Бағдаршам

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағдаршам

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы















Shape1



Shape2

«Бағдаршам»

Shape3

Тақырыбы:
































Бекітілді:

Тобы: Ересек топ

Күні: 17.02.2025

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыьбы: Бағдаршам

Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету.

Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.

Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртібін реттеуші

Көрнекілігі: Бағдаршам макеті, жол белгілері


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырацды қаламыз

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң балалар.

Сәлем саған Алтын күн!


Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Жасыл көзі «жүр» дейді,

Қызыл көзі «тұр» дейді

Сары көзі «Дайын бол» дейді

Бұл не?


Бағдаршамның сөзі:(тақтадан бағдаршамның суретін көрсетіп, сөзін қосу)

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің атым бағдаршам. Мені барлық елдің балалары жақсы біледі.


-Сілеметсің бе бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміз сен туралы болмақшы.


Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Қандай?

-Енді бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алылңдар.

Бағдаршам бізге жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі * үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды., ал адамдар жаяу жүргіншілер ақ жолақтармен өтеді.

-Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.

-Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысынад аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды екен.


-Бағдаршамды сенде қай жерден көресіңдер?

-Бағдаршамның қызметі қандай?




Бағдаршамның «көздерін» боя

Мақсаты: Бағдаршамның көздерін есте сақтауға, түстерді ажыратуға дағдыландыру.

Бағдаршамның сөзі:

-Ой, бұзық балалар менің көздерімді сындырып кетті. Сендер маған көздерімді жасауға көмектесесіңдер ме?



-Алақай! Рахмет балалар!

-Балалар , бағдаршам бізге рахмет айтып жатыр. Жарайсыңдар.


Сергіту сәті

1,2,3

Қарлығаш боп ұш,

\4,5,6

Қарлығаш боп қалқы.

7,8,9,10

Орныңа қон


Бағдаршамның сөзі:

-Балалар менімен бірге тақпақ жаттағыларың келе ме?


Қызыл көзім жанғанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзім жанғанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзім жанғанда

Жүре бергін жасқанба.


Қимылдық ойын «Бағдаршам»

-Мен бағдаршамның түстерін айтамын, сендер соған байланысты қимыл жасайсыңдар.


-Қызыл

-Сары

-Жасыл


Бағдаршамның сөзі:

-Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер. Жолдан өтерде абай болыңдар жарай ма?

Маған қарап жүруді ұмытпаңдар! Сау болыңдар.




-Бағдаршам





Бағдаршаммен амандасады







-Бағдаршам

-3 көзі бар


-Қызыл, сары, жасыл









Бағдаршам туралы ақпараттарды тыңдайды.







Қаладан. Көліктер көп жүретін жолдан.

Жол тәртібін реттеуші







-Иә

Балалар субояқпен бағдаршамның көздерін бояйды.






Сергіту сәтін қимылмен орындайды.






-Иә




Бағдаршаммен бірге тақпақ жаттайды.



Балалар ойынды қызығушылықпен орындайды


Қозғалмай қалады.

Баяу жүреді

Бір орында жүгіреді



-жарайды. Сау бол!


Рефлексиялық - түзетушілік

Бағдаршамның «көздерін» орналастыр


-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Қандай түстер

-Жарайсыңдар балалар! Бүгін барлығымыз белсене оқу қызметіне қатыстық.

Балалар әр көзін жеке орналастырып, түстерін, пішіндерін ацтады.

-Үш көзі бар


-Қызыл, сары, жасыл.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Бағдаршамның қызметін, жолда жүру ережесін

Нені игереді: Тақпақтар жаттауды игереді

Нені меңгереді: Ойларын айта білуді игереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі