400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бағдаршам және біз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршам және біз
Материалдың қысқаша нұсқасы

17 бөбекжай- бақшасы









Ұйымдастырылған ойын әрекеті

Тақырыбы: «Бағдаршам және біз»





Тәрбиеші: Олжабекова Ж.Ж.























Міндеті: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: бағдаршам.
Билингвальді компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.
Жұмбақ:
— Балалар кәне мен сендерге
жұмбақ жасырайыншы?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? (Бағдаршам)
— Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа аудару)
— Суретте не көріп тұрсыңдар?
— Үш түсті кім атап береді?
— Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?
Бағдаршам.
үш түсті дөңгелек бар.
— Қызыл түс.
— Сары түс.
— Жасыл түс.
Бағдаршам.

Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі — үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.
— Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
— Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.
Ғажайып сәт. Ортаға жол сақшысы келеді.
— Сәлеметсіңдерме балалар?
— Балалар бізге қонаққа кім келді?
— Жарайсыңдар, балалар! Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!
Ойын: «Жолдан өту»
Шарты:Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.
— Жарайсыңдар балалар,
Жол сақшысы бізге қандай ақыл – кеңес берер екен?
Жол сақшысы:
— Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
Сәлеметсіз бе!
Жол сақшысы.
— Жол сақшысы сізге көп рахмет! Бізге қонаққа келіп, балаларға ақыл – кеңес бергеніңізге рахмет айтамыз.
Жол сақшысы:
— Жарайды балалар сендерге де рахмет, ал енді, мен өз қызметіме барайын! Жолда жүргенде «Бағдаршамға» назар аударып өтіңдер! Сау болыңдар балалар!
Сергіту сәті.
— Ал, балалар, кәне сәл демалып алайық.
— Олай болса балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
— Жарайсыңдар балалар, ойын сендерге ұнады ма?
— Ендеше балалар,оқу қызметін ары қарай жапсырумен байланыстырайық! «Бағдаршамды» ақ қағазға рет – ретімен орналастырайық!
— Жарайсыңдар балалар!
— Кәнекей бәріміз
«Тәртіп керек баршаға.»
өлеңін жаттап алайық
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
Балалар өлеңді қайталап, жаттайды.
— Балалар бүгінгі ұйымдастырылған әңгімеміз де не туралы өттік?
— Бағдаршамның неше көзі бар?
— Қандай?
— Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
Жол тәртібін білейік.
Аман — есен жүрейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11.07.2024
342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі