400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағдаршам ашық сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК «Арай» балабақшасы



Бекітемін: _____________

Балабақша әдіскері:

Нурбергенова Ж





Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»



Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған ауылы

МКҚК «Арай» балабақшасы

«Қызғалдақ» тобы тәрбиешісі

Жусупова Гаухар Турдыгуловна



2016 – 2017 оқу жылы



Білім беру салсы: Таным

Ұйымдастырылған ойын іс – әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»

Мақсаты:

1.Балаларды жолда жүру ережелерімен сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2.Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, түстерді ажырата білуге үйрету, жолда жүру ережелерін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

3.Баланы зейінді, епті, мұқият болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктері: Бағдаршам, слайд.

Сөздік жұмыс: «Бағдаршам»

Билингвальді компонент: бағдаршам – светафор, жол – дорога.


Әрекет түрі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

«Арай» атты бақшаның
Біз әдепті баласы
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Жұмбақ жасыру:

«Қызыл көзі тұр дейді, Сары көзі дайындал, Жасыл көзі жүр дейді».

-Бұл не, балалар? -Бағдаршам -Балалар, біз бүгінгі оқу іс – әрекетімізде «жол ережелерімен және жол жиегінде, жол қиылыстарында көліктермен жаяу жүргіншілерге жол сілтеп тұратын «бағдаршам және бағдаршамның атқаратын қызметімен танысамыз. Ол үшін, балалар, бәріміз көлікке мінейік. Ал, кеттік, міне балалар, біз бағдаршаммен таныстын жерге де келіп қалдық.

Шаттық шеңбері:

«Арай» атты бақшаның
Біз әдепті баласы
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!







Балалар жұмбақты шешуге тырысады.











Балалар, қуанып, көлікке мінеді.

Іздену ұйымдастырушы

Ол үшін, балалар, мына экранға назар аударайық.

Балалардың назарын экрандағы слайдқа аудару.

Слайд бойынша көрсетіп, түсіндіру.

-Мынау, балалар, «бағдаршам», бағдаршамның үш көзі бар. Ол үш көздің атқаратын қызметтері өте үлкен. Олар көліктер мен жаяу жүргіншілерге жол көрсетіп, жолдан аман – есен өту үшін көмектеседі. Бағдаршамның атқаратын қызметі орасан зор. Бағдаршам бізге жол өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде, балалар, өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды. Сары көзі жанғанда көліктер дайындалады. Жасыл көзі жанғанда жол ашылып, көліктер жүреді. Бағдаршам бар қиылыста адамдар жүретін ақ жолақтар болады. Олай болса жол қиылыстарынан, көшелерден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге де және көліктерге де өте қолайлы.

Экранға назар аударады.









Бағдаршам туралы түсінік алады.









Жолда мұқият болуды үйренеді.





Бағдаршамның үш көзімен оның атқаратын қызметімен танысады.

Сергіту сәті

Қимыл – қозғалыс ойыны: «Бағдаршам»

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: қызыл түсті дөңгелек көрсетілгенде отрыады және тыныштық сақтайды, сары түсті дөңгелек көрсетілгенде алақандарын соғады, жасыл түсті дөңгелек көрсетілгенде жүреді.


Қимыл – қозғалыс ойыны: «Бағдаршам»

Балалар қызығып ойнайды.


«Бағдаршам» өлеңін жаттау. Қызыл көзін ашқанда, Аяғыңды баспа алға, Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқаба.

«Бағдаршам» өлеңі Қызыл көзін ашқанда, Аяғыңды баспа алға, Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқаба.

Рефлексиялық түзетушілік

«Бағдаршам» өлеңін қайталап жаттау. -Балалар біз не туралы айттық? -Бағдаршамның неше көзі бар? -Түстері қандай?

-Жарайсыңдар, балалар, сендер, бүгінгі ойын іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, жол ережелерімен таныстыңдар, бағдаршаммен танысып, атқаратын қызметін білдіңдер. Жарайсыңдар. Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын айтады.



Күтілетін нәтиже:

  1. Нені біледі: Жолда жүрудің қауіпті екенін.

  2. Нені игерді: Жолда жүру ережесін

  3. Нені білді: Бағдаршамның атқаратын қызметін.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі