400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бағдаршам және көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жариаланып отырған материал мектепалды даярлық тәрбишілеріне әріптестік іс-тәжірбие тарату ретінде көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сөйлеуді дамыту

ТАҚЫРЫБЫ: Бағдаршам және көлік түрлері


Мектеп / МҰ:ҚМГ


Саны:27

Педагогтің аты-жөні: Құттымбетова Т.Н

СЫНЫП-ТОП:1

Қатысқандарсаны:25

Қатыспағандар

саны:2

ҰОҚ-ның оқытылу

мақсаттары

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Күтілетін нəтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды

дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,

белгілер қолданып жеткізеді.


Көпшілік тәрбиеленушілер:Көлік түрлерін ажырата алады. Дыбыстарды ажырата алады, сұрақтарға жауап береді.


Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын

болжамдайды.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап

береді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light

Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай көлік түрлерін білесің?

Жол ережесі деген не?

Өткен ҰОҚ бойынша алған білімі

Оқиғаны әрі қарай болжай алады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.





II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Шаттық шеңбері.

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

– Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату.Балалардың назары бағдаршамның жұмысына,машиналардың әрлі-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс –әрекетіне назар аударту. Жол жүру ережелерімен таныстырылады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетіп, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойында қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіру.

Көгі жүр-дейді,

Қызылы тұр- дейді.

(Бағдаршам)

– Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият

болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне

қарауға тиіспіз.

– Егер жол жүру ережелерін сақтамасақ, не болуы мүмкін?







Əліппе-дəптер.



Көше, мәшине

дыбыстары

жазбасы








Жұмбақ

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретті қарап, әңгімені тыңдауды

ұсыну.

Әсем інісі Асанды қолынан жетелеп алып келе жатты.

Асан ерке әрі айтқанды тыңдамайтын тентек бала

болатын. Көшенің қиылысына жақындай бергенде әпкесінің қолын сілкіп тастап, көшеге қарай жүгірді.

Ал бағдаршамда қызыл жанып тұр еді. Жүгіріп шыққан балақайды көріп, көшедегі көліктер әбігерге түсті ...

(Мереке Құлкенов)

– Асан дұрыс істеді ме?

– Одан әрі не болды деп ойлайсың?

Әңгімені жалғастыр.

5-6 баланың әңгімесін тыңдау. Жол жүру

ережелерін құруды ұсыну.

Ережелерді берге талқылау.

Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light

Сергіту жаттығуы: «Бағдаршам» ойыны.

Балаларға бағдаршамның үш түсін көрсету

арқылы қимыл-қозғалыстар жасату.

Қызыл түсті көрсеткенде, балалар тоқтайды.

Сары түсті көрсеткенде, қол шапалақтап, билейді.

Жасыл жанғанда, әрі-бері жүреді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Әр суреттегі бағдаршамның қажетті түсін боя.

3-тапсырма.А.Асылбековтың

« Светофор сыры» деген өлеңін оқып беремін.

Ойын жаттығу: «Сөйлемді жалғастыр».

Егер бағдаршам болмаса, онда ... т.б.

Балаларға өлең оқып беру.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Біліп алдым мен де:

Жасыл жанса, демде

Алға кетем ілезде.

Сары жанса, сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Əліппе-дəптер.


































Балалардың жауабы








Əліппе-дəптер


IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Қорытынды жасау. Балаларды

марадақтау.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.

Балалардан бағдаршамды түсті қарындашпен бояуын сұрау:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –

жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі