400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалау жүйесі жаңарды

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда үш бағалаудың үш түрі: формативті, бөлімнің жиынтық және тоқсандық жиынтық. Олар өзара өте тығыз байланысты әрі бірігіп жүргізілуі нәтижесінде баланың білім алуына жетекші болып отыр. Осы бағалау түрлерінің нәтижесінде тоқсандық, жылдық баға шығарылады. Ол дегеніміз күнделікті көз алдымызда, ешқандай жалтару-бұлтаруға сайып келмейтін қалыпты деңгейде жүргізіледі. Бала бойына сенім ұялататын бағалау жүйесі, үнемі жақсыға ұмтылуға, барды пайымдауға негізделіп, оқушы көзқарасының тұрақтылығына қолдау бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Талдықорған қаласы

«К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі»КММ-нің

директоры Ж.Н.Нурлыбаева Жамал Нуратаевна


БІЛІМ

Бағалау жүйесі жаңарды


«Заманына қарай, амалы» демекші, Қазақстан мектептерінде білім мазмұнының жаңаруымен бірге бағалау жүйесі де өзгергенін жақсы білеміз. Критериалды бағалау деп аталатын жаңа жүйе оқушының материалды игеруі мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруына негізделген. Жүйеге сәйкес, бағалаудың үш түрі бар. Олар: формативті, бөлімдік жиынтық және тоқсандық жиынтық бағалау.

Бағалау - баланың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалау болып табылады. Ол үшін оқушы оқу материалын меңгере отырып, мәліметтерді өздігінше жинақтайды. Бағалау арқылы мұғалім жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын, қызығушылығын қамтамасыз етіп, белгілі бір нәтижеге жетуге деген талпынысын дамытады, қалыптастырады.

Дәстүрлі сабақ, бес сандық бағалау ескіріп, келмеске кеткендігін мойындайтын уақыт жетті. Заман талабына, инновациялық оқу жүйесіне сай бүгінгінің бағалау жүйесі мүлде жаңаруды, жаңғыруды күтеді. Бағалаудың жаңа жүйесі оқушыларды өз бетінше ізденуге ынталандырады және оқу бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз етеді. Мектептегі бағалаудың жаңа жүйесіндегі бағалау шкаласы он балдық білімді бағалаумен жүргізіледі. Үстіміздегі оқу жылында бағалау саны келесі арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ – 25%, ТЖБ – 50%. Он балдық жүйенің үдемесі:   1-3 балл – «нашар»; 4-5 балл – «қанағаттанарлық»; 6-7 балл – «жақсы»; 8-10 балл – «өте жақсы». Балдық бағалау білім сапасын арттыруға ықпалы мол екендігін күнделікті сабақ барысында бақылап та, саралап келеміз.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуде білім берудің белгілі бір деңгейдегі білім беру стандарты аясындағы әрбір пәнді оқытуда орындалатын оқу іс-әрекетінің барлық түрінен алған ұпайларын жинау арқылы қол жеткізіледі. Бағаның объективтілігі білім алушылардың білімін және олардың іс-әрекеттерінен күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтайды. Соның ішінде, қалыптастырушы тапсырмалар орындату арқылы білім алушының күнделікті сабақта немесе үйде жасайтын жұмысына, оның қорытындысы бойынша балл қойып, комментарий береміз. Ауызша пәндерден ауызша ұсыныс айтамыз. Қажет болған жағдайда баланың жетістігін, не нәрсеге назар аудару керектігін жазбаша да жазып береміз. Ескі бағдарлама бойынша тек баға қоятынбыз, комментарий жазу міндетті емес болатын. Ал, жиынтық бағалауды сыныпта тарауды аяқтағаннан кейін жасаймыз. Мұғалім әр тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіріп, бағалауға қойылатын талаптармен (дескрипторлармен) таныстырады. Ол арнайы кестеде белгіленген балға сәйкес қойылады. Ең соңында әр жұмыс бойынша балл есептеліп, оны


мұғалім электронды журналға қояды. Тоқсан соңында электронды журналдағы барлық балл жинақталып, оның пайызы шығарылады да, сол бойынша тоқсандық және жылдық баға қойылады. Яғни, барлық операция электронды журналда жүреді. 

Бүгінде мектепте оқушының тәрбиесі мен дамуы және оқу барысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдарын ұйымдастыруға ерекше мән берілуде. Білім саласында бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, мұғалім тәрбиелеуші, диагностикалық дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруды мықтап қолға алып отыр. Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына жетудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады. Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс-әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қойып жетелеп, бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Дәлме-дәл бағалаудың өте маңызды бөлшегінің бірі — ол оқушының өзін-өзі бағалауы екендігі белгілі. Бұл процесс оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларды мақсат қоюға, өздерінің жетістіктерін бағалауға араластырса, олардың білім алуға қосатын үлестері артып, жасаған жұмыстарының сапасы өседі. Оқушылар көбінесе, мұғалімдер мен ата-аналарының олардан не күтетіндігін, қалай бағалайтындығын және қандай жетістіктерге жетіп жатқандығын білгенді қалайды. Балаларды алдарына мақсаттар қоя білуге баулу, олардың өзіндік бағыты бар оқушы болуына себін тигізеді. Балаларға мен не үйрендім деген сауалға ойлану мүмкіндігін берген дұрыс. Сонда ол өзі қол жеткізген жетістігіне көздері жетіп, бұрын білмегенін өздігінен игергеніне қуанып, құлшыныс, қызығушылық пайда болады. Кей нәрселерді бірінші рет жасап көррген соң, әжептәуір жетістікке жеткендеріне көздері жетіп, өздерінің өсіп-жетіліп жатқандығына нақты ұмтылыс алатын болады. Міне, осыдан барып бағалаудың кез келген түрі, қай ортада, қай салада болмасын адам бойына күш-жігер беріп, мақсат қоюға, соны таразылай білуге, бағамдай білуге баулиды. Сол себепті де бағалау білім саласында білім алушыны қанаттандыратын, саралайтын құбылыс.

Бүгінгі таңда үш бағалаудың үш түрі: формативті, бөлімнің жиынтық және тоқсандық жиынтық. Олар өзара өте тығыз байланысты әрі бірігіп жүргізілуі нәтижесінде баланың білім алуына жетекші болып отыр. Осы бағалау түрлерінің нәтижесінде тоқсандық, жылдық баға шығарылады. Ол дегеніміз күнделікті көз алдымызда, ешқандай жалтару-бұлтаруға сайып келмейтін қалыпты деңгейде жүргізіледі. Бала бойына сенім ұялататын бағалау жүйесі, үнемі жақсыға ұмтылуға, барды пайымдауға негізделіп, оқушы көзқарасының тұрақтылығына қолдау бола алады.


Қорыта айтқанда, бақылау, бағалау бар жерде, жүйе, тәртіп, саралау бар. Оны қабылдау, меңгеру әркімнің қалауымен жүргізіліп, білім деңгейіне қарай бағаланатындығын ескеруіміз қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі