Бағдарлама : «Функционалдық сауаттылықты дамыту»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағдарлама : «Функционалдық сауаттылықты дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің « №13 жалпы орта білім беру мектебі» КММ

















«Функционалдық сауаттылықты дамыту»



орыс тілді мектептердегі 5-8 сынып оқушыларына арналған

қазақ тілінен арнайы курс бағдарламасы





Кусбекова Айзада Омиржановна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі





















2024 жыл







Түсінік хат

1. Жалпы ақпарт

Бағдарлама атауы: «Функционалдық сауаттылықты дамыту»

Қазақ тілі мен әдебиеті. 5-8 сынып


2. Бағдарламаның сипаттамасы


Бағдарламаның маңыздылығы

Ғылыми жаңалығы және маңыздылығы: - Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңдарына, ҚР Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, оқыту қазақ тілді емес мектептердегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарты мен бағдарламасының негізінде оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-8 сыныптарға арналған «Функционалдық сауаттылықты дамыту» бағдарламасы құрастырылды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту -бүгінгі заманның талабы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы орта мен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, фунционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Жалпы сипаттамасы: «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта: «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты –оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылардың тілдік, коммуникативтік, мәдени-тарихи, шығармашылық біліктіліктерін арттырып, өлкетану тақырыптары арқылы қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Осы мақсатты жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

Тыңдалым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу.

Айтылым:

  • диалогтік сөйлеу, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б;

  • монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы.

Жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу.

Тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін меңгеруі тиіс:

  • сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде қолданады;

  • жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен ажырата алады;

  • өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі тиіс;

  • қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға беруі тиіс;

  • қазақ тіл білімінің салалары бойынша ережелерді білуі тиіс;

  • білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

  • талдау машығының болуы;

  • орфографиялық заңдылықтарды меңгеру;

  • салыстыра алу қабілетінің болуы.


Оқу пәнінің мазмұны және құрылымы:

  1. Кіріспе. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы жөнінде түсінігін

қалыптастыру.

  1. 1-4 тақырып. Адам және қоғам. Отбасы. Отбасы дәстүрлері. Туыстық атаулар.

Шаттыққа кенелген шаңырақ . Мінез және келбет

  1. 5-6 тақырып. ТарМУ кітапханасы туралы не білесіз? Сұлтанмахмұт Торайғыров

  2. 7-11 тақырып. Ас-адамның арқауы. Асханада. Азық-түлік дүкенінде. Денt мүшелері. Емханада. Дәріханада

  3. 12- 14 тақырып. Ұлттық киім. Бас киім. Киім дүкені. Қазақстандық дизайнер Әлима Мұрзабекова

  4. 15-19 тақырып. Болашақ қала. Адам және табиғат егіз. Қазақстанның экономикалық жағдайлары. Табиғат байлықтары. Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер етуі. «Семей -Невада» қозғалысы

  5. 20-22 тақырып. Қазақстанның тарихи орындары. Біздің еліміздегі туризм. Пойызбен саяхат жасау.

  6. 23-26 тақырып. Қазақ әдебиетінің алыптары. Қазақтың өнері мен мәдениеті. Өнер түрлері. Қазақ елінің тарихы. Хандары. Билері. Батырлары.Ұлы Жібек жолы

  7. 27-31 тақырып.Қазахстан Республикасындағы саяси жүйе. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан әлемдік кеңестікте. Қоғам және жастар

  8. 32-34 тақырып. Тыңдалым және оқылым тапсырмалары, тест сұрақтары




Қазақ тілі: 5-8 сынып арнайы курс бағдарламасының тақырыптық жоспары (аптасына – 1 сағат, жылына 34 сағат)

Р/с

Тақырыбы

Оқыту мақсаттары

С/ саны

1

Кіріспе. Адам және қоғам

1.Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану;

3.Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдану

1

2

Отбасы. Отбасы дәстүрлері

1

3

Туыстық атаулар. Шаттыққа кенелген шаңырақ

1

4

Мінез және келбет

1

5

ТарМУ кітапханасы туралы не білесіз?

1.Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау 2.Мәтін мазмұны бойынша кластер құрастыру.

3.Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

1

6

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1

7

Ас-адамның арқауы

1.Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

1

8

Асханада

1

9

Азық-түлік дүкенінде

1

10

Дене мүшелері

1

11

Емханада. Дәріханада

1

12

Ұлттық киім. Бас киім

1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу;

1

13

Киім дүкені

1

14

Қазақстандық дизайнер Әлима Мұрзабекова

1

15

Болашақ қала

1. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

2. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану

1

16

Адам және табиғат егіз. Қазақстанның экономикалық жағдайлары

1

17

Табиғат байлықтары

1

18

Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер етуі

1

19

«Семей -Невада» қозғалысы

1

20

Қазақстанның тарихи орындары

1.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;

2. тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

1

21

Біздің еліміздегі туризм

1

22

Пойызбен саяхат жасау

1

23

Қазақ әдебиетінің алыптары

1.Мәтін мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.

2.Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

1

24

Қазақтың өнері мен мәдениеті. Өнер түрлері

1

25

Қазақ елінің тарихы. Хандары. Билері. Батырлары

1

26

Ұлы Жібек жолы

1

27

Қазахстан Республикасындағы саяси жүйе

1.Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру. 2.Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

1

28

Тәуелсіз Қазақстан

1

29

Қазақстан әлемдік кеңестікте

1

30

Қоғам және жастар

1

31

Халық тарихынан

1

32

Тыңдалым және оқылым тапсырмалары

1.Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

1

33

Тест сұрақтары


1

34

Қорытынды сабақ


1



Тапсырмалар жинағының үлгісі

1- тақырып

Адам және қоғам

Келесі мәтіндерді оқып түсініңіз.

Қоғамда өзін-өзі ұстаудың алтын ережелері.

Адамдардың таңғалуы мен құрметіне бөлену үшін белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, жоғары білімді, жақсы мінез-құлықты адам болу керек.

Сыпайы және мәдениетті адамдармен араласу жеңіл және тез. Сыпайы болу ғана емес, оны шынайы, ойланбастан жасау маңызды. Сыпайылығыңыздан ұялмаңыз, жақсы мінез-құлқыңыз адамдарды сізге тартады.

Сізге жолығуға рұқсат етіңіз.

Танитын немесе танымайтын адамдармен қарым-қатынасты біз тілдесуден бастаймыз. Қандай сөз айтсаңыз да, сөздеріңіз мейірімді және жылы болуы керек.

Тілдесудің үш түрі бар: ресми, бейресми, жақсыз. Олар жағдайға байланысты қолданылады.

Ресми жағдайда адамды жақсы танып тұрсаңыз да, бейресми түрді қолданбау керектігін естен шығармаңыз (аиын атап, «сен» дегенмен жөн).

Тілдесудің ресми түрі достық кешінде орынды емес ( тегі, аты, әкенің аты, атағы, лауазымы).

Жақсыз түрі қоғамдық көлікте, дүкенде, көшеде танымайтын адамдармен сөйлескеде қолданылады.

«Сіз» және «Сен» есімдіктерін тілдесіде қолдану ерекшеліктері.

Соңғы кезде, әсіресе, жастар арасында «сен» деп айтуға кең тарап кетті.Кезінде «сен» деген атауға өту үшін арнайы дәстүр болған. «Сен» деп тілдесуді қалағандар қолдарына шарап құйылған бокал ұстап, қолдарын айқастырып, түбіне дейін ішіп, беттерінен сүйіп, бір-біріне «сен» дей берген.

Бұл рәсім «брудершафт» деп аталады. Қазір бұл рәсім өз күшін жоғалтқан. Әдеп ережелеріне сай 18-ден үлкен танымайтын адамға «сіз» деп тілдесу қалыптасқан.

Балаларға «сен» деп айта береді. Бірақ кей жағдайда өзін танымал етіп көрсете білген бала, мысалы, дарындыға үлкен адамдар сыйлы түрде «сіз» деген форма қолдануы мүмкін.

«Сіз» деген сөз атау ресми салада танымайтын немесе аса жақсы білмейтін адамдарға, жасы үлкендерге немесе әдеуметтік сатыда жоғары тұрған кісілерге қатысты қолданылады.

Жұмыс бабында әріптестер арасында достық қарым-қатынас орнағанша «сіз» деген атау қолданылуы мүмкін.

Жақсы достар, жақсы таныстар, туыстар арасында «сен» деп атау орныққан. «Сіз» деген атаудан «сен» деуге өтудің нақты ережесі жоқ.

Жалпы бағыт ретінде мына ережелерді ұстаңыздар:

  • «сен» деп асықпаңыз;

  • «сен» деп атауды жасы үлкен адам үсыну керек;

  • ер адаммен әйел адам арасында «сізден» «сен» деп атауға ұсынатын әйел;


Тақырып төңірегінде орындалатын тапсырмалар:


1. Адамдардың таңғалуы мен құрметіне бөлену үшін қандай адам болу керек деп ойлайсыз?


Келесі кестелерді толтырыңыз:

  1. Біріншіден, қарапайым адам болу керек.

Себебі.....

  1. Екіншіден, сыпайы болу керек.

Себебі....

2. Белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, неге жоғары білімді, жақсы мінез-құлықты адам болу керек? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Менің ойымша, ....................................................................................................

Меніңше,........................................................................................................

Мен .................................. ... деп ойлаймын.

3. Сыпайы және мәдениетті адамдармен араласу неге жеңіл және тез ойлайсыз?

Біріншіден,

................................................................

Менің ойымша,

................................................................

Себебі,

................................................................

Өйткені,

................................................................

4. Адам неге сыпайылылығынан ұялмауы керек?

Менің көзімнің жеткені

................................................................

Мен дұрыс түсінсем

................................................................

Менің пікіріме сенсеңіз

................................................................


5. Қандай сөз айтсаңыз да, сөздеріңіз мейірімді және жылы болуы керек. Мұның құпиясы неде деп ойлайсыз?

Бірінші құпия

................................................................

Екінші құпия

.................................................................

6. Келесі сөздерді аударыңыз:

Ресми- Достық кешінде –

Жағдай- Орынды емес –

Танып тұрсаңыз да – Лауазым –

Бейресми – Жақсыз түрі –

Қолданбау керек – Қоғамдық көлікте –

Естен шығармаңыз – Танымайтын адам –

Тілдесу – Сөйлескенде –

7. Мәтіндердің ішінен келесі сұрақтардың дұрыс жауабын тауып жазыңыз:

  1. Әдеп ережелеріне сай 18-ден үлкен танымайтын адамға тілдесудің қай қолдану керек?

  2. «Сіз» деген сөз атау қандай адамдарға қатысты қолданылады?

  3. Жұмыс бабында әріптестер арасында достық қарым-қатынас орнағанша қандай атау қолданылуы мүмкін?

  4. Жақсы достар, жақсы таныстар, туыстар арасында қандай атау орныққан?

  5. «Сіз» деген атаудан «сен» деуге өтудің нақты ережесі бар ма?

  6. Жалпы бағыт ретінде қандай ережелерді ұстанған жөн деп ойлайсыз?

8. Сөз тіркестерінің орысша баламасын жазыңыз:

Соңғы кезде – Ресми салада –

Жастар арасында – Кең тарап етті –

Өту үшін – Жасы үлкендер –

Арнайы дәстүр – Әлеуметтік саты –

Өз күшін жоғалтқан – Жұмыс бабында –

Әдеп ережелеріне сай – Әріптестер арасында –

Кей жағдайда – Достық қарым –қатынас –

Сыйлы түрде – Нақты ереже –

Қолдануы мүмкін – Жалпы бағыт ретінде –

Жас ерекшелігі – Әлеуметтік деңгей –


9. Қазақша баламасын жазыңыз. Сөйлемдер құрастырыңыз:

в последнее время – социальная ступень –

среди молодежи – по работе –

широко распространен – среди коллег –

в свое время – взаимоотношения –

традиций – конкретный –

утратил свою силу – правило –

в некоторых случаях – в общем-

в вежливой форме – направление –

официально – не торопитесь

взрослые – предлагать –

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

+

-

?

1. Мәтіндерді оқып түсіну

мәтіндерді оқып түсінеді




2. тапсырмалар негізінде ойын дәлелдей алу, себебін түсіндіру

тапсырмалар негізінде ойын дәлелдей алады, себебін түсіндіреді




3. мәтін негізінде сұрақтарға жауап беру

сұрақтарға жауап бере алады




4. Сөз тіркестерінің баламасын табу

Сөз тіркестерінің баламасын таба алады




5. Сөйлемдер құрастыру

Сөйлемдер құрастырады





2- тақырып

Отбасы. Отбасы дәстүрлері

Келесі мәтіндерді түсініп оқыңыз

Әртістер отбасы

Сағи Әшімов атақты жанұяда дүниеге келген еді. Оның әкесі-халық сүйіктісі –Асанәлі Әшімов екенін барша жұрт біледі. Анасы –белгілі қазақ кино қоюшысы Шәкен Аймановтың қызы, опера әншісі Майра Шәкенқызы Айманова еді. Тәтесі биші Шара Жиенқұлова, ағасы –Қаукен Кенжетаев. Жалпы алғанда еліміздің сегіз халық әртісі Сағидың туысқаны болып шыққан. Сол себепті Сағида басқа жол қалмаған. Ол театр өнері институтында оқыды.

- Осы өнерді таңдағаныма өте қуаныштымын. Маған өз кәсібім қатты ұнайды, ал менің атақты туыстарым менің әртіс ретінде аяққа тұруыма, әрине, көмектесті,- дейді Сағи.

Жалпы алғанда, ол әртістік өмірде де ерте, яғни төрт жасынан бастап біледі. Неше түрлі көпшілік қатысқан көріністерге тұсті. Демалыс кездерінде әкесі оны кино түсірілімдерге ала кетемін. Сол себепті абитуриент кезінде әртіс деген мамандық иелерінің өмірін іс жұзінде білетін. Институтты Сағи өзінің қажырлы еңбегінің арқасында қызыл дипломмен бітірген еді.

Тақырып төңірегінде орындаратын тапсырмалар:

1. Сөздікпен жұмыс:

халық сүйіктксі- аяққа тұру-

жұрт-көріністер- кино түсірілімдер-

атақты жанұяда- іс жүзінде-

көпшілік қатысқан- қажырлы еңбек-

жалпы алғанда- пайыз-

таңдау- үздік-

басқа жол қалмаған- нағыз әртіс дегеніміз-

демалыс кездерінде- құдай берген талант-

қатты ұгайды- әртіс ретінде-

2. Сағи Әшімов атақты жанұяда дүниеге келген еді. Мәтіндегі қандай сөйлемдермен дәлелдей аласыз? Оларды кестенің ішіне көшіріп жазыңыз

3. Оның әртіс ретінде аяққа тұруына кімдер көмектесті деп ойласыз?

Менің ойымша,

............................................................

Меніңше,

............................................................

4. Ол әртістік өмірді ерте, яғни төрт жасынан бастап білді. Сөйлемдермен дәлелдеп беріңіз

Біріншіден

............................................................

Екіншіден

............................................................

Үшіншіден

.............................................................

Төртіншіден

.............................................................

5. Институтты Сағи қызыл дипломмен бітірген еді. Мәтіннің ішінен бұл сөйлемге дәлел бола алатын жерлерін кестеге теріп жазыңыз

  1. Әрине,

.........................................................

  1. Сөзсіз

.........................................................

  1. Менің ойымша,

.........................................................

6. Сағидің ойынша, нағыз әртіс дегеніміз.

  1. Нағыз әртіс дегеніміз, әрине,

...........................................................

  1. .............................

............................................................


7. Ал Сіз бұл сұраққа қалай жауап берер едің?

Менің ойымша, нағыз әртіс дегеніміз...................


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

+

-

?

1. Мәтіндерді оқып түсіну

мәтіндерді түсініп оқиды




2. Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдану

Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдана алады




3. Біріншіден, екіншіден, үшіншіден сөздерімен өз ойын дәлелдеу

Біріншіден, екіншіден, үшіншіден сөздерімен өз ойын дәлелдейді





3-тақырып

Туыстық атаулар

1. Берілген мәтінмен танысыңыз

Шаттыққа кенелген шаңырақ.

Жүз жасау, жүзден асып ғұмыр кешу- екінің біріне бұйыра бермеген сирек құбылыс. Біздің шаһарда дәл осындай аузында Алласы, артында ұрпағында деген аманаты бар қазыналы қарттар жоқ емес. Бұл кісілер ғасырмен құрдас қариялар.

Жарты Өтегенов ақсақал 103-те, кемпірі Нұрғайша Қыдырова 95 жаста. Құлагер ықшамауданының тұрғындары атанып, қала басшысының қолынан пәтер кілтін алған қарияларға алла тағала 30 немересін, 20 шөбере немересін, 2 туажатын көруге жазыпты. Бүгінде қариялардың күтімі жақсы, көнілдері сергек, жанға батар ауру-сырқаудан аман. Қазір үлкен қыздары. Бишан апайдың қамқорлығында. Бишан апамыздың өзі 65-те екен.

- Апай, қоныс жайлы болсын!-дедім жаңа көршіме.

- Рахмет, айналайын, құдайы көршің боламын, есімім- Бишан, 103-те

әкем, 95-те шешем бар, Иманғали баламыздың қолынан пәтер кілтін алып, қуанып жатырмыз,- деді әңгіме арасында.

- Әжей, өмірден не түйдіңіз, ұзақ ғұмыр кешудің сыры неде?-деп сұрақтарымды жаудыра жөнелдім. Әжей иығын көтеріп бір күліп алды да, өмір тарихынан қысқаша әңгімесін басып кетті.

- Е, балам- ай, біз не көрмедік? Соғыстың зардабын да тарттық, талай қиыншылықты бастан өткердік қой ... Ең бастысы, жаратқанның маңдайымызға жазғанын көрдік. Ішер сусынымыз сары қымыз, жеген асымыз құнарлы болды. Таза ауамен тыныс алдық. Мінекей, бауырың бүтін, деніңнің сау болатынына осы нәрселер қажет, қарағым. Мұндай керегесі кең, еңселі, биік пәтер сыйлап, үлкен шаһарда табиядай тіршілік жасап жаткан қаланың басшылығына рахметіміз бен алғысымыз шексіз. Бақытты ғұмыр кешіңдер, айналайындар!- деп ақ батасын берді («Алматы Ақшам»).

2. Жүз жасау, жүзден асып ғұмыр кешу дегенді Сіз қалай түсінесіз?

3. Сөз тіркестерінің аудармасын тауып жазыңыз, оларды жаттап алыңыз:

екінің біріне бұйыра бермеген сирек құбылыс-

дәл осындай- ең басты-

ғасырмен құрдас- жаратқанның жазғанын көрдік-

жанға батар ауру- сырқау-

құдайы көрші- бақытты ғұмыр кешу-

әңгіме арасында- тіршілік жасап жатқан-

соғыстың зардабы- алғысымыз шексіз-

Жаңа лексиканы пайдалана отырып бес сөйлем құрастырып жазыңыз.

4. Жарты Өтегенов ақсақал туралы не айта аласыз? Кестені толтырыңыз.

Жарты Өтегенов

жасы

туыстары










5. Мәтіннің ішінен «Бүгінде қариялардың жағдайлары қалай?» деген сұраққа жауап бола алатын сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

6. Мәтіннің мазмұны бойынша он тест тапсырмасын құрастырып жазыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын кластер арқылы әңгімелеп беріңіз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

+

-

?

1. Мәтіндерді оқып түсіну

мәтіндерді түсініп оқиды




2. Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдану

Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдана алады




3. Сөз тіркестерінің аудармасын табу

Сөз тіркестерінің аудармасын табады




4. Сөйлем құрастырып жазу

Сөйлем құрастыра алады




5. Тест тапсырмасын құрастыру

тест тапсырмасын құрастырады




4- тақырып

Мінез және келбет.

1. Келесі мәтінмен танысыңыз.

Досыңды бағалай білесің бе?

- Бердібек «Менің атым -Кожада» өзінін айнытпай жазған. Шындығы сондай еді. Сабақты жақсы оқыды, зерек болды. Сонымен бірге тентектігі де бар еді. Кейін ойласам пысық баралардың барлығы тентек болады екен. Үзілісте ол тиіспейтін қыз қалмайтын.

Нарынқол төңірегіндегі Көктөбе деген жерде туып өскен еді, мектеп аудан орталығында ғана бар. Екеуіміз туыспыз. Әкеміз бізді Нарынқолдағы бір мұғалімнің үйіне әкеліп, орналастырды. Сол үйде бірге тұрып оқыдық. Бір қызық айтайын. Мұғаліміміз ауқатты тұрды, бір күні дәмді нан пісіріп қойыпты. Бердібек маған: «Бір нанды жеп алайық біле қоймас», -деді. Нанды ұрлап алып, сайға барып, бөліп жеп алдық. Мәзбіз. Қайтып келіп күндегідей тамағымызды іштік. Мұғалім де, жұбайы да жақсы кісілер еді, білсе де үндемейді.

Мектепті бітірген кезде қайда барамыз деп ақылдасып, арамызда Бердібек бар, үш-төрт бала бірігіп Панфилофтағы кәсәптік-техникалық училищеге түсеміз деп шешкенбіз. Бір күні ол аяқ астынан айнып, Алматыға кететін болды.Тағдырдың жазуымен сол кеткеннен үлкен жазушылық жолына түсті. Кейін де талай сырлас-сыйлас болдық,-деп еске алады соғыс және еңбек ардагері Әбдібақас Бүйенбаев ақсақал.

Тапсырмаларды орындаңыз:

2. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.

  1. «Менің атым-Қожа» кімнің өмірі туралы жазылған?

  2. Мына сөйлемдер кім туралы айтылған деп ойлайсыз?

Сабақты жақсы оқыды, зерек болды. Сонымен бірге тентектігі де бар еді. Үзілісте ол тиісрейтін қыз қалмайтын. Нарынқол төңірегіндегі Қостөбе деген жерде туып өскен еді.

  1. Әкеміз бізді кімнің үйіне әкеліп, орналастырды?

  2. Мұғалім қандай адам еді?

  3. Мұғалім мен жұбайы жақсы кісілер екенін қадай сөйлемнен білуге болады?

  4. Келесі сөйлемде кім туралы айтылған? Тағдырдың жазуымен сол кеткеннен үлкен жазушылық жолына түсті.

3. «М. Шахановтың достық туралы бір үзік сыры» атты мәтіннің мазмұнын сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Рухтас, көңілдегі сырды көзбен ұғатын үш-төрт қана дос тауыппын. Маркстың мынадай ұстанымы бар: «Мен аз ғана адаммен дос боламын, бірақ ақырына дейін дос боламын»,- деген. Менде солай! Әрине, маған тілкетестердің көп екені рас. Бала кезден бірге өскен Рысбек тұрысбеков деген досым бар еді, ол қаза болды. Калекеш Қарғұлов, Асан Таспанов деген досым бар еді, олар да о дүниелік болып кетті.

Біреулер көз таныс, сәл-пәл ой бөліскен адамды да дос деп ойлайды. Достық-шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант. Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді.

Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқты адам деп есептемеген. Өйткені, досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген. Құдайға шұкір, өзге елдер де достарым бар.

Тапсырмалар:

  1. М. Шахановтың достары туралы айтқан сөйлемдерін оқып беріңіз.

  2. Қ. Маркстың қандай ұстанымы бар?

  3. Келесі сөздердің авторы кім екен?-«Мен аз ғана адаммен дос боламын, бірақ ақырына дейін дос боламын».

  4. М. Шахановтың бала кезден бірге өскен досы кім болды?

  5. Көз таныс, сәл-пәл ой бөліскен адамды да дос деп есептеуге бола ма?

  6. «Достық деген не?» сұрағына қай сөйлем жауап бола алады?

  7. М. Шаханов «Шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант» деп нені айтады?

  8. «Достық нені талап етеді?» сұрағына жауапты көрсетіңіз.

  9. Сақтар дәуірінде өмірде бір досы жоқты неге адам деп есептемеген?

  10. М. Шахановтың басқа елдерде достары бар ма?

4. Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз:

Рухтас- о дүниелік болып кетті-

Сыр-көз таныс- сәл-пәл ой бөліскен адам-

көзбен ұғатын- шын мәнінде-

ұстаныс- махаббатпен тең тұратын талант-

ақырына дейін- қабілет-

тілектестер- талап етеді-

рас- сақтар дәуірінде-

бала кезден- есептемеген-

бірге өскен- осалдық-

қаза болды-

  1. Жаңа лексикалық минимумды сөйлемдер ішінде қолданыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

+

-

?

1. Мәтіндерді оқып түсіну

мәтіндерді түсініп оқиды




2. Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдану

Менің ойымша, меніңше сөздерін қолдана алады




3. Жаңа лексикалық минимумды сөйлемдерде қолдану

Жаңа лексикалық минимумды сөйлемдерде қолданады





5-тақырып

ТарМУ кітапханасы туралы не білесіз?

Біздің университеттің кітапханасы-жоғары оқу орындары арасындағы ірі кітапханалардың бірі. Оның қорында миллионнан астам ғылыми, әдеби, тарихи, әдістемелік кітаптар мен оқулықтар бар. Оның ішінде екі мыңнан астам сирек кездесетін қымбат кітаптар бар. Кітапхана қоры жыл сайын орта есеппен 10 мың бірлікке толықтырылып отырады. Университетте бірнеше оқу залдары жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген ғылыми-көпшілік, мәдени-ақпараттық түрлі газет-журналдар жазылып алынды. Барлық кітапханалық үрдістер компьютерлендірілген. 2002 жылдан бері электрондық кітапхана жұмыс істей бастады. Компьютерлері интернетке қосылған электронды оқу залы бар.

1. Орысша баламасын жазыңдар:

оның қорында- жыл сайын-

ғылыми- орта есеппен-

әдеби- бірлік-толықтырылып отырады-

тарихи- оқу залдары-

әдістемелік- ғылыми- көпшілік-

оның ішінде- мәдени-ақпараттық-

сирек кездесетін- кітапхана қоры-

2. Мәтін бойынша кластер құрастырыңыз. Кластерді «сөйлетіңіз»

3. Мәтіннің жалғасын табыңыз. Спорт кешендері.

ТарМУ-дағы бес спортзал, екі тренажор залы, жүзу бассейнінен тұратын спорттық-техникалық база білікті спортшыларды даярлауға және көпшілік спорттық шараларды өткізуге, студенттрдің спортпен шұғылдануына толық мүмкіндік береді.

4. Сөздердің қазақша баламасын жазыңыз:

спорттық- техникалық- спортпент шұғылдану-

білікті спортшылар- мүмкіндік береді-

көпшілік спорттық шаралар- ойындарға қатысушы-

өткізу-

5. Келесі кестені толтырыңыз:

Зат есім

Сын есім

Етістік

Спортшылар,...................

әлемдік,...........................

өткізу,...............................




Етістіктердің болымсыз түрін жазыңыз

Үлгі: Өткізу-өткізбеу

Сөз тудырушы жұрнағы түрін бар сөздерді көрсетіңіз.


«Студенттер клубы» атты мәтінмен танысыңыз

Павлодар мемлекттік университетінің «Студенттер клубы» шығармашылық бірлестігі студенттердің бос уақытын өткізуге ұйымдаструмен айналысады. Оның құрамына «Пилигаим» және «Кривое зеркало» атты екі студенттік халық театры, «Шаңырақ» театры, хореографиялық ансамбль, дыбыс студиясы, көркем шеберхана кіреді. Студенттер клубының мынадай қызметтүрлерін көрсетуге мүмкіндіктері бар: музыкалық фонограммаларды даярлау, сахналық реквизиттер жасау, бутафоралар мен декорация жасау, сценарий таңдау, концерттер мен мерекелерді дайындау, шоу-бағдарламалар өткізу, түрлі сахналық қойылымдар әзірлеу және сахналық костюмдерді жалға беру.

1. Сөздердің орысша баламасын тауып жазыңыз:

Студенттер клубы-

шығармашылық бірлестік- дыбыс студиясы-

бос уақытты өткізу- көркем шеберханасы-

ұйымдастырумен айналысады- қызмет түрлері-

халық тетры- сахналық қойылымдар-

жалға беру-

2. Сөздердің қазақша баламасын тауып жазыңыз. Олармен алты сөйлем құрастырып жазыңыз:

Студенческий клуб- Виды деятельности-

Давать в аренду- Творческий-

Занимается организацией- Художественная мастерская-

Народный театр- Проводить свободное время-

Постановка-

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар:

Студенттер клубы шығармашылық бірлестігі ...бос уақытын өткізуді ...айналысады.

Оның құрамына ... және «Кривое зеркало» атты екі ... халық театры,... театры,... ансамбль, дыбыс ... көркем... кіреді. Студенттер клубының мынадай ... түрлерін көрсетуге ... бар:

Музыкалық фонограммалық..., сахналық реквезиттер..., бутафоралар мен декорация ..., сценарий ..., концерттер мен... дайындау, шоу-бағдарламалар ..., түрлі сахналық... әзірлеу және сахналық ... жалға ... .

4. Мәтін бойынша кластер құрастырыңыз. Кластерді «сөйлетіңіз».

  1. Біздің университетімізге ақын с Торайғыровтың есімі берілді. Атақты ақын туралы не білесіз?


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

+

-

?

1. Мәтіндерді оқып түсіну

мәтіндерді түсініп оқиды




2. Сөздердің орысша баламасын табу

Сөздердің орысша баламасын біледі




3.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазады




4. Мәтін бойынша кластер құрастыру

Мәтін бойынша кластер құрастырады




Тыңдалым. Оқылым.

Тыңдалым № 1

Алгебра ғылымының атасы

Әл-Хорезми – орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалым. Хорезм мемлекетінде, Хиуа қаласында дүниеге келген. Әл-Хорезми – математик, астроном, тарихшы, географ. Әл-Хорезми қазіргі алгебра ғылымының негізін салған. Ол – әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі.

Әл-Хорезми арифметика бойынша ең алғаш нұсқау жазды. Нұсқау арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Алгебра туралы трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы туралы тараулар бар. Күнтізбе туралы трактаты сақталды. Әл-Хорезми «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітабын» жазды. Кітап сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған. Осы кітап «Алгебра» деп аталған.

Әл-Хорезмидің латынша есімі «Алгоризми» (Algorizmus)түрінде айтылған. Қазіргі алгебра, алгол және алгоритм сөздері ғалымның есімінен шыққан. Әл-Хорезмидің жасаған есептері мен теңдеулері қазір әлемнің барлық мектептерінде оқытылады. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым. Ол - Ислам әлемінің ежелгі Орта Азиясынан шыққан ғұлама.

Тыңдалым № 1

Сұрақтарға жауап беріңдер

1. Әл-Хорезми кім?

А)математик, астроном, тарихшы, географ

В) математик, физик, тарихшы, географ

С) математик, ақын, тарихшы, географ

Д) математик, астроном, жазушы, географ

Е) математик, есепші, тарихшы, географ

2. Әл-Хорезми қай жерде дүниеге келген?

А)Хорезм мемлекетінде, Отырар қаласында

В) Хорезм мемлекетінде, Хиуа қаласында

С) Хорезм мемлекетінде, Дамаск қаласында

Д) Хорезм мемлекетінде, Бағдад қаласында

Е) Хорезм мемлекетінде, Сайрам қаласында

3.Ол ненің негізін салған?

А)геометрия

В)алгебра

С)тригонометрия

Д)арифметика

Е)метафизика

4. Әл-Хорезми не бойынша ең алғаш нұсқау жазды?

А)Геометрия

В)Тригонометрия

С)Арифметика

Д)Алгебра

Е)Есептер кітабы

5. Не туралы трактаты сақталды?

А)Тарих

В)Тригонометриялық кестелер

С)Геометрия

Д)Жұлдыздар

Е) Күнтізбе

6.Алгебра туралы трактатында қандай тараулар бар?

А)Қалалардың ені мен ұзындығы туралы тараулар бар

В)Арифметика дамуы туралы тараулар бар

С)Күнтізбе туралы тараулар бар

Д)Көне Үндістан есептері туралы тараулар бар

Е)Алгебра ғылымының негізгі қағидалары туралы тараулар бар

7.Әл-Хорезмидің «Қалпына келтіру және қарсы қою кітабы» қалай аталған?

А) «Алгоризми»

В) «Алгебра»

С) «Геометрия»

Д) «Алгоритми»

Е) «Алгол»

8. Әл-Хорезмидің есімі латын тілінде қалай айтылады?

А) Algorikmus

В) Algoripmus

С) Algorizmus

Д)Algorismus

Е) Algoribmus

9.Ол – әйгілі «Шығыстың ...... ..... » бірі.

А)алты жұлдызының

В)жеті жұлдызының

С) бес жұлдызының

Д)сегіз жұлдызының

Е)тоғыз жұлдызының

10.Алгебра сөзі неге байланысты шыққан?

А)ғалымның теңдеулерінен шыққан

В)ғалымның кітабынан шыққан

С)ғалымның еңбектерінен шыққан

Д)ғалымның есімінен шыққан

Е)ғалымның трактатынан шыққан


Тыңдалым № 2

Наурыз

1-мәтін

Наурыз – Жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, халықтардың ынтымақ күні. Наурыз табиғаттың мейрамы. 22-ші наурызда күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп атайды. Осы мерекені тойлайтын халықтар үшін үлкен салтананат. Наурыз күні адамдар таза киініп қыдырады, бірін-бірі құттықтайды, мерекелі дастарқан жаяды. Мейрамның ең басты тағамы – Наурыз көже пісіріледі. Ақ мол болсын! Қайда барса, жол болсын! Денсаулық берік болсын! – деп ақсақалдар бата береді, ақындар айтысады, ұлттық ойындар ойнайды, ән салады, би билейді. Наурызда барлығы Қыдыр атаны күтеді, ойткені сонымен бірге үйге бақыт, денсаулық, береке кіреді.


Киіз үй

2-мәтін

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қос қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй ұйытқып қатты соққан дауылдан жығылмайды, нөсерлеп жауған жаңбырдың суын өткізбейді. Киіз үйдің қаңқасы: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық.

Үйленген балаға бөлек киіз үй тігеді. Қонақтар шақырылып, ет асылады. «Шаңырағың биік болсын!» - деген бата беріледі.

Халқымыз 18 ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр.

Киіз үйдің түрлері - төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.


Тыңдалым № 3

Сұрақтарға жауап беріңдер

1-мәтін

1.22 наурызда күн мен түннің ерекшелігі

А) Күн қысқарады

В) Түн ұзарады

С) Күн мен түн теңеледі

Д) Күн ұзарады

Е) Түн қысқарады

2. «Наурыз» сөзінің мағынасы

А) Жаңа күн

В) Жаңа жыл

С) Жарапазан

Д) Жаңа апта

Е) Жаңа тәуілік

3. Наурыз мейрамына сәйкес келмейтін нұсқа

А) көк шығады

В) мал төлдейді

С) ақ көбейеді

Д) Наурыз көже пісіріледі

Е) даланы қар басады

4. Сенімге сәйкес Наурызда әр отбасына келетін жақсылық кіммен байланысты?

А) Аяз атамен

В) Қыдыр атамен

С) Қызыр бабамен

Д) Ойсылқарамен

Е) Қамбар атамен

5. Наурыз көже пісірудегі сенім

А) «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық»

В) «Ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман қылсын»

С) «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!»

Д) «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!»

Е) «Ырыс толсын, жауын-шашын көп болсын»

2-мәтін

6. Мәтінде кездесетін бата-тілек

А) «Қуанышың құтты болсын!»

В) «Нәрестенің бауы берік болсын!»

С) «Шаңырағын биік болсын!»

Д) «Жасыңа жас қосылсын!»

Е) «Қосағыңмен қоса ағар!»

7. Киіз үйдің сүйегі - .....

А) шаңырақ

В) түндік

С) алаша

Д) сырмақ

Е) туырлық

8. Халқымыз 18 ғасырда неден үй сала бастады?

А) балшықтан, қамыстан

В) балшықтан, ағаштан

С) балшықтан, шымнан

Д) саздан, шымнан

Е) кірпіштен, тастан

9. Киіз үйдің тәуелсіз мемлекетіміздің рәмізінде қолданылған бөлшегі

А) кереге

В) туырлық

С) сықырлауық

Д) шаңырақ

Е) түндік

10. Жазда киіз үйдің ауасы қандай?

А) таза, салқын

В) таза, суық

С) таза, жылы

Д) таза, ыстық

Е) таза, ыңғайлы


Тыңдалым № 4

Тіл туралы

Адамдар өмір сүрген қоғамда тіл маңызды рольді атқарады. Адамдар бір-бірімен қатынас жасау үшін тілді қолданады. Сөйлесу арқылы пікірлеседі, ой бөліседі және ойын жеткізеді. Әлемдегі әрбір халықтың өз тілі бар. Қазіргі уақытта дүние жүзінде бес мыңға жуық тіл бар екендігі белгілі болып отыр.

Сондай-ақ әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі болады. Сол үшін тідерді жақсы- жаман деп бөлуге болмайды.

Біздің еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі – өте әуезді де әсем, шебер де шешен тіл. Айтатын ойды немесе кез келген ұғымды оңай әрі жан-жақты жеткізуге болады. Қазақтарда екінің бірі табан астында өлең шығарады. Тіпті қойылған сұраққа өлеңмен жауап беретін болған. Сондықтан да қазақ тілін зерттеушілер қазақтардың шешендігіне, тапқырлығына таң қалған.

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін меңгерген адам қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ұйғыр, әзірбайжан тілдерін түсіне алады. Басқа түркі тілдерін тез үйрене алады. Қазақ тілі – өте бай, терең мағыналы, әсем тіл.

Сұрақтарға жауап беріңдер


1.Мәтін тақырыбын таңдаңыз

А) Қазақтар туралы

В) Халық туралы

С) Тіл туралы

Д) Білім туралы

Е) Тәуелсіздік туралы

2. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты көрсетіңіз

А) Жеті мыңға жуық тіл бар

В) Қазақ тілі – өте бай тіл

С) Әрбір халықтың өз тілі бар

Д) Қатынас жасау үшін тілді қолданады

Е) Түркі тілдер тобына жатады

3. Сөйлемді толықтырыңыз

Сөйлесу арқылы пікірлеседі, ...... .....

А) сөйлеседі және ойланады.

В) әңгімелеседі және тыңдайды.

С) өз ойын айтады және сұрақтар қояды.

Д) ой бөліседі және ойын жеткізеді.

Е) сұрақтарға жауап береді және түсінік айтады.

4. Мәтін бойынша қазақ тілі қандай тіл?

А) егеменді, бай, шешен

В) тәуелсіз, әуенді, терең

С) маңызды, шебер, мемлекетттік

Д) сұлу, мағыналы, әдемі

Е) әуезді, әсем, шешен

5. Мәтінге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз

А) Зерттеушілер қазақтардың шешендігіне, тапқырлығына сенбеген

В) Қазақтардың барлығы табан астында өлең шығарады

С) Қазақтар бір-бірімен қатынас жасау үшін тілді қолданады.

Д) Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады

Е) Тіпті қойылған сұраққа өлеңмен жауап беретін болмаған.

6. Қазақ тілі қандай тобына жатады?

А) Қазақ тілі қыпшақ тілдер тобына жатады

В) Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады

С) Қазақ тілі оғыз тілдер тобына жатады

Д) Қазақ тілі шығыс тілдер тобына жатады

Е) Қазақ тілі аралық тілдер тобына жатады

7. ҚР мемлекеттік тілі мәртебесі (статусы) қашан берілді?

А) 1993 жыл, 28 қаңтар

В) 1989 жыл, 22 қыркүйек

С) 1995 жыл, 30 тамыз

Д) 1997 жыл, 11 шілде

Е) 1998 жыл, 7 қараша


8. Қай ұлттар қазақ тілін түсіне алады?

А) қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ

В) қырғыз, белорус, әзірбайжан

С) қырғыз, украин, өзбек

Д) қырғыз, өзбек, грузин

Е) қырғыз, қарашай, хазар

9. Антонимдерді табыңыз

А) маңызды-мағыналы

В) әуенді-әуезді

С) бай-мағыналы

Д) сөйлесу-үндемеу

Е) пікірлесу-ой бөлісу

10. Сөйлемді толықтырыңыз

Адамдар .......... қатынас жасау үшін тілді қолданады.

А) кейбіреулерімен

В) барлығымен

С) бір-бірімен

Д) халықпен

Е) басқа елдермен


Тыңдалым № 5

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

(1899-1964)


Қаныш Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезовпен бірге оқыған.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.

Жезқазғанда геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастырып, зерттеген. Кеннің мол қоры бар екенін дәлелдеген Қ.Сәтбаев Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтерді.

Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерінің бар екендігін анықтаған. Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек етті. Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды зерттеген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшы болған. Сол кезде Сәтбаевтың жетекшілік етумен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені зерттеліп, іске қосылған. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жәнет.б. зерттеулер Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. (150 сөз)

Тыңдалым № 5

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Қ.Сәтбаев қайда туған?

А) Павлодар облысы Бәйдібек ауданы

В) Павлодар облысы Баян ауданы

С)Семей облысы Баянауыл ауданы

Д)Павлодар облысы Баянауыл ауданы

Е)Баянауыл ауданы Қаракесек ауылы

2. Мұғалімдер семинариясында кімдермен оқыған?

А) Ж.Аймауытов, А.Байтұрсыновпен

В)Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевпен

С) Ж.Аймауытов, М.Әуезовпен

Д) Ж.Аймауытов, М.Шахановпен

Е) Ж.Аймауытов, М.Дулатовпен

3.Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?

А)Н.Ә.Назарбаев

В)Қ.Сәтбаев

С)М.Әуезов

Д)Д.А.Қонаев

Е)С.Асфендияров

4.Ғалымның негізгі еңбектері неге арналған?

А)геология және минералды ресурстары

В) география және минералды ресурстары

С) темір және минералды ресурстары

Д) түсті металдар және минералды ресурстары

Е) кен байлықтары

5. Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді таңдаңыз

А)Өлімнен ұят күшті

В)Денсаулық – зор байлық

С)Ердің атын еңбек шығарады

Д)Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне

Е)Адам тастан қатты, гүлден нәзік

6.Мәтінге сәйкес синонимдерді көрсет

А)білімді, сауатты, зиялы

В)көркем, ажарлы, көрікті

С)үлкен, орасан, зор

Д)көлем, аумақ, мөлшер

Е)жанұя, отбасы

7.Жаңа планетаға кімнің аты берілді?

А)М.Әуезовтің

В)М.Мақатаевтің

С)Қ.Сәтбаевтың

Д)Н.Ә.Назарбаевтың

Е)Ш.Уәлихановтың

8. Ұлы Отан соғыс жылдарында танк бронын құюға не керек болды?

А) көмір

В)мыс

С)қорғасын

Д)марганец

Е)алтын

9.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

А)Ғалым ерінбей үйренеді де, ізденеді.

В)Ғалым білім алады да, білімге білім қосады.

С)Қазақстанның ғылым академиясы 1946 жылы ашылды.

Д)Ғалым білімді болу керек, білімдінің бәрі ғалым бола бермейді.

Е)Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек етті.

10.Антонимдерді табыңыз

А)аласа-төмен

В)атақты-абыройлы

С)келу-бару

Д)шың-шық

Е)шын-жалған








Оқылым №1


Асфендияров Санжар Жафарұлы (1889-1938)

Санжар Асфендияров Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясын бітірген. 1914-1915 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1919 жылы қыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкетке келеді. Түркістан АҚСР-інің Денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, Түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды.

С.Асфендияров 1931-1933 жылдары Қазақ АҚСР-і денсаулық сақтау халық комиссары, Алматы мемлекеттік медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры болды. Ғалым жұқпалы аурулармен күрес, олардың алдын алуға, сондай-ақ халыққа ақысыз көмек көрсету жұмыстарына көп еңбек сіңірген.

С.Асфендияров Қазақстан тарихын зерттеген. Оның «Қазақстанның ерте дүние тарихы», «Қазақстанның өткен кезеңі», «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес» атты монографиялары бар. Ол орыс, ағылшын, француз, араб тілдерін жақсы меңгерген.

Санжар Жафарұлы жалған жаламен ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ғалым ғылым, қоғамның дамуына көп еңбек сіңірген. Ғылым, білім мен денсаулық сақтау салаларына сіңірген еңбегі үшін 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына С.Асфендияровтың есімі берілді.

Оқылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер

1. С.Асфендияров кім?

А)Жер халық комиссары

В) Компартияның хатшысы

С) Ғалым, қоғам қайраткері

Д)Тұңғыш ректор, профессор

Е)Денсаулық сақтау халық комиссары

2. Ол Мәскеуде қандай қызмет атқарды?

А)қоғам қайраткері

В)дәрігер

С)комиссар

Д)хатшы

Е)профессор

3.Жалған жала тіркесті түсіндір

А)өтірік айту

В)өтірік кінә тағу

С)өтірік айтпау

Д)шындықты айтпау

Е)шындықты айту

4. С.Асфендияров нені бітірді?

А)Мәскеудегі мемлекеттік университетін

В)Санкт-Петербургтегі медицина институтын

С)Санкт-Петербургтегі әскери академиясын

Д) Санкт-Петербургтегі әскери иститутын

Е) Санкт-Петербургтегі әскери медициналық академиясын

5. Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді таңдаңыз

А)Өлімнен ұят күшті

В)Денсаулық – зор байлық

С)Ердің атын еңбек шығарады

Д)Әркімдікі өзіне ай көрінер көзіне

Е)Адам тастан қатты, гүлден нәзік

6.Мәтінге сәйкес синонимдерді көрсет

А)білімді, сауатты, зиялы

В)көркем, ажарлы, көрікті

С)үлкен, орасан, зор

Д)көлем, аумақ, мөлшер

Е)жанұя, отбасы

7.Ол немен күрес жүргізді?

А)жалған айтқандарымен

В)сөгыста

С)жұқпалы аурулармен

Д)жаумен

Е)сауатсыз адамдармен

8. С.Асфендияров кімге ақысыз көмек көрсету жұмыстарын жүргізді?

А)балаларға

В)халыққа

С)әйелдерге

Д)кісіге

Е)адамға

9.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

А)1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына С. Асфендияровтың есімі берілді

В)Алматы мемлекеттік медицина институтының тұңғыш ректоры болды

С)Денсаулық сақтау халық комиссары болды

Д)Мәскеу университетінің ректоры болды

Е)Жер халық комиссары болды

10.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

А)С.Асфендияров нені зерттеген?

В) С.Асфендияров орыс, ағылшын тілдерін қалай үйренді?

С) С.Асфендияров медициналық академиясын қашан бітірген?

Д) С.Асфендияровтың жұмысы қай жерде орналасқан?

Е) С.Асфендияров магистратурады оқыды ма?





Агата Кристи – әлемдегі ең белгілі жазушы. Агата Миллер 15 қыркүйек күні 1890 жылы, Торки қаласында туған. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған. Жалпы, Агата 60 детективті және 6 психологиялық роман жазған. Сонымен қатар 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьеса жарыққа шығарған. Жазушының көптеген еңбектері Мэри Уэстмаккот немесе Вестмаккот деген жалған атпен шыққан. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ауруханада медбике болып істеді. Бұл жұмыс оған қатты ұнайтын жəне Агата оны ең пайдалы мамандық деп атады. Ол фармацевт болып та істеді, мүмкін осы жұмысы оның оқиғаларындағы өлімдерге əсер етті. Себебі 83 өлім уланудың кесірінен болды.

1930 жылы Ирактағы сапарында ол Маркс Маллоуэн мен танысады. Олар бір-бірін жақсы көріп, неке қияды. 1971 жылы оның денсаулығы нашарлай бастады. Бірақ ол жазуды тоқтатқан жоқ. Дəрігерлердің айтуы бойынша Агата Кристи Альцгеймер ауруына шалдыққан. 1976 жылы ол Уоллингфорд қаласындағы үйінде қайтыс болды.

Оқылым № 2. Мәтін бойынша тест тапсырмалары.

1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз

А)Жазушы өте көп еңбек жазған

В)Жазушының романдары көп тілге аударылған

С)Агата Кристидің еңбектерін халық сүйіп оқиды

Д)Оның көптеген еңбектері жалған атпен шыққан

Е)19 әңгімелер жинағы бар

2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз

А)Оның детективтері қазақ тіліне аударылған

В)Жазушы Вестмаккот деген жалған атты ұнататын

С)Агата Кристидің шын аты Мери Уэстмаккот болған

Д)Жазушы кітаптарының тиражы 4 миллиардтан асады

Е)Оның романдары 101-ден астам тілге аударылған

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

А)Жазушы еңбектерін неге жалған атпен шығарған?

В)Агата Кристидің кітаптарының тиражы қанша?

С)Агата Кристидің романдары қандай тілдерге аударылған?

Д)Әңгімелер жинағы мен пьесаларын кімдер жарыққа шығарды?

Е) Агата Кристидің еңбектерін халық сүйіп оқиды ма?

4.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз

А)әңгіме, тіл, кітап

В)кітап, еңбек, пьеса

С)аудару, жазу, шығару

Д)жазушы, еңбек, жалған ат

Е)белгілі жазушы, роман, тираж

5.Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз

Агата Кристи – белгілі жазушы.

А)кәсіби

В)талантты

С)дарынды

Д)жаңашыл

Е)атақты

6.Мәтінде топтау сан есімдер қанша?

А)1

В)2

С)3

Д)4

Е)5

7.Мәтінде бірінші абзацта туынды зат есімдер қанша?

А)1

В)2

С)3

Д)4

Е)5

8.Мәтінге тиісті мақал-мәтелді көрсетіңіз

А)Ерлік білекте емес, жүректе.

В)Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

С)Еңбек-адамның көркі,

Адам-заманның көркі.

Д)Ер елінде , гүл жерінде

Е)Адам қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

9.Ол қандай мамандықты пайдалы деп айтты?

А)фармацевт

В)дәрігер

С)медбике

Д)жазушы

Е)ақын

10.Асты сызылған сөз .........

А)күрделі туынды сөз

В)күрделі қайталама сөз

С)күрделі қос сөз

Д)күрделі кіріккен

Е)күрделі біріккен







































1

С

С

Е

С

Е

Д

Д



















2

Е

Д

С

В

С

С

С



















3

В

В

А

В

В

В

Е



















4

Е

С

А

С

А

А

В



















5

С

Е

А

Д

В

С

Д



















6

А

В

В

А

С

В

С



















7

С

А

В

Е

Д

А

А



















8

В

С

С

С

Е

Е

В



















9

Д

С

Д

В

С

Д

С



















10

А

Е

Е

Е

А

Е

Д





















Тыңда

лым

1.

Тыңда

лым

2

Тыңда

лым

3

Тыңда

лым

4

Тыңда

лым

5




















1

А

С

С

Д

Д




















2

В

В

А

С

С




















3

В

Е

Д

В

В




















4

С

В

Е

А

А




















5

Е

С

Д

С

С




















6

А

С

В

А

А




















7

В

А

В

С

С




















8

Д

С

А

Д

Д




















9

В

Д

Д

С

С




















10

Д

А

С

Е

Е




































ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

  1. Р.Е. Қамжебаев, А.Т. Күзенбаев, А. Асылбеков. Қазақша үйренейік. Сөйлеу үлгілері. Астана. 2001.

  2. Казақстан Республикасның Конституциясы. Алматы. 2007.

  3. Адамбаева Ж., Оңалбаева К. Қазақ тілі. Орыс тіліне жалпы білім беретін мектептің 10- сыныбына арналған оқулық. Алматы. Мектеп, 2001

  4. Библиография ученых Казахстана. Алматы: Институт философии и политологии. 2001.

  5. Дала мен қала. 2010 ж., 19 сәуір.

  6. Ермекбаев Н.Б., Қойшыбаев Т.Т. Қазақстан и страны мира. Алматы. 2006.

  7. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. Алматы. 2003.

  8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы. П., 2009.

  9. Қаженов Е. Дала мен қала. 2 қараша, 2007 ж.

  10. Қазақстан Республикасндағы тіл туралы Заңы. А., 1997 ж

  11. Қазақ тілі. Учебно-методический комплекс. П., 2017.

  12. Кайырбекова З.Қ. Кәсіби қазақ тілі. Алматы. 2003.

  13. Қарабаева Қ.Ә. Қазақ тілі. Алматы. 2004.

  14. Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі. Алматы. 2003.

  15. Мұхамадиева Н., АтабаеваМ., ИбраеваР. Іскерлік қазақ тілі. Алматы, 2000 ж



















29


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.03.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі