400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б. Момышұлы ««Ұшқан ұя» шығармасының идеялық құндылығын бағалау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған жоспар жаңа форматта жасақталынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

3-бөлім: «Махаббат және абырой»


Педагогтің аты-жөні:

Габбасова Базар Қазтуғанқызы

Күні:

03.02.2023

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Б. Момышұлы ««Ұшқан ұя» шығармасының идеялық құндылығын бағалау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.3.3.1 шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдау.

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру.


Сабақтың мақсаты:



шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды. шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.

Бағалау критерийлері:




Барлық оқушылар орындай алады: шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: шығарманың көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдай алады.

ЕББҚ оқушы (2-топ)


-

Ойлау дағдыларының деңгейі:

қолдану,талдау

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.Түстер арқылы топқа бөлінеді.

Алдыңғы берілген білімдерімен үйге берілген тапсырманы талқылаймыз.

Сабаққа дайындалады.Түстерді таңдай отырып, топқа бөлінеді. Үйге берілген тапсырманы бағалау критерийлері бойынша бірін -бірі бағалайды .

Түрлі-түсті парақшалар

Ақпараттық технологияны пайдалану.




Сабақтың ортасы


35 минут




Т.Ж. Бейнежазбадан тыңдаған ақпараттан «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша адами, рухани құндылықтарды таба отырып,өз ойларыңызды жеткізіңіздер.


Ж. 1-тапсырма.«Жеке жұмыс» Композициялық талдау.

Шығарманың сюжеті (желісі):

1. Басталуы:Шығарма кейіпкерлеріне сиппаттама және суреттеу

2.Байланысуы:Бауыржанның дүниеге келуі,ат қою дәстүрі.

3.Шиеленісуі:Бала тәрбиесі:Жеті атаны үйрету,сәлем беру,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

4.Шарықтау шегі:Әжесінің ертегілері арқылы жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі.

5.Шешімі: Соғысқа барғанда тәлім-тәрбиесін қолдануы, көрсетуі.



Жаңа тақырыпқа деген қызығушылықтары оянады. Жаңа тақырыпты болжау арқылы табады.





Оқушылар дәптерлеріне берілген тапсырманы орындайды.




«4Ж» әдісі

Жарайсың

Жақсы

Жұмысымызды

Жалғастырайық



Дескриптор: -композициялық талдау жасайды. -шығарманың басталуын анықтайды. -шығарманың байланысуын анықтайды. -шығарманың шиеленісуін анықтайды. -шығарманың шарықтау шегін анықтайды. -шығарманың шешімін анықтайды.


Тапсырма парақшалары






Концептуалдық кесте

2-тапсырма. «Жұптық жұмыс» Б.Момышұлының адамгершілік туралы ой-пікірлерін үзіндіден оқи отырып,түсініктерін қалыптастырады және талқылайды, көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.

Имаш атасы

Шығармадан үзінді

Біздің түсінігіміз

Көпті көрген ақсақал

«Сонда Имаш бабам былай деген екен:

Алатаудың қыраны мол еді –

Қырағы болсын құлыным...»

Ата-бабамыз барлық игілікті ісін батамен бастауы.

Әже өнегесі

Балаларым,құлақ салып тыңдаңдар.Көңілге түйіп,ұғып алыңдар...деп ертегі айтуы

Ауыз әдебиеті

нің нәрімен сусындату,бала

арманын ұшқындату, қиял әлеміне еліктіру

Әке тәрбиесі

«Сен,немеге, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда...»

«Әдептілік-басы сәлемдесу»тәр-биесі

.

3-тапсырма Топпен жұмыс. «Әдеби шеңбер» әдісі.

1-топ Баяндау..Үлкен әпкем Үбішті мен еміс-еміс қана білемін.Әкемнің айтуынша ол ерте хат танып,кітап оқыған.Жазу да қолынан келген дейді.Біздің аймақта алғашқы қара танып,хат жазуға қолы жеткен қыз-сол әкемнің жалғыз өзі көрінеді..


2-топ Суреттеу.Онда мен бесте, не алты жаста шығармын.Әжеммен бірге жатушы едім.Әже құшағы қандай ыстық,қандай мейірбан десеңші"Көзім ұйқыға кеткенше,әжем айналып-толғанып,арқамнан қағып жатқаны.Еркелеп жатып қалғып кеткеніңді аңғармай қаласың.Бір күні түн жарымында оянып кеттім.Орнымнан сездірмей тұрдым да,әжемнің төсегінен алыстай бердім.Ондағы ойым екінші үйдегі әкем жатқан үйге бару еді.Екі үйдің ортасында өзіміздің маңғаз түйелер жатыр екен.

Түйелердің арасымен жүріп келе жатып мен мамық жүнді ақ ботаның қасына еріксіз тоқтадым....

3-топ.Пайымдау..Міне,Үбиан әпкем үлкен үйден шықты да,қазан жаққа бет алды.Мен оны көре сала борсаңдап ,сүріне қабына еркелей жүгірем.Әпкем аяғымды жерге тигізбей қағып алып,аспанға көтереді.Мен сықылықтай беремін.Әпкем биікке көтеріп мәз боламын.Сонан соң ол ет бауыры елжіреп мені камзолының омырауын ашып,қойнына жасырып алады да,жүгіре жөнеледі.Бауыр құшағы қандай ыстық еді шіркін....





Оқушылар үзінділерді жұбымен бірге талқылап, көркемдік идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.












Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.














Әр топ өзара бір -біріне шарлау арқылы түсіндіреді. Топ бойынша оқушылар -идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдай отырып, рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.



Дескриптор : -адамгершілік туралы ой-пікірлерінен үзіндіден оқиды.


-түсініктерін қалыптас-тырады.


-концепциялық кестені толтырады.


-үзінділерді жұбымен талқылайды.

- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.

- материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.

ҚБ .Керемет! Жарайсың!














Дескриптор

-мәтіндердін түрлерін ажыратады.


-топтаса отырып берілген мәтіндер бойынша құндылықтарды анықтайды.


-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.

-рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.




-повестен берілген үзіндіні әр топ баяндау, суреттеу, пайымдау мәтіндері бойынша тапсырманы орындайды.








Тапсырма парақшалары


Кесте


Маркер,парақшалар

























1-2-3 топ тапсырмалары










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
10.02.2023
1064
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі