Тақырыбы:
Бабалар
өмірі – ұрпаққа сабақ.
Мақсаты:
Қазақтың
ұлы ақыны Абай Құнанбай атамыздың
өміріне қысқаша мәлімет бере отырып,
өрендерге, өскелең жас ұрпаққа өсиет
елеп қалдырған өнегелі сөздері мен
өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы білімдерін
дамыту. Балаларды халық кемеңгерлерінің
шығармашылықтарымен таныстырып
насихаттау, жаман əдеттен аулақ болуға
өз отанының азаматы болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бүгінгі
сабақта қазақтың ұлы ғұламасын, керемет
кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев аталарыңның
шағармашылығы мен өмірі мен танысамыз.
А.
Құнанбаев - 1845жылы бұрынғы Семей
үзесі Шыңғыс болысында (қəзіргі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай - ауданында)
дүниеге келген. Өр тұлғалы əкесі -
Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтан,
байсалды, дана, данышпан шешесі - Ұлжан,
ертекшіл əжесі - Зере. Абай ата - анасының
тəрбиесінің арқасында қазақ елінің
кемеңгер ақыны, дана, данышпан
дастаншысы, ғұлама - ойшылы, ағартушысы
болды. 10 жасында "Ахмет Риза"
медресесінен білім алады ол өте жақсы
оқыды, озат бала болады. Табиғатты қатты
сүйетін.
Абай
философ, заңгер, ақын, аудмашы, сазгер,
дара ойшыл, кемеңгер, Абай жазба
әдебиетінің негізін салушы, гуманист,
қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай
қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М.
Лермонтовтың,
Л.
Н. Толстойдың, Салтыков – Шедриннің,
Гетенің шығармаларын қазақшаға
аударды.
Абай
әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі
шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның
бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың
әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға
сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан
руынан тарайды.
Әкесі - тілге
шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі
керісінше ағайын-туысқа қайырымды,
мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне,
сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі
ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында
өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы
Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының,
мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол
болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме,
күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи
оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына
біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала
Абай өз халқының рухани ой қазынасына
қанығып өсті.
Абай 14 жасынан
өлең шығарған. Ол жастар арасында кең
таралғанымен, оған онша мән бермейді.
Абайдың
өнерге бет бұруына себепкер орыс достары
Грось пен Михаэлис болды.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем
әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық
жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары
кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен
айта алады.
- Ұлы ақынның туған
жері – табиғаты тамаша Семей жері,
Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің
табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы
Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп,
оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз
білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек
берелік.
-«Қыс»
-«Жазғытұры»
-«Жаз»
-«Күз»
-
«Ғылым таппай мақтанба»
Тәрбиеленуші: - Көріп отырғандай ақын
өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық,
кертартпалықпен күрескен, халық қамын
ойлаған, жастарды білімге, еңбекке,
өнерге шақырған.
Абай сазгер.
- Абай қазақтың
ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса,
Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты
халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір
қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
•
Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
•
Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
•
Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы
құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені
не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
•
Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз
түнде жарық ай.
Тәрбиеленушілер
кезектесіп Абай атамыздың өлеңдерін
оқып шығады.
Қорытынды:
Қамшының сабындай ғана қысқа
өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет
қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді
деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған...
Қасиетті
қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай,
өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің
киесі қонған бұл қара сөздер кез
келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл
қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай
атаны жадымызда ұстаймыз.