«Бабалардан қалған жалғыз байлығым..»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бабалардан қалған жалғыз байлығым..»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бабалардан қалған жалғыз байлығым..»



"Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту"

Бауыржан Момышұлы



Қазіргі өзекті тақырыптардың бірі – тіл.Бұл қаншалықты өзекті болғанымен,екінің бірі көтеріп қозғар емес…

Тіл – қай ұлтта,қай елде болмасын қастерлі,құдіретті ұғым.Менің ана тілім-қасиетті қазақ тілі. 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді. сы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.

Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді. Ол қазақ тіл білімінің негіздерін, грамматиканың ғылыми терминологиясын жасаған.

Осындай қастерлі,тарихы терең қазақ тіліміз бар,бірақ жастардың арқасында тілімізді жоғалтып алуымыз мүмкін.Неге? Қалай? Бұл проблеманың шешу жолдары қандай? деген сұрақтар менің де,сіздің де маңайыңызда тұрған болар.

Бұл проблеманың ең бірінші бастау алған пункті-тілдің шұбарлануы. Белгілі бір елдің ана тілінің шұбарлануы сол ұлттың тарих сахнасынан жойылуының белгісі екендігі ғылыми түрде дәлелденген қағида.Мектеп оқушылары,енді балабақшаға бара бастаған бүлдіршінде қазақша мен орысшаны араластырып сөйлейді.Құлаққа қанша жағымсыз естілсе де,өзіміз дұрыс сөйлей алмаймыз.Сол үшін біреуге ақыл айтпас бұрын,ең алдымен өзімізден бастау қажетпіз.Ол үшін көп оқу керек,қазақша әндер тыңдау керек.

Мейлі сен мектепті 11 жыл дұрыс қазақша сөйлей алмай бітірген шығарсын,бірақ жұмысқа тұрғанда қиындық туғызатын осы тіл ғой.Өкініштісі қазір жұмысқа орысша/ағылшынша білсең ала береді.Қазақстанда тұрып,осында жұмыс істеп өз тіліңде түсіндіре алмасаң,өз тіліңде жұмысыңды атқара алмасаң жұмыс істемей қойғаның артық.

Иә,орыс,ағылшын және басқа шет тілдерді жетік білгенің керемет.Білгенің өзіңе жақсы,көп мүмкіндіктер ашылады.Дана халқымыз «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп бекер айтпаған.Қанша жерден ақылды,өнерлі болып,өз тіліңді құрметтемесең жинап терген мәртебең бір секундта құлайды.

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек.

Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

Мен еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлесімді қосамын, аянбай еңбек етемін.

Тіліміздің туын әрқашан жоғары ұстайық!



Бабалардан қалған жалғыз байлығым,

Ана тілім биік туым, айбыным.

Арманға да айырбастай бермейтін.

Тілісің сен ішімдегі қайғының.

Жігіт бірде кедейленер байырда,

Ақ атымды, қанатымды қайырма.

Айырсаң да, қымбаттымнан талай бір,

О, тәңірім, тек тілімнен айырма!

(Тұманбай Молдағалиев)



Бейсен Амина 11 сынып оқушысы

beisen.amina@inbox.ru









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2024
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі