Тақырыбы:
«Бағдаршамның
түсін білесің бе?»
Мақсаты:Балалардың
бағдаршам туралы білімдерін кеңейту,
түстерін ажырата білуге үйрету. Сөйлеуін,
ойлауын, есте сақтауын дамыту.Көшеде
өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар:
кейіпкер бағдаршам, сигнал, машиналар.
Шаттық шеңбер:
Орнымызда тұрайық
Біздер
жолға шығайық.
Ұзын-қысқа
жолдарды,
Біздер
біліп алайық.
Оң
жақта да, сол жақта да,
Үлкен
үйлер бар екен.
Жүргізуші:
Балалар кәне жұмбақ шешейік.
Көздерін
ашып-жұмып тұрады,
Жол
тәртібін реттеп тұрады.
Балалар:
Бағдаршам
Ортаға музыка
әуенімен бағдаршам келеді.
Бағдаршам:
Сәлеметсіңдер
ме ,балалар?
Балалар: Сәлеметсіз
бе
Бағдаршам;
Балалар, менің неше көзім бар?
Балалар:
Үш көз бар
Бағдаршам:
Түстері қандай?
Балалар:
Қызыл, сары ,жасыл
Бағдаршам:
Сендер мен туралы тақпақ білесіңдер
ме?
Балалар:
Қызыл көзін ашқанда,
Аяғыңды
баспа алға.
Сары көзін
ашқанда ,
Қарап
қалма аспанға.
Жасыл
көзін ашқанда,
Жүре
бергін жасқанба.
Бағдаршам:
Өте жақсы балалар.Ал, енді балалар
сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын
«бағдаршам» деп аталады. Ойын шарты:
Қызыл түсті көрсеткенде, балалар
қимылдамай тұрады, сары түсті көрсеткенде
қол шапалақтайды, жасыл түсті көрсеткенде
ары-бері жүреді.
Жұмбақ жасыру:
Көшеде жүреді кішкентай үйлер,
Сол
үйлерді жүргізушілер жүргізер.
Балалар:
машина
Жүргізуші:
«Түрлі-түсті машиналар» ойынын ойнау.
Ойын шарты: Балалар үлкен шеңберге
тұрады. Шеңбер бойымен қолдағы
машиналарымен гуілдеп жүреді . бағдаршам
түстері бойынша ереже сақтауы тиіс.
Бағдаршам :
Блалар ойынды жақсы ойнадыңдар менің
түстерімді жақсы біліп алдыңдар. Сендерге
көшеде сақ болыңдар деп айтқым келіп
тұр.Сау саламат болыңдар.
МКҚК №2 балабақша
«Бақыты үшін
баланың»
Барлық топтармен
өткізген тәрбиешілер:
С.
А Рустемханова
А. А
Ахметова
Ақсу қаласы
2013-2014 оқу жылы
Тақырыбы:
«Бақыты үшін баланың»
Мақсаты:
Балалардың ой-өрісін,тапқырлығын,қызығушылығын
арттыру.
Барысы:
барлық топтарды қатарға тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Армысың, асыл күн
Армысың
көк аспан
Армысың
жан досым
Жылуымы
жылу қос
Міне
менің қолым.
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын,
кім жауабын табады екен?
Өзі
көңілді
Өзгені
күлдіргенді ұнатады
Ол кім?
Балалар :
Сайқымазақ
Ортаға музыка
әуенімен Сайқымазақ достарымен шығады.
Жүргізуші:
Сайқымазақ біз сені ғана күттік, ал
қасындағы кімдер?
Сайқымазақ:
Олар менің достарым, танысып қойыңдар.
Күн:
Таңмен көзімді ашамын
Әлемге нұр
шашамын.
Гүл:
Түрлі –түсті боламын
Көбелек кеп
қонады.
Көбелек:
Қызыл,сары, жасыл,көк
Көздің
жауын алады
Үлпілдеген
қанаты
Гүлге
барып қонамын.
Сайқымазақ:
балалар айтыңдаршы бұл қай жыл мезгілінде
болады?
Балалар:
Бұл жаз мезгілінде болады
Сайқымазақ:
Балалар,
сендерге жаз ұнайма, неліктен?
Балалар:
Айнала жап-жасыл, көп гүлдер, суға шомылу,
саяхатқа бару т.б.
Сайықымазақ:
Балалар , менің достарым сендермен «Күн,
гүл, көбелек»
деген ойын ойнағылары
келіп тұр. Ойын шарты: Күн дегенде балалар
қолдарын көтереді, гүл дегенде қолдарын
шайқалтады, көбелек дегенде қанат қағып
ұшады.
Сайқымазақ:
Балалар ,сендер билегенді ұнатасыңдар
ма? Ал ,ендеше «Танец утят » деген биін
билейік.
Сайқымазақ:
Қандай керемет билейсіңдер!Ал сендер
тақпақтар білесіңдер ме?
Балалар өз
еріктерімен білетін тақпақтарын айтады,
Алақай-ау, алақай!
Жарқыраған жаз
келді.
Өлкемізге әр берді,
Айналамыз жап-жасыл,
Жаз бен бірге ән
келді.
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.
Сайқымазақ:
Балалар мен сендермен тағы да бір ойын
ойнағым келіп тұр.
Музыкалық
дидактикалық ойын «Егер ұнаса саған?»
Қорытынды:
Балалар , сендерге ойын-сауығымыз ұнады
ма?
Бізге
қонаққа кім келді ,достары кім?
Олар
сендердің көңіл-күйлерінді көтерді ме?