400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б Сокпақбаев Компос

Материал туралы қысқаша түсінік
Б Соқпақбаевтың әңгімесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қордай аданы. Жамбыл ауылы

Жамбыл жабаев атындағы№26 орта мектеп.

Ержанова Гүлсім Бисенбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі.

Әдебиеттік оқу. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:Бердібек Соқпақпаев.Компас.

Мақсаты:Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың"Компас"атты шығармасын түсініп,мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,мазмұнын жүйелі баяндауға дағдыландыру.

Дамытушылығы:Әңгіменің түйінді ойын аша білуге ,кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруге ,сөздік қорын дамытуға,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды адалдыққа ,адамгершілікке,достыққа тәрбиелеу.

Түрі:Аралас сабақ

Әдісі:Сұрақ -жауап,талдау,іздену.

Көрнекілігі:Суреттер,кесте

Пән аралық байланыс:Дүниетану

Сабақтың барысы.

І.Психологиялық дайындық.

Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап;

Жұлдыздай жарқырап.

Судай мөлдір ,таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1.Үйге берілген шығарма қалай аталады?

2.Шығарманың басты кейіпкері кім?

3.Үйге қандай тапсырма берілген?

4.Әр топ оқушыларынан мазмұнын сұрау.

ІІІҮй тапсырмасын қорытындылау

І топ Қожаға мінездеме бер.

ІІ топ Жантасқа мінездеме бер.

ІІІ топ Екі мұғалімнің іс әрекетін сипаттау.

ІҮ Қызығушылығын ояту.

а)Жұмбақ.

Адассаң ал қолыңа

Бағыт сілтер жолыңа.(компас)

Компас-жер бетін бағдарлауға ,географиялық немесе магниттік меридиан-ның бағытын анықтауға арналған аспап.Кішкене дөңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстінде қондырылған магнитті болат тілі болады.Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті ,екінші жағы Оітүстікті көрсетіп тұрады.Қобдишаның сыртқы дөңгелегі градустарға бөлінген,(360),горизонт жақтарында Солтүстікті,Шығысты,Оңтүстікті,Батыстыкөрсетеді(С.В.Ю.З)әріп-тері жазылған.

Компастың мынадай түрлері болады:

1.Магниттік компас

2.Механикалық немесе гироскоптік компас

3.Радиокомпас

4.Астрокомпас

ә)Бердібек Соқпақпаев туралы әңгімелеу

б)Мәтін мазмұнын әңгімелеу.

Ү Оқулықпен жұмыс

а)іштей оқу ә)тізбектей оқу




Топпен жұмыс

1топ Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу

2 топ Мәтінге жоспар құр

3 топЖазушының айтайын деген негізгі ойын айту.




ҮІ Сергіту.

Тереңдет ойыңды Шық алға оң қанат,

Тік ұста бойыңды Шық алға сол қанат

Құстарға ұқсайық Шаршаған кездерде

Қалықтап ұшайық Қонайық қалықтап

ҮІІ Мақсатты оқу

1 топ

1)Әңгімеден компастың қандай екенін сипаттайтын тұсты тауып оқу.

2)Боданның компасты алғаннан кейінгі ойын тауып оқы.

2 топ

1)"Боданның ой арпалысы" деген атқа сәйкес келетін үзінділерді тауып,бөліп оқы.

2)"Сау басына сақина тілеп " деген қандай мағына береді?

3 топ

1)Боданның жүрегі су етті деген ат қойып, осы ойды қамтитын бөлімді оқы.

2)Боданның қылығына өз көзқарасыңды білдір.

ҮІІІ Сөздік жұмыс

Компас-тұсбағдар

бәкі-пышақ

Ынтазары-қызығушылығы

самарқау-асықпай келеді

бірқауым-біраз ойланып тұрды

кергіді-шіренді

Дәптермен жұмыс

Боданның өзін -өзі ақтамақ болған жерін дәптеріңе жаз.

Шығармашылық жұмыс

1 Мақалды толықтырып жазу.

2 Сөзжұмбақты шеш.

3 Компас сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма."Коппас "мәтін мазмұнын айту.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі