400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Байланыс жолдарының тарату параметрлерін зерттеу» зертханалық жұмысы әдістемелік нұсқауын құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
«Байланыс жолдарының тарату параметрлерін зерттеу» зертханалық жұмысы әдістемелік нұсқауын құрастыруда аталған тақырып бойынша зертханалақ жұмысты орындау алгоритмі берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Байланыс жолдарының тарату параметрлерін зерттеу» зертханалық жұмысы әдістемелік нұсқауын құрастыру


1 Жұмыстың мақсаты


Тарамдалған байланыс жолдарын үлгілеу (модельдеу) процесімен (үрдісімен) танысу. Тарамдалған параметрлі жүйе үлгісі (моделі) және олардың эксперименттік зерттеу жұмыстарына дағдылану.


2 Қажетті құрал жабдықтар мен білімдер (дағдылар)

Жұмысты орындау үшін жабдықтар: компьютер (наутбук), принтер.

Бағдарламалық жасақтама: ОС MS Windows, Electronics Workbench немесе Multisim бағдарламалары.

Дағдылар мен білімдер:

1) «Электр тізбектері теориясы» (ЭТТ) пәнінен «Тарамдалған параметрлі тізбектер» (Тарату жолдары типтері, біртекті тарату жолдары теңдеуі) [1].

2) «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар негіздері» (Тарамдалған параметрлі жүйелер, ұзын жолдар) [2].

Жұмыс тапсырмалары:

- алдын-ала дайындық жұмыстарын орындау (алдын – ала дайындық бөлімі);

- жол параметрлерін анықтау;

- толқындардың таралу режимдерімен танысу.

Алдын - ала дайындық бөлімі:

- «Тарамдалған параметрлі тізбек» бөлімін қайталау (ЭТТ пәні бойынша) [1].

- «Electronics Workbench» (Multisim) бағдарламасының негізгі мәзірі мен элементті базасын қайталау, идеал және нақты ұзын жолдарды күйге (бапқа) келтіруімен танысу [3].

- сұлба параметрлерін нұсқаға сәйкес таңдау (3.1 және 3.2 кестелер бойынша), C, G, Z0 параметрлерін алдын - ала есептеу жүргізу.


3 Жұмысты орындауға нұсқалар мен тәртібі


3.1 кесте. Жолдың (тізбектің) индуктивтілігі, кедергісі және ұзындығының сандық мәндерінің нұсқасы

Сынақ кітапшасының соңғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

l, м

500

1000

1100

1200

1250

1500

1800

2000

2500

3000

R, Ом/м

0.1

0.2

0.25

0.3

0.35

0.1

0.2

0.25

0.3

0.35

L, мкГн

15

20

25

5

25

50

10

5

25

15

3.2 кесте. ЭҚК мен жиілігінің сандық мәндерінің нұсқасы

Сынақ кітапшасының соңғыдан бұрынғы саны

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

U, B

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

f, Гц

800

400

1000

400

500

700

600

700

500

900


Жұмысты орындау тәртібі:

- 3.1 суретке сәйкес схеманы (сұлбаны) жинау [4];

Shape1


3.1 сурет. Байланыс жолдарын зерттеу


- схемаға (3.1 суреттегі сұлбаға) нұсқаға сәйкес R, L, C, G, U, f мәндерін қойып, қажетті өлшеу құралдарын қосу;

- қума толқын режимін орнату үшін желі шығысына Z0 активті (белсенді) кедергі қосу. Осциллографты күйге келтіріп, кернеу амплитуда көрсеткішін алу, және - тұрақты өшу және фазалар ығысуын 3.3 кестеге енгізу.


3.3 кесте. Есептеулер мен эксперименттер нәтижесі

Орындалған жұмыстың атауы

Uвх

Uвых

Есептеу мәліметтері





Эксперименттік мәліметтер






Өлшенген параметрлерге есептеу жүргізу. Есептеу мәліметтерін 3.3 кестеге енгізу.

Схемадан (сұлбадан) Z0 кедергісін алып тастау арқылы келістірілмеген жол режимі модельденеді (үлгіленеді). Қажетті өлшеулер мен есептеулер жүргізу, алынған мәліметтерді 3.4 кестеге енгізу.


3.4 кесте. Есептеулер мен эксперименттер нәтижесі

Орындалған жұмыстың атауы

Uвх

Uвых

Есептеу мәліметтері





Эксперименттік мәліметтер






Есептеулер жүргізіп, параметрлерін алғаннан кейін, жұмыс бойынша тұжырым (қорытынды) жасау қажет.


4 Жалпы теориялық мәліметтер


Телекоммуникациялық (сонымен қатар, радиотехникада) және есептеуіш желілерінің сымды (өткізгішті) байланыс жолдары тарамдалған параметрлі тізбектерге жатады [2].

Мүндай тізбектердің индуктивтілігі L, сыйымдылығы C, кедергісі R және өткізгіштігі G - түрлі объектілер арасында ақпарат алмасу үшін байланыс жолдарын түзетін екі өткізгіш бойындағы кеңістікте таралуымен сипатталады. Егер аталған параметрлер жол бойында (ұзындық бірлігіне) біркелкі таратылған болса (мысалы, екі сымды жолдарға арналған параллель өткізгіштер түрінде), онда мұндай жол біртекті деп аталады, олай болмаған жағдайда жол әртекті болып саналады [1].

Байланыс жолдары (БЖ) екі модельмен (үлгімен) ұсынылуы мүмкін:

- шығынсыз идеальды екі сымды БЖ (3.2, а суреті);

- шығынмен (3.2, б суреті) [28].


Shape2


3.2 сурет. Шығынсыз (а) және шығынды (б) БЖ графикалық белгісі және шығынды БЖ математикалық моделінің буыны (в)


Шығынды БЖ математикалық моделінің (үлгінің) бірдей буындары (сегментер) келесі жиынтықтан тұрады (3. 2, в сурет) [5]:

- ұзындық бірлігіне (бойлық кедергі) жататын БЖ өткізгіштерінің R – белсенді (активті) (Jмдық) кедергісі, Ом/м;

- L - БЖ өткізгіштерінің бойлық индуктивтілігі, Гн/м;

- G - БЖ өткізгіштері арасындағы бойлық өткізгіштігі, См/м; нақты БЖ үшін осы өткізгішке оқшаулағыш материалдарының диэлектрлік шығындарынан болған өткізгіштігі қосылады;

- С – өткізгіштер арасындағы бойлық сыйымдылық, Ф/м.

EWB 5.0 бағдарламасы бойынша БЖ параметрінің мәндері диалогтік терезесі арқылы беріледі (3.3, 3.4 суреттер) [4].


Shape3


3.3 сурет. Шығынды БЖ параметрлерін орнату диалогтік терезесі


Shape4


3.4 сурет. Шығынсыз БЖ параметрлерін орнату диалогтік терезесі


Көрнекі болу үшін жұмыстың нұсқасына сәйкес шығынды байланыс желісіне арналған параметрлерін берейік:

  1. Өткізгіштер арасындағы сыйымдылық [6]:

С = 11.11 * 10-18 Ф/м, (3.1)


C =11.11*10-18 / 11.11*10-6 = 1*10 -12, Ф/м.


  1. Кешенді (комплексті) кедергі Z0 [5]:


Z0 = (L/C)1/2, (3.2)

Z0 = (11.11*10-6 / 10-12)1/2 = 3333.33 Ом.


3)Оқшаулағыштар арасындағы өткізгіштік G [7]:


G = R*C /L, (3.3)


G = 9 * 10-7.


3.3 суретте көрсетілген терезеде БЖ ұзындығы берілген жоғарыда аталған параметрлерден басқа эквивалентті схема (2.2 в суреті) параметрінің мәндері беріледі (LEN, м) [8].

Идеалды БЖ үшін диалогтік терезеде (R = 0, G = 0) (3.4 сурет) [4]:

- Z0 – толқындық кедергі, Ом;

- TD – сигнал таратылуының кідіру уақыты белгіленген.

БЖ - да болатын процестер (үрдістер) телеграф теңдеулерімен жазылады [3]:


∂u/∂х + L(∂i/∂t) + Ri = 0; ∂i/∂х + C(∂u/∂t) + Gu = 0 (3.4)


мұнда ∂u/∂х , ∂i/∂х, ∂u/∂t, ∂i/∂t) - х қашықтығы мен t уақыт бойынша и кернеудің i токтың дербес туындылары.

(3.4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі