400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдаршам және оның атқаратын қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
. Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. 2. Балаларды сақтыққа, көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу. 3. Балалардың ой- өрістерін, жан- жақты білімдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: 1. Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын

қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру.

2. Балаларды сақтыққа, көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын

жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу.

3. Балалардың ой- өрістерін, жан- жақты білімдерін дамыту.

Көрнекілігі: үй макеті, бағдаршам, жол белгілері.

Әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, балалар шығармашылығы

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық

ІІ. Қызығушылығын ояту:

Сұрақ – жауап.

  • Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көшедегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Сондықтанда жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.

1 сайыс: «Кім шапшаң?»

Суретті тапсырмаларына жауап береді. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру.

  1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлерден жүреді?

  2. Жол бойына балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

  3. Жолды неге тек жол өткелінен қиып өтуге тиіспіз?

2 сайыс :«Үйренейік , білейік»

Әр топқа түрлі суреттер таратылып беріледі. Олардың өздері білетін жол белгілерін таңдап алады. Оның қандай белгі екендігін айту.

3 сайыс: «Кім тапқыр?» Ал енді , балалар , қазір жұмбақ шешіп көрейік.

1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны, пысығым. (жол)

2. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «Тоқта», «жүр» дейді. (бағдаршам)

3.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (машина)

4. Өзі тым күшті,

Аяғы тісті,

Лезде тындырар

Қыруар істі. ( трактор)

5.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тосып аялдайды. (автобус)

6. Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім. (велосипед)

4 сайыс: «Кім жылдам?»

(Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. )

Шығармашылық жұмыс : Бағдаршам жасау

Тәрбиеші: 1 Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деп ойлама. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

2 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.

3-оқушы: Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа көз сал.

Бейне ролик :Жол белгілері

Қорытынды: Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау – саламат жүреміз.

Хормен балалар: Жол тәртібін білейік!

Аман – есен жүрейік!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі