жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б дыбысы мен әрпі. Ашық сабақ
|
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу- Аюлы ауылы Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың бастауыш сынып мұғалімі Байкенова Мөлдір Болатқызы Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
||
|
Бөлім: |
Әліппе |
|
|
Педагогтың аты-жөні |
Байкенова М. Б. |
|
|
Күні: |
|
|
|
Сынып: 1 «б» |
Қатысушылар саны: 19 |
Қатыспағандар саны:19 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Б дыбысы мен әрпі |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық
кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап,əріп
элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай
жазу |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Әріпті танып, ажыратуға және дыбыстармен сәйкестендіруге, әріп элементтерін талаптарға сай жазуға тырысады. Көпшілігі: Әріпті танып, ажыратады және дыбыстармен сәйкестендіреді. Әріп элементтерін талаптарға сай жазады. Жолдың төменгі және жоғарғы сызықтарын сақтайды. Кейбірі: Әріпті танып, ажыратады және дыбыстармен сәйкестендіреді. Әріп элементтерін талаптарға сай жазады. Жолдың төменгі және жоғарғы сызықтарын сақтайды. Алған білімді өмірмен байланыстырады. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Бірлесіп жұмыс жасауға, топта ойын еркін жеткізуге үйрету. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану, музыка, цифрлық сауаттылық |
|
|
Бастапқы білім |
Әріптер мен дыбыстарды біледі, таниды. Сөз, сөйлем құрайды. |
|
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Cабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут 5 мин |
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар. -Балалар, сабағымыздың алтын ережесін есімізге түсірейік.
Өтілген материал бойынша жұмыс «Кубизм» әдісі Топтарға әріптер жазылған кубиктерді ұсынып, өтілген әріптер мен дыбыстар бойынша сұрақтарға жауап береді. Дескриптор:
Саралау «Диалог және қолдау көрсету» Түсіндіруді қажет ететін оқушыларға алдын ала сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіп ынталандырамын.
|
Алтын ережені еске түсіріп, хормен қайталайды. Кубикте түскен әріптерді атап, сол әріпке толық тоқталады. Сөз құрайды. Сөзден сөйлем құрайды. |
Оқушылардың жауаптарына ауызша кері байланыс беру |
Алтын
ереже Кубик |
|
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ 10 минут
4 мин
5 мин 5 мин 6 мин Сергіту сәті 2 мин 5 мин |
Жұмбақтар 1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам) 2) Қанаты жоқ ұшпайды Су астында қыстайды. (Балық) 3) Жазу жазып жалықпаған Жаза-жаза арықтаған (Бор) 4)Ақ сарайын талқандап Шықты біреу талтаңдап (Балапан) 5)Тарбаң, тарбаң тарбиған, Түрі жаман жарбиған( Бақа)
Т Жаңа тақырыпты ашу
Мақсаты: Б дыбысы мен әрпі жайлы танысып білеміз. Б дыбысы бар сөздерді оқимыз. Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыс. Хормен айту. Мысалы: бор, бақа, барабан. - - Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? - Б – дыбысы дауыссыз дыбыс. Себебі б дыбысын айтқан кезде ауа ерін кедергісіне ұшырайды. Дескриптор:
Саралау Қарқын. Басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейтін оқушыны мақсат қоюға жетелеу Модельдеу Балалар, қазір біз сіздермен алдарыңызда тұрған ермексаздармен Б дыбысының модеьін жасап көрейікші. Біз сіздермен математика пәнінен ұзын- қысқа, қалың- жұқа деген тақырыпты өткен болатынбыз. Сол алған білімімізді пайдаланып, б дыбысын модельдеп көрейік Дескриптор:
Саралау «Қорытынды » Оқушыларға модель құрастырудың нұсқасын бере отырып, олардың әрқайсысының түсінгеніне көз жеткіземін. -Б дыбысын құрастыру үшін неше элемент пайдаландық? (оқушы жауаптары тыңдалады)
Тауға бір саты жоғарлаймыз Жеке жұмыс Тақтадағы « Буындар таспасынан» ба, бо, бы, бу буындарын оқу Магнитті әріптерден бақа, бала, бор сөздерін құрастыру Дескриптор.
Саралау. Бағалау . оқушылардың әрекеттеріне қарай тиімді кері байланыс беріп отырамын
Тауға бір саты жоғарлаймыз « Сиқырлы сандық»
Дескриптор
Саралау Тапсырма. Сөздердің күрделілігіне қарай карточкаларды пайдаланымын.
Тауға бір саты жоғарлаймыз Жазылым Дәптерімізді ашайық Қолға қалам алайық Жамандықтан қашайық Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс Б дыбысының әрпін жазу
Бақа, бақа, балпақ Басын неге жалпақ. АКТ жұмыс QRkod сканерлеу арқылы ребусты шешу
Ба+ +ға
Дескриптор:
Саралау. Дереккөз Басқа сыныптастарына қарағанда кейбір оқушылар АКТ қолдану арқылы оқу нәтижесіне жету үшін жұмысын көрсетеді.
Тауға бір саты жоғарлаймыз |
Жұмбақты тыңдап, дұрыс жауаптарын табады Сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты анықтайды Сабақтың мақсатын анықтайды. Хормен Б дыбысын қайталап айтады. Ермексазды пайдалану арқылы Б әрпін жасайды Буындар таспасынан буындарды оқиды, магнитті әріптерден бақа, бала, бор сөздерін құрастырады Сандықтан сөздерді алып оқиды. 1 Бақа сөзін оқып, дыбыстық талдау жасайды. 2 Бота, қарбыз, клуб сөздерін оқып, буынға бөледі, б дыбысының орнын анықтайды.
Б дыбысын флипчартта жазады. Б дыбысын дәптерге жазады.
Видеодағы сергіту сәтін барлығы бірге орындайды
Ұялы телефон арқылы Qrkod сканерлеп, шыққан ребуты шешеді. Шыққан сөзбен сөйлем құрайды |
Жарайсыңдар! Оқушылар өзін- өзі бағалацды. сыныптың мадақтауы Тиімді кері байланыс беру
Өзін- өзі бағалау |
Интерактивті тақта Б дыбысына келетін суреттер Ермексаз Әріптер таспасы, магнитті әріптер Сандық, карточкадағы сөздер Маркер, флипчарт, Дәптер Интерактивті тақта Ұялы телефон |
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Мақсатқа жету. - Балалар, біз бастапқы мақсатымызды есімізге түсірейікші. -Бүгінгі Б дыбысымен таныстық па? «Б» дыбысына сөздер айттық па?
Дауыссыз дыбыс. -Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады? -«Б» әрпін неге дауыссыз деп ойлайсыңдар? Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
орындау арқылы таудың
туымызды тіктік Жарайсыңдар! Сабақ аяқталды! |
Сабақтың басында қойылған мақсатты еске түсіріп, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды. |
Керемет, жарайсыңдар! |
Бастапқы мақсат жазылған таныстырылым |
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген