400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағалау есеп А

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халенова Гульнар Абдулкасымқызы А-есебі

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі

1-топ


Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі қалай және неге енгізілгені жайлы рефлексивтік есеп.


Елбасы Н.Ә Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында мұғалімдерге үлкен сенім артады. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»-деп айтып өткендей қәзіргі таңда мұғалім құзіреттілігін арттыру жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде, солардың бірі Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру деңгейлі бағдарламасы. Біз бұл бағдарламанының үшінші деңгейін өзіміздің мектебімізде өттік.


Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін,оқушыладың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғыну,сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін түсінуі. Сонымен құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл үрдіске оқушының өзінің қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. (Нұсқаулық)


Педагог қызметкерлерінің біліктілік арттыру деңгейлі бағдарламасының Үшінші деңгей Бағдарламасын зерделеп, толық меңгердім. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстай алатын, ойын еркін жеткізетін, сыни тұрғыда ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, өзін – өзі немесе бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасады деген сенімдемін. Осы бағдарламаның жеті модулін де толық түсіндім, ұғындым. Соның ішінде маған қатты ұнаған модуль ол :

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.»

«Бағалау» оқу процесіндегі маңызды орын алатын фактор. Менің ойымша бағалау болмаса сабақ маңызын жоғалтады.

Жалпы «бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.)

Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез –келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы , оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.( Александер6 2001)

Бүгінгі таңда бағалаудың екі түрі қолданылып жатыр. Олар қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Екеуінің арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табылатын оқу үшін бағалау арсында анығырақ айырмашылық жүргізілген

Қазіргі күнде пайдаланылып жүрген бес жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бере алмайды. Оқушының жақсаруына, нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді. Осы бағдарламаны оқығаннан кейінгі түйгенімді өз сабақтарымда қолдандым. Менің өз тәжірибемде түсінгенім ең бірінші баланың бойында сергектік ,сенімділік, жауапкершілік, өзін-өзі бағалауға өзгені бағалауға деген қызығушылық пайда болады екен. Біздің бұрынғы дәстүрлі сабақтарымызда бағалауды мұғалім ғана жүргізгендіктен оқушылар оған мән бермейтін еді. Кейде мұғалімнің бағалауына көңілі толмай, күмәнмен қарайтын кездері болып жататын . Ал,бұл бағдарлама бойынша бағалауды белгілі бір критериилерге сүйеніп , өздері жүргізгендіктен сабаққа бастан-аяқ мән беріп, бақылап отырады, критерийлерге сүйене отырып, шынайы бағалауға тырысады.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп те атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда қатаң қадағалау қажет.

Оқытуды оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау( ОүБ) деп аталады.

Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы, ұсыныс пікірлерін білдіруі, мұғалім мен оқушының арасында кері байланыстың болуы маңызды екенін білдім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды қалыптастырушы бағалаудың маңызы зор. Себебі,осы бағалау кезінде оқушылардың ертеңгі сабаққа деген ынталары артады.

Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі , өзара бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың маңызы зор.Ондағы мақсат –оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу.Нәтижесінде , бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді. (Нұсқаулық)

Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзара оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір-бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі.

Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайды оқушыларды өзін- өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыруға көптеген тәсілдері бар. Өзін -өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты-белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл –орындалған жұмысқа қатысты сабақтың табыс критерийлерін қолдану түрінде болуы мүмкін немесе таныстырым кезінде оқушылар бір-біріне іске қатысты сұрақ қоя алады. Оқушылар өздерінің сүрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:

-не тексерілуге тиіс екенін түсіну;

- оқушыларға өздерінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру ;

-оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтау үшін керек.

Өзара бағалауды қолдану ол мұғалім журналға баға қоймайды деген сөз емес әрине, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарап, оған түсініктеме беріп отырады. Бірақ кей жағдайларда оқушылар өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізе алады, ал кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады. Мақсат мұғалімнің орнын алмастыруда емес , оқушыларға жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіруге көмектесуде екенін есте сақтауымыз қажет.

Мен тізбектелген сабақтар топтамасында бағалау, соның ішінде өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау жұмыстарын көбірек қолдандым. Әрине бұл әдісті қолдану балаларға басында аздап қиындықтар туғызды. Олар достарына жаман баға қойғысы келмей , көтермелей салған кездері де болып жатты. Бірақ критерий жолымен бағалауды үйреткеннен соң, ондай қолайсыз жағдайлар кездесе қойған жоқ. Сабақты бастар алдында табыс критерийі немесе дискриптерді балаларға жақсылап бір түсіндіріп отырдым, соңынан қорытындылап журналға бағаны қойдым. Осы сабақтармен шектеліп қалмай , бағалаудың жаңа да, қызықты түрлерін іздестіріп қарап, болашақтағы сабақтарыма ендіріп жүремін.

Қорытындылай келе, болашақ жастарымыз сапалы да саналы білім алуы үшін, өмірден өз орнын адаспай табуы үшін, мамандығын дұрыс таңдай алуы үшін біз мұғалімдер тікелей жауаптымыз. Мойнымызда бұл жауапкершілік тұрған кезде, біз шаршамай талмай жаңартылған білім мазмұнын дұрыс игеріп, сабақтарымызда дұрыс пайдалана білуіміз қажет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
955
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі