15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бабамның киген киімі
|
Бөлімнің атауы: Киім.Сән.Талғам. |
Мектеп: «№21 ЖОББМ» КММ |
||||||
|
Күні: 30.06.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Абеуханова Сауле Оралбековна |
||||||
|
Сынып: 5 Пәні: қазақ тілі |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бабамның киген киімі |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Ж2.Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап,хат, жарнама,хабарландыру құрастырып жазу. ӘТН4.2 Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере алады. |
||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыра алады. |
|||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді, өз ойын еркін және толық жеткізеді. Хат, жарнама, хабарландырудың қарапайым үлгілерін жаза алады. |
|||||||
|
Бағалау критерийі
|
1.Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді. 2.Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды. 3.Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды. 4. Зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады. |
||||||
|
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Ұлттық киім,ресми іс қағаздар |
||||||
|
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Халық шеберлері, қазақтың болмысы |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеялар қазақ халқының киім үлгілері арқылы ұлттық құндылықтар насихатталады. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет,тарих |
||||||
|
АКТ –ны қолдану дағдылары |
Таныстырылым |
||||||
|
Алдыңғы білім |
Өткен сабақтан оқушыларда берілген мәтінге сәйкес жоспар құру дағдысы бар. |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 5 мин |
Қызығушылықты ояту Ұлттық киімге байланысты топқа бөлу (шапан,тымақ,камзол ) Ширату жаттығуы: «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір- біріне сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты болжайды. 1.Ұлттық киімге байланысты сипаттама беру 2.Қазіргі кезде ұлттық киімдердің маңызы қандай? 3.Зат есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтір |
Суреттер
«Сыртқы және ішкі шеңбер» |
|||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин |
Мағынаны тану ЖЖ Сәйкестендіру
хат, хабарландыру,жарнама туралы қосымша ақпарат ұсыну хат, хабарландыру,жарнама ережелері бойынша сәйкестендіру
Бағалау критерийлері: - жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрлымын сақтап, хат, хабарландыру, жарнаманың жазылу үлгісін есте сақтайды. - хат, хабарландыру, жарнаманың жазылу үлгілерінің айырмашылықтарын біледі. - жанрлық ерекшелігіне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, хабарландыру, жарнама жазу үлгілерін біледі. Қ.Б. «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау Кері байланыс
2 - тапсырма (10 мин) ЖЖ (RAFT әдісі) Жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру нұсқаулық бойынша құрастырып жаз. RAFT әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс жазу дағдыларын дамытуға, жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Нұсқаулық Киім -сән орталығына хат R – кім жазады A – кімге жазасың F –хат түрі T – тақырып не туралы Хабарландыру.
Жарнама
Бағалау критерийлері: - хат, хабарландыру, жарнама жазудың құрылымын сақтап жазады; - тақырыптан ауытқымайды; - сауатты жазады; Қ.Б. «Жұптық бағалау» әдісі Кері байланыс
3-тапсырма (10 мин) Ж «Төрт сөйлем» әдісі (саралау) Мәтінге сүйеніп,ұзатылған қыздың ерте кездегі киімі мен өзің білетін қазіргі кездегі киімін салыстырып,қайсысы сендерге ұнайтынын «Төрт сөйлем» жазу тәсілін қолданып,пікірлеріңді жазыңдар. 1.Пікір Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз. 2.Дәлел Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлеледіңіз. 3.Мысал Пікіріңізді өмірмен байланыстырып,мысал келтіріңіз. 4.Қорытынды Өзіндік пікіріңізді пысықтап,қорытынды шешім жазыңыз. Бағалау критерийлері: 1.Мәтін бойынша өз ойларын дәлелдеп айтады. 2.Дәлелдеп айтқан ойына мысал келтіре алады. 3.Өз ойын қорытып ауызша жеткізе біледі. Қ.Б. «Ең ерекше пікір кімдікі?» бағалау |
«Сәйкестендіру» әдісі «Атамұра» оқулық
«Атамұра» оқулық 29-бет
|
|||||
|
Сабақтың соңы 5 минут 5 мин |
Рефлексия. Ұлттық киімдер менің үйімде... (Оқушылар екі -үш сөйлеммен өз ойларын жазады) Қ.Б. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау Кері байланыс Үйге тапсырма: Мектеп формасына ұлттық нақышты қалай енгізуге болады? Өз ойыңды сөзбен немесе сурет арқылы қағаз бетіне түсіру |
|
|||||
|
Қосымша мәлімет |
|||||||
|
Дифференциация – қалай жүзеге асырылды. Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қосымша түсіндіруді қажет ететін оқушылар үшін тапсырманы орындауға көмек беретін түсініктер берілген. ............................................... Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? «Төрт сөйлем» әдісінде мәтін бойынша тапсырмаларды орындағанда ерекше пікірін білдіріп жазып,қабілетті оқушының топ ішіндегі жұмысы сараланды. |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау критерийлері мен дескриптор бойынша топты бағалау. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау; Жайлы атмосфера қалыптастыру |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? |
Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
|
|||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген