жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бағдат Рахман өлеңдер жинағы
Кіріспе орнына
Дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы болады. «Армансыз адам болмауы мүмкін емес». Әр адамның ойлаған арманы, көздеген мақсаты болады. Жетем деген мұраты тағы бар. Сол арманым орындалу үшін кітап оқып, өлең шығарып, түрлі байқауларда шыңдалып уақытымды тиімді пайдалануды үйрендім. Ақындықты қанша өзімнен алыстатсамда, қолымнан келер істе осы ғана! Артыма ерер ұрпаққа өнеге боларлық із қалдырып, адамдық атыма кір келтіргім келмейді. Жер атты аталған алып сарайдың берік қабырғасына арманыма қол жеткізіп, ескерткіш боларлық кірпішімді қалағым келеді.
Кітап авторы__________
I – бөлім
(Өлеңдер топтамасы)
«Маңғыстаудың Балуан Шолағы» атты кітабының авторы Нұғыман Мырзабай Нұрасылұлының маған арнап жазылған өлең шумақтарына алғысымды білдіргім келеді. Маған берген батаңызбен, сенген үмітіңізді ақтаймын деп ойлаймын.
Бағдатқа берем батамды...
Бағдат бала жайып жібер қолыңды,
Бата беріп, ашайын мен жолыңды.
Барлық кезде жақсы болып көрініп,
Танып өскің оңың менен солыңды.
Көп ойнама, терең ойла қорықпа,
Ақын адам тілмен кетет орыпта.
Неше алуан баһадүрлер шыңдалған,
Шымырланып ала - сүргін жорықта.
Оқы, жаным, жақсы білім алғайсың,
Жанартаудай көкке өрлеп жанғайсың.
Алған білім ұшқыр оймен жалғанса,
Көз ұшында қалықтайсың, самғайсың.
Қателікке бой алдырма, жарай ма?
Теріс жол көп, әр қадамың абайла.
Жеткізбейтін алыстарға жетесің,
Жігерленіп жетем десең қалайда.
Сүрінсең де құламағың жаншыла,
Місе тұтпа жұғынменен тамшыға.
Желеп - жебеп жүрген шалдар бар шығар,
Қарғып мінде ақбозыңды қамшыла.
Жаман ойлар уламасын санаңды,
Тарт қағазға желдіртіп бір қаламды.
Таймасын деп көкше мұзда Бағдатжан,
Шегелейін көк шегемен тағаңды.
Ғұлама да бата алған, алыпта,
Білім жинап, ойды ұшта, жалықпа.
Томағаңды мен сыпырып жіберем,
Қиялай ұш, қанатты жай, қалықта.
Тілек тілеп сені сырттан жүрейін,
Маңдайыңнан демді салып үрейін.
Балуандай атылсын деп алқада,
Қос жеңіңді бүгін сенің түрейін.
Ақ батамен аттан бүгін ақ таңға,
Жел жетпесе кім жетеді шапқанға.
О, бастанда аруақты тұқымсың,
Ата - баба дем береді шапқанда.
Бата деген жәй сөз емес киелі,
Бата алғанды Тәңірімде сүйеді.
Берген батам қабыл болсын шынымен,
Құлағына періштенің тиеді.
Бос жіберіп жүгеніңді арында,
Құлақты түр, мына айтқан сарынға.
Кемелердей көк толқынды жарып өт,
Тоқтау бар ма туа біткен дарында.
Болсын бала қаламсабың қарымды,
Жазған кезде сарқа шығар барыңды.
Өлшеп - пішіп, төгіп жазсаң өлеңді,
Желмен келген өрттей болар жалынды.
Өмір жайлы...
Өмір, сен неткен тамашасың!
Жарық таңмен атады жаңаша сын.
Жақсылыққа қуанасың балаша сын,
Жүректерден жүрекке жол ашасың - деп Гүлсім Елемесқызы жырлағандай өмір тоқтаусыз жылжып жатқан үлкен арна,. Сол өмірдің ағынында жүзіп жүріп, мезгіліңнің жеткенінде, көзді ашып жұмғанша ұйығына батып кеткеніңді де сезбей қаласың.
Уақыт... Жүрекке түскен жазылмас жараны да ұмыттырып жібереді. Алайда санадағы жараны өшіру қиын - ақ.
Өмір
Өмір мүмкін сынақ шығар,
Жақсы болар төзгенім.
Жақсылықпен жамандықты ұғып ап,
Айтқызбауға тырысайын өзгемін.
Алдымызда тұрған шығар сан сынақ,
Өз өзімді жігерлейін қамшылап.
Адам болып келгеннен соң өмірге,
Із қалсын деп тырысайын жақсылап.
Менің анам - алтын!!!
«Ана» - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, - дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі - ол Ана!
Ізгі ниет
Сыйлаған бізге барыңды,
Әрбір атқан таңымды.
Алладан тілек тілеймін,
Сақтасын деп ана жаныңды.
Әкелген өмірге қыздарың,
Азамат төрт бірдей ұлдарың.
Ақ үрпек жүрекпен қалайсын,
Балдарың аман сау болғанын.
Өзің жаққан лаулаған шырақпыз,
Біз бүгін жаныңнан жырақпыз.
Алыстап кетсекте өзіңнен,
Намысты бермей біз шыдаппыз.
Аяулы, кең пейіл анасың,
Жанынан шағармас баласын.
Арманы, міндеті әр ұлдың,
Апарар Меккеге анасын.
Шаршамас еңбекқор анасың,
Қатардан қалдырмас баласын.
Қабылет ия Аллам дұғамды,
Ақниет қалаған бала шын.
Ана деп әрдайым толғадым,
Бәріне қамқоршы болғаның.
Ұрпағың қалайды әрине,
Орныңыз жұмақта болғанын.
Абай туралы ой...
Абай - қазақ халқының ақыл - ойын аспандатқан біртуар тұлға екенін тарих уақыт мойындатқаны қашан?!
Хәкім Абайдың ойлары мен асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла беретіндігіне сенімім мол!!!
Абай ата
Айтқан сөзі, өзі де асыл адам,
Ешқашан өлеңменен жасымаған.
Қыран болып қалықтап көк аспанда,
Үлесін қоса білген ән дастанға.
Оқысаң бұл сөздерге ақылы шын,
Ән жазуға атамыз қақылы шын.
Дастан жазар ерінбей жалықпай - ақ,
Жаралған жан өшпейтін ғасыр үшін.
Абай ата аты мәшһүр дана шал,
Атамыздың жырына кім таласар.
Жазушының аты өшсе де хаты өшпес.
Сондықтанда ақын жырмен жарасар.
Абай ата құшағы мол кең дала,
Біздер үшін сен қымбатсың сен дара.
Жақсылығың санамыздан өшпейді,
Әз атыңды құрметтейді ер баба.
Әке жайлы бір үзік ой...
Әке! Сіз таудың шыңы болдыңыз, ал біздер болсақ сіз еккен баудың гүлдері сынды болатынбыз. Екі қызыңыз кілеміңіздің өрнегі болса, ұлдарыңыз ізіңізді жалғастырушы ұрпақтарыңыз еді. Әке әрдайым балаға сыншы! Сіз бізді опасыз әлемге сүйіспеншілікпен қарауға, өмір сүруге деген құштарлығымызды
оятуға талпындыңыз. Сіздің адал ниетіңізді сезгендіктен бойымызды ерекше батылдыққа жеңдіріп, алға ұмтылуға қадам жасадық. Сіз әрдайым жалғызсыраған көңілімізді көтеріп, жадыратасыз!
Әке
Қайран әке, көңілі кең, жаны - көктем,
Қайғы мұңға берік боп төзім еткен.
Сағыныштан сарғайып еске аламын,
Бақыттың бақшасында бірге өткен.
Біреулер әкесі бар мақтан етер,
Ал менің болса әкем жоқ арман етем.
Бұл өмір неге қатал болды екен,
Сол қыстың ақпанында алып кеткен.
Мақтанарсың әліде меніменен,
Сіз бар жерде масайрап тебіренгем.
Аманат еткен парызды орындармын,
Ағалық қамқорлықты сезінгеннен.
Маған артқан сеніміңді ақтаймын,
Қамқор және сіздей жанды таппаймын.
Әкешім болмасаңда сен жанымда,
Өшірмей әке атыңды мен сақтаймын.
Ана тілім...
Өз елін жан тәнімен сүю үшін, оның суығына тоңып, ыстығына күйетін ұлт жанды ұланы болу үшін аса қажетті қасиеттің бірі - өз ұлтының тілін білу. Тек ана тілі ананың ақ сүтімен бойына дарыған, сол тілі арқылы халқының асыл қасиеттерін қабылдап, рухани байлығынан мол сусындаған салт - дәстүрін жетік меңгерген азамат қана өзін шынайы қазақпын деп
атауға, оның санында ғана емес санатында екендігін айтуға әбден болады.
Ана тілім
Ана тілім - мақтанышым, айбыным,
Алтыннан да қымбаттысың сен байлығым.
Барлық ұрпақ тілімізді аялап,
Төбемізде жарқырасын ай-күнім.
Тілім менің басқа қонған бақытым,
Сеніменен көрікті - ау әр уақытым.
Інжу - маржан секілдісің сен маған,
Бар әлемге шуақ шашқан жаһұтым.
Тұлпар тілім тосам сені көмбеден,
Басқалардың ырқынына көнбеген.
Тілім менің тарихимның айнасы,
Тілім менің шоқ жұлдыздай сөнбеген.
Мен Қазақпын
Мен қазақпын, ұлтыммен мақтанамын,
Қазақ елін аймалап атса таңым.
Ұрандатып, көк байрақ көтерілсе,
Сәбилік жүрегіммен шаттанамын.
Мен қазақпын, сөзім жебе ұштаған,
Батыр болам бабаларға ұқсаған.
Ұлтым барда жалындаймын өйткені,
Мен қазақпын, найза қылыш ұстаған.
Қыран салып, ат баптаған қазағым,
Алты Алаш боп, асқақтаған қазағым.
Жақсыларды жинап алып бойына
Жамандықтан қашқақтаған қазағым.
Айтқанында тұратұғын қазағым,
Сауық сайран құратұғын қазағым.
Қонақ келсе дастарханын даярлап,
Мәз - мейрам боп қалатұғын қазағым.
Ұзтаз туралы ой...
Ұстаз ұлылығын қандай шеберлікпен жырға қоссам да ұстаздарыма бұл ілтипат артық етпейтіні анық.
Ұрпақ тәрбиесіне білім беруді, шәкіртті жан - жақты дамып, парасатты азамат боп өсуіне еңбек етуден жалықпаған ұстаздарыма алғысым шексіз. Нағыз ұстаз: Үсенова Набат, Қайратқызы Ғалия, Айнагүл Көшкінбайқызы, Омарова Айгүл, Асель Мұхитқызы, Айна Шотанқызы, Акмурзина Ляззат, Мейрамбек Асылбекұлы, Бижан Берік, Талысова Айгул, Аитжамал Рамазанова, Қошаева Анар сынды ұстаздарыма ыстық ықыласымды білдіргім келеді.
Ұстаздарыма талаптары тасып, ұстаздық жолындағы еңбегіне толағай табыстар, отбасы шаттығы мен мұқалмас шабыт тілеймін.
Нағыз ұстаз - Айна апай
Қуанышты жүзінде сағым ойнап,
Еңбек десе енетін жаны жайнап.
Ардақты ұстаз аяулы - Айна апай,
Бар шәкірттің жүретін қамын ойлап.
Білімді бағындырып тілегімен,
Шәкірттерді сүйеді жүрегімен.
Айна апай - бізге мәңгі ардақты жан,
Сабырлы да салмақты мінезімен.
Жырла дейді ұстазды санам бүгін,
Көңілдің сыйла дейді алаң гүлін.
Мыңды жығар білім ап ұстаздардан,
Арқалаймыз ертең ақ ғалам жүгін.
Аққу - киелі құс!!!
Аққу - ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез үйренетін құс. Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын - жазушылардың шығармаларына арқау болған құс иесі.
Жаралы Аққу
Күдер мүлдем үзілсе де өмірден,
Қайтпайтұғын қайсарлық бар өлімнен.
Жапан
түзде қалықтайды қаймықпай,
Жалғыз
Аққу сыңарынан бөлінген.
Құтылғандай қатыгездік торынан,
Күтеді - ау аяушылық жолынан.
Ұзақ қалқып көл шетіне кеп қонды,
Менде қарап көз алмадым соңынан.
Жарқ еткендей сәулесіндей іңірдің,
Саңқ еткенін құлақ шалды бір үннің.
Жүрек сезіп бір сұмдықтың болғанын,
Ұмтылдым да көлге қарай жүгірдім.
Толқын ұрып жаға жатыр долданып,
Тез жете алмай ашуландым қорланып.
Сондадағы тоқтамастан жүгіріп,
Жеттім үйге екі өкпемді қолға алып.
Тек амандық болсын деп ем ой арман,
Намысымның сәті туды оянған.
Көрген жерден көздің жасы парлады,
Аққу жатыр қызыл қанға боялған.
Ой сұмдық ай аяусыздық бұл неткен,
Қатыгездік жаулап алған індетпең.
Аққуды атып жаралаған сорлылар,
Адам деген аласталсын міндеттен.
Осыны ойлап мен аққуға таядым,
Ыңырсиды кеудесінен аяр үн.
Құшағыма қысып алып қарасам,
Сұм оқ оның үзіп кеткен аяғын.
Аюуандық қастандықтан түңілдім,
Егілгеннен еңсем түсіп сүріндім.
Аяғынан жаралаған аққуды,
Көтердім де үйге қарай жүгірдім.
Жеттім үйге аңтарыла асыға,
Атам қарап мұңаяды жасыма.
Аққуды атқан қаныпезер сорлының,
Қарғап жатыр сор берсін деп басына.
Деді дағы жуып жатыр қанды атам,
Аққуымды тынышталды - ау аңдасам.
Сынған жерін орнына келтіріп,
Жас баладай құндықтатты таңды атам.
Ерік беріп жаздым сосын дастанға,
Көргенімді үлгі еттім достарға.
Он күн жатып жазылған соң аққуды,
Қоя бердім қалықтатып аспанға.
Сыйла ұрпақ, аққуды атпа жосыңды,
Жаралама жаныңдағы досыңды.
Қарап тұрмын қалықтаған аққуға,
Тура барып үйіріне қосылды.
Ата баба аманатын сақтаңдар,
Адал болып болашаққа бостаңдар.
Аққу деген құс төресі адал құс,
Әй, адамдар, оны ешқашан атпаңдар!
Достық деген ...
Достық - адамдардың бір -біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Сыныптастарыма
Қосыла қалса бастарың,
Ұмытып бәрін басқаның.
Жамырай атып жатасың.
Демалыс кездің дастанын,
Менің сыныптастарым.
Алдымызда таңдау бар,
Шақырады сан жолдар.
Осы бастан ойлаңдар,
Болашақтың жоспарын,
Менің сыныптастарым.
Ертеңі елдің біздерміз,
Біліммен
бақыт іздерміз.
Жарқын болсын
жүздеріміз,
Көп болсын деймін достарым,
Менің сыныптастарым.
Туған жерім - түғырым
Көргенде топты жарып Құлагерді,
Бұл қалаға бүйрегім бұра берді.
Ақ кетігім, әз - шаһар Форт - Шевченком,
Сен деп білем елдікке мұрагерді, - деп жырлаған жерлес ақын Ғалым Әріп ағамыз. Форт - Шевченко Ақтау қаласынан солтүстік батысқа қарай 132 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Шөбі майса, жері құнарлы, табиғаты әсем қала. Форт - Шевченко - Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы. Айдыны асау Каспийі, қатпар - қатпар сырлары бар Қаратау, тамаша табиғаты бар Тамшалы, қырында әулиелі абыз қала Ақкетік - ауданның жері.
Форт - Шевченко - ұлысқа ұлағатты қалқан болған, елдің өшпес рухының демеушісі, қайта оянған қара шаңырағы. Бұл маң бірде үздіксіз қатынастардың күретамырына айналса, кейде ешкім ат басын бұра бермейтін қиян түбек ретінде көрінеді.
Туған жер - тұғырым
Сүйем сені, туған жерім, мекенім,
Құлыныңдай асыр салып өсемін.
Теңіз болсаң толқыныңда толғанып,
Өмір деген ескегіңде есемін.
Байтақ далам, көріктісің тауларым,
Басқалардың бастырмаған жауларын.
Желбіресе көк аспанда жауларын,
Сен сұлусың алтын өлкем, аймағым.
Табиғатым, туған жерім, тұғырым,
Елді сүю, жерді сүю ұғымым.
Ақын ұл боп, сенде өссем арман не?
Жырларымның арнап жазып тұнығын.
Туған жерім, саябағы санамның,
Шабыттансам, шоғыңдай боп жанармын.
Асқар таулар, бауырыңа қыс ботаңды,
Шыңдарыңда ойнақтаған маралдың.
Туған жер
Туған жер мерейлі менің мекенім,
Арқарыңмын бауырыңда ойнап бөкенің.
Сулулығына тамсана жүріп мен сенің,
Құлпырып жайнап, құлының боп өсемін.
Туған жер тұғыр, мен өскен сенде ботаңмын,
Ер жетсем ертең үлесті жырмен қосармын.
Толғанып тұрып, күйіңді тартар қазақпын,
Үнімді қосар, табиғатына Отанның.
Менің Қазақстаным
(балалық шығармашылықтан )
Қарашы менің далама,
Көз тартарлық емес пе?!
Қазақстан әрқашанда,
Жарқырайды белесте.
Қазақстаным дүрілде,
Қазақстаным дүрілде,
Сенің атақ даңқың,
Көк аспанның төрінде.
Қазақстаным менің,
Құшақ жайған елім.
Жақсы көрем мен сені,
Қазақ елім менің.
Қазақстанға менде де,
Сенімменен қараймын.
Елімді мен қорғауды,
Басты борыш санаймын.
Ауызбіршілігі жоқ үйде береке кеп тұрақтамайды деп, барға қанағат етіп отырамыз.
Ағалар - ай
Ақыл беріп ой түйеді қасымда,
Қимас жандар жақұтқа да, асылға.
Аға деген қамқоршысы інінің,
Мейірімі ұмытылмас ғасырда.
Өмірімде өзіңсің тек пана да,
Саған қарап ақыл кірер санама.
«Інім - ау» деп алып - ұшып тұратын,
Сенен артық жан бар ма екен, жан аға.
Үлкендерді сыйламаған қай халық,
Ынтымаққа тұра тұғын сайланып.
Қия алмаймын, жүргім келеді жаныңда,
«Аға» деген есіміңнен айналып.
Ағаларым, Алатаудай шыңдарым,
Арналады сендер үшін жырларым.
Ақылшымнан алыстағым келмейді,
Бақытты етер дәл қасымда тұрғаның.
Бауырға тілек
Сырымды түсінетін,
Бәрінде білетін,
Үш бірдей ағам бар қуанам.
Қорғаныш болатын,
Мақсатын қоятын,
Жететін сан биік шыңдарға.
Намысы ары үшін,
Жұмсайтын бар күшін,
Бауырын ұмытпас ешқашан,
Айтуға қақылы,
Беретін ақылы,
Санаңа
өшпестей құйылар.
Жаманға қыймайтын,
Әрдайым қолдайтын,
Жаныңнан табылар жанашыр.
Тілеймін бақытты,
Шаттықтың таңы атты,
Отбасың аман сау болса екен.
Міндет пен үміттің,
Бауырым көп күттің,
Ендігі ақтаймын сенімді,
Өзіңдей қамқоршы,
Боламын ағатай,
Өзіңнен туылған балдарға.
Өмір, ол - тәжірибе. Өмірде әр нәрседен хабардар болсаң да, оны толығымен зерттеп біле алмайсың.
Жанымды түсінер кім енді?!
Жаным жабырқау,
Болар арқау,
Жанымда жоқсың анашым.
Өмірден өткен,
Сағым боп кеткен,
Сағынды баласы әкесін.
Жүрегі баталмас,
Ешкімде тастамас,
Өмірге әкелген баласын.
Қанатым берік ет,
Самғадым ертерек,
Ұядан ұштыммен анашым.
Қабағы қатулы,
Жанарда бар мұңы,
Шаршады бүгінде балаң шын.
Қолтықтан демеп,
Күттім көмек,
Келер деп жақын бір бауырым.
Сезер деп ертең,
Қос бірдей әпкем,
Жазар деп жанымның жарасын.
Адалдық жан емім,
Достарым аз менің,
Жанымды түсінер кім енді?!
Мамықтай көңілім,
Ендігі өмірім,
Болсыншы тәтті бір түсімдей.
Асыл досым...
Достықтың адал ниетін сезгендіктен, бойымды ерекше бір батылдыққа жеңдіріп алға ұмтылуға тырысамын. «Достық сезімі» мені әрдайым жалғызсыраған көңілімді көтеріп, жанымды жадыратып жібереді. Шын дос қиналған сәтте қол ұшын беріп, лүпілдеген жүректердің кілтін табуға тырысады.
Досым жайлы
Өмірдің жазғанына бағынатын,
Жаныңнан әркез ылғи табылатын.
Шын достар болсын ылғи жаныңызда,
Қиналғанда тілек тілеп табынатын.
Жүрегінде ақ үрпектей - мейірім,
Ортаймасын адал ниет - пейілің.
Дос үшін құрбан етер адал досқа,
Қолды қойып кеудеге бас иемін.
Қазақстан - Отаным
Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері бар.
Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміздің тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
ҚР - ның рәміздері
Елімнің ең қастерлі рәміздері,
Тәуелсіз ел шаттыққа бөленеді.
Өз еліне өз намысын білдіретін,
Ең бастысы үш белгісі көрінеді.
Ең басты туым тұр желбіреген,
Көк байрағы көтерген кең жүрек ел.
Ұрандап қазақ елі ту көтерсе,
Елбасына ереді елжіреп ел.
Елтаңба елдіктің бір нышаны,
Ортасында шаңырақ нұр құшады.
Қанатты пырақтары болашағым,
Қазақ елі уақытпен бірге ұшады.
Үшінші ән ұран ол елімнің,
Ол айтылса ұстар бәрі жүрегін.
Отанымның бар байлығын көрсеткен,
Қазақстан дербес ел, міне бүгін.
Менің Отаным - Қазақстан!!!
Қазақстан менің Отан - анам ақ ордам,
Бақыт шашқан, бір басыма бақ ордам.
Тыныштықтың туын көкке көтеріп,
Отырсың ғой мың сан ұлтқа боп қорған.
Қазақстан менің атамекенім,
Азат елсің түғыры биік өлкенің.
Тәуелсіз ел өз қолыңда ар - намыс,
Ұмыт болсын бейнет азап көргенің.
Бастан кешіп тауқымет пен талай сын,
Үмітпенен болашаққа қарайсың.
Отан ыстық - болады әрқашан кез,
Отан ана - Қазақстан жарайсың!
Күрестен тәуелсіздік жолындағы,
Тарихтың талай томы қалыңдады.
Ұрпағына мұрагер боп мәңгілік,
Абылай ханнан құламастай ту қалды.
Балаларға базарлық ретінде балалық шағымда жазылған өлеңдермен бөлісемін...
Жаңа Жыл
Қар ойнап балалар жүр қызығып,
Жаңа жыл жаңа арман туғызып.
Ақшақарды қармен жасап балалар,
Тамаша қып көрікті етіп құрды нық.
Қарда жауды жаңа жылда жаңалап,
Қызықтадық, біз қаланы аралап.
Аяз ата көптен күткен біздерді,
Ол ұсынды әр баланы бағалап.
Жаңа жыл құтты болсын елімізге,
Ақшақар қыстың сәні бәрімізге.
Жыл сайын тойлатқан барлық бала,
Қосылайық тамылжыған әнімізге.
Табиғатты аяла да, бағала!
Табиғатты қорғау - біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес.
Табиғат сұлулығы
Табиғаттың сұлулығына тамсанам,
Әдемі әсем сазбен ән салап.
Тұнық ауаңмен көкірек кере демалса,
Рахат тауып, шаттанып өсер барша адам.
Табиғатты аялаңдар достарым,
Аясаң бәрің еліңе үлес қосқаның.
Көк байрағыңды желбіреп тұрған қазақтың,
Аяулы бізге көгілдір көктем аспаным.
Ұласып жатқан тарихқа толы ғасырға,
Не жетсін шіркін табиғатымдай асылға.
Көк жиегіңді көмкеріп жатқан сұлулық,
Ойнадым талай тауларыңмен тасыңда.
Бір бетің теңіз толқыған самал ойнаған,
Шомыла барсаң қызыққа әсте тоймаған.
Гуілдеп жатқан жағасын ұрып Каспийдің,
Байлығы балық, суында өсіп қайнаған.
Отбасы жайлы...
Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Қоғамның негізгі мақсаты - адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Жеңешеме
Өзі бір сұлу жайдарлы,
Деп өзіммен кеңесем.
Үйдегі жүрген сол бір жан,
Аяулы менің жеңешем.
Жеңешем деп мен оны,
Сыйлаймын өмір бойына.
Кенжем деген сөзі бір,
Келеді әркез ойыма.
Ақылшы болар жеңгемнің,
Қызықтым шықпай қасынан,
Еркелетеді ат қойып,
Сыйлайды, сипап басымнан.
Ән жаздым арнап өзіңе,
Еңбегің жырдың елерсің.
Қуанышты шақтарда,
Тойлайық шаттық жеңістің.
Әбіш кеңістігі...
Әбіш Кекілбаев - адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә.Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез - құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Әбіш аға
Әбіш аға ар - намысы жалындаған,
Нағыз ер ғой ел үшін дамылдаған.
Қаран құстай қалықтап көк аспанда,
Әбіш аға қамал ғой алынбаған.
Нар тұлға, көрнекті Алаш жазушысы,
Жарқын шуақ пен ел аузын қаратушы.
Әбіштей тұлғалы ағам болам деген,
Біздей бар ғой үлгі тұтар ұстанушы.
Қыран құстай самғадың елімізден,
Шабыт алып Маңғыстаудай жерімізден.
Алашымның сан мыңдар ақындары,
Қалықтап өрби берсін төрімізден.
Аты мәшһүр Әбіштей ағамыздың,
Ізін басқан ақ жолтай бабамыздың.
Өшпес сәуле есімі ұлан ғайыр,
Ұшқыр ойы кеніндей даламыздың.
Махаббат туралы түсінік...
Махаббат - өмір көркі. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым - қатынасының басты ұстанымдары.
Өрімді қыз осы өлеңді айта жүр
Жеткен кезде шық сезіммен күзбелең,
Хатта жазып сезімімді білдіргем.
Жол бойында, ақ жолақты...бағдаршам,
Қол ұстасып, бара жатсам сізбенен.
Есіміңді тасқа жазсам ойып та,
Қалар бәлкім жүрек пенен ғайыпта.
Ішім күйіп бара жатыр өртеніп,
Сені сүйіп жүре берсем айып па?
Қайталанар осы жағдай талай бір,
Өскен сәтте құлпырумен майса гүл.
Өзегіңіз өртеніп өкінгенде,
Өрімді қыз осы өлеңді айта жүр!
Өлең сөздің патшасы...
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Өнер - әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл - күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние.
Бірақ өнер ол тек қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер - жан- жақты болады.
Өнерлі адам - өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән келтірмеуіміз қажет!
Өлең менің өмірім
Өлең менің жан сырымды ашатын,
Шұғыла боп жан - жағына шашатын.
Бұлқынған жүрегімнің кей сәтінде,
Сабырменен көңілімді басатын.
Өлеңім менің - өмірімнің өзегі,
Жұлқынады, қайран сабыр төзеді.
Өлеңімді оқысаң мен деп түсін,
Ол, өйткені, жүрегімнің сөзі еді.
Өлеңім менің - көңілімнің шырағы,
Тағдырымның асау тұлпар пырағы.
Көңіл құсы қанат қаққан қияға,
Сол құсымның өлең ұя тұрағы.
Өлең менің жалын атқан жырларым,
Көзім жетпес алыстағы қырларым.
Бір өзіңмен сырласқанда жапанда,
Тыныштығы қара түннің ұрладым.
Өлең менің тіршіліктің тұмары,
Бойынан ешкетпеген құнары.
Қалап ұстап, ақ қағазды құшақтап,
Жыр - рахатқа кенелгім кеп тұрады.
Өлең менің тапқандай ма ляззатын,
Күн күлімдеп тұратындай аза түн.
Уысына жүрегімді қысып ап,
Шың биікке өмір өлең жазатын.
Өлең менің өзгелерді ұғатын,
Мен емеспін бұл өмірде тірі ақын.
Жыр дәптерін қойнына қысып алып,
Қаламымен қолын бұлғап тұратын.
Өзім жайлы
Өзім жайлы бір үзік сыр шертемін,
Сүйемін мына ғажап өмірді, шын.
Аттанып алға қарай биік шыңға,
Келеді арманыма қолжеткізгім.
Жаным жұмсақ, қалаймын әділдікті,
Менің әкем шындықты қадір тұтты.
Шоқ жұлдыздай ізін басар ұрпағы деп ,
Менің дағы бойыма сенім артты.
Арманым асқақ, шыңдарым көп шығатын,
Достарым көп сыр бөлісіп тұратын.
Шың құздардың шырмауына байлансам
Сүйеу болып мені әркез ұғатын.
Нелер келіп кетпейді, нелер басқа,
Ақыл ойды саралап жинамасқа.
Жалын атып жайқалған жастығымды,
Пайдалы бір істерге арнамасқа.
II – бөлім
(Эсселер жинағы)
Күнделігім сенімді досым...
Өмірімнің кейбір сәулелі сәттерін, көңіліме ерекше әсер еткен ұмытылмас күндерімді, есте қалар қызықты оқиғаларымды сол қалпында жадымда қалдыру үшін күнделік жазам. Өйткені күнделік қана менің өткен күндерімді, басымнан кешкен бақытты шақтарымды сол қалпында қайтарып бере алады.
Табысты болу үшін...
Табысты болу үшін бұл заманда көп еңбектену керек. Студенттік шақта келер табыс өзекті мәселелердің бірі. Армандаймыз, күтеміз. Олай болу үшін көп тер төгіп, алдыңа мақсат қою керек. Өмір заңдылықтарын сол қалпында қабылдап, әрбір күніңді көңілді күймен бастау шарт. Ойлаған мақсатыңа жетудің бірден бір жолы - көңілді түсірмеу. Анар Қошаева ұстазым бірде «ешқашан өзіңі - өзің артық жұмыс шығарма, бәрін ойланып ақылмен жаса» дейтін. Ол рас. Адамдарға жақсылық жасап, ол күндердің бір күнінде келер анық деген ой менде әу бастан - ақ қалыптасқан. Сондықтанда қолымнан келгенше айналама бар мейірімімді көрсетіп, барымша көмектесуге тырысамын. Және оның қайтарымын күтпеймін де.
Мақсатқа қол жеткізу...
Мен жалғыздықты сезінгенде алдағы өмірімнің не болары толғандырады. Сондықтанда әр күні өзіме өзім есеп беріп, бұл өмірде алдыңа мақсат қоюдан артық еш нәрсе жоқ екендігін қаперімде ұстаймын. Мақсатты қоя білуде үлкен күш пен шыдамдылықты талап етеді. Ол адам бойындағы ішкі ойдың түкпірінде жатқандықтан, оны ояту оңайға соқпайды. Ең бастысы адам биік белестерді бағындыру жолында адами құндылықтарды жоғалтпай, өзіне пайдалы нәрселермен айналысқан жөн.
Сенімділік...
Сенімділік жарқын болашақтың кепілі екендігі анық. Ол айналаңдағы өміріңді әбден өзгертеді. Маған өз - өзіне сенбейтін адамдар өмірден қалыс қала беретіндей көрінеді. Сенімсіз адамдар өмірде кездесер күйбең тіршіліктерді көтере алмай, мағынасыз өмірге дағдыланады. Уақыт пен күш - қуат адамға сенімділікті арттырып болашаққа нық сеніммен қарауға жәрдем береді. Өмірімнің соңына дейін сенімді болу үшін адамгершілік сезімімді жоғалтпай, кемшіліктерімді түзетуге тырысамын.
Сабырлық - асыл қасиет
Сабыр – ақыл - парасаттың белгісі,
Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.
Бастарда істі байыбына барып ал,
Асыққандар күйінер де жаңылар
- деп Ж. Баласағұн атамыз жырлағандай сабырлық адам бойына қажетті факторлардың бірі.
Сабырлылыққа, ұстамдылыққа апаратын жолды мұқият қарау керек екендігінде естен шығармаған жөн. Онымен өзіңнің қаншалықты келісетіндігіңді баяндап, өзің де сабырлы болудың жолдарын жасап көрсете аласың. Шыдамсыздыққа бой алдыртпай, әр істі ойланып, ақылға салып, істеген іс - әрекетіңді мақсатыңа бағындырып қана іске кіріскен дұрыс. «Сабыр түбі сары алтын» - демекші қолға алған мақсатты байыбына барып, қимылдаған жөн деп есептеймін.
Махаббат мағыналы болса...
Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді. Махаббат - күшті және керемет сезім. Менің пікірімше, махаббат - біздің өмірімізде сирек кездесетін аса құнды асыл сезімдердің бірі.
Дүние жүзінде әрбір адам өз махабаттын сыйлағысы келеді. Иә, махаббат - қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтын тамаша сезім. Махаббат - бұл неке мен отбасының жүрегі! Махаббатты бағалай біліп, оның отын өшірмей, аялау қажет, және бұл көп жағдайда адамның өзіне байланысты! Егер ері мен әйелі бір - біріне жақсы тірек бола білсе, олардың отбасы да бақытты һәм тату болмақ. Адам махаббатты, сыйластықты, жылылықты сезінсе, ол отбасылық өмірдің өркендеп нығаюы үшін бар күшін салады.
Сондықтан қандай жағдай болмасын, отбасыңызды сақтаңыз, және егер жалғыз болсаңыз, барлығын жаңадан бастауға тырысыңыз, бақытты отбасылы болу ешқашан кеш емес екендігін ұмытпаңыз. Кез келген жастағы әрбір жалғызбасты адам өзінің махаббатын кездестіріп бақытты отбасын құра алады. Ең бастысы махаббатқа берік болып, адамгершілік сезімді ұмытпаса болғаны.
Арманыма асығып барам...
Армансыз адам - қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы, биік белестерді бағындырам деген ішкі талпынысы болады. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы халыққа қызмет ету болатын. Кім біледі, менің бүгінгі арманым - ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым - ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Арман алысқа жетелейді демекші арманымыз биікте болсын! Әрқашанда арманымызға ұмтылып, талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар!
Өмір туралы тағы бір ой...
Әрбір адамға қамшының сабындай зулағанда бір күндей болмас қысқа ғұмыр берген. Әрбір адам маңдайына жазылған ғұмырын кешеді дейміз. Иә, солай! Бірақ барлығымызда өмірге деген құлшыныс, өмірден өз орнын табуға деген ұмтылыс болуы керек. Кейбіреулер мынау әлемде көк аспан астында сайран салып қалу керек, өмір сол үшін қызық деуі мүмкін. Өмір сол үшін қана қызық па? Меніңше, өмір әрқашан сүйініш пен күйініштен тұратын болып елестейді кей сәтте. Оған мойымау - әркімнің өз қолында. Ешкімнің өмірге жәй келіп, құр кетуге хақысы жоқ. Өмірді қызықты ету өз күшіңе сеніп өмір сүру. Жан - жағыңды танып - білу. Өмірді қиындату да, жеңілдету де адамның өз қолында деп ойлаймын.
Азаматтық...
Азамат деген атқа сөзінде тұра алатын, мінезі кең, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер лайық. Ер жетіп, екі иығына екі кісі мінгендей шымыр боп өсу де азаматтықтық белгісі.
Ел адамдарының есінде жақсы атымен қалған, жақсы ісіне сүйіндірген әр адам азамат деген атқа лайық деп ойлаймын.Адамнан артық құндылық жоқ. Оның ар санасы, тегі, өмірден көрген - білгені, оқыған - тоқығаны жеткілікті болса, еліне пайда тигізеді. Осылардың ара - жігін ажыратып, салмақтап ойлана білген адам өзін - өзі басқара алатын, елді де басқаруға лайық кісі, нағыз азамат атанады.
Ана, сіз ерекше мейірімдісіз!
Ана, жер бетіндегі әсемдік атаулының бәрі сізге деген сүйіспеншіліктен туған сияқты. Неге дейсіз бе? Өйткені, сіз ерекше мейірімдісіз, жүрегіңіз махаббатпен ізгілікке толы. Сол мейірім ұрпақтарыңызға, күллі жер бетіне қуаныш, бақыт сыйлайды. Егер мені жарық дүниеге әкелмесеңіз, құстардың сайрағанын естімей, гүлдердің жұпар иісін сезуші ме едім?!
Білмеймін, сіздер бізді қиындықтан қорғау үшің отқа да, суға да түсесіздер. Ықыласыңызға бөлену үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын.
Ақылдылық жайлы...
Ең ақылды адам - өз шамасын білетін адам. Еркекке түрден гөрі ақыл көбірек керек, ал әйелге оданда көп ақыл керек. Өзім жолықтырған әрбір адамнан өзімде жоқ жақсы қасиеттерді көрсем, оны тезарада түзеуге тырысамын. Солай ақылым толысып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға ұмтыламын.
Әке жайлы сыр...
Әке - асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке - сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап - бағуға да, жақсы тәлім - тәрбие беруге де міндетті адам. Әке - бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз - отбасы мүшелерін әртүрлі пәле - жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым.
Әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы деп ойлаймын. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Кітап білім бұлағы...
Кітап білімнің қайнар көзі. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы.
Бақыт дегенді қалай түсінем...
Бақыт деген - мен үшін жақын адамдарыммен олардың дендерінің саулығы. Бақыт ол адамның өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасып, қандай жағдайда болмасын өзін қуанышта сезініп жүрген адамның көңіл - күйі. Өйткені бақыт байлыққа, мансапқа, лауазымға қарамайды. Адам бақытты сезіну үшін, бірінші қиындықты тата білуі керек, сонда ғана бақытты бағалай алар еді.
Мен үшін осы өмір бақыт! Аллаға шүкір, 12 мүшем түгел, ақыл - есім орнында, ата - анам, бауырларым жанымда, дәл қазір көңіл - күйім керемет! Алға қойған мақсатым бар, болашағыма сенемін! Алладан тілерім, осы бақытымнан айыра көрмесе екен.
Мейірімділік – асыл қасиет!
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.
Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.
Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді.
Белгілер үшін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген