400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бағдаршам біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
жолда жүріу ережесін сақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құмжарған орта мектебі









Бағдаршам біздің досымыз

тәрбие сағаты





Өткізген: Қалбаева А.Қ

Сыныбы-3










2017-2018 оқу жылы



Бағдаршам біздің досымыз

Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер.
Әдіс- тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
1.Жолда жүру ережелерін сақтауға саналы қатынасты тәрбиелеу.
2.Бағдаршам дабылы мен құрылысын білу,балалармен жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
3.Жол белгілері туралы білімдерін бекіту.
4.Ойындық тапсымаларды орындаған үрдісінде түсінікті байланысты тіл дағдыларын дамыту.
5.Есте сақтау,зейінділікті, ойлау қабілеттерін дамыту.

Кіріспе.

Мұғалімнің сөзі:

Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да адамдар баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін. Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр.Біз жол ережелерін бұзбаумыз керек. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.

Балалар біздер үнемі мектептен үйге ,үйден мектепке барар жолымызда мұқият болып жүріуіміз керек.

Балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам біздің досымыз» деп аталады.

Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Енді ортамызға жас жол реттеуіштерін шақырамыз.

Дамир: Реттеуші

Бақылап жол тәртібін,
Өткіземін әр күнді.
Реттеуішті көрсең сен.
Қиылыстан дәл бүгін.
Ала таяқ қолында.
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда.

Тік көтерсе таяқты,
Баспа алға аяқты.

Көрніс:

Дамир: Сен неге жол ережесін бұзасың

Даниял: Мен жол ережесін білмеймінғой?

Дамир: Бағдаршамға қара саған жол ережесін түсіндіреміз.

Даниял: Жарайды

Дамир: Бас көшеде қырағы

Үміт:Үш көзді дәу тұрады тұрады

Аяулым:Ашса кезек үш көзін

Зухра:Айтты бірден үш сөзін

Мерей:Тоқта! Сақтан! Жол ашық

Барлығы: Жүрме жолға таласып

Үміт:Қызыл көзін ашқанда

Барлығы:Сабыр сақта баспа алға

Аяулым:Сары көзін ашқанда

Барлығы: Қарап қалма аспанға

Аяулым:Жасыл көзін ашқанда

Барлығы:Өтебергін жасқанба

Даниял: Рахмет балалар енді мен жол ережесін бұзбаймын сау болыңдар!

Міне балалар біздер жол ережесін бұзбай жүріуіміз керек, енді мен сендерге жол жүру ережесіне байланысты сұрақтар қойып жұмбақтар жасырамын.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Оң қол жақпен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.
Өткел дегеніміз не?
-Көшелер қиылысатын жер.

Велосипедті қай жерде тебу керек?

-Балалар алаңыннда ,аулада тебеді.
.Кішкене балаға көшеге шығуға бола ма?
-Жоқ ,өйткені ол адасып кетеді немесе машина қағып кетуі мүмкін.
Өте жақсы, сұрақтарына жауап бердіңдер.
Жұмбақтар:

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. ( жол)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.

1 оқушы Бақытгүл

Табамын деп төтені,
Қиып өтпе көшені.
Түсін мұны қатем деп,
Түсін мұны қатер деп.

Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз
2 - оқушы:Үмітай
Дәп ортаға жеткенше,
Сол жағыңа қарап ал.
Жол ортадан өткенде,
Оң жағыңа қарап ал,
Машиналар жоқ па екен?

Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз
3 - оқушы:Арман
Машинаға қабысып,
Сырғанама жабысып.
Бір жеріңді жаралап,
Майып болып қаласың.
Кімге кінә тағасың,
Ата менен анаңды,
Сергелдеңге саласың.
Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз

4 - оқушы:Даниял
Қауіппенен ойнама,
Өтемін деп ойлама.
Шыққаныңда көшеге,
Еріп әке - шешеңе,
Көңілді қой сызыққа.

Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз
5 - оқушы:Арман
Үлкен - кіші қала бар.
Ой жүгіртіп қарап ал,
Көше заңы тым қатал
Сақ болыңдар балалар!
Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз

6 - оқушы: Жанарыс
Тоқта досым саумысың?
Топтан асқан дәумісің
Көше сырын білмесең
Керден қағып жүрме сен!
Көшенің біл тәртібін!
Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз

7 - оқушы: Асылжан
Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Бұл сақшының үш көзді
Үш көзден, ұқ үш сөзді
Ашса бұл, дәу үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.

Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз
8 - оқушы: Гүлдәурен
Үлкен кіші қыдырмақ
Болма бәрін ұрыншақ!
Өңірдің көп сыры бар
Түрлі - түрлі жолы бар
Ағайындар абай болыңдар!
Бәрі: хормен айтады
– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз

Оқушылар біз жол бойынан бетонға қалдырылған әр түрлі белгілерді көреміз олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар?

Жас жол реттеуіштер түсіндіреді.

Хор: «Бағдаршам»

Оқушылар келіңдер енді біздер жолдың арғы шетіне өтуіміз керек бізге не көметеседі?

Бағдаршам

Дұрыс

Қол ұстасып жолақ жолмен оқушылар өтеді.

Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.







Picture 2 Picture 3 Picture 4 Picture 5




Құмжарған орта мектебі бойынша

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

акциясын өткізілуі туралы






Анықтама


26.10.2017 жылы мектеп оқушылары арасында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өткізілді.

Акция натижесінде балаларды жолда жүру ережесімен таныстырп.

Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастырып, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндірді.

Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында

«Бағдаршам біздің досымыз». Тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер көрмелері ұйымдастырылды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі