспалдақты басқанда,

Батыл атта, жасқанба!

  • Баланың тапсырмасы: - Өлеңдегі Б дыбысы естілетін сөздерді ажыраттыру.


«Топтастыру».



Жануар Адамның аты

(DrawObject5 DrawObject6 DrawObject4 бота) (Болат)

Өсімдік Зат

(DrawObject8 DrawObject7 бәйшешек) (Бағдаршам)

ЖDrawObject9 еміс-жидек Оқу құралы

(DrawObject11 DrawObject10 банан) (Бор)


  • Баламен қоштасып, бақа әрі қарай жүреді.

  • Бақаның өлеңін жаттау.

Бәрі жақсы ананың

Бәрі де оның керек-ау.

Бірақ әрбір баланың,

Өз анасы бөлек-ау.

  • Қане қай қатар тез жаттады екен?

  • Әндетіп келе жатқан бақаның алдынан су шығады. Бақаны, өздерің білесіңдер, суды да жақсы көреді ғой. Сондықтан ол суға түскісі келеді. Ал оны балықтар суға түсірмейді. Қане, бақаға тезірек көмектесейік. Ол үшін кітабымызды ашамыз.


IV. Оқулықпен жұмыс.

  • Хормен оқыту


БDrawObject13 DrawObject12 а ла бо та Бо та

Ба ба бор Бо лат

Ба та бал


  • Тақтада буындардан сөз құрастыру.

Бала / балақан / балапан / ботақан.

  • Сөйлем оқыту: -Бота, ба-ла-пан-дар-ға қара.

  • Міне, бақа сендерге риза болып жатыр. Бақа су ішіп, біраз сергіп алды. Қане, бақамен бірге бізде сергіп алайық.


V. Сергіту.

«Бақа мен бағдаршам».


  • Балалар, міне бақа да мектепке жақындай бастады. Оны енді не тоқтатып тұр деп ойлайсыңдар?

  • Бағдаршам.

  • Оның қандай көзі жанып тұр?

  • Қызыл.

  • Қызыл жанса, не істейміз?

  • Тоқтаймыз.

  • Қай көзі жанғанда жүретін едік?

  • Жасыл.

  • Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық.


VІ. Дәптермен жұмыс.

Б Б Б б б б

- Суретті сөздердегі б әрпін бастыру.

- Б – сөздің басында және ортасында келеді.

Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді.


VІІ. Нашар оқушылармен жұмыс.

Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.


VІІІ. Сабақты қорыту.

  • Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік?

  • Б дыбыс мен әрпі.


IX. Үйге тапсырма.

  • Оқушыларға бақаның суретін тарату.

  • Әр суреттің артында сөздер жазылған. Сол сөздердің жазылуын жаттап келу, жатқа жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі