"Балдырған"
шағын орталығы
АШЫҚ
САБАҚ
«Бағдаршам
біздің досымыз»
(кіріктірілген
сабақ)
Білім
беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Шығармащылық
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларды
жол ережесін, белгілерін есте ұстай
білуге үйрету.
Білімділік:
1.
Бағдаршам көше реттеушісі екендігі
туралы білімдерін бекіту.
2.
Түстер мен пішіндер туралы түсініктерін
бекіту.
3.
Қайшы және қылқаламмен дұрыс жұмыс
жасауға кеңістікте пішіндерді
дұрыс
орналастыра білулерін бекіту.
4.
Көркем сөзді қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік:
Көше
тәртібін сақтауға, байқағыштыққа,
қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу.
Тазалыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу
Ұжыммен
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Зейінін,
есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көру
арқылы өз ойларын жеткізе білуге
дағдыландыру.
Өлең
шумақтарын мәнерлеп айтуға дағдыландыру
Түзетушілік:
Сөздік
қорларын молайту, белсендендіру
Дыбыстау
қабілетін жетілдіру, дыбыстар қатарын
дұрыс айтуға жаттықтыру
Сұраққа
толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру
Ұсақ
қол моторикаларын дамыту.
Қостілділік:
бағдаршам -
light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green
Әдіс-
тәсілдері: Шаттық
шеңбері, әңгімелесу, жұмбақ жасыру,
сюжетті суретті қарастыру, сұрақ -жауап,
ойындық, көркем сөз,
мадақтау.
Алдын
ала жұмыс: Бағдаршам,
көше ережелері туралы әңгімелесу.
Бағдаршам туралы жұмбақтар мен тақпақтар
айту.
Балабақшадан
тыс ата -аналарға көшедегі бағдаршам
жұмысын баласымен бірге бақылауды
ұсыну.
Сабақтың
негізгі мақсаттары:
Сөздік
қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында
ойын сабағы ең негізгі орын алады. Ойын
– сабақтың мазмұныны қарай танымдық,
дамытушы ойындарды, заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай
ажаратуға және оны танып білуге үйретеді.
Басты
міндеттері:
өмірдегі,
қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғымын кеңейту;
патриоттық
сезімін арттыру;
ұлттық
тәрбиеге ықылас қою.
Сабақтың
әдіс-тәсілі:
бағдаршам,
жол ережесі жөнінде мағлұмат беру,
тақырып
бойынша сұрақтар – жауаптар,
дидактикалық
материалдарды, көрнекілікті тиімді
пайдалану,
бой
сергіту жаттығулары
сабақты
жүйелеп, тиянақтап, білімдерін бекіту.
Сабақтың
көрнекілігі:
Бағдаршам,
таспа, қатырма түрлі-түсті қағаздар,
желім, ойыншықтар (машина, автобус, жедел
жәрдем, өрт сөндіруші машина) т.б. қажетті
құралдарды пайдалану.
Сабақтың
өтілу барысы:
Тәрбиеші: Балалар,
шаттық шеңбері бойында бір-бірімізге
жылы тілек айтайық.
Балалар:
Еліміз
аман болсын!
Аспан
ашық болсын!
Береке
бірлік болсын!
Ақылды,
тәртіпті болайық!
Үлкендерді
сыйлайық!
Күн
сәулесін шашайық!
Бәріміз
дос болайық!
Тәрбиеші: -
Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көп
қонақтар келіп отыр екен, ал қонақтармен
біріншіден не істеуіміз керек?
Балалар: Амандасу
Тәрбиеші: Дұрыс
айтасыңдар, амандасуымыз керек. Ендіше
бәріміз бірге амандасайықшы.
Сәлеметсіздерме
қонақтар!
Тәрбиеші:
Балалар,
таңертең балабақшаға келерде ауа райы
қандай болды? Не байқадыңдар?
Балалар,
дұрыс айтасыңдар, таңертеңгі кез
салқындау болады.
Ал
сендер балабақшаға немен келдіңдер?
Балалар,
сендер білесіңдер ме көлікті жүргізу
үшін өзіне тән ережелері бар, оларды
«Жол жүру ережелері» деп атайды. Жол
жүру ережелерін реттеп тұратын
«Бағдаршам» екен.
Тәрбиеші: Балалар,
бүгін біз сендермен бірге «Жол атасы -
бағдаршам» тақырыбын ашамыз. Балалар
алғашқы бағдаршамды кім ойлап тапқанын
білесіңдер ме? Алғашқы бағдаршам теміржол
бойында пайда болған, оны ойлап тапқан
адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914
жылы Американың Клевлену қаласында,
сосын Нью-Йорк қалаларында пайда болады.
Бұл бағдаршам екі түсті (қызыл,
жасыл) электрлі бағдаршам болды.
Тәрбиеші: Балалар
бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті
болыпты?
Балалар: Екі
түсті.
Тәрбиеші: Қандай
түсті?
Балалар: Қызыл,
жасыл түсті.
Тәрбиеші: Ал
біздің қаламыздың көшелеріндегі
бағдаршамның неше көзі бар?
Балалар: Үш
көзді жасыл, қызыл, сары.
Тәрбиеші: Шетелдердегі
бағдаршамға – 131 жыл болыпты, ал біздің
бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.
Айбек: Ол
кәрі ата сияқты екен.
Тәрбиеші: Дұрыс
айтасың, «Бағдаршам – жол атасы» деп
бүгінгі сабағымызды тегінен – тегін
атамадық.
Сабақты
одан әрі белсенділік орталықтарында
жалғастырады. Жеке-жеке орталықтарға
жұмыс тапсырылады.
Өнер
орталығы: балалар
бағдаршамның суретін салып, түрлі-түсті
қарындаштармен бояйды.
Құрылыс
орталығы: түрлі-түсті
қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін
кесіп, бағдаршам жасайды.
Сергіту
жаттығуы:
Кәне,кәне
тұрайық,
Қанат
жазып алайық,
Алақанды
ұрайық,
Отырып
бір тұрайық.
Балалардың
еңбектерін бағалау, сәтті шыққан
жұмыстарға назар аударып, мадақтайды.
Сөзі анық, мәнін мазмұнды айтқан, сабаққа
белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
Тәрбиеші
бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп
оқып, мазмұнын талдау.
Бағдаршам.
Жасыл жанды.
Өте
бер бағың жанды.
Ал
егер сары жанса,
Кідір
тұр, жолды байқа!
Қызыл
жанды қып-қызыл от сияқты
Қолыңды
күйдіретін шоқ сияқты
Бағдаршамды
әрқашан есте сақта!
Қызыл
түс жанғанда аялда, тоқта!
Қызыл
– байқа, машина жоқ па?
Сары
– қозғалма, асықпа, тоқта!
Жасыл
– жол сенікі осыны есінде сақта!
Тәрбиеші
бағдаршамның үш түсті көзінің атқаратын
қызметін 2-3 балаға қайталатқызып
айтқызады.
Тәрбиеші: Ал,
енді мен сендерге жұмбақ жасырып
берейінші.
Қызыл
көзін ашқанда,
Сынық
сүйем баспа алға!
Сары
көзін ашқанда,
Қарап
қалма, аспанға
Жасыл
көзін ашқанда,
Өте
бергін, жасқанба!
Көзін
ашып – жұмады,
Бағыт
сілтіп тұрады,
Расында
да, бұл не балалар?
Сабақты
қорытындылау.
Балалардың жол жүру ережелері туралы
білімдерін жинақтап, әңгімелеп беруге
дағдыландыру.