400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Байланыс кабелі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттің ғылыми жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ақтау Қайнар колледжі





Мамандығы : 1306000- Радиоэлектроника және байланыс


Тақырыбы: «Байланыс кабелі»








Орындаған: РжБ -16/9 тобының студенті Өтесова Әсем

Ғылыми жетекші: Сейткожаева Г.Н





Ақтау - 2019



Кіріспе


Қазақстанның магистральды бірінші байланыс желілірінің қазіргі уақыттағы дамысы кабельді, радиорелелік және ғарыштық байланыс жүйелерін қолдануға негізделіп отыр. Атмосфералық әсерлерден және әртүрлі кедергілерден жоғары қорғалған байланыс каналды кабельді байланыс желілері, республиканың ең негізгі байланыс желілері болып саналады; кабельді желімен барлық ақпараттың 75% таратылады.

Қазіргі уақытта әртүрлі белгіленген орындарға жеткілікті мықты байланыс түйіндерін жеткізуге мүмкіндік беретін ең көп тараған байланыс құралы коаксиальды кабельдер болып табылады.

Коаксиальды кабельдерде аналогтық сияқты цифрлық жеткізу жүйелері де жұмыс істейді. Дегенмен, металлды кабелдерде елеулі кемшіліктері бар: жиілікті өткізуде шектелген жолақ; найзағайдан зақымдалудан жоғарғы ықтималдық; құралдың антитоттануының жоғарғы мәні; өңді металлдарды көп пайдалануда ( кабелді өндірушілік 50% ке дейін мысты пайдаланады және жалпы ресурстың 25% ке дейін қорғасынын қолданады); екі ортадағы күшейту пунктерінің сандарының өте көп болуы - бұл жүйенің сенімділігін төмендетуге және оның бағасының көтерілуіне алып келеді.

Жіберілетін ақпараттың көлемі кенет көтірілген жағдайда ғарыштық байланыс және радиорелелік байланыстары сияқты кең таралған байланыс жолдарымен салыстырғанда талшықты-оптикалық кабельді байланысты қолдану нәтижесінде, өткізудегі кең жолақтылығы едәуір жоғары болып, толық қол жетімділікке мүмкіндік береді. Оптикалық кабельді қолдану өзарабайланған байланыс желісінің барлық аудандарында экономикалық эффективті және мақсатқа сай болады. Бұл тек жіберу жүйесінде техникалық-экономикалық көрсеткішті едәуір жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық желіге кезең-кезеңімен өткізуге мүмкіндік беріп интегральды қызмет көрсетуді (ISDN желісі) қамтамасыз етеді. Әсіресе қазіргі кездегі бүкіл әлемде өңді металдың тапшылығы кезінде, әсіресе мыстың, ВОЛС- ты дәл қазір енгізу өте көкейкесті мәселеге айналып отыр










  1. Байланыс кабелі


1.1 Байланыс кабелі туралы түсінік


Алдымен, байланыс кабельдеріне анықтама беріп кетейік. Сонымен, байланыс кабелі деп, қашыққа әртүрлі байланыс сигналдарын беруге лайықталып жасалған электротехникалық бұйым. Конструкциялық құрылымына келетін болсақ, ол бір немесе бірнеше оқшауланған өзекшелерден тұратын және олардың барлығы, ылғалдан қорғауға лайықталып жасалған ортақ қабықшаға орналастырылған. Төсеу тәсілі мен оны қолдану мақсатына орай кабельде қорғаныш қабықшасы болуы мүмкін. Қазіргі заманғы барлық байланыс кабельдері, өзінің электрлік немесе оптикалық екендігіне қарамастан, келесі түрлерге бөлінеді: -қолдану саласына орай (магистральды, аймақтық, қалалық, ауылдық, қосқыш жолдарға арналған және т.б.); -төсеу шарты мен жұмысқа пайдалануы бойынша (жерге төсейтін, су асты кабельдері, ілмелі кабельдер және арнайы телефон кәріздері мен коллекторларға төселетін); -тарату жиілігінің спектріне байланысты (тональды –төмен жиілікті және жоғары жиілікті); -электр тізбектерін құру принципіне сәйкес – симметриялық, коаксиаль (симметриялы емес); -оптикалық кабельдің сигнал тасымалдаушы элементі – жарық тасығыш түріне байланысты (бір модалы және көп модалы); -кабель оқшаулағышының материалы мен құрылымына сәйкес (түтікшелі- қағазды, тесікті-қағазды, кордель- қағазды, біртұтас полиэтиленді және т.б.). -оқшауланған өткізгіштердің орай жүйесі бойынша (жұпты, төрттік, шашақтыжәнет.б.). -кабель қабықшасы түріне байланысты: металды (қорғасын, алюминий, болат), пластмассалы (полиэтиленді, поливинилхлоридті), металл-пластмассалы (альпэт, стальпэт); -қорғаныс қабықшасы конструкциясына сәйкес (таспа тәрізді, өткізгішті сауыт, джуты немесе пластмассалық қабықша). Жоғарыда көрсетілгендей, кабельдерде металл элементтер орын алады. Тіпті, заманауи оптикалық кабельдің өзі металл элементтерге ие.

Кабель металл бөліктері оны төсеу және жұмысқа пайдалану барысында сыртқы ортамен әрекеттеседі. Сыртқы орта жоғары агрессивті, орташа агрессивті және төмен агрессивті болуы мүмкін. Агрессивті орталармен әрекеттесу кабель коррозиясына алып келеді. Коррозия - әртүрлі фактор әсерінен кабельдердің металдан жасалған бөліктерінің бұзылуы болып табылады. Коррозия түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: топырақты (электрхимиялық); электр коррозия (адасқан токтардан пайда болатын); кристалл аралық (механикалық). Коррозияның қай түрі болса да кабельге аса қауіпті. Оның алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар қолданылады. Мысалы: жобаланған кабель трассасы агрессивті топыраққа төселетін болса, жобаға өзгертулер енгізіліп, трассаның бастапқы бағыты өзгеруі мүмкін. Қарқындылығы өте жоғары көлік жолдар мен көпірлер арқылы өтетін кабельдер арнайы серіппелі ілгіштерге ілінеді, ал жауын-шашыны мен найзағайы көп болатын аудандарда кабель трассасына параллель қосымша металл өзекшелі сым жүргізіледі. Барлық кабельдердің металл бөліктері «жерге қосылады». Оптикалық кабельдер коррозияға ұшыраған жағдайда, оның бүтіндігі жойылып, қажет емес ылғалдан кварцтық шыныдан жасалған талшықтарда микро жарықтар пайда болып, сигналдық таралуына кері әсер етеді.

Ал, электр кабельдерде ең қауіптісі болып электр және электр химиялық коррозиялары болып табылады. Осы коррозиялардың әсерінен кабельдің тұтас бір бөліктері іске жарамсыз болып калады

Байланыс кабелі (Кабель связи) — әр түрлі жиіліктегі электрлік не оптикалық сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмманы, телефон, телеграф, теледидар және радио хабарларын, түрлі деректерді, телемеханикалық сигналдарды, т.б.) жеткізуге арналған кабель. Ол құралымы бойынша: симметриялық, коаксиалды және талшықты-оптикалық Байланыс кабелі; жеткізілетін токтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті Байланыс кабелі; қолданылу аясына қарай алысқашықтықтық Байланыс кабелі (қалааралық) және жергілікті Байланыс кабелі (қалалық, ауылдық, т.б.); кабель тарту тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және аспалы (ауалық) Байланыс кабельдері, т.б. болып ажыратылады. Электрлік Байланыс кабелінің ток өткізгіш өзекшелері, әдетте, мыстан, оқшаулағышы қағаздан не полимерден, ал қабықшасы қорғасыннан не алюминийден жасалады.

Талшықты-оптикалық Байланыс кабелі қорғағыш қабықша (фторпластан, поливинилхлоридтен, т.б. жасалған) ішіне орналасқан жарық өткізгіш талшықтардан құралады. Қазір көбіне талшықты-оптикалық Байланыс кабелі жиі қолданылады, себебі ол басқаларына қарағанда арзанға түседі, әрі онымен берілетін сигналдың сапасы төмендемейді




    1. Байланыс кабельдерінің түрлері және ерекшеліктері


Кабель — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы.

Пайдаланылатын физикалық ортаға байланысты кабельдердің екі тобы қарастырылады.

  • жалпақ кабельдер (eсілген жұптар және коаксиал кабельдер, сәуле шығаратын кабельдер құрайды)

Оларда электр сигналы металл, көбінесе мыс арқылы беріледі.

Бұлардың ең арзаны — жалпақ кабельдер, оның бірнеше өткізгіштері бір жолға қатар салына береді. Алайда жалпақ кабельдердің сигнал тарату жылдамдығы төмен өрі олар электромагниттік бөгеуілдерден қорғалмаған. Бұл кабельдер қысқа құрастырулар кезінде кеңінен пайдаланылады. Есілген жұптар жалпақ кабельдерден гөрі қымбаттау. Бірақ олар электромагниттік бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Есілген жұптар, негізінен, абоненттік арналарды жасағанда пайдаланылады. Коаксиал кабельдері ең қымбат кабельдердің бірі. Олар сигналдарды үлкен жылдамдықпен таратады әрі бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Коаксиал кабельдер кең жолақты арналарды жасағанда жиі пайдаланылады.

  • жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік богеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәулежолдар құрайды)

Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат, бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен. Жерге кабель төсеу процесі көп еңбекті қажет етеді. Бұл, әсіресе, әр түрлі құбырлармен және электр кабельдерімен толтырылған қала көшелерінде байқалады. Сол себепті мұнда кабель төсеу үшін жоғары вольттық электр тарату жолдарының бағаналары, трамвай мен троллейбустардың электр сымдарының бекіткіштері, метро туннельдері, темір жолдар, өзендер, арналар, т.б. кеңінен қолданылады.

Кабель бокстері (Кабельные боксы). Шеткі станцияларға келетін кабель құрылғыларын қосу үшін кабель бокстері пайдаланылады. Жергілікті байланыс кабельдерінің сыйымдылығы 10х2-нан 100х2-ге шейін болады. Боксқа келген кабель талшықтары бокстың бет жағына орналасқан он тізбекке (20 талшыққа) арналған плинттерге жалғанады. Бір бокстағы плинттер саны 1-ден 10-ға дейін болады. Қалааралық кабельдердің бокстарының сыйымдылығы аз. Олар 4x4 немесе 7x4 кабельдерін монтаждауға арналған.

Кабель муфталары (Кабельные муфты) — кабельдердің құрылыстық бөліктерін қосып жалғауға арналған.

Кабель муфталары — кабель сымдарын, талшықтарын, тізбектерін сапалы жалғап және қорғағыш қабықтарын жабдықтап, жалпы алғанда, кабельдің жалғанған жеріндегі сипаттамасын қамтамасыз етуге арналған.

Кабель сауыты (Броня кабеля) — кабельдің өзекшесін механикалық әсерлерден қорғауға арналған кабель құрастыру элементтері.

Сауыт ретінде тығыздығы әр түрлі металл, болат сымдар пайдаланылады. Оптикалық кабельдердеполимерлік материалдардан жасалған сауытты қаптамалар жиі пайдаланылады. Берік қорғаныс қажет болған жағдайда көпқабаггы сауыт ерекше мақсатта, мысалы, теңізге немесе шахтаға төсеуғе, кемірушілерден қорғауға қолданылады.

Кабель сауыты оптикалық кабель қабығының сыртынан салынады.

Кабель тізбектерін симметриялау (Симметрирование кабельных цепей). Кабель тізбектерінің арасындағы өзара әсерді азайту үшін кабельді жасау және оның құрылыстық ұзындықтарын жалғап косу кезінде қолданылатын шаралар.

Кабельді жасау кезінде симметриялау үшін оның сымдарын (талшықта- рын) жүптап, екі жүп жөне жүлдызша өдісімен еседі. Төменғі (дыбыстық) жиілікте пайдаланылатын кабель тізбектерінің арасындағы магниттік байланыс өте аз, сондықтан өзара эсер тек сыйымдылық байланыспен анықталады. Сондықтан мұндай кабель тізбектерін осы сыйымдылықтың байланысын азайту үшін оны бұрап еседі. Сонда ол тізбектеғі сымдар басқа топтардағы сымдарға қарағанда орындарын ауыстырып тұрады. Көрші орналасқан топтардың есілу қадамдары әр түрлі болуы керек.

Әр түрлі топтарда орналасқан тізбектер арасындағы байланыс олардың есілу қадамына және есілу бағытына байланысты.

Кабельдің құрылыстық ұзындықтарын жалғап қосқанда, тізбектердегі өзара байланыс әсерін азайту үшін тізбек пен сымдардың арасындағы сыйымдылық коэффициентін (төменгі жиіліктегі кабельдерде) және жақын, қашық шеттердеғі ауысу өшуліктерін өлшеп, оларды берілген өлшемге әкелу үшін сымдардың орындарын ауыстырып және қарсы байланыс контурларын қосады. Осындай шараларды симметриялау деп атайды.

Кабельді байланыс жолы(Кабельная линия связи). Симметриялы немесе коаксиалды тізбектер бір-бірінен оқшауланып, бірнеше тізбектер белгілі бір тәртіппен біріктіріліп, металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше түрінде жасалған қабықшаның ішіне орналастырылады. Мұндай қабықша тізбектерді сыртқы ауа, су және басқа табиғи құбылыстардан қорғау үшін қолданылады. Осындай қабықшаларды қорғасыннан, алюминийден және пластмассадан жасайды.

Әр түрлі механикалық өсерлерден қорғау үшін қабықшаға орналасқан тізбектердің сырты қорғағыш қабатпен қапталады.

Жер астына, су астында, шахталарда, канализацияда орналасуына байланысты қорғағыш қабат әр түрлі болады (оқшауланған, зиянды әсерлерден қорғағыштар, т.б.).

Оқшаулағыш материалдардың түріне, тізбектердің орналасу тәртібіне байланысты кабельдер төменгі жиілікті және жоғары жиілікті болып бөлінеді. Төменгі жиілікті симметриялы кабельдер, әсіресе дыбыстық жиілікті спектрлік кабельдер көп арналы байланыстар жасау үшін пайдаланылады. Олардың спектрлік ауқымы жүздеген кГц-ті қамтиды. Ал коакс

иал тізбекті кабельдердің спектрлік ауқымы ондаған МГц болады.

Кабельді байланыс жолдары өздерінің қай жерде қолданылатынына байланысты бөлінеді:

  • жергілікті,

  • қалалық,

  • қалааралық.


  1. Байланыс кабельдерінің бағытталған жүйелерін дамытудың негізгі кезеңі


Бағытталған жүйе - симметриялы, коаксиалды кабельдер, талшықты-оптикалық кабель және т.б. сонымен олардағы сигналдар таралуы бір абоненттен (станциялар, құрылғы жйне т.б) басқа абонентке жеткізілуі тек арнайы берілген тізбекпен және байланыс жүйесінің трактысы арқылы іске асады.

Бағыттаушы жүйелер берілген бағытқа электромагнитті сигналдарды лайықты сапасымен және сенімділікімен жеткізу үшін белгіленген.

ЕСТ - бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйесі (жалпымемлекеттік елдің байланыс торабы). Ол магистральды, зоналық және қалалықбайланыс тораптарын біріктіреді. ЕСТ-ның құрама бөлімдері болып: жалпымемлекеттік автоматтандырылған коммутирленген телефондық торап (ЖАКТТ); елдің телеграфты торабы (ТЕ); жалпымемлекеттік мәліметтер жіберу торабы (ЖММЖТ); факсимальды байланыс торабы (ФБТ), телевизиялық хабар тарату торабы (ТХТТ) Электрбайланыстырушылар бағыттайтын жүйелер (ЭБЖ) электрлік телеграфтың пайда болуымен бір уақытта туындады. Бірінші электрбайланыстың бағыттайтын жүйелері (байланыс жүйесі) кабельді болды. Кабельдер конструкциялары жетілдірілмегендіктен жерасты кабельді байланыс жүйелері көп кешікпей ауамен орнын алмастырды.

1854- Алғашқы ауа байланыс каналы Петербургпен Варшава арасында болды. XIX ғасырдың 70-жылдарының басынды Петербургтен Владивостокка дейін ұзындығы 10 мың.км болатын әуелік телеграфиялық байланыс орнатылды. 1881 жылы Ресейде 89500 км әуе телеграфтық байланыс каналы және 1083 телеграфты станциялар жұмыс істеді.

1939 жылы - 8300 км ұзындықтағы Москва-Хабаровск жоғарыжиілікті телефондық әуе магистралы эксплуатацияға жіберілді. Бірінші кабельді байланыс каналының пайда болуы орыс ғалымы П.Л. Шиллингтің атымен тікелей байланысты. Және Шиллинг Петербургте теңіз жарылысын ұйымдастырып, оны қолдану арқылы олардан изолирленген өткізгіш жасауды мақсат етті.

1851 жылы - Москва мен Петербург арасында темір жол салу кезінде телеграфты кабельде біруақытта тартылады. 1852 жылы - бірінші рет суасты кабелі Солтүстік Двина арқылы тартылды.

1879 жылы - Каспий теңізі арқылы Баку мен Красноводск арасында тартылды. 1866 ж. - Франция мен АҚШ арасында телеграфиялық байланыстың кабельді трансатлантикалық магистральы құрылысын бастады.

1882-1884 жылдары - Москвада, Петрогралта, Ригада, Одессада бірінші рет қалалық телефондық желілер салынды. 1901 жылы - жерасты қалалық телефондық желілердің құрылысы басталды.

XX ғасырдың басында - телефондық қатынасты ең ұзақ қашықтыққа дейін істеуін жүзеге асыратын - бұл әуе-қағазды изоляция желісі және олардың орамаларының жұбы бар қалалық телефондық кабельдер, кабелдік байланыстардың конструкциясы пайда болды.

1900-1902 жылдары - индуктивтілікті катушка тізбегіне қосу тәсілімен кабель индуктивтілігін жасанды жоғарылату үшін (инженер Пупинаның ұсынысы) және ферромагнитті орауышы бар токөткізгіш желіні қолдау

(Крарупа ұсынысы) жолымен жіберу ұзақтығын жоғарлату үшін әрекет жасалынды. Бұндай жолдар сол уақытта телеграфты және телефонды байланыстың ұзақтығын бірнеше ретке дейін ұзартуға мүмкіндік берді.

1912-1913 жылдары - электрондық лампаларды өндіру меңгерілді.

1917 жылы - электрондық лампаға телефондық күшейткіш каналына тәжірибе жасалынып өңделіп шығарылды. ( В.И. Коваленковым). 1923 жылы - Харьков - Москва - Петроград бағытында күшейткішті телефондық байланыс іске қосылды.

30 - шы жылдары - көпканалды жеткізу системалары, жіберілетін жиіліктің спектрін кеңейту үшін каоксиальды кабелдер және өткізетін желілер мүмкіншіліктерінің артуы дамытылды. 1935 жылы - эскапона типтес жоғарысапалы жаңа диэлектриктердің, жоғарыжиілікті керамикалардың, полистиролалардың және т.б пайда болған уақытында олар көп көлемде дайындалды. Бұл кабельдер токтың бірнеше миллиондаған жиілік герцінде энергияларды жібереді және өте үлкен қашықтықта олардын телевизиондық программаны өндіруге мүмкіндік береді.

1936 жылы - бірінші коаксиалды желі ЖЖ телефонирлеуге 240 канал. 1956 жылы – көпканалды телефонды байланыс үшін Европа мен Америка арасында суасты коаксиальды магистраль тартылды.

1965 - 1967 жылдары – кеңжолақты ақпарат тарату үшін тәжірибелі толқынды желі пайда болды, сонымен қатар өте өшіп қалуы төмен криогенді жоғарыданөткізгіш кабельді желіліер пайда болды. 1970 жылы – толқын оптикалық диапазонының көрінетін және инфрақызыл сәулеленуін қолданатын, жарықшамы мен оптикалық кабельдер құрылды.

80-жылдардың басында нақты шартты жағдайда талшықты-оптикалық байланыс жүйесі жетілдіріле түсті және сыналынды. Бұндай жүйені қолданудағы басты негізгі сфера – телефонды желі, кабельді телевидение, ішкіобъективті байланыс, есептеу техникасы, технологиялық процесстерді басқару мен контроль системасы және т.б.


2.1 Электрлік байланыс кабелінің классификациясы


Б айланыс кабелі анықталған жүйе бойынша ширатылған және жалпы ылғал өткізбейтін қабықшалы изолирленген сымдар жиынтығын көрсетеді. (сур.2.1)






Сур. 2.1. кабельдің жалпы түрі: 1-өзекшесі; 2- қабықшасы; 3- бронды сыртқы қабаты


Электрлік байланыс кабелінің классификациясы келесі белгілерде болады:

  1. Пайдалану обылысы – магистральды байланыс кабелі, ішкізоналы

байланыс кабелі, ауылдық байланыс кабелі, қалалық телефондық кабельдер, дәнекер желілер және бағалар үшінгі кабельдер;

  1. Аралық қабат пен пайдалану шарттары – жерасты кабельдері, суасты

және әуе (немесе әуе ілгекті) кабельдері;

  1. Конструкция – сымдардың өзара орналасуына байланысты физикалық сымдар – симметриялы және коаксиальды. Симметриялы тізбек екі бірдей конструктивті және электрлік байланыстағы сымдардан тұрады. (сур. 2.2,а). Коаксиальды тізбек қосарланған осьты екі цилиндрді, ондағы бір цилиндр – біріңғай сым келесі цилиндрдің ішіне концентрациялы орналасады, жартылай. (сур. 2.2,б);














Сур. 2.2. Кабельді тізбектер: а – симметриялы, б – коаксиальды


  1. Жиілік тарататын спектр – төменгіжиілікті кабельдер (10 кГц-ке дейін) және жоғарғыжиілікті (10 кГц-тен жоғары);

  2. Сыңар шиыршықты кабель және төрт (жұлдызды) шиыршықты кабель, тудырушы кабель және түйінді кабель тобына жататын изолирленген сымдардың шиыршықты түрлері.

  3. Қорғаушы бетінің түрі – металды, пластмассалық қабықшалы кабель. Бронды кабельдің қабығы болаттан (жерасты қабатына), дөңгелек сымды болаттан (керуші күштен қорғау үшін) жасалынады.

Симметриялы байланыс кабельінің конструктивті элементтері

Токөткізгіш желілер. Өткізгіштер немесе токөткізгіш желілер келесі негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек: жоғарғы электр өткізгішті, үлкен икемділік пен жеткілікті механикалық беріктілігінің болуы.

Байланыс кабельдерін өндіруде ең үлкен пайдалануға ие болған мыс. Кабельді желілер үшін көбінде ММ маркалы ρ = 0,0175 Ом·мм²/м үлесті кедергісі бар жұмсақ сымдар қолданылады. Симметриялы жоғарыжиілікті кабельдер үшін ең үлкен пайдалануды 0,9; 1,05; 1,2 мм диаметрлі мыс сымдар иеленіп отыр. Қалалық телефондық желілі кабельдер үшін ең көп таралғаны 0,32; 0,4; 0,5; 0,7 мм. диаметрлі мыс сымдар болып отыр.

Токөткізгіш сым изоляциясы. Изоляцияланған материалдың қасиеттері электрлік қатынаста келесі сипаттамалар бойынша анықталады:

  1. Электрлік беріктілікпен Uпр, онда изоляция үлгісі жүріледі;

  2. Диэлектрикте ток ағынын сипаттайтын, ρ тұрақты токта бөлінетін электрлік кедергімен;

  3. Электрлік өріс ықпал етуімен, диэлектрде зарядтар ығысу деңгейін сипаттайтын, диэлектрлік өткізгіштікпен ε;

  4. Диэлектриктегі энергия шығынын сипаттайтын, диэлектрлік шығынның тангенс бұрышынмен ;

Кабельді сымды изолирлейтін материалдар жоғары үлесті көлемді кедергілі, диэлектрлік шығыны аз, диэлектрлік өткізгіштік мәні төмен, және созылмалы, иілгіштік қасиеті болуы керек. Сонымен қатар, олар технологиялық өңдеуге өте икемді, және де ескіруде төзімді болуы керек.

Байланыс кабелінде изоляцияланған материал ретінде кабельді қағаз, полистирол, полиэтилен және басқа да полимерленген пластмассалар қолданылады. 2.1 таблицада кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттамалары көрсетілген.

Кесте 2.1

Кабельді диэлектриктердің негізгі сипаттмалары

Диэлектрик

Тығыздық, г/см³

ε

U, кВ/мм

·10ˉ4 1 МГц жиілігінде

Кабельді қағаз

Полистирол

Бірыңғай полиэтилен

Қуыс полиэтилен

Полиаинилглорид

0,7

1,05

0,92

0,47

1,26…1,40

2…2,5

2,5…2,7

2,2…2,3

1,45…1,5

3…6

5

40

30

6…10

30

400

2

3

5

400


Симметриялы кабельді байланыста ең ауқымды қолданысқа ие болған келесі изоляция түрлері:

  • құбырлы, трубка түрінде жүктелген (сур. 2.3,а) қағаз лента түрінде

жасалынады, қағаз-қуысты изоляцияларда болады, қағаздың біртекті қабатын көрсететін де болады;

  • кордельді, сымға спиральды орналасқан кордельден тұрады, және кордельдің үстіне жайылған ленталар;

  • біріңғай, пластмассаның біріңғай қабаттарына жасалынады;

  • қуысты, пенопластың біріңғай қабаттарынан тұрады.

  • баллонды, ішіне сым еркін орналасқан, жіңішке пластмассалық

трубканы көрсетеді, бұл трубка перидты спираль бойынша бастырылған және желіні изоляция центрінде сенімді ұстайды.(сур 2.3)









Сур. 2.3. симметриялы кабельді байланыс изоляциясының түрлері

Соңғы жалаңаш түрлерінде үшқабықты пленка – қуысты полиэтиленді желіліер кең қолданыс тапты. 2. 4 суретте изолирленген желінің көлденең қимасы көрсетілген. Желі изоляциясы тығыздығы төмен үш концентрацияланған полиэтилен қабаттарынан тұрады. Сыртқы 1 және ішкі 2 қабаттар біріңғай қабықшалы жабқыштарды көрсетеді. Олардың ортасында көбік шығаратын (қуысты) құрылымы бар, негізгі аралық 3 қабық орналасқан.







Сур.2.4. үшқабықты қабықшалы-қуысты полиэтиленді изоляция


Изоляция төрт түспен боялған : қызыл, жасыл, сары және көк. Пигмент сыртқы қабықшалы жапқышқа кірістірілген.

Бағыттаушы жіберу ортасы жалпы екіге бөлінеді: атмосферадағы желі (радиожелі – РЖ) және бағыттаушы жіберу жүйесі (байланыс желісі). Электромагниттік сигналдардың еркін кеңістікте (космос, ауа, жер, су және т.б) таралуы радиожелінің ерекшеліктері болып табылады.

Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелерінің ерекшеліктері бағытталған системаларды бейнелейтін, берілген бағытқа электромагниттік сигналдарды өте жоғарғы сапамен және сенімділікпен жеткізуге тағайындлған, бір абоненттен (станциялар, құрылғылар, схема элементтері және т.б) келесісіне сигналдарды тарату тек қана арнайы жасалынған тізбек және тракт арқылы іске асырушысы болып табылады.

РЖ байланысты әр түрлі ортада іске асыруға мүмкіндік беру үшін, абоненттер арасында, бір біріне қатысты қозғалмалы жағдайда болғанда қолданылады.

Электромагниттық сигналдарды әр түрлі ортада тарату сиппаттамасы радиосигналдың жиілігіне байланысты (жиілік тасымалдаушы)

Shape1








Сур. 1.1. әр түрлі типтегі радиотолқындардың таралуы


Толқынның ұзындығына байланысты (жиілікке) сигнал радиожелімен келесі жолдармен таратылады (сур.1.1): ҰТ және ОТ – үстіңгі сәулемен (1), ҚТ кеңістіктегі сәулемен (2), УҚТ және ОТ – шектердегі тура көрінушілігі (3).

Радиожелінің құндылығы :

- Қозғалыстағы объектілі үлкен қашықтықта байланыс орнату мүмкіндігі;

- Байланыс орнатуда жоғарғы жылдамдық

- Көп көлемдегі ақпаратты тарату ортасын қамтамасыз етудегі мүмкіндік, (радиохабартарту және телевидение)

Радиобайланыстың кемшіліктері :

- байланыс сапасының жіберетін ортаның және көлденең электромагниттік өрістің жағдайына байланыстылығы;

- метрлік толқын және одан да жоғарғы диапазонда жоғарғы электромагниттік сыйысымдылықтың жетіспеушілігі;

- жіберуші және қабылдағыш аппаратураларының қиындығы;

- жүйе жеткізудегі таржолақтылық, әсіресе ұзынтолқындарда және одан жоғары ( қатынасы,мұндағы - ақпаратты сигнал жиілік жолағының кеңдігі; - радиосигналды тасымалдаушы жиілік)

Кемшіліктерді азайту үшін біраз жоғарғы жиіліктер меңгерілді (сантиметрлік, оптикалық диапазондар), радиоканалдардың өткізушілік қабілетін жоғарлату, бағытталған антенналарда және лазерді құрылғылар базасында тарбағытталған радиобайланыс жүйесін құру үшін абсолютті мәнді кенет жоғарлатуға мүмкіндік берді, және де сонымен қатар бұл кедергілер деңгейін кенет төмендетуге және электромагниттік сыйысымдылық (яғни, бір уақытта жұмыс жасау мүмкіншілігі) деңгейін көтеруге алып келді.




Сур. 1.2. радиорелейлі байланыстың жұмыс жасау принципі


Радиорелелік желі (РРЖ) тура көрінетін шектегі дециметрлік – миллиметрлік толқындарда жұмыс істейді. Олар шамамен әр бір 50 км сайын орнатылған (діңгек биіктігі 50…70м) ретрансляторлар тізбектерін көрсетеді.

Антенна діңгегінің жоғарғы биіктікте орналасуы ретрансляцияланған аумақ 70….100 км ге дейін еселенуі мүмкін. Радиорелелі желіліер көп мөлшердегі каналдарды (1300..1920) және үлкен қашықтықта (12500км-ге дейін) ұстауға мүмкіндік береді; олар телевидениеде, радиофикацияда және байланыста кең қолданыс тауып отыр. Бұл байланыстар төменгі деңгейде кедергілерге ұшырасады, онда тіпті жіберілу қорғаныс деңгейі төмен болса да ол жеткілікті тұрақты және сапалы байланысты қамтамасыз етеді.

Ғарыштық байланыс желілері (Ғ.Б) сантиметрлік толқын диапазонын қолданады. Ғарыштық желілер жердің жасанды серігінде (ЖЖС) орналасқан аппаратуралар арқылы іске асатын сигналдар ретрансляциясына негізделіп жұмыс істейді. ЖЖС – бұл үлкен биіктікке көтерілген (сур 1.3) радиорелелік желідегі ретранслятор. Ғарыштық байланыс көп каналды байланысты өте үлкен қашықтыққа дейін жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ғарыштық желілер программалық хабарды таратуда, телевидениеде және баруға қиын райондарға газет жолақтарын жеткізуде қолданылады.

ҒЖ құндылығы:

- жұмыс істеудің үлкен зонасы және елеулі қашықтыққа дейін ақпарат таратылуы;

Кемшіліктері:

- спутникті ұшырудың өте қымбат тұруы

- дуплексті телефондық байланысты

НСЭ құндылықтары:

- сигналда жіберуде талап етілген сапаны қамтамасыз етуі;

- сигнал жіберуде жоғарғы жылдамдық;

- жіберудің жоғарғы жылдамдығы;

- өріс тарабынан болған әсерлерден жоғары қорғанушылығы;

- электромагниттік сыйысымдылықтың белгіленген деңгейі;

- соңғы құпырғыға қатысты қарапайымдылығы.

НСЭ кемшіліктері:

- капитальды және эксплуатациялық шығындардың бағасының өте жоғары болуы;

- оларды салуда көп уақыттың кететіндігі;











Сур. 1.3. ЖЖС көмегімен Ғарыштық байланыс

Егер НСЭ мен РЖ салыстырсақ онда олар бірі біріне қарсы болмайды, керісінше бір-бірінің жұмыс істеуіне көмектеседі.

НСЭ арқылы тұрақты токтан оптикалық жиілік диапазонына дейін сигналдар жіберіледі, ал толқын ұзындығының жұмыс диапазонында 0,85 мкм-ден жүздеген километрге дейін жіберіледі.

НСЭ үш негізгі түрге бөлінеді: кабельді (КЖ), ауамен (АЖ), талшықты-оптикалық (ТОЖС). Кабельді және ауа желілері, бағыттаушы жүйелерінің «өткізгіш-диэлектрик» жүйелері арқылы құрылатын сымды желілерге қатысты, ал талшықты-оптикалық желілер бағыттаушы жүйесі әр түрлі сыну көрсеткішті диэлектриктерден тұратын, диэлектриктік толқыншаны негіздейді.

НСЭ байланысы килогерц және мегагерц диапазонындағы жиілікте жұмыс жасайды. Кабельді желілер талап етілген қашықтықта сенімді және кедергіденқорғалған көпканалды байланысты қамтамасыз етеді.

Талшықты-оптикалық желілер- оптикалық кабельдер арқылы микротолқындық толқын диапазонда ( ,8…..1,6мкм) өңді сигналдарды жіберуге арналғанн система. НСЭ-нің бұл түрі – перспективті.

ТОЖП жетістіктері:

- шығын төмендігі;

- үлкен өткізу мүмкіндігі;

- масса кішілігі және төмен габаритті көлемі;

- өңді металлдардың үнемділігі;

- ішкі және өзара кедергілерден қорғанудың жоғарғы деңгейі.


2.2. НСЭ дегі көпканалды жіберудің системасы


ЭБЖ - де аналогтық және цифрлық ақпарат тасымалдау системасы (АТЖ және ЦТЖ) ұйымдастырылады. Аналогтық тасымалдау жүйесі каналдың дербес бөлігіне негізделген. Электрлік фильтр көмегімен барлық тасымалданушы спектрлер жиіліктік жолақтарға бөлінеді. Базалық негіздегі 4 кГц кеңдігіндегі телефон қабылдайтын канал – үндестік жиілігінің каналы (ҮЖ). Жиілік жолағының ені үлкен болған сайын, ЭБЖ арқылы тасымалдауға болатын соншалықты көп каналды алуға болады және оның бағасыда арзан түседі.

Цифрлық тасымалдау жүйесі каналдың уақыттық бөліктенуіне негізделген. Бұл жерде әртүрлі хабарлы сигналдарды желі бойынша тасымалдау кезек бойыншы іске асады, сонымен қатар уақыт бойынша жылжып отырады. Желі бойымен цифрлық сигналдарды шығаратын, реттілігі мен ұзақтығы анықталған импульстер таратылады. Осы үшін ақпараттың барлық түрлері (телефондық, радиохабар, телевидение және басқа да) алдын-ала кодталады. Ең көп таратылғандары болып микросекундты және наносекундты ұзақ импульсты импульсты-кодтық модуляция (ИКМ) есептелінеді.

Цифрлық тарату жүйесінің құндылығы:

  • Байланыс ұзақтығының үлкендігі;

  • Тізбек қорғанысына талаптың оңтайлануы;

  • Біртекті интегралды байланыс жүйесін құру мүмкіндігі;

  • ЦЖТ аппаратураларын өндіру технологиясының қарапайымдылығы;

  • ЭВМ көмегімен импульстік ақпараттардың тура кірісін және жылдамдығын өңдеу мүмкіншіліктері;

  • Мәліметтерді тарқату автомазизациясы;

ИКМ-480 және ИКМ-1920 тарату жүйелері коаксиальды кабельді магистральды желілі байланыстарға арналған. Ішкізоналық торап ИКМ-120 жүйесі негізінде, ауылдық торап - ИКМ-15 негізінде дамыды. Қалаларда АТС арасында көпканалды қосылған желіліер құрылғылары үшін ИКМ-ЗО аппатарурасы кең қолданылады.


2.3 Бағыттаушы тарату жүйесі


Қазіргі уақытта кең қолданыстағы кабелдермен бірге басқа да ақпарат таратушы орталар дамып келеді олар: толқыншалар сияқты, жарықшалар, толқынның үстіңгі желілері, жоғарығаөткізетін және ленталық кабельдер және т.б. Бұлардың барлығы да жалпы бір атауға біріктірілген – бағыттаушы жүйелер.

Бағыттаушы жүйе (БЖ) – бұл берілген бағытқа электромагнитті энергияларды тасымалдауға арналған құрылғы. Осындай арна тартушы қасиетті сымдар, диэлектрик және кез келген әртүрлі электрлік қасиеті бар орта шегінің бөліктері (металл – диэлектрик, диэлектрик –ауа) иеленіп отыр. Сондықтан БЖ ролін металдық желі, (кабель, толқынша), диэлектриктік өтімділігі ε > 1 бар материалдан жасалған диэлектрлік желі (диэлектрлік толқын, талшықты жарықша), сонымен қатар металдиэлектрикалық желі (толқын үстіндегі желі) атқара алады.

Shape2







Сур. 2.1 әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструктивті схемасы

Жоғарғыжиілікті энергиялар тарататын қазіргі заманғы бағыттаушы жүйелер ау байланыс жүйесі (АБЖ), симметриялық кабельдер (CК), коаксиальды кабельдер (КК), жоғарыдан өткізгіш кабельдер (ЖӨК), толқыншалар (Т), оптикалық кабельдер (ОК), толқын үстіндегі желілер (ТҮЖ), диэлектрлік толқыншалар (ДТ), ленталық кабельдер (ЛК), жолақты желілер (ЖЖ), радиожиілікті кабельдер болып өз ішінен бөлінеді. Әртүрлі бағыттаушы жүйелердің конструкциясы схема түрінде 2.1.суретте келтірілген.

Әуе желілері мен симметрикалық кабельдер симметрикалық тізбектер (сур 2.1,а) тобына жатады. Айырықша ерекшеліктері екі өткізгіштің бірдей конструкциясы мен электрлік қасиеттерінде.

Коаксиальды кабельде (сур.2.1,б) жарты цилиндр формасы сияқты көрінетін 1 өткізгіш, 2-ші өткізгіштің ішіне концентрациялы орналасқан. Ішкі өткізгіш сыртқыдан әртүрлі аралық қабаттардың (шайбалар, баллондар, корделилер және т.б) көмегімен изоляцияланады. Толқынша (сур.2.1,г) жақсы өткізгіш материалдан жасалған, тік бұрышты және дөңгелек кесінділі толық метал трубасын көрсетеді. Жоғарыданөткізгіш кабель (сур2.1,в) төменгі қарсы температура шартына орналастырылған, жалпы аз габаритті көлемді коаксиальды конструкциялы болады. Толқын үстіндегі желі (сур.2.1д) жоғарғыжиілікті изоляциямен (полиэтиленмен) қоршалған, дара металл сымын көрсетеді. Диэлектрлік толқын (сур.2.1,е) – жоғарғыжиілікті материалдан (полиэтилен, стирофлекс) жасалған дөңгелек және тік төртбұрышты қиындының өзекшесі. Жолақты желі (сур.2.1,ж) араларында изоляция орналастырылған тегіс ленталық сымдардан тұрады. Осы желіліердің түрлері болып бір жазықтықта орналастырылған, көп сымдардан тұратын кабель есептелінеді. Оптикалық кабель (сур.2.1,и) бір конструкцияға біріктірілген орама мен оптикалы-талшықты жарықшаны көрсетеді.

Радиожиілікті кабельдер (РК) коаксиальды, симметриялық немесе спиральды конструкциялы болады.

Бағыттаушы жүйенің соңғы үш түрі (ДТ, ЖЖ, РК) локальды тағайындалған және антеннадан аппаратураға дейін энергияны қысқа қашықтықта таратуға фидеров сапасында қолданады. Толқын үстіндегі желі ең бастысы желіден көп емес ұзындықта ауытқитын телевизиондық құрылғыға арналған. Қалған бағыттаушы жүйелер қазіргі заманғы әртүрлі ақпараттарды (телефония, телеграфия, телевидение, мәліметтерді тарату, радиохабар, фототелеграф, газет тарату және т.б) таратуға арналған жоғарғыжиілікті байланыстарды құру үшін қолданылады.

Қалааралық байланыс желісін электрлік байланыс кабельдерін қолдану арқылы екі- немесе төртсымды схемамен құруға болады. Екісымды схемада тура және кері бағытта тарату сымның бір сыңары арқылы жүзеге асады. Ал, төртсымды схемада бір сыңары арқылы тура бағытта байланысты қамтиды, ал келесісімен – кері бағыттағы байланыс қамтылады. Екісымды схема арқылы қамтылатын жоғарғыжиілікті құрылым схемасы көрсетілген, ал төртсымды схема арқылы қамтылатыны көрсетілген. Осы схемаларды өз араларында ұзақтылығы мен жоғарғыжиілікті байланыста тұрақтылығы, канал сандары және де тізбектер арасындағы өзара әсерден қорғануын салыстырамыз.

Байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтығында төртсымды жүйе өз артықшылығын көресетеді. Ол былай түсіндіріледі: Жоғарғыжиілікті алыс байланыс құруда екісымды жүйе қолданылса спектр екі бөлікке бөлінеді: төменгі және жоғарғы. Спектрдің төменгі бөлігі бір бағытта тарату үшін қолданылады, ал жоғарғы бөлігі – кері тарату үшін. Осындай екісымды жүйе ЖЖ каналдарда электрлік төртсымды болып табылады. Таратуды тура және кері бағыттарға бөлу үшін және генерацияның алдын алу үшін әр күшейткіштің шығысы мен кірісіне бөліктейтін фильтр қойылады.


2.4 Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне негізгі талаптар


Электрбайланыстың бағыттаушы жүйелеріне мынадай келесі талаптар көрсетілген:

- мемлекет шеттерінде магистральды байланысты 12500 км қашықтыққа дейін, мемлекетаралық байланыста 25000 кмге дейінгі қашықтықта жүзеге асыру;

- әртүрлі типтегі заманауи ақпараттарды тарату үшін кеңжолақтылығы және жарамды болуы (телефония, телевидение, мәліметтер тарату, хабарлар тарату т.б);

- өзара және ішкі кедергілерден, сонымен қатар найзағай мен тот басудан қорғанысы;

- желінің электрлік параметрлерінің тұрақтылығы; байланыстың тұрақтылығы мен сенімділігі;

- байланыс жүйесінің бүтіндец үнемділігі;

Кабельді техника келесі бағыттарда дамып келеді:

1.Оптикалық жүйелердің айтарлықтай дамуы; байланыстың мықты түйіндерін құруға және әртүрлі түрдегі ақпараттарды ұзақ қашықтыққа дейін жеткізуге мүмкіндік береді

2.Көп мөлшердегі каналды құра алатын және өз өндірілуіне дефицитті меалдарды (мыс, қорғасын) талап етпейтін, перспективті ОК байланыс құру және енгізу;

3.кабельді техникаға жақсы электрлік және механикалық қасиеті бар және өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік беретін пластмассаны (полиэтилен, полистирола, полипропилен және т.б) қолдануды кеңінен енгізу.

4.Алюминийлі, болаттың және металдыпластмассалық қабықшаларды енгізу.

Қабықшалар герметикалық болуы мүмкін өызмет көрсету кезіндегі барлық уақытта кабельдің электрлік параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек.

5. Абоненттік тораптар үшін оптикалық кабельдердің экономикалық конструкциясын өңдеуге енгізу және өндіру.

6. Абоненттік тораптар үшінқымбат емес кеңжолақты электрлік байланыс кабельдерін құру.

Жасалу топтары. Жеке изолирленген желілер симметриялы кабельдер элементтері деп аталатын топта ширатылады.

Топта желіні ширату тәсілдерінің бірнеше түрі бар:

  • жұпты шиыршық «П» (сур. 2.5,а);

  • жұлдызды шиыршық «З» (сур. 2.5,б);

  • егіз жұпты шиыршық «ДП» (сур. 2.5,в);

  • екі жұлдызды шиыршық «ДЗ» (рис. 2.5, г).








Сур 2.5 шиыршық желілер түрлері


Жұлдызды шиыршық ең үнемді, электрлік параметрі жағынан ең тұрақты болып келеді. Жоғарғы жиілікті симметриялы кабельді байланыста жоғары қолданыс тапты. Өндірісте жұпты шиыршық ең қарапайым болып саналады және қалалық телефондық кабельдерді дайындауда қолданылады.

«ДП» және «ДЗ» шиыршықтары шиыршық жасау амал тәсілдерінің көбеюі, сандарының өсуі салдарынан бар симметриялық кабельдер конструкциясында кең қолданыс таппады.

Кабель өзекшесінің құрылымы. Изолирленген желіліер тобына жататын ширатылғандар анықталған заңдар бойынша жүйеленеді және жалпы кабельдің өзекшесінде біріктіреді.




Кабельді шиыршықтың екі түрі болады:

  • біртекті, барлық ұйымдастырушы элементарлы группалардың өзекшесінде бірдей шиыршық және бірдей диаметр болуы айырықша белгісі болады.

  • біртекті емес, кабель өзекшесі структурасы бойынша әртекті және әртүрлі диаметрлі топтан құрастырылса. (сур. 2.6,б)







Сур. 2.6 өзекшедегі біртекті және біртексіз шиыршықтар


Ең көп қолданысқа ие болған біртекті шиыршық. Өзекшені құру сипаттамасына байланысты тудырушы (повивті) және түйінді шиыршық жүйелеріне бөлінеді.

Түйінді шиыршық тобында алдымен бірнеше ондаған топтардан тұратын түйінде шиыршықталады (ең көп таралған шиыршықтар 50 ден 100-ге дейін топтардан тұрады), осыдан кейін түйіндер, бірге шиыршықтала отыра кабельдің өзекшесін құрайды. (сур.2.7). түйінді шиыршықтар көбінде қалалық телефондық тораптар үшін арналған кабельдерде қолданылады.








Сур. 2.7 өзекшедегі кабельді желі шиыршықтар тобының түйінді схемасы


Өзекшеде тудырушы шиыршық топтары бірінен келесісіне жоғарыдан орталығына дейін жайылып, ретті концентрациялы тудырушы ретінде орналасады. Мұндағы жапсарлас тудырушы шиыршыққа өзара қарсы бағытта болуы керек. Кабельді бөліктеуді оңайлату үшін оның монтажындағы әрбір өзекше тудырушысы ашық спиральды мақтамен немесе капронды иірілген жіппен оралуы керек. Әрбір тудырушыда (повив) бақылаушы топтары бар, осы тудырушыда орналасқан қалған группалардан түс үйлесімін айырып беретін өз түс үйлесімі бар.

Қазіргі таңда қалалық телефондық кабельдер шиыршықтары үшін кабельді өнеркәсіпте көбінде жан-жаққа тартылған немесе SZ орама (шиыршық атауы оң S және сол Z шиыршықтарының графиктік белгілеулеріне шартты сәйкес келеді) деп аталатын шиыршықтар қолданылуды.

Қорғаныс қабықшалары жіне қабаттары. Кабель өзекшесін белдеулік изоляция жауып тұрады және ол транспортировка үрдісі кезінде, аралық қабатқа және кабель эксплуатациясына әсер етуі мүмкін, желі изоляциясын ылғалдан сақтандыратын және кабельді механикалық әсерлерден қорғайтын герметикалық қабықша жасайды. Ылғалдан қорғайтын кабель қабықшасы, олардың дайындалуына қолданылатын материалына байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: металды, пластмассалы және металлопластмассалы.

Металлды қабықшаларға ең алдымен қорғасынды, алюминийді және болатты қабықшалар жатады.

Алюминийлі қабықша өте погрессивті, сонымен қатар олар өте жеңіл, арзан және жоғарғы экрандайтын қасиеті бар. Алайда олар электрохимиялық тоттануға тез ұшырағыш, сондықтан да оларды битумның алғашқы қабаттымен таңылатын полиэтиленді шлангамен берік қорғайды. Болат қабықшалар дәнекерлеу жолымен дайындалады. Икемділігін арттыру үшін оларды гофрлейді, ал тоттанудан сақтандыру үшін полиэтиленді шлангамен жабады.

Пластмассалы қабықшалардан кең қолданысты полиэтиленді және поливинилхлоридті қабықшалар тауып отыр. Пластмассалы қабықшалар ылғалғатөзімділікті, тоттануға қарсы беріктілікті үйлестіреді, кабель икемділігін, жеңілдігін және дірілдіберіктілігін арттырады. Алайда, пластмасса арқылы су булары таратылып, кабель изоляциясында кедергінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан полиэтиленді қабықшалар кабельде полиэтиленді желі изоляциясымен қолданылады. Поливинилхлоридтты қабықшалар ылғалдылыққа төзімділігі төмен болғандықтан көбінде станциялы кабельдерде қолданылды. Поливинилхлоридтты қабықшалардың артықшылығы олар отқа төзімді. Полиэтиленді қабықшаларда отқа төзімді болғаны үшін қолданылады.

Кабельді техникада металлопластмассалық қабықшалардан кең қолданыс тауып отырған ішкі қабаты алюминий фольгасымен металлданған, полиэтиленді трубканы көрсететін алюмополиэтиленді қабықша тауып отыр.

Коаксиальды кабельдің ең негізгі элементі болып ішікі орталығында изолирленген сым орналасқан, коаксиальды жұп – икемді металды трубка саналады.

Трубканы ішкі сым десе де болады, ал орталық сым – ішкі болып есептеледі. Коаксиальды кабельдер сымның ішкі диаметріне d сыртқы диаметріне D және олардың қатынастарына d/D байланысты бөлінеді. Ең көп таралған коаксиальды жұптардың келесі негізгі түрлері: кішкентайлары 1,2/4,6; орташалары 2,6/9,4; үлкендері 5/18 (алымында ішкі сымның диаметрі көрсетілген, ал бөлімінде сыртқы сымның ішкі диаметрі көрсетілген, мм).

Сыртқы сым бойлық тігісті алюминийлі лентадан немесе мыстан жасалынуы мүмкін. Орташа және кішкентай типті кабельдерден ең көп қолданысқа ие болған гофр және найзағай түріндегі бойлық тігісті мыстан жасалған сыртқы сым.

Орта түрдегі 2,6/9,4 кабельдер көбінде магистральды желілерде қолданылады, ал кішкентай түріндегі 1,2/4,6 кабельдер азгабаритті деп аталынады және көбінде ішкізоналық желі тораптарында қолданылады. Үлкен типтегі кабельдер 5/18 суасты кабель желілерінде қолданылады.

Коаксиальды жұптарда изоляцияның келесі негізгі түрлері қолданылады:

  • ш
    айбалы, 20…30 мм сайын орналасқан, 2,2 мм қалыңдықта полиэтиленді шайбадан тұрады (сур. 2.8);

Сур. 2.8. Коаксиальды жұптың шайбалы изоляциясы


  • балонно-кордельді немесе балонды, симметриялы кабель желісінің аналогтық изоляциясы ( сур 2.3, д,е).

Өзінің негізгі белгілерінен басқа, коаксиальды жұптардың изоляциясы қатаң концентрацияны фиксирлейді, онымен қоса сымдардың күрделілігі, бұл коаксиальды конструкцияның негізгі талабы болып табылады.

Кабель таңбалануында әріптер және цифрлар көмегімен таңбаланған негізгі классификацияланған белгілер мен кабельдің конструктивті ерекшеліктері, шартты белгілі жүйе бойынша түсіндіріледі.

Алғашқы бір немесе екі әріп кабель белгісін анықтайды. Мысалы, қалалық телефондық кабельдерде Т әрпімен белгіленеді, магистралтды симметриялық және азгабаритті коаксиальды кабельдер МК әріптерімен, магистральды коаксиальды КМ әріптерімен белгіленеді.

Кейінгі бір немесе екі әріп конструкцияның ерекшеліктерін немесе кабель изоляциясының материалын білдіреді. Мысалы, жұлдызды шиыршық ТЖ кабельі З әрпімен білінеді, кордельді-полиятроильды изоляция (стирофлексті) С әрпімен, полиэтиленді изоляция П әрпімен, құбырлы-полиэтиленді-Т әрпімен белгіленеді. Симметриялық кабельде қағаз изоляция және коаксиальды кабельде шайбалы изоляциялар таңбалануда әріпті белгіленбейді.

Соңғы бір немесе екі әріп кабель таңбасында қорғаныш қабатының түрін білдіреді. Мысалы, жалаңаш қорғасындалған кабель Г әрпімен белгіленеді, алюминді қабықша А әрпімен, ал болат қабықша С немесе Ст әріптерімен белгіленеді. Б әрпі сырты кендірлі қорғаныш жапқышты екі болат лентадан тұратын кабель брондануын білдіреді. К әрпі сыртқы жапқышты, дөңгелете мырышталған сымды брондалғанын көрсетеді; БГ-жалаңаш брондалған, сонымен қатар сыртқы қорғаныш қабықшасыз кабель екенін білдіреді.

Егер брондалған тірекшеде тоттануға қарсы изолирленген жапқыш бар болған жағдайда белгіленуіне мынадай әріптер қосылады: л – поливинилхронды немесе басқа пластмассалы ленталар қабаты; 2л – екі лента қабаты, олардың араларына битум және кремделген қағаз төселген; п – полиэтиленді шланг; в – поливинилхлоридті шланг. Егер осындай әріптер табылып жатса онда Шп – полиэтиленді шлангты көрсетеді немесе Шв – поливинилхлоридті шлангты білдіреді. Кабель таңбасының соңында желі сандары көрсетіледі немесе коаксиальды жұп және желі диаметрі болады. Мысалы, төрттөрттікті 1,2 мм диаметрлі желілі кабель келесі мәндерге ие: 4х4х1,2 бесжүзжұпты қалалық кабель 0,4 мм диаметрлі желімен цифрлық мәнді береді 500х2х0,4.

Сондықтан өндірісте шығарылып жатқан әртүрлі типтегі кабельдердегі бірдей әріптер таңбалануда әртүрлі мағына береді. Мысалы, З әрпі төменжиілікті кабельдерде жұлдызды шиыршықты білдіреді, сонымен қатар зоналық байланыс кабельдерінде, С- байланыс «связь», «стирофлекс», «болат» және т.б. сондықтанда әртүрлі жағдайларда әріптердің белгілерінің маңыздылығымен кабельді ГОСТ немесе техникалық талаптр бойынша анықтауға болады.

Электрбайланыс тораптарында пайдалану симметриялық байланыс кабелінің негізгі типтерін тапты (олардың бөліктері 2.9.суретте көрсетілген):






2.9. сур. Симметриялық байланыс кабельдерінің түрлері


  • МКС, МКСА – қорғасынды және алюминийлі қабықшадағы кордельді-изоляциялы кабельдер;

  • баллонды полиэтиленді изоляциялы (теміржол транспорттары үшін арнайы кабельдер);

  • ТЗ, ТЗП – кордельді-қағазды және қуыс полиэтиленді изоляциялы төменгіжиілікті кабельдер;

  • ЗКП, ЗКВ, ЗКА – полиэтиленді, поливинилхлоридті, алюминийлі қабықтардағы полиэтиленді изоляция желілі біртөрттікті кабельдер;

  • КСПП – полиэтиленді изоляция желісі бар ауыл байланысының біртөрттікті кабельдері;

  • КСППЗ – кабельде ылғалдың таралуына тосқауыл болатын, гидрофобты толтырылған (З әрпі) полиэтиленді изоляциялы, ауылдық телефон байланыстың (АТБ) біртөрттікті кабелі;

Коаксиальды кабельдерде таралған таңбалар келесір:

КМБ-4 (КМГ-4, КМК-4) – төрт коаксиальды жұпты біртекті коаксиальды кабель (сур. 2.10);







Сур 2.10. Коаксиальды кабель КМ-4 (Г, Б, К)


  • КМБ-8/6 (КМГ-8/6, КМК-8/6) – комбинирленген коаксиальды кабель, 8 стандартталған жұбы бар 2,6/9,4 және 6 азгабаритті жұп 1,2/4,6 мм.

Сур 2.11 –те азгабаритті 1,2/4,6 жұпты коаксиальды кабель көрсетілген.







Сур 3.11 азгабаритті коаксиальды кабель МКТ-4


Қалалық телефондық тораптарда қағазды изоляцияланған ТГ (ТБ)-қорғасын қабықшалы, таңбалы желі қолданылады. Сонымен қатар полиэтиленді изоляциялы және полиэтиленді қабықшалы ТПП және ТППэп таңбалы кабельдер қолданылады.




Қорытынды


Қазіргі уақытта АҚ «Қазақтелеком» - Қазақстанның телекоммуникация саласының негізі болып келетін ұлттық байланыс операторы, республиканың барлық бұрыштарында байланыс қызметін корсетеді.

АҚ «Қазақтелеком» Қазақстан интеграциясын әлемдік ақпараттық кеңестікте тездете алатын байланысты,ақпараттануды,және теледидарды қосатын мемлекеттің біркелкі ақпараттық инфрақұрылымын құру ең басты мақсаты болып келеді. АҚ «Қазақтелеком» Ұлттық Ақпараттық Супермагистральдың (ҰАСМ) қызмет көрсетуші ұйымы және құраушысы болып келеді. ҰАСМ модернизация бағыттарының бірі DWDM технологиясын қолданумен, жеткізу қабілеттілігінің артуы болып табылады. Оның жұмысы бірнеше кезеңдер бойынша жүргізілуі мүмкін, біріншіден каналдар санының артуын талап ететін ҰАСМ-нің жеке аймақтары бойынша жүргізіледі.



























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Скалин Ю.В. Цифровые системы передачи.- М.: Радио и связь, 1988.

  2. Баева Н.Н. и др. Проектирование цифровых каналов передачи. Учебное пособие.- М.: МТУСИ, 1996.

  3. Проектирование и техническая эксплуатация цифровых телекоммуникационных систем и сетей/Е.Б.Алексеев и др. Под ред. В.Н.Гордиенко- М.: Горячая линия- Телеком, 2008.

  4. Цифровые и аналоговые системы передачи/В.И.Иванов и др.- М.: Горячая линия- Телеком, 2003.

  5. Аппаратура ИКМ-30/А.Н.Голубев и др.- М.: Радио и связь, 1983.

  6. Аппаратура ИКМ -120/А.Н.Голубев и др.- М.: Радио и связь, 1989.

  7. Проектирование сетей и систем связи. Учебное пособие по курсовому и дипломному проектированию/А.Н. Бабко и др.- Астана: КазАТУ, 2007.    



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі