400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б. Момышұлы және соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті. Одағай сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағына арналған сабақ жоспары

Пән/сынып

Т1 Қазақ тілі / Сынып: 7,

Мұғалімнің аты-жөні


Тарау немесе бөлім атауы,

ІХ бөлім

Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология

Сабақтың тақырыбы,

4-сабақ

Б. Момышұлы және соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті. Одағай сөздер


Оқу мақсаты

7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Сабақ мақсаты

- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

- кестені пайдаланып, хронологиясын сақтап, одағай сөздерді қатыстырып, шағын очерк жазады.



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Қазақ тілі


«Атамұра» 2017



















































Кіріспе

Сұрақ- жауап

  1. Б.Момышұлы кім?

  2. Оның қандай шығармаларын білесіздер?

Жауабыңызды салыстырыңыз!

  1. Б.Момышұлы-Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаhарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

  2. Оның шығармалары:

  3. Ұшқан ұя (1974 жыл)

  4. Мәскеу үшін шайқас,

  5. Жауынгердің тұлғасы,

  6. Майдан,

  7. Майдандағы кездесулер,

  8. Генерал Панфилов,

  9. Төлеген Тоқтаров,

  10. Куба әсерлері

  11. Адам қайраты (1981 жыл)

  12. Елбасына күн туса

  13. Психология войны

Жаңа сабақ


Назар аударыңыз!

Хроника – журналистиканың ақпараттық жанрларына жататын шағын ақпараттық мақала.

Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар болған оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек фактілер келтіріп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі.


1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша Б.Момышұлының өмірбаянын хронологиялық кестеге түсіріңіз.


Дескриптор.

  • Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.

  • Тыңдалған мәтінді хронологиялық кестеге түсіреді.




Жауабыңызды салыстырыңыз!

  1. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы қыстың боранды күні- 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын Мыңбұлақ ауылында дүниеге келеді.

Назар аударыңыз!

Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Мысалы:пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап, ойпырмай т.б.

3-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша хронологиясын сақтап, оқшау сөздерді қатыстырып, Б.Момышұлының өмірі туралы шағын очерк жазыңыз.



Дескриптор.

  • Хронологиясын сақтап, оқшау сөздерді қатыстырып, Б. Момышұлының өмірі туралы шағын очерк жазады.

  • Сөйлемді қатесіз сауатты жазады.





Бүгінгі сабақта

- Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіңіздер.

- Кестені пайдаланып, хронологиясын сақтап, оқшау сөздерді қатыстырып, шағын очерк жаздыңыздар.



Қосымша тапсырма

Тұрақты тіркестерді пайдаланып, майдандағы Б.Момышұлы ерлігін өз сөздеріңізбен

суреттеп, «Дана да дара тұлға» атты эссе жазыңыздар.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі