400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бәйгеден оздық топ жарып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала біздің мектептің оқушылары жетістіктері жайлы жазылған.Фейсбук парақшасында жарияланған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәйгеден оздық топ жарып Шын талантқа ешқандай тұсау болмайды.Байқау, бәйге десе қандай өнерпаз оқушының қаны қызбайды? Өнер мен талантыңды жұртшылыққа паш етіп, бәйгеден топ жарсаң, одан асқан бақытты сәт бар ма? Бәйгеге қосылған ұландар оза шауып, мектебіңнің абыройын асқақтатқанға не жетсін, шіркін!

Жақында ғана 16.11.2024 ж күні Шымкент қаласында «Өнер алаңы» атты Ⅴ-ші республикалық байқауы өтті.Сол байқаудан қапы қалмау үшін №68 Т.Оспанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-7 сыныптың өнерлі оқушылары қазақ тілі пәні мұғалімі,білікті де білгір ұстаз Динара Уразалиева апайдың жетекшілігімен дайындаққа барын сала кіріскен.Сол жарысқа қатысқан өнерлі ,алғыр қыздарымыз бар өнерлерін салып үмітті еселеп атқарып, айды аспанға бір-ақ шығарды.Тамаша нәтижеге қол жеткізіп, мектебіміз бен ауылымыздың абыройын асқаттатты. Сайыс бағдарламасы мәнерлеп оқу,көркем сөз оқу,дәстүрлі ән,хореграфия,бейнелеу өнері,қол өнері.сахналық шеберлік бағытында жүргізілді.№68 Т.Оспанов мектебінің атынан бәйгеге түскен жас өрендердің өнеріне көрермен қатты сүйсінді.Байқау нәтижесінде бас жүлде алған 6б сынып оқушысы Опахан Әсел Грузия елінде өтетін байқауға жолдама алса, 1 Жанзах Н,Фархат А,Опахан И атты қыздар 1 ші орын алып Ташкент қаласында өтілетін сайысқа саяхатқа жолдама алды.Жалпы №68 Т.Оспанов мектебі атынан қатысқан 9 оқушының бәрі де жүлделі орындарға қол жеткізіп,медаль мен диплом иелері атанды. Мектеп ұжымының қуанышында шек жоқ.Қажырлы еңбек еселеп қайтты.Динара апайдың табандылығы мен уақытпен санаспай,бар ынтасымен еңбек етуі арқасында осындай толағай табысқа қол жеткізілді.Жетістіктер адамға үлкен шабыт сыйлап,биік асқарларға жетелейтіні сөзсіз.Бәйге шыңына шыққан аяулы шәкірттерімізге әлі де биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

Қанат Ақберген

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі