400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бай салт-дәстүрімізді жалғастырамыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыз аса үлкен дайындықпен қарсы алатын Ұлыстың ұлы күнінің ерекшелігін балаларға айтып түсіндіру. Қазақтың салт - дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық ойынын, ұлттық киімін насихаттап көрсету. Балаларды асыл қазынасын бағалап, ұлттық салт - дәстүрлерін сақтауға үйрету. Сондай - ақ Ұлыстың ұлы күнін зор мақтанышпен тойлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Бай салт-дәстүрімізді жалғастырамыз!»


Мақсаты: Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыз аса үлкен дайындықпен қарсы алатын Ұлыстың ұлы күнінің ерекшелігін балаларға айтып түсіндіру. Қазақтың салт - дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық ойынын, ұлттық киімін насихаттап көрсету. Балаларды асыл қазынасын бағалап, ұлттық салт - дәстүрлерін сақтауға үйрету. Сондай - ақ Ұлыстың ұлы күнін зор мақтанышпен тойлау.
Балалар көңілді әуенмен залға кіріп отырады.


1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, қонақтар сіздерді келіп жеткен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Көктем тойы сіздерге жақсылығымен шуағын әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Дильнара Сембіқызына береміз.

1-жүргізуші:
Наурыз тойы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем,
Құтты болсын ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізде ынтымақ пен бірлікке-

дей келе кезекті 2 «А сыныбына береміз. «Қарлығаштар » биі қарсы алайық»








2-жүргізуші:

Наурыз көктем тойымыз,
Өсер біздің бойымыз.
Күн ұзарар жылынып
Қош келдің бізге наурыз.

2 «Б» сыныбының орындауында «Дастархан» әнін тыңдап, тамашалайық.

1-жүргізуші:

22 наурыз күн мен түн теңеледі. Жер шуаққа кенеледі. Балалар айтыңдаршы, наурыз мейрамында кім бізде ел аралап жүреді.
Балалар: Қыдыр ата
Жүргізуші: Қыдыр ата не әкеледі?
Балалар: Бақ дәулет, береке, мереке, молшылық, бақыт, қуаныш..................
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Қыдыр атаны қарсы алайық..
Қыдыр ата: Арайы бар даланың,
Армысың ба жаңа күн
Сәлем халқым тірегім
Сендермен бір жүрегім
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.

Сөз кезегін 2 «Ә» сыныбына «Көктем» биіне береміз. Қарсы алыңыздар.









1-жүргізуші:

Қонақтар келді сабылып,,

Той тойлауға қауышып.

Біз сұрайық қонақтан

Қонақ кәде дәстүрін.

Қонақ кәде дәстүрін 2 «Ә» сынып ата-аналарынан сұраймыз.



2-жүргізуші:


Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

 Қалыс адам болмасын некен – саяқ.

Ән шырқап, би белейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.



«Қазақ дәстүрлері » әнімен той кезегін 3 «Ә» сынып оқушысы Серік Ақеркеге береміз.



1-жүргізуші:

Күн күлімдеп нұрын шашар, шуағын,

  Құтты болсын Наурыз айы, қадамың.

Бүгін бізде салтанат, қызық ойын,

  Халқым – ау құтты болсын жаңа жылың!-

дей келе кезекті сұлу сазға береміз.

Флейтада 3 «А» сынып оқушысы Бухметова Данияның орындауын тамашалайық.





2-жүргізуші:

Екі ішектің бірін тарт та,
Бірін сәл - пәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра – деп Қадыр ақын айтқандай, қазақты домбырасыз елестетуге болмайды.

Қазақтың қара домбырасында 4 «А» сынып оқушысы Аманов Әмірдің орындауында күй тыңдайық.



1-жүргізуші:

Босқа қарап тұрмаңыздар,

Наурыз тойы басталды.

 Береке де осында.

  Мереке де осында.

4 «Ә» сынып оқушыларының орындауында қазақтың «Қамажайы». Қарсы алайық.



2-жүргізуші:

Өзгерсе де мынау заман құбылып,
Ата салтын өсейік біз ұғынып
Қазағымның салт - дәстүрін білейік
Қазақ болу неткен ғажап ұлылық.



1-жүргізуші:

Құрметті қадірлі қонақтар. Кезекті қазақ халқының салт- дәстүрлерін көрсетуге сынып оқушылары мен ата-аналарына берейік. 4- сыныптар бастасын, қалғанымыз қостайық.







2-жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,

  Наурыз тойы – жыр-аңыз. 

«Қаражорға» биімен

Қызық думан құрамыз.

«Қаражорға » биімен 2 «Ә» сыныбын ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер.

Қашанда құт – береке орнасын деп, 

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, 

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! 

Марапаттау үшін сөз кезегін директорымыз Дильнара Сембеевнаға береміз.



























«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 орта мектебі»ММ









«Бай салт-дәстүрімізді жалғастырамыз»

бастауыш сыныптар фестивалі.

Жауапты: Абдыкасымова Г.Ж.









Қостанай-2018ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі