Материалдар / Бағдаршам біздің досымыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бағдаршам біздің досымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршам біздің досымыз! атты ересек топтарға арналған ойын сауық шарасы
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

29 «Нұрсая» бөбекжай-бақшасы











«Бағдаршам – біздің досымыз!»

/ойын-сауық шарасы/



Өткізген: Ізбасова О.Қ







2022-2023 оқу жылы

Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз!»

Ойын-сауықтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Ойын-сауықтың барысы:

Тәрбиеші: -Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа-райы қандай болды? Не байқадыңдар?

-Балалар, дұрыс айтасыңдар, таңертеңгі кез салқындау болады.

Ал, сендер балабақшаға немен келдіңдер?

-Балалар, сендер білесіңдер ме көлікті жүргізу үшін өзіне тән ережелері бар, оларды «жол жүру ережелері» деп атайды. Жол жүру ережелерін реттеп тұратын «Бағдаршам» екен.

-Балалар сендерге жұмбақ жасырайын, жауабын тауып көріңдер.

Жасыл көзі «жүр» дейді,

Қызыл көзі «тұр» дейді.

Сары көзі «дайын бол» дейді

Бұл не? (бағдаршам)

-Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.

Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса көліктер дайындалады. Ал, жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне оразан зор. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болып, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды, балалар.

Қонаққа бағдаршам келеді.

Бағдаршамның қызметі қандай?

- Жол тәртібін реттеуші.

- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?

Ойын бағдаршам құрайық.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Жүргізуші: Балалар жүргіншілер  мынадай сұрақ қойыпты.

- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

- Жиек жолмен жүреміз.

- Жиек жол болмағанда ше?

- Жер асты жолымен.

- Жолдың қай жағымен жүру керек?

- Оң қол жақпен жүреміз.

- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

- Аялдамадан отырамыз.

Тәрбиеші: - Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жауап бердіңдер.

- Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды айтайық.

Айшат: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін,

Тоқта,сақтан, жол ашық.

Жүрме жолға таласып,

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Абдулхади: Қызыл жанды,тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жандыдайындал,

Айналаңақарап ал,

Жасылжанды, тыңдағын,

Жолыңашық, тұрмағын.

Ерғазы: Мен көшеденөтерде,

Бағдаршамғақараймын.

Қоймағанғойбекерге,

Жәрдемшісіолталайдың.

Тәрбиеші: - Балалар, бағдаршамсендергеойынәкеліпті.                                                  

«Белгілердіқұрастыржәнеайтыпбер».

Ойынныңшарты: Балаларалған жарты белгініңекіншісінтауып

Құрастырыңдар,соданкейінатапберуіңізкерек.

Олай болса балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
— Жарайсыңдар балалар, ойын сендерге ұнады ма?

Ортаға жол сақшысы келеді.
— Сәлеметсіңдерме балалар?
— Балалар бізге қонаққа кім келді?
— Жарайсыңдар, балалар! Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!
Ойын: «Жолдан өту»
Шарты:Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
— Жарайсыңдар балалар,

«Кедергілерден өт» ойыны

Шарты: (отырып айдайтын машина арқылы) Әр команда бір машинамен кедергілерден өтіп, межеленген жерге барып келіп,машинаны келесі ойыншыға береді. Осылайша ойын жалғасады.

Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер екен?
Жол сақшысы:
— Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
Сәлеметсіз бе!
Жол сақшысы.
— Жол сақшысы сізге көп рахмет! Бізге қонаққа келіп, балаларға ақыл – кеңес бергеніңізге рахмет айтамыз.
Жол сақшысы:
— Жарайды балалар сендерге де рахмет, ал енді, мен өз қызметіме барайын! Жолда жүргенде «Бағдаршамға» назар аударып өтіңдер! Сау болыңдар балалар!
— Кәнекей бәріміз
«Тәртіп керек баршаға.»
өлеңін жаттап алайық
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
Балалар өлеңді қайталап, жаттайды.
Жол тәртібін білейік.
Аман — есен жүрейік.
— Балалар, бүгінгі ойын-сауығымызға өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.
Бағдаршамтуралыәңгімемізаяқталды.


































Picture 4



Анықтама





14.04.2023ж күні №5 ересек «Балбұлақ» тобында «Бағдаршам – біздің досымыз!» атты ойын-сауық шарасы өтті.

Қатысқан бала саны: 15

Ойын-сауығымызды бастамас бұрын, балалардың көңіл-күйлерін тексеру мақсатында сұрақтар қойдық. Ойын-сауығымызды жұмбақ жасыру арқылы бастадық. Қонаққа «Бағдаршам» және «Жол сақшысы» келіп, балаларға түрлі ойындар ойнату арқылы «жолда жүру тәртібін» үйретті. Балалардың барлығы ойынға белсене араласты. Балалардың бұл ойын-сауықтан керемет әсер алды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!