400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Бабалар ерлігі ұрпаққа ұран

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысындағы майдангерлер ерлігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бабалар ерлігі ұрпаққа ұран!

«Соғыс» деген суық хабар Қазақстанның барлық жеріне, 1941 жылы маусымның 22-сі күні-ақ жетті. Қалалар мен ауылдардың бәріне де жиналыстар өткізілді. Жиналысқа қатысқандар неміс фашистерінің елімізге опасыздықпен жасаған шабуылын қатаң айыптады. Қазақстан еңбекшілерін барлық күшті жауды жеңу үшін жұмсауға, Қызыл армияны керекті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етуге шақырды. «Отанымызды қорғауға мыс, қорғасын, астық қанша керек болса, сонша береміз. Жауға еш-бір мейірім болмасын!»-деген үндеу қабылдады.Қазақстан майданға 1200 мыңдай адам жіберді, солардың қатарында 82 мың коммунист, 242 мың комсомол (70% -ға жуық және 5183 әйелдер мен қыздар, сондай-ақ еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдеріне жөнелтілген 700 мыңнан асатын адам болды. 1939 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған – Ұлы Отан соғысы тарихы мен дүние жүзі тарихындағы аса зор ұрыстардың бірі Сталинградтағы шайқаста Қазақстан жауынгерлері де қатысты. Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандықтарға арнап Қазақстан Компартиясы үндеу жазды. Онда: «Сталинград-Шығыстың кілті.» Сталинград түбіндегі қазақ жауынгері - орыс, украйн,белорус, тәжік, түркімен, азербайжан, грузин сияқты - өзінің отбасын, өз семьясын, өзінің туған совет жерін қорғайды. Жыртқыш фашист, бандиттерін тізгіндеп, тоқтатыңдар да кері қуыңдар. Ақырына дейін шайқасыңдар Сталинградты бермеңдер! - делінген. Бұл үндеу жауынгерлерді ерлікке рухтандырды. Сталинград түбіндегі шайқастарда қазақстандық жауынгерлер ерекше, батырлық, жүректілік, батылдық көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан облысы,Қызылорда қаласы, Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлері санаулы ғана.Ұлы Отан соғысына Қасиетті Қармақшы жерінен 5000-нан астам адам аттанған. Алайда соның 1294-і ғана елге қайта оралды. Олардың арасында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев та бар. Бүгінде ауданда Мәскеу мен Ленинградты, Балтық маңы мен Молдованы, Украина мен Беларусьті, Жапония мен Манчжурияны азат еткен ардагерлердің үшеуі ғана қалған. Уақыт шіркін олардың қатарын ай санап, жыл санап  олардың қатарын сиретіп барады. Бір-бір отбасының, қала берді әулеттің қариясына айналған жандардың ұрпағына бейбіт заман тілейміз.Жеңістің 75жылдығы мерекесін көппен бірге тойлауды армандайды.

Соғыстағы ерліктеріне берілген «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан Соғысы», «Сталинградты азат еткен үшін», «Еңбек ардагері» медальдары мен марапатталған. Бүкіл совет халқымен бірге ҚССР еңбекшілері де Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, бейбіт құрылысқа көшті. ҚССР еңбекшілері өз республикасының шаруашылығын өркендетіп қоймай, жау қолынан азат етілген аймақтарда да өндірісті қалпына келтіруге көмектесті. Қазақстаннан Украинаға жүздеген маман жұмысшылар – шахтерлер, құрылысшылар, ауыл механизаторлары барды және көптеген құрал-жабдықтар жөнелтілді. Бір ғана Қарағанды темір жолы Украинаға 140 паравоз машинасын жіберді. Украинаның колхаз-совхоздары 500 трактор, көптеген ауыл шаруашылық машиналарын алды. Республика еңбекшілері Ленинград, Сталинград, Брянск, Курск және басқа да облыстардың шаруашылығын қалпына келтіруге айтарлықтай туысқанды көмек көрсетті. Қазақ халқы ежелден тәуелсіз ел болуды армандады. Азаттық үшін ғасырлар бойы сыртқы жаулармен күресті. Қашақтармен 300 жыл күресті. Бір адым жерін де жатқа бермеді. 200 жылдай шамасында  патшалық Ресей боданында болып келсе де, тәуелсіз ел атанудан үміт үзбеді. Шамамен 100 жылдай 1922-1991 жылдар аралығында КСРО құрамында болды.Бұл орны толмас жетістіктер, сәтсіздіктер мен табыстар, қайғы мен қуаныш, айтулы тұлғалардың аянышты тағдырлары мен жеткен жетістіктері қатар келген жылдар еді.

Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.Еңсесі түскен  елдің есін жиғызған,  жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді? Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді? Қасиетті бабаларымыз-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі