Тақырыбы: Бағдаршам туралы түсінікМақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі:Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.Өту барысы:Ұйымдастыру кезеңіКіріспе.Жұмбақ1. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)2. Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»- Сонымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам».Ал енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, жолда жүру ережелерін еске түсіріп алайық. Барлығымызда назарларымызды тақтаға аудардық.«Бағдаршам» ойыныБалалар енді біз «Бағдаршам» ойынын ойнайық. Мен сендерге бағдаршам көздерінің атқаратын қызметтерін атап тұрамын, ал сіздер соған сәйкес бағдаршамның көзін көрсетіп отырасыңдар.Көрініс:1 - көрініс:Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді. Ақсәуле (анасы) Олжасты (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.- Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!- Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.Бағдаршамның жасыл түсі жанады.Баласы: Енді өтуге бола ма?Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.- Сонымен балалар осы көріністен қандай қорытынды жасадыңдар?- Балалар өте жақсы, ал енді бағдаршамның көздері жайлы мәлімет тыңдайық. Бірақ мұқият болыңдар.Өлең шумақтары:Қызыл көзі.Өзгертпейтін тұрағын,Бір орында тұратын.Қызыл шамы жанғанда,Қадам баспа бір адым.Бұл тоқтаудың белгісі,Білу керек бар кісі.Бас иеді тәртіпке,Келмесе де көнгісі.- Ал енді сендерге тапсырма, жаңа ғана қай түс жөнінде айтылды, солар сол түстің қасына барып тұра қалады.Сары көзі.Сары көзін жаққанда,Өтемін деп мақтанба.Бұл дайындық белгісі,Кідіре тұр аттанба.- Келесі қай көзі туралы айтылды сол балалар шығады.Жасыл көзі.Төксе жасыл шырағын,Қауіптен бе, шырағым.«Жолың ашық, өте бер»,Жасап алға мың адым.- Енді соңғы көзі туралы айтылған оқушылар қасына барып тұра қалыңдар. Өте жақсы балалар, барлықтарыңызда мұқият тыңдадыңыздар. Енді біз бәріміз ортаға шығып қалдық ендеше кішкене демалайық. Менің соңымнан қайталаймыз.Бір көзім кідір дейді,Бір көзім жүгір дейді.Бір көзім абайла дейді,Қарап ал маңайға дейді.Суретпен жұмыс.– Балалалар әрқайсының алдарыңызда бағдаршамның суреті жатыр.Бірінші қатар «Дайындал!», екінші қатар «Жүр!», үшінші қатар «Тоқта!» көздерін бояп шығады. Болғандарымыз суреттеріңді көтеріп қойыңдар.- Өте жақсы, балалар. Бүгін біз сендермен бағдаршам туралы көп мәлімет алдық, солай емес па? Ендеше қазір біз сендермен апасы мен сіңлісінің әңгімесін тыңдайықшы.2 - көрініс:- Аға, аға неге жолдарда бағдаршамдар тұрады?- Егер бағдаршам болмаса, онда көліктер апаты жиі болып тұрар еді және адамдардың өміріне де қауіпті болар еді.- Түсінікті, ал егер бағдаршам болмаса ше? Онда біз қалай жолдан өтеміз?- Ол орынды сұрақ. Бағдаршам жоқ жерде жаяу адамдар өтпесінен өтуге болады.- Түсіндім, енді осы ережелерді әрқашан есте сақтап жүремін.- Сонымен қандай ережелерді есте сақтау қажет?Бағдаршам әніКөреген, дәу, қырағы,Көшемізде тұрады.Оның аты – бағдаршам,Жол сілтейді әрқашан.Ол бергенде команда,Бағынамыз әманда.Қайырмасы:Ашса кезек үш көзін,Айтты деп ұқ үш сөзін.«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»Жүрме жолға таласып.Қызыл көзін ашқанда,Сынық сүйем баспа алға!Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға!Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқанба!- Балалар сонымен сендердің көңіл күйлерің қандай?- Егер сендердің көңіл күйлерің көңілді болса онда үстелден қызыл смайликті, ал егер жай ғана жақсы болса онда жасыл смайликті, ал егер көңіл күйлерің болмаса онда сары смайликті аламыз. Ал енді кім өз көңіл күйін қонақтарға сыйлағысы келсе, онда қолдарыңдағы смайликтеріңді қонақтарға беріңдер.- Осымен балалар біздің бүгінгі «Бағдаршам» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Өз өмірлерімізді қауіпті апаттардан сақтау үшін жол ережелерін есте сақтап, сол ережелерді бәріміз орындайық.