Бағдарлама "Қазақ тілі" курсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдарлама "Қазақ тілі" курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі» курсы бағдарламасында оқушының тiлдiк бiлiмiн кеңейтiп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтiк, танымдық мотивтердiң қалыптасуына жол аша отырып, алған бiлiмдерiн практикалық iскерлiк-дағдыға айналдыру көзделедi.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түсінік хат

Тiл кез-келген танымдық iс-әрекеттердiң құралы, ойлаудың формасы

және оны дамытудың негiзi болып саналатындықтан, мектеп жасындағы балалар «Қазақ тiлi» пәнi арқылы тiлдiң үш түрлi қызметiн: теориялық мәселелердiң практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететiн бiлiмдiк қызметiн; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тiл арқылы меңгеруге болатынына және өз ойын жеткiзудiң, өзiн-өзi тану мен өзгенi танудың бiрден-бiр құралы тiл екендiгiне көз жеткiзетiн танымдық қызметiн алған бiлiмдi практикалық тұрғыда қалай қолдану iскерлiктерiн жетiлдiруге бағыттайтын коммуникативтiк қызметiн меңгерту мiндеттелiнедi.

Оқушылар бұл қазақ тілі жұмысының барысында стилистиканың негізгі

ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын

және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын, сөзжасам түрлерін, грамматика салаларын жан-жақты, терең игеруі қажет.Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, жүргізілген тәжіри-белік жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсат-тарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейінде «Қазақ тілі » курсының мақсаты – ана тiлiнiң қоғамдық-әлеуметтiк мәнiн түсiнген, тiлдiң қызметiн жүйелi меңгерген, коммуникативтiк бiлiктiлiгi дамыған дара тұлға даярлауға мүмкiндiк туғызу.

Мақсаты:

Қазақ тілі пәні адамзаттың көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап, құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, әдеби тіл, әдеби тілдің нормалары, тілдің көркемдегіш құралдарын, қазақ тілінің қызметін, тіл білімінің салаларын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін саналы түрде қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастырып дамыту.

Міндеті :

Жоғарыдағы мақсатты орындау үшiн танымдық және практикалық бағыттағы бiрнеше мiндеттер қойылады.

Танымдық бағыт бойынша:

- оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

- әрбiр тiлдiк бөлшектердiң жалпы тiл жүйесiндегi орнын, маңызы мен ерекшелiктерiн ажырата бiлуiне қажеттi iскерлiк-дағдыларын қалыптастыру;

- тiлдiң қоғамдық маңызын түсiндiру, ана тiлiнiң бүгiнгi таңдағы әлеуметтiк рөлiн, оның басқа тiлдермен өзара байланысын, теңдiгi мен бiрлiгiн ұғындыру;

- оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсiну әрекеттерiн жетiлдiру, шығармашылық қабiлеттерiн арттыру;

- тiлдiк құбылыстарды абстрактылауды және жинақтауды үйрету, таным белсендiлiгiн күшейту;

- тiл фактiлерi арқылы оқушының рухани дүниесiн жетiлдiру, адамгершiлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

- қазақ тiлi сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан бiлiм негiздерiмен қаруландыру.

Практикалық бағыт бойынша:

- оқушының тiлдiк сауаттылығын арттыру, әдеби тiл нормаларын меңгерту;

- тiл мәдениетiн қалыптастыру, тілдің стильдік ерекшеліктерін оқып-үйрету, ауызекi сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетiнiң талаптарына сай дағдыларды жетiлдiру.

Қазақ тiлi сабағы оқушы үшiн тек грамматикалық ережелер жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан шығып, баланың ой- өрiсiн өсiрiп, оған тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiруi қажет. Бұл оқу материалдарының, жалпы бiлiм мазмұнының iшкi байланыстарынан туындап, оқушының шығарма-шылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным деңгейiне сүйенiп, оның өмiрге, қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыруға себiн тигiзедi. Оқушының таным деңгейi оның сөйлеу тiлiне, сөздердi орынды қолданып, сөйлемдi дұрыс құрастыру, ойын жеткiзе бiлу iскерлiгiне тiкелей тәуелдi. Сондықтан «Қазақ тілі» бағдарламасында оқушының тiлдiк бiлiмiн кеңейтiп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын арттыратын әлеуметтiк, танымдық мотивтердiң қалыптасуына жол аша отырып, алған бiлiмдерiн практикалық iскерлiк-дағдыға айналдыру көзделедi.

Оқушы деңгейіндегі міндеттер: теориялық, практикалық, жекелей жұмыс түрлері.

Педагог деңгейіндегі міндеттер: теориялық, практикалық, жекелей жұмыс түрлері:

-Тұлғаны стильдік материалдарды ашық ажырата білуге үйрету;

-Сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру;

- Көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу;

- Сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгере білуге қалыптастыру;

- Өз бетімен іздене білуге үйрету;

-Қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білу;

-Шығармашылық қасиеттерін дамыту;

Өз беттерімен мәтіндер, сценарийлер құрастыра білу,талдау, пікір айта білу;

Тарихи – мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгерту;

Шағын мақала, өлең, ертегілерді ойдан шығарту, талдау жасауға икемдеу;

Қазақ тілінің (танымдық) халықтық сипатын танытатын тілдегі сөз таптарының түрлерін, олардың атқаратын қызметін, байланыс түрлерін терең меңгере отырып, қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап,талғап қолдана білу;

Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру.





































Бағдарлама мазмұны:

Қазақ тілі аптасына 1 реттен 34 сағатқа негізделіп жасалды.

Стилистика туралы түсінік 5 сағат. Бұл бөлімде оқушыларға стилистиканың тіл білімінің үлкен бір саласы екенін меңгерту. Оқушыларға стилистиканың тіл білімінің үлкен бір саласы ретінде рөлі мен орнын таныту, оның қарастырылатын мәселелерін меңгерту және білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетінің қалыптастыру ретінде игерту. Стилистика саласы бойынша негізгі білімді қалыптастыру.

Әдеби норма 5 сағат. Бұл бөлімде оқушыларға тіл нормаларын меңгерте отырып, күнделікті өмірде сол тіл нормаларын сақтай білуді меңгерту.

Сөз мәдениеті, стиль түрлері 14 сағат. Бұл бөлімде оқушыларға стиль түрлерін меңгерте отырып, оларды дұрыс қолдана білуге және өздері үйренген білім негіздерін шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту көзделді.

Сөзжасам 5 сағат. Бұл бөлімде оқушылар сөздердің жасалу жолдарын әрбір сзге аналитикалық және синтетикалық тәсілдерімен талдау жұмыстарын жүргізу арқылы меңгерту көзделді.

Грамматика 4 сағат. Бұл бөлімде сөйлем түрлері мен тыныс белгілері туралы мағлұмат алу көзделдіЖыл көлемінде алған білімдерін жинақтап қорытады.

Әрбір мәдениетті адам сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талаптанады. Сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық айқындылық, тіл тазалығы, тіл дәлдігі - тіл мәдениетіне тікелей қатысты. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер шешімін табуға тиіс:

- оқушыларға тіл тазалығы, тіл мерейі, мемлекеттік тіл, ана тілдің көркемділігі әдеби тіл нормаларын сақтауға биік талап қойылады;

- тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографиялық, орфоэпиялық қателерді, стильдік қателерді болдырмаудың жолдарын үйрету;

- мыңдаған сөздерді талғап ойын анық, оны дәл жеткізу үшін басқа сөздермен тіркестіріп, сөйлемдерді дұрыс құрауға дағдыландыру;

- әдеби тіл нормаларын қатаң сақтауға үйрету.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары, өзіндік жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Қазақ тілінде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуі тиіс:

Қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функционалды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі тиіс. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, сөзжасам, олардың жасалу жолдары, грамматика саласы бойынша қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.

Оқушылар істей білуі тиіс:

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, сабақта және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.




































«Қазақ тілі» курсы 10 сынып Барлығы 34 сағат, апталық сағаты - 1

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

Стилистика туралы түсінік 4 сағат

1

Стиль термині туралы түсінік

1



2

Стилистиканың тіл білімі салаларымен байланысы, оның негізгі обьектісі: грамматика, лексикология, фонетика

1



3

Фонетикалық стилистика

1



4

Лексикалық стилистика

1



5

Грамматикалық стилистика

1



Әдеби норма 5 сағат

6

Әдеби тіл

1



7

Лексикалық норма

1



8

Орфоэпиялық норма

1



9

Орфографикалық норма

1



10

Грамматикалық норма

1



Сөз мәдениеті, стиль түрлері 14 сағат

11

Ауызекі сөйлеу стилі.

1



12

Ауызекі сөйлеу стилінің грамматикалық ерекшеліктері

1



13

Іс – қағаздар немесе ресми стильге тән белгілер

1



14

Ресми стильдің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері

1



15

Ресми іс-қағаздары стиліне байланысты құжаттармен жұмыс жасау

1



16

Ғылыми стиль, оның қолданылу аясы

1



17

Ғылыми стильге тән белгілер

1



18

Ғылыми тақырыпта эссе жазу

1



19

Публицистикалық стиль, оның қолданылу аясы

1



20

Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

1



21

Мақала жазуға қойылатын талаптар. Публицистикалық мақала жазу.

1



22

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің қолданылу аясы

1



23

Көркем әдеби стилінде эссе жазу

1



24

Мәтін стилистикасы . Ойды жүйелі жеткізудің алғы шарттары

1



Сөзжасам 5 сағат

25

Сөзжасамның синтетикалық (морфологиялық) тәсілі

1



26

Сөзжасамдық жұрнақтар

1



27

Сөзжасамның аналитикалық тәсілі

1



28

Сөзжасамның лексика – грамматикалық тәсілі

1



29

Туынды сөздер

1



Грамматика 4 сағат

30

Сөз байланысының түрлері

1



31

Сөйлем түрлері

1



32

Компонентті құрмалас сөйлем

1



33

Тыныс белгілері

1



34

Сөйлеу мәдениеті. Қорытынды

1





Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.

Мұғалімдер үшін:

1. Р.Сыздықова Сөз құдіреті – Алматы, 1997

2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

3. Қ.Жұмалиев Стиль өнер ерекшелігі - Алматы, 1976

4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005

5. Р.Сыздық Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі –А., Арыс,2004

6. М.Серғалиев Көркем әдебиет тілі – Алматы, 1995

7. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі - Алматы, 1996

8. А.Байтұрсынов Тіл тағылымы - Алматы,1992

9. М.Балақаев Тіл мәдениетінің мәселелері – Алматы, 1965

10. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых

бумаг – Алматы, 2000

11.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің

стилистикасы - Алматы, 2005

12. Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2006


Оқушылар үшін:

1. Қ.С.Дүсіпбаева «Қазақ тілінің стилистикасы» -Өскемен: КМК «Шығыс Ақпарат», 2009.-120 бет

2. Т.Ахтанов Тіл білімінің негіздері. Алматы, Рауан, 1995.

3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы.

2000 ж.

4. Оқушы анықтамалығы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.01.2025
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі