жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік" ертеңгілік «Балбөбек» ересек тобы
«Кел балалар» балабақшасы
(Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Балбөбек» ересек тобы)
Өткізген: А.Ж.Бисенбаева
М.Ә.Доскулова
2019 жыл, желтоқсан
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
КӨРІНІС: «ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ»
Әжесі: Е-е-е-е...-тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған отшашу атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, той. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін уқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен дастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
(Ән залын бір айналып балаларға қарай жүгіріп кетеді)
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!!!
ӘНҰРАН
Жүргізуші:
Армандарды
жақындатып тым алыс,
Біздің
жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел
бақыты, ертеңі,
О,
халайық, құтты болсын қуаныш.
Азат
өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл
елім жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам
аңсап өткен бақытым,
Айналайын,
Қазақстан-Гүлстан!
Жүргізуші: Ендеше ортаға «Zhas Onerpaz» ІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауының жеңімпазы, «Бас Жүлде» иегері Жанболат Дильназды қарсы алыңыздар. «Елім барда»
Не сыйлайды,не береді келер күн,
Неде болса тірі тұрсам көрермін
Желідегі құлынымын мен елдің
Көгендегі қозысымын мен елдің
Не сыйласын несін берсін ел маған
Тұрсақ екен елімде аман, мен де аман
Таулар менің таусылмайтын бақытым
Ал-ырысым ұланғайыр кең далам.
Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туағн елім бола екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн
Сый көрмей- ақ суалармын сөнермін
Туған елім тұғырында тұрса екен
Әрі қарай
Әрі қарай көрермін.
Жүргізуші: -Балалар бүгін қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар: Тәуелсіздік күні.
Жүргізуші: Тәуелсіздік күні деп қай күн жарияланды?
Балалар: 16 Желтоқсан.
Жүргізуші: Тәуелсіздік қазақ алқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.
Жүргізуші: Ал, балалар сендер осы Тәуелсіздігіміз жайында тақпақтар білесіңдерме?
ТАҚПАҚТАР
Айару:
Ата-бабам жанын қиып қорғаған,
Тәңірі
қолдап, бақ-береке орнаған
Қазақстан,
азат елсің сен бүгін,
Ақ
тілегін болашаққа арнаған.
Маржан:
Он
алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік
алған күн.
Ерекше
боп мәңгілік,
Ел жадында
қалған күн.
Наргиза:
Тарихы
бар дастанындай ерліктің,
Дәстүрі
бар үлгісіндей елдіктің
Қазақстан-алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Айсезім:
Тұрса
да биік өр басын,
Қазаққа бақыт
орнасын.
Сексен алтыншы
жылғыдай,
Желтоқсан
желі болмасын!
Жүргізуші: Тәуелсіз еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып сайланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді.
Жүргізуші: Қайрат, Ләззат, Ербол сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Жүргізуші: Осы Қайрат, Ербол, Ләззат сияқты аға-апаларына арнаған біздің бүлдіршіндердің тақпақтары бар екен.
ТАҚПАҚТАР
Айсары:
Қайраттай
қайсар ұлдардың
Жанымен
келген еркіндік
Жазира
мен Ляззаттың
Арымен
келген еркіндік
Қасірет
пен қайғының
Бәрімен
келген еркіндік
Алуа:
Ерлігіңе
қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға
рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің
солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның
қазасына күйінем.
Жүгізуші: Міне, балалар біздің Қазақстанымыз, туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына биыл 28 жыл болыпты. Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Әбдіраш Назыкеш М.Мақатаев
«Отан»
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өкуменен өтер ем.
Құс ұясыз
Жыртқыш інсіз болмайды
Отансыз жан өмірінде оңбайды
Өзін-өзі қорлайды да сорлайды
Тірі адамға- сол қайғы.
Күн көреді
Әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де баласыз
Ал, Отансыз-
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
Екі өмір жоқ,әрине екі өлім.
Екі Отан жоқ
Жалғыз Отан- мекенің!
Жүргізуші: -Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Републикасы.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Балалар: Нұрсұлтан
Жүргізуші: Тұңғыш президентіміз кім?
Балалар: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Ал қазіргі президентіміз кім екен?
Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жүргізуші: Біздің еліміздің рәміздеріне нелер жатады.
ОЙЫН: РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРАСТЫР»
ӘН: «ЕЛТАҢБАСЫ ЕЛІМНІҢ»
Жүргізуші: «Zhas Onerpaz» ІІ Республикалық өнер-шығармашылық байқауының І-ОРЫН жеңімпазы, Закрадин Бекболатты қарсы алыңыздар.
«Отан»
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдыретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шықта
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
ӘН: «ҚАЗАҚСТАН БАҚЫТЫ»
Жүргізуші: Шүкір Адила М.Мақатаев
«Қазақстан»
Жақсыаттанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием десем
Адам болып күн кешу қиын маған
Арқа түтып өзіңе сүйенбесем
Сен менің сүйегім мен қанымдасың
Жанымдасың,ұятым арымдасың
Саған деген махабат дамылдасын
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ересек,ісің де ерек,
Сырым бар саған айтар ішімде көп
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...
Жүргізуші:
Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
Жүргізуші: Міне, балалар, құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазірге кезде байда, бақытты болашағы зор тәуелсіз,егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып,аспанымыз ашық,деніміз сау болсын! Қазақстанымыз көркейіп жайнай берсін! Тәуелсіздік жасасын! Осымен «Тәуелсіз елімнің бақытты ұрпағымын» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген