400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Бабалар ерлігі ұрпаққа аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ұлы Жеңісті насихаттау арқылы елжандылыққа, қайсарлыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Өз Отанына, туған еліне, еліне сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан соғысында Отанды қорғаған батырлардың ерлігімен таныстыру. Отанды қорғау әр бір азаматтың борышы екенін түсіндіру. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазалы қаласының ҰОС ардагерлерінің ерліктерін қастерлеп, өнеге тұту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Бабалар ерлігі ұрпаққа аманат


Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңісті насихаттау арқылы елжандылыққа, қайсарлыққа,

қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Өз Отанына, туған еліне, еліне сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан соғысында Отанды қорғаған батырлардың ерлігімен таныстыру. Отанды қорғау әр бір азаматтың борышы екенін түсіндіру. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазалы қаласының ҰОС ардагерлерінің ерліктерін қастерлеп, өнеге тұту.

Көрнекілігі: Мәңгі алаудың макеті, гүл шоқтары, «Бабалар ерлігі ұрпаққа аманат»

тақырыбы және ардагерлер туралы жазылған баннерлер, кітап көрмесі, «Ерлік те, елдік те ұмытылмайды» атты презентация, диапроектор, Қазалы қаласының Ұлы Отан соғысы ардагерлері және ауған соғысы ардагері туралы буклеттер.

Барысы:


1 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум!


2 – жүргізуші: Қайырлы күн!


1 – жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне.

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.


2 – жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үркіті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.


Екеуі бірге: Жеңіскерлер - әр елдің өркендері,

Солар жұрттың айбары, әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа.

Мерей тапты солармен ел еңбегі.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзі: Ж.Нажмадиновтікі, Н.Назарбаевтікі, әні: Ш.Қалдаяқовтікі


1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, кешке қатысушы соғыс және еңбек ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар!

«Жеңіс» деген сөз жүрекке соншалықты ыстық, көңілге соншалықты жақын сезіледі. Әрине, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Соғыс салған ауыр зардаптар мен қайғы – мұнды ұмытуға болмайды. Сол жеңісті өз қолдарымен тұрғызып, өз көздерімен көрген ардақты аталар ортамызда! Ұлы Жеңістің мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Балалар ерлігі ұрпаққа аманат» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!


2 – жүргізуші: Ел басына күн туған күндері, аянбай еңбек еткен, жеңісті жақындатқан сіздердің алдарыңызда бас иеміз! Соғыстың бар ауырпалығын иықтарыңызбен көтере білген сіздерге шексіз ризалық көңілдеміз. Сіздердің соғыстағы ерліктеріңізді бүгінгі ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Бүгінгі кездесу кеші сіздерге арналады қадірлі де, ардақты ардагерлер!



Хор: «Егемен Қазақстан»

Орындайтын: оқушылар


1 – жүргізуші: Соғыстан қаза болған 20 миллион майдангерлердің 4541-і қазалылық жауынгерлер еді. Бүгінгі кездесу кешімізге қан майданда ерлік көрсеткен Қазалы қаласының соғыс ардагерлері Сыдық Айымбетов, Қалеп Бектұрғанов аталарымыз келіп отыр.


2 – жүргізуші: Олай болса, аталарымыздың өмірі мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерімен танысайық.


1 – жүргізуші: Бектұрғанов Қалеп Бектұрғанұлы – 1923 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында 1 наурызда дүниеге келген. 19 жасында Қызыл әскер қатарына алынып, 1942 жылы соғысқа аттанған. Сол жылы Масквадағы белгісіз бір жерде соғыста болған. Атамаздың айтуынша 1943 жылы 9 наурыз күні желкесіне оқ тиіп, Рязань облысында үш ай госпитальда жатқан. 1943 жылдың 9 наурызы күні Москва жолындағы ұрыста қасындағы жолдасы жараланады. Жолдасын арқалап алып келе жатқан кезде өзіне де оқ тиіп ес – түссіз қалады. Есін жиған уақытта қарсы алдында тұрған неміс солдатын көреді. Сол жерде неміс солдатын өлтіріп, жолдасын алып, аман – есен өз адамдарына жетеді. 1943 жылдың желтоқсанында майданға қайта қосылып, сол майданда аяғынан жараланып, госпитальда алты ай емделеді. Алты айдан соң армиядан босатылып, елге қайтарылған. Соғыс жерінде небәрі он тоғыз ай болған. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Орден Отечественной войны», «40 лет победы в ВОВ», «50 лет победы в ВОВ», 70 лет Вооруженных сил» медальдары мен Жеңістің 50,60,65 жылдығына Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Қазіргі таңда Қалеп ата Айымша әжеймен бірге бес ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған өнегелі отбасылардың бірі. Ұлдары мен қыздары еліміздің әр жерінде, әр салада еңбек етуде. Олардан тараған 22 немересімен, 6 шөбересінің қызығына ортақтасуда.


Көркем сөз: Сырбай Мәуленов «Майдангерлер»

Оқитын:______________


2 – жүргізуші: Айымбетов Сыдық 1924 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасында туған жері Қазалыдан майданға аттанады. Әуелі Ашхабад қаласында әскери жаттығулардан өткен оларды кейін Уфа қаласына жіберген. Сонан соң Белоруссия, Украина, Эстония, Латвия, Литва, жерін басып өткен. Рухы мен ерлік жігері мықты отансүйгіш жауынгерлер қандай да тапсырмалар болмасын, абыройына дақ түсірмей орындауға әзір тұратын. Жау танкасына қарсы шайқасатын. Жаяу әскер қатарында қызмет ете жүріп, қолынан да, аяғынан да жараланды. Ауыр шайқаста контузияда алған. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Сыдық Айымбетов Қызыл жұлдыз орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. Екі рет Қаһармандығы үшін медалімен, Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін Жеңістің 50,60,65 жылдығына Ұлы Отан соғысы ордендерін омырауына тақты. Сыдық ата бүгінде балаларының ортасында бақытты ғұмыр кешуде.


Ән: Ана туралы

Орындайтын: _______________


1 – жүргізуші: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да ___ жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні – түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқы әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбешінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. (1 минут үнсіздік)


2 – жүргізуші: Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізесін кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы таяғын.

Кешегі елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды,

Ер кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Елім соққысын өз үсіне алды.

Денесін оқ пәршеленсе де,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолында аяғын! (Ә.Сәрсенбаев)


Көркем сөз: Жетіскен Макеналы «Ардагерлер»

Оқитын:___________________


1 – жүргізуші: Қалеп ата келесі сөзді бергелі отырмыз. Қалеп ата өзіңіздің сонау жастық шағыңыздағы жалынды жылдарыңыз туралы айтып берсеңіз?


2 – жүргізуші: Енді Сыдық атамыздың Ұлы Отан соғысы туралы естеліктеріне кезек берейік. Сыдық ата соғыс жылдарында есіңізде ерекше сақталған қандай оқиғалардың куәсі болдыңыз?

Би: «Катюша»

Орындайтын: оқушылар



Көрініс: «Батыр Бауыржан»


1 – жүргізуші: Қақа жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен

Жеңісіңді бар әлемге, Күнге айт сен

Не десең де, сенің қуатты

Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс таңым

Қаптап көкке абырой мен баққұсың

Самға, самғай бер енің Қазақстаным!



2 – жүргізуші: Күн көзін бұлт баспасын

Енді соғыс болмасын

Қабаққа қайғы қонбасын

Жер бетін өрт шалмасын

Әр күні бейбіт таң оятып

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар

Күле берсін бабалар!



1 – жүргізуші: Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер бүгінгі ата - әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан – ғасыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.


2 – жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем шуық – тоғызыншы май күні

Айтшы, қане, біздің соғыс шеру

Кездейсоқ пе көктемге сай келуі

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төкті көп....


Ән: «День Победы»


1 – жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңістің мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балалар ерлігі ұрпаққа аманат» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз.


2 – жүргізуші: Бейбіт елдің күні мәңгі сөнбесін! Ұлы Жеңіс құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі