400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Бағдарлама 4 сынып Ана тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілі пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар, сабақтың барлық кезеңдері көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-сыныптың ана тілінен таңдау пәніне арналған бағдарлама


Кіріспе 

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере
отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі анық белгіленген. Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып , соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту көзделіп отыр. Бастауыш сыныптарда ана тілі пәнінен таңдау сабақтарын өткізу үшін жасалып отырған осы бағдарлама білім беру әдістемесінің мүмкін бір нұсқасы болып табылады. Сондықтан олардың қолданылуы шығармашылықты талап етеді және мұғалімнің өзіндік ізденісін жоққа шығармайды, яғни әрбір нақты сабақтың жоспарын осыларды басшылыққа ала отырып, мұғалім өзі жасайды. 
Ана тілі -бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пәндердің бірі, қарым-қатынас жасау мен дүниені танудың құралы, баланың ақыл-ойы мен шығармашылығын дамытудың басты арнасы. Өйткені осы пән арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті сезіне бастайды,сөйлеу машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.Оқушылардың шығармашылық іс -әрекеттерін , ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын дамыту негізінен ана тілі арқылы жүзеге асады.
Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашу,ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс-әрекет қалыптастыру, өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Осы міндеттерді орындауда мұғалімге бірден-бір керегі дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, ана тілінен таңдау сабақтарын оқыту бағдарламасын барынша терең меңгеру.
Әдістемелік құрал бастауыш буында төрт жыл бойы оқытылып, үйретілетін бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының мазмұнына сай дайындықты жүзеге асыратын, оны қорытындылап, жинақтайтын және дамыта түсетін 4-сынып бойынша дайындалған оқу- әдістемелік топтаманың негізінде жазылған. Осының бәрі мұғалімнің күнделікті іс тәжірибесіне нақты көмек көрсету арқылы олардың кәсіби білігі мен дағдыларын шыңдай түсуі тиіс.Бағдарлама бойынша жасалатын жұмыс арқылы оқушылардың осы уақытқа дейін игерген білім, білік және дағдылары еске түсіріледі, жадында жаңғырықтырылады, оқушының білімін тереңдете түседі.





4-сыныпта ана тілінен таңдау пәніне арналған 
бағдарлама

Түсіндірме жазба
Бағыты: 
Бағдарламаның негізгі бағыты педагогикалық жүйені ізгілендіру, яғни гуманистік педагогиканы дамыту болып табылады.
Ізгілік педагогикасы дегеніміз- әлемдегі ең маңызды құндылық – адам деп танудың тұтас тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың басты қағидасы- тұлғаның жетістіктерін қорғау, оның еріктілігін, қабілеттіліктерін дамыту және байқату үшін жағдайлар жасау ;
Ізгілік педагогикасы- тәрбиеленушіні оқу-тәрбие үдерісінде белсенді , саналы , тең құқықты, өз мүмкіндіктеріне сай дамитын қатысушы ретінде анықтайды.Оның өзіндік ерекшелігі : еркін, өз бетінше ойлай алатын және әрекет ететін тұлғаны , әр түрлі өмір сүру және оқу жағдайларында таңдау жасай алатын жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті оқу-тәрбие үдерісін қайта құруға басым жағдай жасау болып табылады.
«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды,-» демекші,заман ағымы талап етіп отырған ата- бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей, рухани адамгершілік білім беруде тиімді қолдану- ана тілі таңдау пәнінің еншісінде. Ұрпақ –келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген ақыл- парасаты мол, мәдени, ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу- біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін ана тілінен таңдау пәні сабақтарында білім мазмұны ретіндегі оқу мәтіндерін сұрыптауда жеке тұлғаның өмірлік дағдыларын, әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ықпал ететін көркем шығармалар таңдап алынып, жалпыадамзаттық мұраттар мен ұлттық рухани құндылықтардың өзара сабақтастығының тұтастығы – басты бағдар болды.
Жаңалығы:
Әдеби көркем туындыларды іріктеуде қазақ халқының өрелі өрісінің түп-төркіні халық ауыз әдебиетінің үлгілері егемен елдің бүгінгі әдебиетімен сабақтастыра қаралды. 
Өзектілігі:
Осы бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылатын педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:
а) оңтайлылық- нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылардың күші;
ә) нәтижелілік- мұғалімдер іс әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;
в) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы;
Халқымыздың ұлттық салт – дәстүрі мен тәлім – тәрбие ұлағатын үйрету арқылы өскелең ұрпаққа қосымша білім беруге арналған бағдарлама негізінен төмендегідей бағыттарды қамтиды:
1. Тәрбиенің ежелден келе жатқан халықтық тағылымдарын балаға беру;
2. Ақыл- өсиет, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер арқылы баланың ұлттық сезімін ояту;
3. Ұлттық тәрбиелік өнеге беру;


Мақсаты: 
Халық ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақтың көрнекті ақын жазушыларының шығармалары арқылы өскелең ұрпақты имандылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу;
Міндеттері:
1.Оқушының өзіндік ой – пікірін қалыптастыру;
2.Оқушының әдеби сауаттылығы мен теориялық білімді ұштастыра білуіне қол жеткізу;
3.Көркем сөзді оқу барысында орфоэпиялық заңдылықтарды үйрету;
4.Мәтінді жүйелі мазмұндай білу, ой түйіндей алу, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру;
5. Шығармашылықпен ойлай алатын, шешім қабылдауға қабілетті белсенді іс-әрекетке бейім тұлға тәрбиелеу;
6.Оқушылардың сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеу тілін дамыту;
7.Мәтін мазмұнына , тақырыпқа сәйкес жазба жұмыстарын орындай алуға,
рөлдік, сюжеттік ойындарды, сахналық қойылымдарды қоя білуге үйрету;
8.Сөзжұмбақ, ребус құрастыруға және оларды шешуге дағдыландыру;


Берілетін білім, білік, дағды: 
Міндетті деңгей:

1. Шығарманы дұрыс ,түсініп, шапшаң мәнерлеп оқу;
2. Мәтінді рөлге бөліп оқу;
3. Өлеңді жатқа айту, т.б.


Алгоритмдік деңгей:
1. Оқылған шығарманы реттеу және жүйелеу үшін берілген тапсырманы орындату;
Мысалы: Отан сөзінің мағынасын ашып айт.



Эвристикалық деңгей:
1.Алған білімдерін тиісті жерінде қолдана алуға бағытталған тапсырмаларды орындату;

Шығармашылық деңгей:

1.Оқушы өнімді әрекет жасайды.Мысалы: өлең құрастыру, мәтін құрастыру, шығарманы сахналау, мазмұнды сурет салу;
2. Өз бетінше жұмыс жасай білу, өзін және өзгелерді бағалау, белсенді іс-әрекетке бейімділік.
Аталған қосымша білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбының ана тілінен таңдау пәніне арналған. 

Бағдарлама талабы:

1. Батырлар жырының маңызын түсіндіру, құрылысына талдау жасауға жаттықтыру.
Батырлар жырын мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Жырдағы кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.
Туған жерін қорғауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2. Аңыздағы оқиға желісі арқылы ата-бабаларымыздың шешен тілі, тапқырлығы, орынды сөзге тоқтай білуі сияқты қасиеттерін дәріптеу.
3. Ертегілер арқылы бала қиялын дамытуға, ертегідегі негізгі ойды тауып, оған талдау жасауға, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
4. Шешендік сөздерді оқыту арқылы қол бастағаннан да қиын сөз бастау өнерін түсінуге, қадірлеуге дағдыландыру.
5. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттатқызып, шешуін табуы үшін ойлануға жетелейтін жұмыстарды түрлендіріп өткізу (сайыс, сөзжұмбақ, сауалнама).
6. Халқымыздың аяулы ақын- жазушыларының өмірі мен шығармалары туралы кеңінен таныстыру.
7. Шығармалар арасындағы ортақ мазмұн - халқын, тілін, жерін, салтын сүю екендігіне көздерін жеткізу.Ұлтжандылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
8. Көркем шығарманың құрылысын, оқиға желісінің бөліктерін талдауға, жинақтауға, өз сөздерімен мазмұндай білуге үйрету.
Мәнерлеп оқу, рөлмен оқу, дауыс ырғағын дұрыс келтіру дағдыларын қалыптастыру.
9. Оқушылардың жүйелі ойлауы мен ойын сауатты жеткізе білу дағдыларын дамыту.
10. Егеменді еліміздің өткен тарихы туралы терең біліп, бүгіні мен келешегі туралы ойлануға, өз елінің жеткен жетістігіне қуана, келешегіне сеніммен қарай білуге тәрбиелеу.


Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары:

Аталған бағдарламаны орындаумен қатар нәтижелі еңбек ету үшін:

1) бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті оқу құралдары мен әдебиеттер қорын молайту;
2) балалардың ой-өрісін кеңейту үшін театрларға, мұражайларға,көрмелерге, кинотеатрларға саяхат жасау;
3) ата-аналармен байланысты күшейту;
4) Техникалық құрал-жабдықтарды ( үн-бейне таспалар, теледидар,компьютер) кеңінен пайдалану;

Көрнекілік түрлері:
1. Нақты көрнекілік (затты не құбылысты тікелей көрсету)
2. Бейнелеу көрнекілігі (сурет, сызба, кесте, тақырыптық сурет, 
диаграмма т.б. ).
3. Дыбыстық құралдар ( үн-бейне таспалар, компьютер, интербелсенді тақта).
4. Көркем сөз арқылы бейнелеу ( мұғалімнің оқушыларға шығарманы түсінікті де жеңіл тілде баяндауы).
5. Балаларға арналған көркем әдебиет ( ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш). 

Күтілетін нәтижесі:

Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың бойында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңесі, өсиеттері, ұлттық рух, ұлттық мақтанышы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Олар инабатты, ел-жұртын, атамекенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын , үлкенге құрмет, кішіге қызмет көрсете алатын, нағыз ұлттық намысы жоғары азамат болып шығады.

1. Отанын сүюге, қорғауға, тілін, дінін сақтауға, қадірлеуге, рухани байлығын арттыруға, батырлыққа тәрбиелейді.
2. Ана тілін сүюге , өз тілінде шешен сөйлеуге, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
3. Шешендік мәтіндер арқылы өз халқының тарихымен, әдеп-ғұрпымен, салт-дәстүрімен тереңірек танысады.
4. Өз ойын ашық айтуға үйренеді, сенімді түрде әсерлі жеткізуге , тыңдаушысын ортақ пікірге келтіруге үйретеді.
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау оқушыны ойлануға, өз бетімен ізденуге, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетін дамытуға дағдыландырады.


4-сыныптың «Ана тілінен» таңдау пәніне арналған
бағдарлама


























































Тақырыбы Сағаты
Бағдарлама талабы
Оқыту 
әдісі
Сабақтың
түрі
Көрнекі-
ліктер
Техникалық құралдар
Қосымша материалдар

І. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері

1 Батырлар жыры 2 Ауыз әдебиетінің ең бай және көне жанры туралы түсінік Баяндау,
Сын тұрғысынан ойлау
Дәстүрлі сабақ Үн-бейне
таспалар Интербелсенді тақта «Балаларға арналған
көркем әдебиет»

2 Аңыздар 1 Тарихи шындыққа негізделген тарихи оқиғалар, тарихи тұлғаларды таныту Баяндау,
өз бетімен жұмыс
Сахналық қойылым Тақырыптық сурет Теледидар,
бейнетаспа Суретті кітапшалар
3 Ертегілер


1 Қазақ ертегілерінің жанрлық ерекшелігі
әңгімелеу, сұрақ-жауап Ертегі -сабақ Суреттер Электрондық оқулық «Ертегілер әлемінде»
4 Әдеби ертегілер 1 Әдеби ертегілердің сюжеттік құрылымы Көрнекілік Кірікті-
рілген сабақ Парақшалар Тақырыптық сурет «Қазақ ертегілері»
5 Шешендік сөздер 2 Терең ой, бейнелі, шебер тілмен айтылған халық шығармасы Топпен жұмыс Жарыс сабақ Бүктеме 
«Қазақтың би-шешен-дері» Мультимедиа «Қазақтың шешендік сөздері»
6 Айтыстар 1 Халқымыздың суырыпсалмалық , ақындық өнері Баяндау, сын тұрғысынан ойлау Сайыс
сабақ Тақырыптық сурет, парақшалар Үнтаспа, домбыра «Қазақтың айтыс ақындары» топтама
7 Мақалдар 2 Түйінді ойды білдіретін терең мағыналы нақыл сөз
Топтық жұмыс Жарыс сабақ Ребустар, кестелер Интер- белсенді 
тақта Қазақ мақал-мәтелдері
8 Жұмбақтар 1 Ұшқыр қиялды, дүниетанымның тереңдігін танытатын әдеби жанр Сұрақ-жауап, әңгіме Кірікті-
рілген сабақ Парақ-шалар, суреттер Үнтаспа «Қазақ халқының
жұмбақтары»
9 «Ойлы болсаң , озып көр»
1 Өтілген материалды пысықтау Білімді есепке алу Сауалнама жұмысы Кестелер, парақшалар мультимедиа
10 «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жарыс 1 Берілген білім, білік, дағдыны тез жүзеге асыру Сұрақ-жауап,
сауалнама Жарыс сабақ Сөзжұмбақ, кесте үнтаспа Мақал-мәтелдер
11 Үш жүзге біткен үш биім 1 Ел болу тарихымыздағы Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің орны Топпен жұмыс Көрініс сабақ Тірек
сызбалар, компьютер «Қазақтың билері»
12 Сынақ жұмысы
1 Білім, білік, дағдыны тексеру Білімді есепке алу сауалнама кестелер үнтаспа

ІІ бөлім. Өшпес өмір өнегелері

1. Абайдың табиғат лирикалары 2 Жыл мезгілдеріне арналған Абай өлеңдерінің өміршеңдігі Әңгімелеу, топтық жұмыс Саяхат сабақ «Табиғат көріністері»
бүктеме Интербелсенді тақта Абай 
Құнанбаев-тың шығар-малары
2. Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу
1 Ақын өлеңдеріндегі ұлтжандылық рух Баяндау, топтық жұмыс Поэзия кеші Тақырыптық суреттер Мұқағали өлеңдері Үнтаспа, бейнежазба Ақын шығарма-лары
3 Халқына қайта оралғандар 2 Жазықсыз жала құрбандары туралы мағлұмат әңгімелеу, сұрақ -жауап Кірікті
рілген сабақ Суреттер, альбомдар Интер
белсенді
тақта Баспасөз материал-дары
4 Үш бәйтерек 2 Ұлтым деп өткен боздақтар әңгімелеу,
сын тұрғы-сынан ойлау Саяхат сабақ Суреттер, альбомдар үнтаспа Ақындардың шығарма-лары
5 Жауынгер жазушылар 2 Ұлы Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің қаһармандық ерлігі Баяндау, талдау-жинақтау Көрініс сабақ Бүктеме 
« Ер есімі- ел есінде» мультимедиа Әзілхан Нұршайықов
«Аңыз бен ақиқат»
6 Сынақ жұмысы 1 Берілген білім мен білік, дағдыны есепке алу өзіндік жұмыс Сауалнама Кесте, 
тірек сызба үнтаспа

ІІІ. Туған өлкем- тұғырым

1 Менің Отаным- Қазақстан 2 Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы Сын тұрғысынан ойлау, ой шақыру Саяхат сабақ Қазақстан
картасы, тақырыптық сурет
Интербелсенді тақта Ақын-жазушылар шығармалары

2 Елдігімнің айшығы- рәміздер 2 Елдік пен ерліктің нышандарын қадірлеу Сұрақ-жауап, баяндау «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
сайысы Бүктеме
«Рәміздер» мультимедиа Рәміздердің авторлары туралы мәлімет

3
Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні

2
Ұлттық салт-дәстүр-лердің жаңғыруы
әңгімелеу
Сахналық көрініс сабақ
Киіз үй жасаулары
Интер
белсенді
тақта
«Наурыз нақыштары» кітабы

4
Туған жер тақыры-бына арналған өлеңдер оқу

2
Отансүйгіштік сезімге баулу.
Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Топтық жұмыс
Поэзия минуты
Тақырыптық
суреттер, ақын-жазушылар суреттері
Үнтаспа, бейнежазба
Сәлімгерей Шобақтегі
«Талғайран-тал бесігім»

5
Сынақ жұмысы


1
Берілген білім, білік, дағдыны қалыптастыру
өзіндік жұмыс
Сауалнама
Кестелер, тірек сызбалар
үнтаспа
Қайталау материалдары

Барлығы


34

Нәтижелерді тексеру жолдары:
1. Сауалнамалар жүргізу.

2. Рефераттар жаздыру.

3. Жазба жұмыстарын ( шығарма, мазмұндама) жаздыру.

4. Сахналық қойылымдар қою.

5. Тәрбиелік шаралар өткізу.

Ана тілі ( таңдау)


Сабақтың тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері 
туралы түсініктерін кеңейте түсу. Тақырыпқа қарай 
мақалдарды топтастыра білуге дағдыландыру. 
ә) Дамытушылығы: Мақал мазмұнын аша білуге, 
жұмбақтарды шеше білуге, сайыс барысында шапшаң 
жауап беруге үйрету. 
б) Тәрбиелігі: Туған тілін, салт-дәстүрін білуге 
тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технология әдісі. Көрнекілік әдісі. Жарыс. Топтық 
тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық бүктеме. Тірек сызба. Мақалдар 
тақырыптары.
Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру.

І. Кіріспе. Топтастыру «Қазақ ауыз әдебиеті үлгілері» 

Ертегі, аңыз, жұмбақ, мақал, батырлар жыры т.б.
ІІ. Сабақ түрін түсіндіру:
«1001 мақал, 101 жұмбақ»
1) Тақырып бойынша мақалдар айтқызу:
«Еңбек» «Туған жер» «Денсаулық» «Оқу, өнер - білім»
2) «Мен бастаймын, сен аяқта» Ойын ойнату.
Жері байдың ....
Досы көпті ....
Жаман аттан....
Ер есімі....
3) Жұмбақ шешу.
4) Жұмбақ құрастыру.
5) Сандары бар мақалдарды айтудан жарыс
6-у ала болса, ауыздағы кетеді,
4-у түгел болса, төбедегі келеді. т.б.

ІІІ. Қорытынды. 
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын мақалдар, жұмбақтар туралы бар білетінімізді ортаға салдық. Әр тақырыпта шығарма жазсақ та, ауызша әңгіме құрасақ та, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақалды қолдана білу үшін көп оқу керек.

ІV.Мадақтау.

V.Мақалдар жаттау. Жұмбақтар шешу.

Ана тілі ( таңдау)


Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша мәтін құрастыру 
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Мәтін, оның тақырыбы, негізгі ой 
туралы берілген білім, білік, дағдыларын пысықтау. 
Жүйелі сөйлеу тілдерін, ауызша да, жазбаша да 
сөйлеу дағдыларын дамыту. 
ә) Дамытушылығы: Өз бетімен мәтін құрастыру 
шығармашылығын қалыптастыру. 
б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, 
халықтық салт-дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технология әдістері. Көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық сурет. Тірек сызба. Сөзжұмбақ 
«Тәуелсіздік»
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І. Кіріспе. Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақты шешу:
«Тәуелсіздік»
ІІ. Топтарға бөлу.
І-Киіз үй ІІ-Ұлттық ойын ІІІ-Ұлттық салт-
жабдықтары түрлері дәстүрлер

а) Бір айналым сөйлесу «Менің елім – Қазақстан!»
ә) Сурет бойынша әңгімелету. Тақырып қою. Мәтін құрастыру.
б) Көрініс қою. Ітоп ІІ топ ІІІ топ
«Шілдехана» «Тұсау кесу» «Бесікке салу»
в) Көркем сөз оқыту: «Туған ел», «Отан», «Қазақстан»

ІІІ ойын ойнату: «Ақсүйек», «Тақия тастамақ»

ІV. Бағалау. Тақырыпты таңдауы
Негізгі ойды таба білуі
Мәтін бөліктерін дұрыс орналастыруы

V. Қорытынды.

VІ. Сөзжұмбақ құрастыру «Қазақстан», «Тәуелсіздік»






Ана тілі ( таңдау)


Сабақтың тақырыбы: «Туған жер – тұғырым» 

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 
жылдығына орай өз елінде болып жатқан жақсы 
істерді көре, бағалай білуге, өз сөзімен жүйелі 
жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. 
Реферат жазу. Қосымша әдебиеттер.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық сурет. Бүктеме. 
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл!» Ребус. 
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру
І. Кіріспе. Қызығушылығын ояту. 
Ребус шешу «Туған жер – алтын бесік»
ІІ. Топтық жұмыс: І топ.
Мәтін құрастырады. Бір айналым сөйлесу. «Туған жерім»

ІІ топ.
Бес жол өлең құрастыру. «Қазақстан»

ІІІ топ
Топтастыру. Қазақстан елінің тәуелсіздік алғаннан 
бергі жетістіктерін топтастырады. 

ІІІ. Жоспар құру. 
Реферат тақырыбы «Туған жер – тұғырым!»
Жоспары:

І. Кіріспе. «Менің Отаным – Қазақстан»
ІІ. Негізгі бөлім: Тәуелсіз Қазақстан, өркендей бер!
ІІІ. Қорытынды. «Мен Отаныммен мақтанамын!»
ІV. Ой – толғаныс: «Тәуелсіздік – ата – бабам арманы»
Талғайран ауылындағы жетістіктерге тоқталу.
Жаңа мектеп, көгілдір отын, таза су, телефон байланысы, 
интернет жүйесі т.б.

V. Мадақтау.

VІ. «Туған жер - тұғырым» реферат жазу


Ана тілі (таңдау)


Сабақтың тақырыбы: Жауынгер жазушылар. 
Сабақтың түрі: Талдау – жинақтау сабағы. Кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 
куәгерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы 
түсінік қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы: Мәтінді түсініп оқу, диалогты 
рөлге еніп оқу, мәтіндегі негізгі ойды таба алуға 
дағдыландыру.
б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, 
қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. 
Жарыс. Мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме «Жауынгер жазушылар» Суреттер. 
Әдеби кітаптар.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І Кіріспе. 
Дәйек сөз: «Кімде-кім өзінің елі, дәстүрі, тілі үшін мақтана алмаса, 
ол-сорлы адам» Бауыржан Момышұлы.

ІІ. Бір айналым сөйлесу «Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?»

ІІІ. Жарыс: І топ ІІ топ ІІІ топ
Бауыржан Қасым Мәлік
Момышұлы Қайсенов Ғабдуллин
а) Шығармалары. Берілген мәтіндерді еске түсіру.
ә) Бес жол өлең құрастыру. «Қаһарман»
б) Көркем сөзді мәнерлеп оқу.
«Әлия» «Мәншүк» «Нүркен»
в) Ойын: «Жалғасын тап» Ерлік туралы мақалдардың басын айту.
Оқушылар жалғастырады. Мағынасын ашады.

ІV. Қорытынды. 
Ер есімі – ел есінде! Ұлы Отан соғысы туралы, қазақ халқының ержүрек 
ұл-қыздары туралы еш уақытта ұмытпаймыз.

V. Мадақтау.

VІ. Сөзжұмбақ құрастыру. «Бауыржан» 



Ана тілі ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: Үш жүзге біткен үш биім. 
Сабақтың түрі: Көрініс сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ елінің тарихындағы үш 
жүздің үш биінің атқарған рөлі, еліміздің 
салт-дәстүрі туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Дамытушылығы: Мәтінді түсініп оқу, негізгі 
ойды таба білу, мәтінді көрініс ретінде 
сахналай білуге үйрету.
б) Тәрбиелігі: Халықтық салт-дәстүрге, 
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. 
«Үш би» бүктеме. Бүктеме «Ұлттық 
салт-дәстүрлер»
Сабақтың көрнекілігі: Жарыс. Мақал-мәтелдер. Көрініс қою.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І Қызығушылықты ояту: Қазыбек биге «Қаз дауысты Қазыбек» деген атты 
кім берген?
ІІ. Мәтіндерді оқыту: Жарыс (топ аралық)
І топ ІІ топ ІІІ топ
Қазыбек би Төле би Әйтеке би
а) Өздеріне қатысты мәтінді оқыту. Көрініс қою.
ә) Өз биінің атына бес жол өлең құрастыру.
б) Мақал-мәтел айту. (Тіл, сөз өнері туралы)
в) Көркем сөз оқу: «Батырлар жыры»
«Қабанбай» «Бөгенбай»
ІІІ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жақсы көретін мақалы:
«Бірлік болмай, тірлік болмас!» Мағынасын ашу.
ІV. «Елім менің» Сөзі: Н.Назарбаевтікі
әні: Б.Тілеухановтікі
Әуенімен айту.
V. Қорытынды. 
Өмірмен байланыстыру
Қазақстанның тәуелсіздік алуы жолында ел бірлігін ойлаған үш биіміздің рөлі туралы айта отырып, сабақты қорыту.
VІ. Мадақтау. Көрініске қатысқан, мәнерлеп өлең оқыған оқушыларды мадақтау.
VІІ. Қосымша мәліметтер жинау. Реферат жазу.





Ана тілі ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: «Елдігімнің айшығы – рәміздер» 
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Рәміздер, олардың маңызы, 
мағынасы, құрметтеу туралы түсініктерін 
кеңейте түсу.
ә) Дамытушылығы: Рәміздердегі айшық 
белгілердің мағынасы мен мәнін өз сөзімен жүйелі 
жеткізе білуге, көркем сөзді мәнерлеп оқуға 
дағдыландыру.
б) Тәрбиелігі: Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, 
Отанын сүюге, елінің салт-дәстүрін қадірлеуге 
тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. Жарыс. 
Шығармашылық жұмыс. Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыптық сурет. «Рәміздер» туралы өлеңдер, 
Авторлар суреті. Президент сөзі.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру

І. Қызығушылықты ояту: Жеті қазынаға нелер жатады?
Қыран бүркіт, жүйрік ат бұлар қай жерде кездеседі?
Елтаңбада, туда кездеседі.
ІІ. Жаңа тақырып бойынша істелетін жұмыс:
Топтарға бөлу
І топ - Әнұран ІІ топ – Елтаңба ІІІ топ – Ту
А) Бір айналым сөйлесу. Әр топ өз атын қорғайды.
ә) Көркем сөз оқиды.
Б) Бес жол өлең құрастыру.
ІІІ. Топтарды бағалау. Толықтыру.
ІV. БҮҮ кестесін толтыру.
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

Өз бетімен ауызша жауаптар айтқызу.
Толықтыру. Кестені толтыру.
V. Ой толғаныс: ҚР – дүние жүзінде жерінің үлкендігі жөнінен
9- орын алады 
2,7млн шаршы км
Батыс – шығыс
3000км²
Солтүстік – оңтүстік
1600км² 131 ұлт
Қазақтар - 60%
VІ. Мадақтау. 
VІІ.Әнұранды айтқызу.
VІІІ. Қорытынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылау.

Ана тілі ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдерін жатқа оқу. 
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Осы уақытқа дейін оқыған Абай 
өлеңдерін, тақырыбын, маңызын түсіндіру. 
ә) Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп, жатқа 
оқуға үйрету. 
б) Тәрбиелігі: Абай өмірі үлгісіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. Сайыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абай шығармалары. Мұхтар суреті. Суреттер. 
Тірек сызба.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І. Қызығушылығын ояту: 
Абай кім? Сұрақ төңірегінде әңгіме өрбіту.
ІІ. 
1. Адам болам десеңіз
2. Әсемпаз болма әрнеге
3. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
4. Сабырсыз, арсыз, еріншек.

ІІІ. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, тілі орамды.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

ІV. Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың 
Жұмекен Нәжімеденов.
Ана тілі хрестоматиясы 9 бет.
Жатқа, мәнерлеп оқудан сайыс.

V. Бір айналым сөйлесу: «Жұмекен ақын не дейді?» Жұмекен Нәжімеденов туралы толығырақ әңгімелеу.

VІ. Әнұранды орындату.

VІІ. Қорытынды: 
Жұмекен Нәжімеденов Абай өлеңдерін оқып, жаттап өскен. Абай – дана, Абай – дара қазақта. Бәріміз де Абай өнегесімен өсеміз.

VІІІ. Бағалау – мадақтау. 1 өлеңді (жаңадан) жаттау.



Ана тілі ( таңдау)


Сабақтың тақырыбы: Мұқағали өлеңдерін жатқа оқу. 
Сабақтың түрі: Мәнерлеп өлең оқудан сайыс сабағы.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ халқының аяулы ақыны 
Мұқағали Мақатаев туралы, оның шығармалары 
туралы кеңірек түсінік беру. 
ә) Дамытушылығы: Өлеңдерін мәнерлеп оқуға 
үйрету. 
б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, азаматтыққа 
тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс.Көрнекілік әдісі. 
Сұрақ-жауап. Мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық сурет. Мұқағали өлеңдерін 
орындау.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І. Қызығушылығын ояту: Болжау.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған! – кімнің өлеңі. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
1. Үш бақытым
2. Отан
3. Сүйемін өскен, Отаным
4. Қазақстан

ІІ. Өмірмен байланыс: Фариза Оңғарсынова – Атыраулық жерлес ақынымыз. Қазақ халқының мақтанышы. «Фариза қыз» Мұқағали өлеңін оқып беру.Әнімен айту.

ІІІ. Топтастыру: «Отан» «Тіл»
Тақырыпқа сәйкес өлеңдерді топтастыру.

ІV. Жарыс: 

V. а) Көркем сөздерді мәнерлеп жатқа оқыту.
ә) Отан, тіл туралы мақалдар айту.
б) Мұқағали өлеңіне ән жазған сазгерлерге тоқталу. Өлең айту. 

VІ. Қорытынды: Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылын тойладық. 
«Қазақстан» өлеңін оқу.



Ана тілі ( таңдау)


Сабақтың тақырыбы: Алаштың ақиық ақындары. 
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ халқының ұлт болып 
қалыптасуы мен тәуелсіздігі жолында құрбан 
болған ақындар туралы түсінікті кеңейту. 
ә) Дамытушылығы: Өлеңдерін мәнерлеп жатқа 
оқуға дағдыландыру. 
б) Тәрбиелігі: Ұлтжандылыққа, адамгершілікке 
тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. 
Сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық сурет. Шығармалар. Авторлар 
суреттері.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І. Қызығушылықты ояту. «Бес арыс», «Үш бәйтерек» бұлар кімдер?

1. Міржақып Дулатов
2. Мағжан Жұмабаев
3. Жүсіпбек Аймауытов Бес арыс
4. Шәкәрім Құдайбердиев
5. Ахмет Байтұрсынов

1. Сәкен Сейфуллин
2. Ілияс Жансүгіров Үш бәйтерек 
3. Бейімбет Майлин

ІІ. Бір айналым сөйлесу. «Бес арыс, үш бәйтерек» туралы.
а) Өмірбаянынан үзінділер оқыдық.
ә) Өлеңдерін жатқа оқу.

ІІІ. БҮҮ – кестесін толтыру:

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді.


ІV. Қорытынды: 
Қазақ елі тарихында алаштың ақиық ақындары, қоғам қайраткерлері болған бұл адамдардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Еліміздің тарихында олардың өмірі мен шығармашылық еңбегінің алатын маңызы зор.
V. Қосымша мәлімет оқу. Өмірі, шығармасы туралы реферат жазу. 
Жаңа өлеңін жаттау..
Ана тілі ( таңдау)

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың Қадыры 
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ. Іскерлік пен дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Қазақ елінің ұлттық 
салт – дәстүрлерін жырға қосқан, өз тілінің қадірін
арттыру жолында еңбек еткен Қадыр Мырзалиев 
шығармаларымен таныстыру. Өмірі туралы 
хабардар ету. 
ә) Дамытушылығы: Ақын өлеңдерін мәнерлеп 
оқуға, жанрларға бөлуге, өлең құрылысын талдауға 
үйрету. 
б) Тәрбиелігі: Өз Отанын, ана тілін сүюге, білуге, 
қадірлеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың әдістері: Жаңа технологиялық әдіс. Көрнекілік әдісі. 
Шығармашылық жұмыс. Топтық жарыс.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық бүктеме. Қазақ халқының ақын, 
жазушылары.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру.

І. Қызығушылықты ояту: Ана тілің – арың бұл,
Болжау: Ұятың боп тұр бетте.
Кімнің өлеңі? Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Тіл туралы тағы қандай өлең оқыдың? 
О, туған тіл! 
Ә.Тәжібаев.
ІІ. Тірек сызба бойынша жұмыс: 
І қатар ІІ қатар
«Ана» туралы «Ана тілі» туралы

ІІІ. Бір айналым сөйлесу:
ІV. Топтастырайық: «Ана»

V. Қай мезгіл басталды? Өмірмен байланыс:
Қадыр Мырза Әли «Көктем» хрестоматия 21 бет
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
ә) Өлең құрылысын талдау.
б) Венн көрсетілімі.

VІ.Қорытынды: 
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған! 
Абай.

Тәрбиелік шара

Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Әз Наурыз, қош келдің!»
Тәрбиелік шараның мақсаты:
а) Қазақ халқының ұлттық мерекесі- 22 наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру
ә) Халықтық салт-дәстүрді білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Ұлтжандылыққа, адамгершілікке баулу

Тәрбиелік шараның көрнекілігі: Тақырыптық-мазмұнды сурет. Ұлттық бұйымдар. Ұлттық музыкалық аспаптар. Ұлттық киімдер. Үн-бейне таспалар. Көріністерге қажетті жабдықтар.

Тәрбиелік шараның жүрісі: 

Кіріспе: «Сарыарқа» күйі ойналады.

Мұғалім: Ардақтап әр кез халқымыз, 
Асыға күткен бұл күнді.
Наурыз- ұлы салтымыз,
Теңестірген күн, түнді. 
Табиғат та бұл кезде жаңарады,
Көлге қонған аққу құс таранады.
Жер көгеріп, мал төлдеп, бала ойнап,
Қуанышты үн жан-жаққа таралады.
Көрініс: «Көрісу» Ақ жаулықты әжелер бір-бірімен көріседі
а) Қол беріп көрісу ( Алақаным ашық, қолымда қаруым жок дегенді 
білдіреді).
ә) Төске төс тақап көрісу (Тіршілігімнің негізі – жүрегім сен үшін 
адал дегенді білдіреді).

Көрініс: «Қыдыр ата» 

Қыдыр атаны қарсы алу, әжелер сәлем етеді. 
Қыдыр атаны төрге отырғызу.
Қыдыр ата тілегі: 
Уа, аман ба, жарандар!
Алтын күнге қараңдар,
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халқым сүйген мейрам бұл
Шырқап айтар жыры бар.


Көрініс: «Аластау» Әжелер адыраспан тұтатып, аластау ырымын жасайды.

Олардың тілегі: Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке!
Ұрпақтарымызды аман ет,
Пәле – жәле әрі кет, әрі кет!
Наурызкөже, жеті шелпек, бауырсақ таратылады. Қыдыр ата бата береді.

Би: «Қара жорға» Ұлдар тобы 
Көрініс «Бесікке салу» 
Күй: «Қос алқа» күйшілер тобы

Көрініс: «Сәбиді қырқынан шығару»
Ән: «Наурыз думан» 

Көрініс: «Тұсау кесу»
Терме: «Халық термесі»
Күй: «Бір бала» Қобызшы

Қорытынды: 

Мұғалім: Наурыз тойы- береке,
Наурыз тойы-жыр-аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.

Наурыз- шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Жылдан жылға қуанып,
Табысайық бәріміз 

Наурыз құтты болсын,
Еліме ырыс толсын. 
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2019
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі