«Бабалар өмірі - ұрпаққа
өнеге»
Сынып жетекші: Напухан
А.
Тақырыбы:Бабалар өмірі – ұрпаққа
өнеге
Мақсаты:Ұлы Отан соғысы кезіндегі
қиын-қыстау уақытты сезіндіре отырып,еліне,жеріне,Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыруға,ауылымыздың тарихын зерттеуге,
ардагерлердің ерлік істерін және ауыл тумаларының еңбек
ардагерлерінің ерен еңбектерін үлгі етуге,мақтан тұтуға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі
емес
Әдісі: «Сыр сұхбат» теле –шоу
желісімен
Көрнекілігі: мұражайдағы суреттер,
буклеттер
Көрнекіліктері: «Ешкім де,ешқашан да
ұмытылмайды»плакаты,естеліктер,кітаптар
Кіріспе
сөз:Ұлы Отан соғысындағы ұлы
жеңісіміз достықты шыңдаған,бірлікті жырлаған,ер намысы болып
атылған,ел дауысы болып шақырған жеңіс.Арын жалау етіп,жанын алау
етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін ,айдын
көлін қорғады,халқымыздың өмірін ,өзі туған өңірін қорғады,ақ сүт
берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын,пәк күлкі шашқан
баласын ,парасатты данасын қорғады.Бұл жеңіс-адамзат тарихының
ғұлама шежіресі.
Ι. Ой
қозғау..Соғыс!Зұлмат соғыс!Сұм
соғыс!Осынау 4 жылға созылған,қайғы мен қасірет сепкен,
боздақтардың өмірін қыршыннан қиған сұм соғыстың жеңіспен
аяқталғанына да 73 жыл уақыт өтті.Ұлы Отан соғысы елдің
елдігін,ердің ерлігін сынға алды.Біздің ата-бабаларымыз ел басына
қиын-қыстау күн туғанда аянып қалған жоқ. Жаманат хабар жеткен
алғашқы күннен-ақ ер азаматтар әскерге алынды. Күн-түн демей
еліміздің түкпір- түкпірінен елді неміс фашист басқыншыларынан азат
етуге майдан даласына жауынгерлер аттанып жатты.Үйінен майданға
жауынгер аттандырмаған отбасы кем де кем шығар. Біреудің
жалғызы,біреудің ардақтысы,біреудің жары,біреудің әкесі...Қанды
қыспаққа кімнің қияры бар дейсің,әр аттаныс көкіректе лықсыған зар,
көзге тұнған жас болды.Ұшқыр уақыт тарих қойнауына терең батырса
да,сол сұрапыл соғыстың салып кеткен жарасы кімнің болмасын жан
жүрегін әлі күнге сыздатпай қоймайды.
ΙΙ. Тақырыпты
ашу
1)
Зерттеу. Осыдан 73 жыл бұрын елімізге
қанқұйлы фашистерсалған зобалаңын кім ұмытар! Сонда елімізге тап
берген жауға қарсы бүкіл совет халқы көтерілді. Солармен бірге
Игілік ауылының өрендері де майданға
аттанды.
«Майданға» әні
орындалады.
Үлкендердің айтуынша,ауылдан
майданға 80 астам адам қатысқан.Елін, жерін жауға таптатпас үшін
қолына қару алып майданға аттанған ауылдастарымыз, қан майданнан
оралмаған асылдарымызды бір сәт еске алайық . Есімдерін біз
өзіміздің мектеп мұражайынан көре аламыз
(таныстыру)
Соғыстан оралмаған азаматтар
әр үйдің қайғы-қасіреті болып,мәңгі есте қалды.Сол
ата-бабаларымыздың жасаған ерліктерінің арқасында біз бүгін осындай
бейбіт өмірге жетіп,өз алдымызға жеке Тәуелсіз мемлекет болып
отырмыз.
Ардагерлер,ардагерлер,
Көнеден көз боп бүгін қалған
ерлер.
Сендерсің-асқақ айбын,алғыр
жүрек,
Ерліктің аспанында самғап
өрлер.
Ардагерлер,ардагерлер,
Ақ басты,мәрт жүректі тарлан
ерлер.
Ақ шашың айғағындай бір
ғасырдың,
Осыдан асатұғын бар ма
зергер?!
Ардагерлер,
ардагерлер,
Мәңгілік таусылмайтын көзі
көнем,
Өзі айбын, өзі ғибрат, өзі
берен.
Сендерді көз алдымда көрем
бүгін,
Күн ертең іздеймін ғой
шежіреден...
Ұлы Отан соғысын жеңіспен
аяқтап, туған жер топырағына оралған ардагер аталарымыз қаусаған
ауыл тұрмысын, елдің еңсесін көтеру үшін аянбай еңбек
етті.
Сол кездегі 13 – 14 жастағы
жас балалар- аталарымыз тылда еңбек етіп,өз үлестерін
қосты.
1941 – 1945 жылдары еңбектеген
бала мен еңкейген қарттардың арасында бас кө- терер болып қалған
тыл әйел адамдары көп еңбек еткен.
-Абрахманова
Кәпия
-Естаулетова
Ләшкен
-Уалиева Құбжамал (ол апамыз
өмірден өтті)
-Рақышева
Айған
-Райымбекова
Кулай
-Кужыбаева
апамыз
Осындай ерекше ерлік жасаған
апа – ағаларымыз кейінгілерге әрқашан үлгі –
өнеге.
Соғыс ардагерлерінің бірі –
Өзбек атанымызды айтуға болады. Жуырда сол атамыз жайлы ғылыми жоба
зерттелді. Аталарымыздың біз білмейтін қаншама ерен еңбектері
бар.
Сонымен қатар, біздің Игілік
ауылынан шыққан қаншама еңбек ардагерлерін, құрметті азаматтарды
айтуға болады.
2) Сұхбат
алу.
Балалар біз өзіміздің
ата-апаларымыздың еңбектері мен ерліктері туралы көзімен көрген,
тәрбиесін алған атамыздан сұхбат алсақ (Ақнұрдың
атасы)
(әңгімесін тыңдау, сұрақтар
қою)
-Бізге Уалиев Бауыржан өзінің
атасы туралы эссе жазып келіпті, сол шығармасын
тыңдасақ.
-Мектебіміздің басшысы, осы
ауылдың тарихшысы Алма Октьябрқызы өзіңіз ауылымыздың ардақты,
құрметті азаматтары туралы айта кетсеңіз, тарихшы ретінде
алып-қосарыңыз.
Ι Ι
Ι.
Рефлексия
5) Біздің мақсатымыз-ауыл
тұрғындары мен көнекөз қариялармен бірлесе отырып ,Ұлы Отан соғысы
ардагерлері мен ауылымыздың құрметті азаматтары жайлы мағлұматтарды
жинап, естеліктерін жаңарту, бабалар ерлігін мақтанышпен айтуға,
жас ұрпақтарға бабалар ерен еңбектерін насихаттау және еңбекке
тәрбиелеу. Сол мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. « Ешкім де,ешқашан да
ұмытылмайды!»
Келгендеріңізге
рахмет!
6 Үйге тапсырма. Эссе
жазу.