"Бабалар аманаты-Тəуелсіздік" атты тəрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бабалар аманаты-Тəуелсіздік" атты тəрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəуелсіздік жолындағы ерлікке тағзым!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бабалар аманаты-Тәуелсіздік!

Сабақтың тақырыбы-«Бабалар аманаты-Тәуелсіздік»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін,Отанын сүйетін,оны сақтауға күш салатын патриот етіп тәрбиелеу.Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына,ерлігіне деген тағзым.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,слайд,нақыл сөздер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бізге тәуелсіздік туын,қазақтың көк байрағын биік көтеріп,ел екенімізді дәлелдеп,дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 32 жыл толып отыр.

«Мен-қазақ.қазақпын деп мақтанамын,ұранға «Алаш» деген атты аламын»-деп азаттықты аңсаған,сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап,құрбан болды.Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған,қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсідік үшін күресе білді.

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігі бәріне мәлім.Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова,Ләззат Асанова сынды аға-әпкелерімізді естен шығару мүмкін бе

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді.

Желтоқсанда жалын атып жастығым

Құрсау болған темір қоғам теңселді.

Есте даңқы қыршындардың қалды ма

Сексен алты ерлігім бе ең соңғы

Уа,еркіндік, құнын немен өлшенді.

Мәнерлеп өлең оқу: Айтмағанбет Санжар,Айдарбек Алихан,Қалымжан Ақерке,Фазылжан Алдияр,Есет Мөлдір.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумы болды.Сол плнеумда Д.Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып,орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин сайланды.Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты.

Күллі әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын,намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.

Ән:«Туған жер» орындайтын Дәурен Айсу.

Тәуелсіздікті алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды.Еліміз елдігін көрсетіп,ерлігін танытты.Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымымызға ел болатынымызға да күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ зор бірліктің,қажырлы еңбектің,татулықтың арқасында осы нұрлы күндерге жеттік.Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

Қазақша би: Сағынтай Гүлназ,Есет Мөлдір.

Бүгінгі тәрбие сағатына байланысты оқушыларға бірнеше сұрақ қою:

1.Желтоқсан оқиғасы қашан болып өтті

2.Желтоқсан оқиғасының болуының басты себебі

3.Оқиғаға қатысқан қаһарман аға-әпкелеріміз кімдер

4.ҚР қашан көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді

5.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата.

6.ҚР Президенті қашан сайланды

7.Еліміз Тәуелсіздік мерекесін қашан тойлайды

8,ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы

Қорытынды

Біз тәуелсіз еркін елміз. Бостандықта,бейбітшілікте, қыран құсымыз қалықтап,көк байрағымыз желбіреп,ашық аспан астында бақытты өмір кешіп жатырмыз.Осы бақытты күніміз үшін батырларымызға мың алғыс.Қол жетті міне аңсаған күнге,жасай бер жаса қазағым менің.

Ән: Қазақстаным алға!

(Оқушылар ту ұстап,хор айтады).





















Жолдыбай негізгі мектебі









Тәрбие сағаты

Тақырыбы Бабалар аманаты-Тәуелсіздік











Өткізген Еслямбекова А.С.



























2018 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2020
619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі