Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің
37
жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған
тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін
орындау
Жүргізуші:
Егемен еліміздің ең ұлық, ең
қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты
ағайындар, мереке құтты болсын!
Жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп – тамыры
Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта
қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір
күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет
емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз. 37
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,
нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде
Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,
сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай
көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып
өтеміз.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін
орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа
толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О,
халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!
Осы орайда алғашқы құттықтау сөзді
мектеп директоры Гулмира
Досанбековнаға береміз
Жүргізуші:
Ән,
сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып –
күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды
иіп.- дей
отырып
2 «А» сынып оқушысы Әуелбек
Айқынның орындауында «Мен Қазақпын»
Ендігі кезекте оқушылардың
«Тәуелсіздігіміз» туралы жаттауларын қабыл
алыңыздар
Жаттау 3
оқушы
Жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін
ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған
тәуелсіздікке қол жеткізді.
Жүргізуші:
Ия,
ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16
желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26
жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына
Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Жаттау 4
оқушы
Жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың
өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы
қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол,
Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай
жастарымыздың өмірін үзді
Жаттау
Жүргізуші:
Ортада биші қыздарымызды қарсы алыңыздар.
«Аққу» биі
Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл
даланы анам жаспен суарған,
Бұл
далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің
аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп
тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз
- өзінен жүрегім ән салады.
2 «Б»
сыныбының орындауында ХОР қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл
достық
Ұлы
достық Нұрлы достық
Күн
достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең
даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Қаражорға»
биі.
Жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер
орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер
болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние
жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті
мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай
далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі
өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,
оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Жаттау
Жүргізуші:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл
Ей
келешек жан-тәніммен ұғып біл
Он
бір әріп не мағына береді
Ал
талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т –Тәуелсіз ел тұрағым,
Тәуелсіздік жыр әнім
Ә –Әспеттеп салт пен әдепті,
боламыз бала әдепті
У
– Уәдеге берік боламыз,
Досқа серік боламыз
Е
– Елім деп мен жыр салам,
елімменен мақтанам
Л
– Лайым болсын ел аман,
несібесі мол заман
С
– сенімін елдің ақтаймыз,
Жақсы істер жасаймыз
І – Ізгілік нұрын шашатын,
Жасасын Қазақстаным
З –Зейінге бәрін тоқимыз,
сабақты «5» ке оқимыз
Д –Даламыздай кең пейіл,
мақтан тұтам елімді
І – Ізетті бала боламыз,
Үлкеннің тілін аламыз
К – Келешекке нық басқан, біз
бақытты балдырған
ТӘУЕЛСІЗДІК жасай берсін
мәңгілік
Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе - тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері -
дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Ән: «Атамекен»
Жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіріктен
Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен
Жүргізуші:
Жеттік міне осы күнге көптен
бері аңсаған
Ата-баба ұрпақ үшін көп уақытын
жұмсаған
Осы
күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл
күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Ту
тігілді халқымның бүгін бағына
Жас
өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ
түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 37 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған
Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,
қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын,
алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп
тілейік.
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!