400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалы қағаздар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,студенттерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы






Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) байланыста болады. Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде:  Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік, бағалы қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың негізгі белгілері, мемлекеттік бағалы қағаздар, ал екінші бөлімде: Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы, ал соңғы бөлімде: Бағалы қағаздар нарығын реттейтін және бақылайтын органның қызметтері, қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздар, сонымен осы аталған бөлімдердің жалпы қортындысы және соңында қолданылған әдебиеттер тізімі. Қоғамда құбылыстар мен процесстер үнемі өзгерісте болады дамып немесе кеміп отырады, яғни елдің бағалы қағаздар нарығын талдау ең маңызды  жұмыстардың бірі деп санаймын.

  • Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік 

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысы мен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. «Қор нарығы» термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің-қор биржасының атымен байланысты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.11.2020
762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі