400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдарлама "Журналистика негіздері" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарлама жас журналистермен жұмыс жасауда көмегін тигізеді. Және де мектептегі мектепішілік газетті ұйымдастыруда қажет жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарқаралы ауданының білім бөлімі

«Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы атындағы

№44 жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қарастырылды Келісілді Бекітемін

Әдістемелік бірлестік Директордың «Қарқаралы қаласындағы

отырысы әдістемелік кеңес Мәди Бәпиұлы атындағы

Хаттама № орынбасары №44 ЖОББМ базасындағы

тірек мектебі (РО)» КММ

директоры

«___»_________2019жыл ____________________ _____________________

Әдістемелік бірлестік Каирбекова З.А. Мазин Б.Н.

Жетекшісі:

_____________________ «___»______2019жыл Бұйрық №

Исина Г.А. «___»________2019жыл





«Журналистика негіздері»

Элективті курсының

бағдарламасы


( 6 сынып, 34 сағат саны)

2019-2020 оқу жылы







Құрастырған:

Ахметова Г.К

Қазақ тілі пәні мұғалімі









Қарқаралы-2019





Авторы:

«Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББМ базасындағы

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Ахметова Г.К___________


Гуманитарлық пән бірлестігінде талданды:

Хаттама №_____ «____» ____________2019ж.

Бірлестік жетекшісі: ________________ Исина Г.А



Мектептің әдістемелік кеңесінде мақұлданды:

Хаттама №______ «____» ____________2019ж.

Әдістемелік кеңес жетекшісі: _______________ З.А.Каирбекова






























«Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының М. Бәпиұлы атындағы

№44 жалпы орта білім беретін мектебінің базасындағы тірек мектебі

(ресурстық орталық)» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Гүлдана Қадырқызының

6-сыныпқа арналған «Журналистика негіздері» бағдарламасына


Пікір

Бұл курс жалпы білім беретін мектептерде «Журналистика негіздері» таңдау курсының қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыру және оқыту әдістемесін жетілдіруді, оқушылардың жалпы сауаттарының, шығармашылық қабілеттерінің артуына, тілдерінің дамуына мол септігін тигізеді, журналистиканың қоғамдағы орнының маңыздылығын ұғындыра отырып, журналист мамандығы, бұқара-ақпараттық құралдары, журналистік шеберлік т.б. туралы білім беруді көздейді. Мектеп білім алушыларының тілдік сауаттылықтары артады, қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілдік сауаттылықтарын дұрыс қолдана білуге үйретеді, мектеп түлектерін қызықтыратын журналист, репортер, редактор, тілші мамандықтарын теория және практика жүзінде таныстыру, дәстүрлі емес жазба жұмыс түрлері арқылы тіл мәдениеттерін, сөздік қорларын арттырады. Осы курс білім алушыларды теориялық және шығармашылық білімдерін практикалық тапсырмалар орындау арқылы белсенді игеруге бейімдейді.



«Мәди Бәпиұлы атындағы А.К.Асанова

№44 ЖОББ мектебінің базасындағы

тірек мектебі (РО)» КММ

педагог-сарапшы

қазақ тілі пән мұғалімі




Түсінік хат

Бұл курс оқушыларға журналистиканың қыр-сыры мен бастапқы жолын үйретуге, мамандық таңдауда дұрыс жол сілтеуге бағытталған. Қазіргі таңда Отандық білім жүйесін бәсекеге қабілетті етуде білім мазмұны түбегейлі өзгеруде. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыны жеке-дара қабілеті, бейімділігі ескеріліп, білім беруді жеке тұлғаға бағыттау өзекті мәселе болып отыр. Нәтижеге бағытталған білім беруде бейінді оқытудың, атап айтқанда даралай, саралай оқыту Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында негізделген, осыған орай бейінді оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытын таңдай отырып, оқушыларға филологияға жақын журналистиканың қыр-сырын танытып, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту барысында «Журналиситика негіздері» таңдау курсын жүргізу қажеттігі туындады. Журналистиканы оқу арқылы оқушылар бүкіл адамзат құндылықтарымен сусындап, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алады. Бұл курс оқушылардың жалпы сауаттарының, шығармашылық қабілеттерінің артуына, тілдерінің дамуына мол септігін тигізеді, журналистиканың қоғамдағы орнының маңыздылығын ұғындыра отырып, журналист мамандығы, бұқара-ақпараттық құралдары, журналистік шеберлік т.б. туралы білім беруді көздейді. Оқушы білімінің шектеулі болмай, әлемдік білімге ұмтылуын қамтамассыз етеді.

























Мақсаты:

«Журналистика негіздері» курсы оқушының өз ойын толық жеткізе алуына, шығармашылық қабылетін арттырып, сөйлеу мәнерінің қалыптасуына септік етеді. Оқушыларға журналиситиканың негіздері жөнінде түсінік бере отырып, оның қоғамдағы алатын орнымен таныстыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, интеллектуалдық, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.



Міндеті:

  1. Жас ақын-жазушыларды табу, аша білу және бағыт беру;

  2. Болашақта журналистика мамандығын таңдаған оқушыларға қажетті кіріспе сабақтар өткізу;

  3. Көркем шығармаға баға беру;

  4. Көркем бейне арқылы ақиқатты меңгерту;

  5. Оқушылардың қабылдау, ойлау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер:

Нәтижесінде оқушының оқырмандық мәдениетінің болады, әдеби шығарманың эстетикалық мәнін ұғынады, көркем ойдың тәрбиелік мәнін түсінеді, коммуникативтік дағдылары, ғылыми-шығармашылық жобалау әрекеттері дамиды, оқушының әлеуметтенуіне жағдай жасалады





















Тақырыптық күнтізбелік жоспар

(34 сағат)

Рет саны

Тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2

Журналистика пәні нені үйретеді?

1

3

«Саналы ұрпақ» (өнеге сабақ)

1

4

Журналист. Журналистерге қойылатын талаптар

1

5

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл

1

6

Журналистиканың қызметі жайлы

1

7

Журналистикадағы бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)

1

8

Жазушы Жүсіпбек Аймаутовтың туғанына 130 жыл

1

9

Журналистика терминінің пайда болуы

1

10

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл (Ғылыми-практикалық конференция)

1

11

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл

1

12

Қазақстан баспасөз құрылымы

1

13

Бердібек Соқпақбаев 95 жыл

1

14

Баспасөз түрлері, сөз бостандығы

1

15

Журналистиканың түрлері.

1

16

Мектепішілік «Шырақ» газетін ұйымдастыру

1

17

«Мектеп өмірі» жобасы

1

18

Мақала сипаты

1

19

Сұхбат. Сұхбат алу үлгісі

1

20

Әбдіжәмал Нұрпейісовтың туғанына 95 жыл

1

21

Қазақстан журналистикасы

1

22

Репортер

1

23

Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл

1

24

Журнал. Журнал турлері

1

25

Журналдардың шығу тарихы

1

26

Басылым түрлері

1

27

Практика. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Мәнерлеп оқу сайысы

1

28

Журналистің сөйлеу мәдениеті

1

29

Қазақстан Журналистер Одағы

1

30

Қазақстандағы журналистика

1

31

Журналистік қызмет

1

32

Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл

1

33

Практикалық сабақ

1

34

Қорытындылау

1






































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақ журналистикасы 1,2,3 томдық

  2. З.Қабдолов «Сөз өнері»

  3. Қ.Тұрсын, Ж.Нұсқабайұлы «Тележурналист анықтамалығы»

  4. М.Қабанбай «Журналистика»

  5. Балалар энциклопедиясы

  6. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010

  7. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.

  8. "Қазақ энциклопедиясы",5 том

  9. http://kk.wikipedia.org. Ашық энциклопедия

  10. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: 2007

  11. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.

  12. Баялиева Д.С. БАҚ-тың тілі мен стилі - Алматы: 1999

  13. Тертычный А.А. Жанры периодической печати. Учебное пособие –

М.: Аспект Пресс, 2000

14. Қазақ совет энциклопедиясы. 9-том, 1976

15. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002

16. Кәкен Қамзин.. «Журналистика негіздері» пәнін оқытудағы креативті тәсілдері. Оқу құралы.

17. http://massaget.kz сайты.

18. http://alashainasy.kz/ сайты

19. Абайтану.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
977
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі