жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Байланыс жолдары мен тығыздау жүйелерінің орны
Байланыс жолдары мен тығыздау жүйелерінің орны
Наурыз Қ.Ж., аға оқытушы
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы, энергетикалық факультеті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
Кез - келген байланыс жолы (кабельдер, радиожолдар және т.б. жолдар) арна құраушы немесе тығыздау жүйелерімен жұмыс істейді. Олар арна құру принципіне байланысты келесідей бөлінеді [1]:
1) аналогты тарату жүйелері;
2) цифрлы тарату жүйелері.
Алғашқысы қазіргі кезде қолданыста емес, яғни қазіргі заманғы тығыздау жүйелері цифрлық технологияға негізделген. Тығыздау жүйелері мен тарату орталары (кабельдер, радиожолдар және т.б.) көмегімен желілер тұрғызылады.
Қазіргі заманғы телекоммуникациялық желі - ол күрделі, көптеген бағдарлама көмегімен жұмыс істейтін жабдықтар мен жоғары жылдамдықты тарату мүмкіндігі бар, жан - жақты қорғалған байланыс жолдарынан тұрады [2].
Тарату арнасы дегеніміз - екі абонент арасында, физикалық тарату жолына тәуелсіз, белгілі бір жиілік диапазонында шектелге қуатты сигналды таратуға арналған тарату ортасы мен техникалық құрылғылар кешені (жиынтығы) болып табылады [1].
Тарату арнасы - әр түрлі хабарлама көздерінен, әр түрлі елдерде шығарылған, әр түрлі жабдықтар көмегімен, әр түрлі байланыс жолдары (тарату ортасы) көмегімен іске асырылуы мүмкін.
Тарату арнасы деген термин - барлық елдерде бірдей түсінілуі қажет және белгілі бір стандарттар аясында жұмыс істейді. Ол стандарттар ITU - Т Ұсыныстарына сай. Барлық жергілікті желілер мен аймақтық желілер өзара байланысқан желілер талаптары бойынша жұмыс істейді және белгілі «Ережелерге» бағынады.
Осы желілер - біріншілік желілерді құрады, яғни олар арқылы арналар мен топтық трактілер өтеді. Ал екіншілік желілерде - байланыстың әр түрі ұйымдастырылады, мысалы телефония, телеграф, факс, деректерді тарату, Интернет, бейне байланысы және т.б. Қазіргі заманғы тасымалдау желілері бейиерархиялық болып табылады, төмендегі 1-суретте заманауи біріншілік желі (тасымалдау желісімен) және оның қолжеткізім желісімен байланысын көрсететін сұлбасы берілген [3,4].

Сурет 1. Заманауи біріншілік (тасымалдау) желісі сұлбасы
Байланыстың тасымалдау желісі (backhaul) дегеніміз - желінің бір бөлігі, байланыс торабтарын бір - бірімен жалғастыратын жабдықтар мен байланыс жолдары кешенін, сонымен қатар, тасымалдау желісінің құрамына кіретін бақылау, оперативті қосу - ажырату, резервтеу мен басқару құрылғылары да кіреді. Ұялы байланыс желілерінде оператордың тіректік желісімен базалық станциялар арасындағы желі бөлімшесі кіреді [5].
Тасымалдау желісі - трафикті таратуға арналған желілік элементтердің жиынтығы болып табылады, тағы бір басылымдар бойынша, тасымалдау желісі - байланыс желісіндегі бір қолжеткізім желісінен екінші бір қолжеткізім желісіне хабарлама ағынын тасымалдау функциясын орындайтын желі бөлігі [4,5].
Ал, қолжеткізім желісі (қатынау желісі) - абоненттерге қызмет түрлерін алу мақсатында тасымалдау желісінің ресурстарына қолжеткізуді қамтамасыз ететін желілік элементтер жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, қолжеткізім желісі хабарламалар көзін қолжеткізім торабымен жалғастырушы, және де тасымалдау желісімен қолжеткізім желісінің шекарасы болып табылады. Оның негізгі мақсаты - желілік тораптар арасында ақпаратты белгілі бір стандарттарға сай жоғары сапамен, жоғары сенімділікпен тарату болып табылады [4].
Заманауи тасымалдау желісінің технологияларына келесілер жатады: WDM, NGSDH (жаңа заман желісінің SDH), MPLS және 10GE. Байланыс жолдарының негізгі сипаттамаларына келесілерді жатқызамыз: өткізу жолағы; сигналдың өшуі; бұрмалануға тұрақтылығы; байланыс жолының жақын шетіндегі тоғыспалы өтулер; өткізу мүмкіндігі; деректерді таратудың дәлдігі; меншікті құны [5,1].
Қазіргі заманғы цифрлы желілерді жобалаушыларды да, жабдық құрастырушыларды да, жабдық пен байланыс жолдарын өндірушілерді де бірінші рет - желінің өткізу қабілеті мен деректерді жеткізудің дәлдігіне назар аударады. Себебі бұл сипаттамалар желінің сенімділігімен өнімділігіне тікелей жауап береді [2].
Өткізу жолағы мен дәлдік - байланыс жолының ғана емес, сонымен қатар - деректерді тарату тәсілінің де сипаттамалары болып табылады.
Байланыс саласында, қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың шарықтап өсуіне байланысты, ақпарат алмасуға деген сұраныстың артуы байланыс жолдарына, онымен жұмыс істейтін жабдықтарға үлкен талаптар қояды. Бірнішіден кеңжолақтылық, екіншіден жоғары жылдамдық, үшіншіден ақпараттың қорғалғандығы [6].
Сонымен, қажетті байланыс жолын, ортасын таңдауда жобада қарастырылып отырған мекеменің немесе елді мекеннің сыртқы ортамен байланысатын тарату ортасы мен жабдығын жетілдіруде - осы көрсетілген талаптар ескерілуі тиіс. Ондай мүмкіндікке, әрине оптикалық кабель жауап береді. Алайда, өз кабельдік кәріз жолдарының болмауы, оларды жалға алу құнының өсуі - мекемеге басқа альтернативті жолдарды іздеуге мәжбүр қылады. Байланыс жолының өткізу жолағы оның типі мен ұзындығына тәуелді. Келесі 2-суретте әр түрлі байланыс жолдарының өткізу жолақтарымен, байланыс техникасында жиі қолданылатын жиіліктік диапазондары көрсетілген [1,2].

Сурет 2. Байланыс техникасында жиі қолданылатын жиіліктік диапазондары
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 Мищенко В.Н. Направляющие системы телекоммуникаций. Минск.: БГУИР - 2008. - 326 с.
2 Радько Т.И. Учебно-методический комплекс дисциплины «Телекоммуникационные технологии и сети». Қолжеткізім ресурсы: http://www.kstu.kz/. Қолданыстағы күні: 04.02.2018.
3 Крук Б.И., Попантонопуло В.Н., Шувалов В.П. Телекоммуникационные системы и сети. Том 1. Современные технологии. [Электронды ресурс]. Қолжеткізім ресурсы: http://telekommunikacionnie-sistemi-i-seti-tom-1-sovremennie-tehnologi. html. Қолданыстағы күні: 05.02.2018.
4 Саитов И. А., Миронов А. Е, Головачев В. Ю., Дворядкин В. В. Основы построения современных систем и сетей абонентского доступа. Пособие. – Орел: Академия ФСО России, 2008. – 129 с.
5 Павел Ермолич. Транспортные сети (Backhaul) для сетей широкополосной мобильной связи: тенденции и перспективы развития в России и в мире. Қолжеткізім ресурсы: http://web.json.ru/poleznye_materialy/free_market_watches/analytics/transportnye_seti_backhaul_dlya_setej_shirokopolosnoj_mobilnoj_svyazi_tendencii_i_perspektivy_razvitiya_v_rossii_i_v_mire/. Қолданыстағы күні: 06.02.2018.
6 Наурыз Қ.Ж., Қасымова Г.Д., Манбетова Ж.Д. Электр байланысының бағыттауыш жүйелері. Оқу - әдістемелік кешені. 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығында оқитын 3 - курс студенттері үшін. С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ. - 2015. - 116 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген