жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бабалар өсиеті - балаға мұра
Сабақтың тақырыбы: Бабалар өсиеті – балаға мұра.
Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, мақал – мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, батырлар жыры, халық әндері туралы білімдерін тиянақтау, айтыс түрлерін көрсету; ізденімпаздыққа жетелеу, тіл мәдениетіне сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушыларды тапқырлыққа, шешендікке, көркем сөйлеуге, сөз астарын түсіне білуге үйрету.
Көрнекілігі: жинамалы көрнекі кітапшалар, ертегі кейіпкерлерінің маскалары, киіз үй, түскиіз, тостақандар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдасытру кезеңі:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгін біздер 3-оқушыларының «Бабалар өсеті – балаға өсиет» атты тәрбие сағатын көркелі отырсыздар.
Бұл тәрбие сағатымызда ата-бабамыздың айтып кеткен өсиеттерін жалықпай қызыға оқып күнделікті өмірімізде, сабағымызда, тіпті өзара сөйлесу барысында пайдалануға тырыстық. Сендер сияқты қазақ қыздары мен жігіттерінің бойындағы асыл қасиеттер осы бабалар мұрасымен келетінін түсіндік. Халқымыздың асыл сөзін, тілін, дінін қастерлеуді, құрметтеуді үйрендік. Сонымен біз «Бабалар өсиеті – балаға мұра» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Балалар, ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен қандай асыл сөздері бар?
Ертегілер, нақыл сөздер, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, баталар.
1-оқушы:
Бірінші асыл мұрамыз – ертегілер.
Ертегілердің қандай түрлері бар?
Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Ертегілер: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, шыншыл ертегілер болып үшке бөлінеді.
Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттенеді, сол арқылы сұм, дөрекіні, арамза, қу мінезді құлықтары әшкереленеді.
Еңбексүйгіштікке, батылдыққа, адамдықты сүйсіне әңгімелейді.
Қиял-ғажайып ертегілерді: ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалары баяндалады: жеті басты жыланмен, мыстан кемпірпен күресте асыл қасиеттері көрінеді. Оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Қарлығаш жәрдемдеседі.
Шыншыл ертегілер: шын өмірді баяндайтын оқиға.
«Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс:
2-оқушы:
Екінші асыл мұрамыз - Шешендік сөздер
Шешендік сөздер – елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.
Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге баулиды, татулыққа, үлкен – кішіні сыйлауға шақырады.
1-оқушы:
Қазақта үш би болды ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
(көрініс)
Төле би:
Уа, халайық!
Айттың күші атқарған тірлігінде,
Ағайынның күші топтасқан бірлігінде.
Төртеу түгел болса төбедегі келеді,
Алтай ала болса ауыздағы кетеді.
Бірлікке шақырамын!
Жаңбыр жаумаса жер жетім
Басшысы болмаған ел жетім,
Аққу қазсыз көл жетім
Ана тілсіз халық жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Қазыбек би:
Иә,бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ – дауысымызды мол шығарғанымыз емес пе, қараңғы түлектен жол шығарғанымыз емес пе?
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма,
Кесапатың тиер еліңе,
Елім өссің десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Әйтеке би:
Бірі биін өрге тартса, бірі қайқаң белге тартса, бірі ойпаң жерге тартса күніміз түн, түніміз түлек болмай ма? Жоқ болып жүрген тірліктен топтасып жүрген бірліктен бостандық артық.
Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін,
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе
Елден бөтен жүзің күйсін.
1-оқушы:
Үш бидің толып жатыр өсиеті,
Үлгі боп елге істеген әділеті,
Болса да талай ғасыр өткеніне
Қалған жоқ ел аузынан қасиеті.
Бес нәрседен қашық бол:
Бес нәрсеге асық бол.
Осындай ұлы сөздерді атамыз бізге не себептен айтқан. Абай атамыз айтқан бес жаман іске тоқтайық.
Өсек – біреуді жамандау, сыртынан сөйлеу.
Өтірік – өтірік еш уақытта өрге баспаған, бір өтірік айтқан адам елдің сенімінен айырылады.
Еріншектік – бұл қасиет адамды адамдық қалыптан айырады, еріншек адамның киімі лас, тамағы тоқ болады.
Мақтаншақтық ө ол кезеңде де, бұл кезеңде де жақсы деуге тұрарлық па? Өз ойларың қандай?
Бекер мал шашпақ – ысырапшылдық.
Әр нәрсеге жинақы мол артық екен деп итке, далаға тастаушы болма.
Осы жаман қасиетке байланысты қазақ хылқында көптеген мақал бар.
Өтірік сз өрге баспас.
Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам.
Еңдек етсең емерсің.
Ұлдың аңқаулығынан, қыздың жалқаулығынан сақта.
Талап еңбек терең ой,
Қанағат рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Талап – әр адам өз өзіне талап қоя білу керек, сол кезде ғана адамның өмірі жүйеленіп, жалқаулық жойылады. Талаптану болашаққа талпыну, мақсатына жету.
Өміріне жүйелеу деген мағына. Барлығы жүйелі болса жаман нәрсеге уақытың болмайды.
Еңбек еңбексіз дүние бос.
Еңбек ердің атын шығарады. Еңбегіңе қарай бағаланасың деген нақыл сөздер бар. Еңбек түбі береке.
Еңбек адамның өмірінің мәні.
Өз ойларын ортаға салып, талқылаймыз.
Терең ой – бұл ақылды болу, білімге, ғылымға ұмтылу.
Қанағат – ысырапшыл болмау. Қанағатқарын тойғызады.
Барға қанағат қылу әр адамның қолынан келе бермейтін қасиет. Адам – пенде, кішкене болса көп болсын дейді, көп болса одан көп болсын дейді.
Қанағатсыздықтан жер бетінде көптеген қылмыстар жасалады.
Рақым – мейірімді болу үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорлық көрсету. Осы қасиеттер бойымызда әр кез болса бізге ешқандай жаман қасиет жолай алмайды.
Үшінші асыл мұрамыз – мақал – мәтелдер.
Мақал – мәтелдер халық даналығының тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал – мәтелдер өмір шындығының көрінісі. Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Мақал – мәтелді сөзімізге қосып айтсақ, сөзіміз мәнерлі, сәнді болады. Мақал тиянақты, түсінікті шешен сөйлеуге үйретеді.
Мақал – мәтелдердің астары болады. Ол терең мағыналы түрде айтылады. Оны дұрыс тыңдамаған адам мағынасын түсінбей қалады.
Төртінші асыл мұрамыз – жұмбақтар.
Жұмбақтар мен мақал – мәтелдер.
Оқу білім.
Ұзын, ұзын, ұзын жол
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен?
(Білім)
Сөзі – дана, үні – жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
(Бор)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
(Қалам)
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
(Мектеп)
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Күш білімде,
Білім кітапта.
Ата – ана.
Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұрады.
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұртың
Айтады кәне кім атын?
(ата, ана, аға, апа, аға, іні)
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Ағайынның алтын сарайынан
Анамның жыртық лашығы артық.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ.
Бала – жағасындағы құрақ.
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
Ағасы бардың – жағасы бар,
Інісі бардың – тынысы бар.
Дене мүшелер.
Сүйексіз ғып жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан.
(тіл)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар- қыруар іс өнер.
(қол)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
(Көз).
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)
Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
Көз
қорқақ, қол батыр.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
Туған жер.
Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы,
Жүргенде байқалмайды басқан ізі.
(күн мен ай)
Біз, біз едік, біз едік,
Біз жылтыраған қыз едік,
Таң атқанша жайылдық,
Таң атқан соң жойылдық.
(жұлдыз)
Жылт жылт еткен
Жылғадан өткен
(Су)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ.
(жел)
Көтеріп орман тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың.
(Тау)
Жер таусыз болмайды,
Ел хансыз болмайды.
Жері байдың, ел бай.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Жақсы – ай мен күндей,
Әлемге бірдей.
Күн – ортақ, ай – ортақ, жақсы – ортақ.
«Ойлы болсаң, тауып көр»
Жылан қашан інінен шығады?
(Жылы жылы сөйлесең, жылан інінен шығады)
Қар жана ма?
(Қалауын тапса қар жанар)
Инмен құдық қазуға болама?
(Оқу инемен құдық қазғандай)
Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын «аппағым» дейді)
Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).
Бесінші асыл мұрамыз – баталар.
Бата – халықтың рухани күш алатын сенім күші. Ол – ел сенімін ақтайтын азаматтарға, талантты жастарды жақсы істеріне риза болған жағдайда берілетін үлкен кісілермен ақсақалдардың ақ тілегі.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді,
Жауынменен жер көгереді, - дейді дана халқымыз.
Төле
би:
Сұрасаң
бата берейін,
Үстем болсың мерейің,
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Қазыбек би:
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды,
Сындыра алмаған сағыңды,
Бетін басып же болсын.
Әйтеке би:
Жарылқа, Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ даулет,
Қызыр қарап бақ қонып
Жақсылық үшін қызмет ет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген