15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бабамның киген киімі
Сабақ жоспары
|
Сабақ : № |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалім: Саменова А.М. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: 24 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Бабамның киген киімі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
Оқылым стратегияларын қолдану; Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу(5.О6.); Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу(5.Ж2); Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану (5.ӘТН4.2.). |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы Сұрақтардың үшеуіне дұрыс жауап береді. Жанрлық ерекшеліктерібіршама сақталған Зат есім жалғаулары біршама дұрыс қолданылған Оқушылардың көпшілігі Сұрақтардың алтауына дұрыс жауап береді. Жанрлық ерекшеліктері негізінен сақталған Зат есім жалғаулары көпшілігі дұрыс қолданылған Оқушылардың кейбірі Сұрақтардың сегізіне дұрыс жауап береді. Жанрлық ерекшеліктеріне толық сай, құрылымы сақталған Зат есім жалғаулары барлығы дұрыс қолданылған |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды таңдауда, бір-бірін оқытуда көрініс табады. «Мәңгілік ел» идеялары мен азаматтық жауапкершілік «Мәдениет» тақырыбын талқылау арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен іздеуде, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеялар ұсынуда көрініс табады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Бейнелеуөнері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған . |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Грамматика: зат есімнің мағыналық түрлері, жалғау Пән лексикасы және терминология: тақия, бөрік, донғабай, кимешек,шылауыш Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Оқушылар бұған дейін киім стилі мен сән үлгілері туралы ақпаратпен танысты, жетекші сұрақтар арқылы пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіруге дағдыланды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 15 мин |
Мәтін бойынша лексикалық тақырыпты болжайды. Ширату.«Бес қадам» ойыны Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып жылдам жауап береді. «Бес қадам» ойыны Сұрақ үлгілері: - Ұлттық киімдерді ата. - Қысқы киімдерді ата. - Қыздардың ұлттық киімдерін ата. -« Киім»сөзіне сөз тіркесін айт. - Киімге қатысты мақал айт. Жаңа тақырыпқа шығу үшін оқушылар назарына интербелсенді тақтадан қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері көрсетіледі. Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Сондай кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады. Зат есім жалғаулары: көптік жалғау(-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, тер) септік жалғауыАтау – кім?
не? тәуелдік жалғауы
жіктік жалғауы
Оқылымға дейін Ж.Көп нүктенің орнына тиісті зат есімнің жалғауларын қойып жазыңдар. 1. Сәукеле – қалыңдықтың бас киім... . 2. Атамның ішігі аң терісі... тігілген. 3. Қазақ.... шапаны әдемі. 4. Менің байпағ... киізден тігілген. 5. Әжемнің мәсі... былғарыдан тігілген. 6. Сіздің қамзол... қызыл, көйлег... ақ. 7. Біздің тымағ... суықтан қорғайды. 8. Қазақтың ұлттық киім.... қандай әдемі!
|
Табан іздерінің суреті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы 20мин |
Тапсырма: Мәтінмен танысады Мәтін: Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де аса бай. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әртүрлі киім үлгілерін жасаған. Қазақ халқының ұлттық сырт киімдері өздерінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен жүріп тұруға ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгілері фольклорлық стильдегі киім үлгілеріне жатады. Қазақтың ұлттық сырт киімдеріне шапан, тымақ, шалбар, бөрік, ішік, т.б. Ұлттық киімдер ерлер, әйелдер және балалар киімі болып бөлінеді. 1.Ерлер бас киімі: тақия, бөрік, тымақ,донбағай айырқалпақ.(айырмашылық түсінде, ою өрнегінде болған).Тақия, бөрік, ерлерде әйелдерде кездеседі. 2.Қыз келіншектердің бас киімдері.бөрік , тақия, саукеле желек, кимешек, шылауыш күндік, жаулық болған. Қазақтың ұлттық киімдерінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер бейнеленген.Қазақта ою- өрнектер үлкен негізгі төрт топқа бөлінеді.Жануартектес,өсімдіктектес,геометрия,аспан әлемі тектес. Сұрақтарға жауап беріңіз 1.Мәтінде берілген қандай ұлттық киім үлгілерін білесің? 2.Мәтінде негізгі ойды беріп тұрған тірек сөздер қайсы. 3.Ұлттық киім түрлері қалай бөлінеді? 4.Ұлтық киім қандай стиль түріне жатады? 5. Ұлттық киімдерге салынатын ою-өрнектің түрлері қандай? 6.Ұлттық бас киім түрлері қандай? 7.Қазақтың ұлттық сырт киімдеріқандай? 8.Қазақтың ұлттық киімдері несімен ерекшеленеді?
Жарнама жасау Сынып үш топқа бөлініп, ұсынылған тақырып бойынша жарнама мәтінін жазып, сыныбыңа таныстыр. 1-топ. Шапанға жарнама 2-топ. Тақияға жарнама 3-топ. Сәукелеге жарнама Жарнама құрылымы: суреттер арқылы сөздерден тұратын Жарнаманың ерекшелігі:
Бағалау критерийлері:
|
Ғаламтордан алынған |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10мин |
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді. Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті? Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды? Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушыларға зат есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар жазылған, жалғауларына қатысты дайын ақпараттық кесте таратылады. Топтарға жарнама жазу барысында жарнама жанрына тән сөз оралымдар, үлгілер беріледі. Олар интернеттен үлгілер ала алады. Қабілетті оқушылар дербес қалаулары бойынша жарнаманы поэзия жарында бере алады |
Оқушылар дескрипторлар арқылы өздерін тексереді. |
Сабақ экологияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы қолданылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ оқу мақсатына жетті. Оқушылар оқылым мәтіндегі ақпаратты қолданып, үндеу хат жаза алады. Нәтижеге қол жеткізгенін білу үшін дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалайды. Оқушылар нақты сұрақ бойынша жауап беруді, өз көзқарасын мысал арқылы дәлелдеуді үйренді, сөздік қоры молайды. Сабақ басында ынтымақтастық орта орын алды. Қолымнан келді. Үйге сөздік алдын ала дайындалуға жіберілген болатын. Дифференциация оқушыларға қолдау көрсету (скаффолдинг) арқылы іске асты. Тапсырмалар уақытында орындалды. Деңгейі жоғары оқушыларға мәтінді бірден оқып, жазылым тапсырмасына көше алды да, өзара тексеру тапсырмасы берілді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Әлсіз оқушылар жаңа сөздерді алдын ала дайындап келгендіктен, сабаққа уәждері мен өздеріне сенімдері, көңіл-күйлері көтерілді. 2. Деңгейі жоғары оқушыларға жұмыс аяқталған соң бірін-бірі тексеруге мүмкіндік берілді. Ең үздік үндеу сыныпта оқылды. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Сабақта тапсырмалардың уақытын қадағалап, оқушылардың жұмыс жылдамдығын қадағалау. Нәтижесінде барлық оқушыларға бірін-бірі бағалауды сабақта жүзеге асырту. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Жұптық жұмыстың темпін жеделдету, себебі оқушылар қарым-қатынас барысында жылдамығын бәсеңдетеді. Сондықтан оқушылардың назарын таймерге аудартып отыру. Немесе сабақта уақытты үнемдеу үшін сөздерді сәйкестендіру жұмысын үйге беріп, сабақта оның дұрыс жасалғанын ғана тексеруге болады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
-
Бағалау критерилері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
1
2
3
Мазмұнын түсінуі
Сұрақтар 3 дұрыс жауап береді.
Сұрақтар 6 дұрыс жауап береді.
Сұрақтар 8 дұрыс жауап береді.
Жарнама жазылуы
Жанрлық ерекшеліктерібіршама сақталған
Жанрлық ерекшеліктеріне негізінен сақталған
Жанрлық ерекшеліктеріне толық сай, құрылымы сақталған
Зат есімдердің жалғауларынқолдану
Зат есім жалғаулары біршама дұрыс қолданылған
Зат есім жалғаулары көпшілігі дұрыс қолданылған
Зат есім жалғаулары барлығы дұрыс қолданылған

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген