400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағдаршам

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Бағдаршам» Мақсаты: Білімділігі: Жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту. Дамытушылығы: Балаларды бағдаршаммен, жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту. Тәрбиелігі: Жаяу жүргіншінің өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу. Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Материалдың қысқаша нұсқасы




,Тексерілді

«Аружан» жекеменшік

балабақшасының әдіскері

Ермекова Р.Н__________










№ 3 «Алақай» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Бағдаршам»








Тәрбиеші: Жоргинова А.С















Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты:

Білімділігі: Жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.

Дамытушылығы: Балаларды бағдаршаммен, жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жолда қауіпсіз жүру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Жаяу жүргіншінің өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар, көрнекіліктер

бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер


Шаттық шеңбері. 
Қуан шаттан, 
Қуан шаттан, 
Қуанатын күн бүгін. 
Қайырлы таң, 
Қайырлы күн, 
Күліп шықты, күн бүгін
. 

Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды

Тәрбиеші: Балалар, қане мен сендерге 
жұмбақ жасырайыншы? 
Жасыл көзі «жүр» дейді. 
Қызыл көзі «тұр» дейді.
Сары көзі «дайын бол» дейді. 
Бұл не? (Бағдаршам)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. 
Бүгін «Бағдаршам» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.

- Суретте не көріп тұрсыңдар? 
-Бағдаршам.

- Үш түсті кім атап береді?

-Қызыл, сары, жасыл.

- Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады? (Бағдаршам)
Бағдаршам туралы түсінік беру:
Тәрбиеші: Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. 
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады.

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер жүреді.. 
- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. 
- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, адамдар жолдан өтеді.

Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.  Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар. 

Ғажайып сәт: Бағдаршам келеді.

Бағдаршам:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады)

Бағдаршам:

Мені танисыңдар ма?

Менің атым Бағдаршам,

Маған назар аударсаң.

Көлік өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін.
Сергіту сәті.

«Бағдаршам»

Шарты:

«Қызыл» түсті көрсеткенде балалар қимылдамай тұрады

«Сары» түсті көрсеткенде балалар жүруге дайындалады.

«Жасыл» түсті көрсеткенде балалар орындарынан ары бері жүреді.

Бағдаршам: Балалар менімен ойын ойнағыларың келеді ме? (Иа)

Ендеше ойынымыздың аты
Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»

Шарты: Бағдаршам көзін рет-ретімен орналастыру.

Бағдаршам: Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.

Ендеше мен сендермен қоштасамын сау болыңдар.

Тәрбиеші: Бағдаршам келгеніңе рахмет. Ойының балаларға ұнады. Сен туралы балалар толық білді. Балалар бүгінгі оқу қызметімізді аяқтамас бұрын сендерге сұрақ қоямын.


Балалардың жауаптары тыңдалады.


— Бағдаршамның неше түсі бар қане атайық? /Үш түсі бар, қызыл, сары, жасыл.

— Бағдаршамның қызыл түсті жарығы нені білдіреді? /тоқта/

-Бағдаршамның сары түсі жарығы нені білдіреді ? /дайындал/

-Бағдаршамның жасыл түсі жарығы нені білдіреді? /жүр/

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі «Бағдаршам» атты оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар! Балаларды мақтап мадақтайды.

Сау болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі