жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бағдарлауды үйренеміз
Пәні: әдебиеттік оқу Мектеп: № 81 мектеп-гимназия Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Салимбаева С.К. Сынып:3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Туған өлкем гүлдерменен көрікті |
|||||||||
Оқу мақсаты |
3.1.5.1. Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу |
|||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Шығарманы мәнерлеп оқиды. Көпшілік оқушылар:Шығарма шумағының мағынасының мәнін түсінеді Кейбір оқушылар:Көркем сөздерді дұрыс қолдана отырып өз ойларын тұжырымдайды.5-жолды өлең құрастырады. |
|||||||||
Бағалау критерийлері |
* Шығарманы мәнерлеп оқиды * Мағынасының мәнін айтып береді * Көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойы мен сезімін жеткізеді |
|||||||||
Тілдік мақсаттар |
Жайнар,құлпырды,лүпіл сөздерін өз лексикаларында пайдалануды 5 жолды өлеңде көрсетеді |
|||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім құндылығын негізге ала отырып оқушыларды топқа бөліп,жұптасу арқылы- ынтымақтастық құндылығын дарыту. |
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сергіту сәті кезінде –музыка пәнінің байланысы ,ой қозғау,саралау кезінде дүниетану пәнінің байланысы жүзеге асырылады. |
|||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Шығарманы таныстыру кезінде- аудиокітаптарды пайдалану. Сергіту сәті кезінде бейнеролик көрсету. |
|||||||||
Бастапқы білім |
Гүлдер туралы ,оның құрылысы туралы біледі. |
|||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурс |
||||||||
Сабақтың басы (3мин)
(1 мин)
(4мин) |
1.Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал Сиқырлы шеңбер: Әрқайсыларыңның алдарыңда сиқырлы дөңгелектер жатыр, оларды алып, артын аударып қарасаңдар сиқыр табасыңдар, онда бір – біріңмен қалай сәлемдесу керектігінің сиқырын көресіңдер. Егер күлкі бейнеленсе, онда бір – бірімізге күлімдей қарайық, алақан суреттенсе қолымызды қысып амандасайық, жүрек бейнеленген болса – құшақтасайық, күн бейнеленген болса – жақсы сөз айтып сәлемдесейік. 2.Топқа бөлу: (раушан,түймедақ,қызғалдақ гүлдеріарқылы ) 3.Үй тапсырмасы: «Интервью» әдісі Сұрақ-жауап: - Қанатты достарға нелер жатады? -Әңгімедегі балапанды сипатта. -Шығармадағы Жантастың қылығы туралы не айтар едің? -Шығарманы өз ойларыңмен аяқтап көр. |
Сиқырлы дөңгелектер
раушан,түймедақ,қызғалдақ гүлдерінің суреттері
микрафон
|
||||||||
Сабақтың ортасы (5 мин)
Топтық жұмыс:
(5мин)
Жұптық жұмыс:
(7 мин)
СЕРГІТУ СӘТІ: (3мин)
Жеке жұмыс: (8 мин)
|
«Ой қозғау» Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын шығарады. «Туған өлкем гүлдерменен көрікті» «Туған өлкем гүлдерменен көрікті». Өйткені... Пікірін дәлелдеу. 1. 2. Өлеңді тыңда. ГҮЛДЕР Автор туралы қысқаша мәлімет беру 1.«Гүлдер» шығармасын мәнерлеп оқы, сұрақтарға жауап бер. Өлеңде не туралы айтылған? Гүлді неге теңеген? Дескриптор: *берілген шығарманы мәнерлеп оқиды *мазмұнын ашады *сұрақтарға жауап береді БАҒАЛАУ: Топ басшысының бағалау парағы арқылы
2.Шығармадан гүлдерге қатысты көркемсөздерді тауып жаз. Дескриптор: *көркем сөздерді табады *мағынасын ашады Бағалау:Интербелсенді тақтадан жазғандарын салыстырады,санайды,саны бойынша гүлдер таратып беремін. ӘЛИ МЕН АЙЯНЫҢ –гүлдер туралы өлеңін бірге орындау 3. Гүл туралы 5 жолды өлең құрастыр: 1-жол-тек1 сөзбен беріледі:зат есім. 2-жол-тақырыпты2 сөзбен сипаттау:сын есім 3-жол-тақырыпқа қатысты 3 қимыл атауын жазу:етістік. 4-жол-сезімді білдіретін 4 сөз. 5-жол-тақырыппен мәндес 1сөз:синоним. Дескриптор: * зат есім 1 сөз жазады * сын есімге 2 сөз жазады * етістікке 3 сөз жазады * сезімді білдіретін 4 сөз жазады * тақырыппен мәндес 1сөз жазады. Бағалау: көршісімен алмасып бірін-бірі бағалайды.
|
Сөзжұмбақ жазылған қима қағаздар
Аудиокітап
Бейнеролик
Қима қағаздар |
||||||||
Рефлексия (3мин) |
Біз ауланы көркейтеміз. Егер сабақ түсінікті болса ағаш, әлі де үйренетінім бар десең гүл, мүлдем түсініксіз болды десең жасыл шөптер жапсырамыз.
|
ағаш, гүл, жасыл шөптердің қималары |
||||||||
Кері байланыс (1мин) |
«Гүл сыйлаймын» гүл күлтешелеріне жазу. Мен білдім . Мені қызықтырды. Мен үйрендім. |
Гүл шоғы |
||||||||
Үй тапсырмасы |
Өзіңе ұнаған гүлге зерттеу жұмысын жүргіз |
|
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген